Ғ.Абдуллин атындағы орта жалпы білім беретін мектеп
Мектеп дефектологі Сейтекова Жанна Александровна
Мектепкі дейінгі балаларға арналған ұсақ моторикасының дамуы.
Есіңізде ме балаңыздың дүниеге келген күні? Оның ғажайып көздеріне қарағанда, сізден тәуелді болғанын түсінесіз. Содан бері сіз баланың өмірін кинопродюссер секілді «табысты жеке тұлға» кинофильмі сияқты қадағалап, бағыттайсыз. Ең бастысы әрине баланың бірінші жылдағы дамуын бақылау. Табиғи қызығушылығын сақтап қалуы, жаңа ситуацияларда өзін ұстамды болуы, осының бәрі тура қалпында әсерін тигізетіні сіздің кішкентай адамға әртүрлі күнделікті қимыл – қозғалыстарын, кұрделі міндеттерін жеңуіне көмектескеніңіз.
Қысқаша айтқанда, баланың бірнеше жыл өмірі бұл сіздің мүмкіндігіңіз, балаңыздың алдағы уақытта кім болатынына.
Сәбидің болашағы олардың қандай және қалай өсетіндігі алаңдатады. Психологтар ата-аналарға түсінік жұмыстарын жүргізу арқылы, баланың белсенді, зейінді болатынын түсіндіре алады. Жатарда балаңызды құшақтайсыз ба? Аспандағы ұшақты көрсетесіз ба? Ертегіні оқисыз ба? Осының барлығын ми информацияны өңдейді, яғни дамытады. Бірақта сәбидің дамуын бірінші орында арнайы сабақтар және ең маңыздысы бұл ұсақ моторикасының дамуы.
Бұрыңғы ғасырдағы, бүгінгі заманға танымал Мария Монтесори қолдың қимылымен баланың сөйлеуінің арасындағы байланысы туралы айтқан. Мария Монтесори 1870 жылы Италияда дүниеге келген. Ол өзінің елінде ең бірінші әйел – дәрігер болған. Бүгінгі таңда методикасы бойынша көптеген Европа елдерінде бастауыш сыныптарды оқытады. Монтесори методикасының дивизі «Өзіме жасауыма көмектес!». Оның айтуы бойынша егерде баланың тіл кемістігі болса, бұған кінәлі ұсақ моторика. Ғалымдардың айтуынша сөйлеу және саусақтардың қозғалысына жауап беретін адамның бас миындағы центрі жақын орналасқан. Егерде біз ұсақ моторикамыз дамыса сонымен қатар сөйлеуге жауап беретін көрші зона миының белсенділігі көтеріледі. «Қалай біз баланың ұсақ моторикасын дамытамыз? Екі – үш жастағылармен әртүрлі ойындар ойнаймыз. Мысалы, жармаларды іріктейміз, сауысқан – қарға ойыны», - Монтесори методикасы бойынша жұмыс жасайтын балабақша психологі өзінің тәжірбиесімен бөлісіп отыр. – «Үлен топ балаларын тиектерін тағуға және тиектерін шешуге, бауларын байлауға, контур бойынша суреттер бояуға үйретеміз. Егерде баланың тілі дамыса да, ұсақ моторикасының дамымауы да мүмкін болады».
Егерде баланың тіл кемістігі болса көбірек дамытатын ойындарын ойнауына. 4 жастағы бала тиегін өздігінен таға алмаса, 5 жастағы ермексаздан «бауырсақтан» басқа ештеңе жасай алмаса, 6 жастағы – тиегінің тігуі қиындық әкелсе бұның бәрін ескеріп, «дабыл қағу» керектігін білдіреді. Өйткені балалардың ұсақ моторикасының дамуы мектепке барғанда, жазуға дағдыланған кезде маңызды болып табылады.
Бірақ сіз бірінші сынып оқушысының жазуының қиындығын, үш жастағы баланың тіл кемістігін қаламасаңыз дамытатын ойындарды, сабақтарды ерте кезден бастау керек, баланың дүниеге келгеніне бір – екі ай өткен соң. Ұсақ моториканың методикасы кішкентайларға жай болып келеді. Емшектегі балаға саусақтарына массаж жасауға болады (саусақ гимнастикасы), жарты айлық баламен «сауысқан-қарға» және басқа да саусақ ойынын ойнауға болады. Мысалы: үлкен саусағын сипап: «бала-саусақ қайда болдың?». Содан соң үлкен саусақты, саусақпен біріктіріп «Осы саусақпен орманға бардым». Ортаңғы саусаққа жақындатып «Мына саусақпен кеспе пісірдім». Осындай бағытта басқада саусақтармен жұмыс жасап, айтуға болады: «мына саусақпен тамақ жедім, ән салдым». Бұл жаттығулар көп уақыт алмайды, бірақ көптеген пайдасын тигізеді.
Бір жасқа толған балаларға ұсақ моторика методикасының бірі бұл саусақ бассейіні. Бір ыдыстың ішіне 1 кг горох әлде гречканы саламыз, ішіне бір қызықты затты (доп, жануарлардың бейнесін) саламыз да, тауып беруін сұраймыз. Бұл ойын кезінде баланың жанынан кетпеу керек, ұсақ заттардың аузына салмауын қадағалау үшін. Есіңізде болсын ұсақ моторика – бұл мақсат емес, баланы ойындарға зорламаңыз. Басқа ойындарды қолданыңыз. Мысалы: әртүрлі жануарлардың, заттардың бейнесін саусағымен көрсету. Екі алақанды арқаға қоямыз, саусақтарды жоғары көтеріп, теңіздегі су толқыны тәрізді қозғалтамыз.
Ұсақ моториканың методикасына мозайка ойындары, тиектерді көлеміне қарай жинастыру, құрастыру ойындарын жатқызуға болады. Барлық осы ойындар ұсақ моторикасын дамыту үшін арналған. Балаға қағаздарды жыртуға үйретіңіз (оған да оларды үйрету керек), ұсақ заттарды жіңішке ауыздары ыдыстардан кең ауызды ыдыстарға салғызу, саусақтарын бірге санаңыз:
Бір, екі, үш, төрт, бес,
Шықты саусақтар серуенге,
Бір, екі, үш, төрт, бес,
Қайта тығылды үйшікке.
Қолмен жейтін тамақты да пісіруге болады, осы барлық жаттығулар аз ғана уақытты қажет етеді. Сондықтан, құрметті ата-аналар балалардың ұсақ моторикасын кішкентай кезінен дамыта бастайық.