Quantcast
Channel: Баяндама - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 451

Жетекші тұлға-ол мұғалім

$
0
0

                            

   Алматы қаласы  Қ.А.Яссауи атындағы    №123 мектеп гимназиясы     

                               мұғалімі:    Жунисбаева  Айсулу  Жапарбековна  

          

 

                                      Жетекші тұлға-ол мұғалім

 

 

                                                         «Халық  мүдделері   үшін   ең  керектісі – оқытушы.

                                                          Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы

                                                          үкімет   бұйрықтары   да,   әбден   мұқият    түрде 

                                                          жүргізілген инспекторлық бақылау да оқытушыға

                                                          тең келе алмайды»                     Ы.Алтынсарин.

 

Әр педагог әрқашанда  қоғам талабынан қалмай өзін тәрбиелеп отыратын, кез-келген ортада қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, өз маманының шебері бола білетін әрі уағыздаушы өзінің қоғамындағы саяси өмірде белсенділік танытатын ерекше жан болу керек.

   Ұстаздың шеберлігін —  өнер деп түсіну ғана емес, болашағы зор еліміздің тізгінін ұстайтын мықты мамандар даярлау екені бәрімізге мәлім. Сондықтан да біз ұстаздар қауымы жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмырымызды арнап заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеуміз керек.

     Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев  «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары деген»  мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде дамиды сондықтан да біздің мойнымызға  жүктелер міндет ауыр екені айтпаса да түсінікті.    Олай болса бүгінгі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық, ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол, заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың қазіргі жаңа технологиясын шебер терең меңгерген болғанда ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын.

     Бүгінгі таңда ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға ой салу керек және соған жету үшін сапалы еңбек ету және терең білімнің, іскерліктің болуын қамту үшін әрекеттену керек, сондықтан да педагогтардың басты мақсаты  білім сапасын жоғары деңгейге көтеру және қол жеткізу. Осыған байланысты  білім беру жүйесіне өзгеріс енгізу жағдайында құрылған «Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында ұлттық орталығы» жаңа бағытта жұмыс жасауды 2012 жылдан бастап мұғалімдерді қайта даярлауды қолға алды.Әрине түбегейлі оқыту жүйесі бұрынғыдан өзгеріп кетті деген сөз емес бірақ қалыпты  жүйеден айырмашылығы – білім беруді заманауи талаптарға сәйкес­тендіру, яғни нәтижелі жүзеге асуына педагогтардың жауапкершілігі мен кәсіби біліктілігін одан әрі жетілдіру.  Осыған сәйкес мен қызмет ететін білім ордасында «Өркен» шығармашылық ұстаздар тобы құрылып  оқу- тәрбие үрдісінде   білім беру ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Өз жұмысын ұйымдастыру барысында әр ұстаз, қала көлеміндегі педагогтар, ата-аналар, тәрбиеленушілер мен оқытушылардың талап-тілектерін біліп, арнайы жоспарланған жұмыстарын ұйымдастыру арқылы біліктілікті арттыру жүйесіне деген қоғам мүшелерінің сұраныстарының қандай деңгейде екендігінен хабардар болып отырады. Оқу процесінде мен үшін оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына , өмірде алған теориялық білімін қолдана алуына,белсенділігіне, сыни тұрғыдан ойлауына үлкен септігін тигізуде. Жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігін оқушының қызығушылығының артқанынан байқадым және оқу сапасының артуына ықпалы болғанын айтуға болады. Оқушымен бірге өзімнің де кәсіби дамуымның жетілуіне ықпалы зор екеніне көзім жетті. Бағдарламаның басты міндетінің бірі оқу үрдісінде  жеті модульді ықпалдастыра отырып өз практикаңа енгізу болатын , әрине ерекшелігі басым деп айтуға болады жаңа жоғарыда айтып кеткендей оқушы өзі ізденеді және шығармашылық қабілеті дамиды және үнемі дағды қалыптасады.

 Сөз соңында айтарым, өскелең ұрпақтың саналы, тәрбиелі болып қалыптасуы үшін педа­гогтардың біліктілігін арттыру өте маңызды және еліміз үшін биік мәртебе.

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 451

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>