Quantcast
Channel: Баяндама - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 451

Жапқыш арматураның тағайындалуы және оның жіктелуі

$
0
0

 

Қызылорда қаласы,

Қызылорда облысының білім басқармасының

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің

«Газ жүйесі мен қондырғылары» пәнінің оқытушысы

 ТУРГАНОВА  ГУЛДАНА ГАРИФУЛЛАЕВНА 

«Газ жүйесі мен қондырғылары» пәнінің ашық сабақ жоспары

 

Тақырыбы: Жапқыш арматураның тағайындалуы және оның жіктелуі

Оқу тобы: ГС-15о

«Мұнай және газ» арнайы пәндік /циклдік/ комиссия отырысында қаралып, мақұлданды.

 

Қызылорда, 2017 жыл.

 

«Газ жүйесі мен қондырғылары»

пәні бойынша

 ашық сабақ жоспары

 

Тақырыбы: Жапқыш арматураның тағайындалуы және оның жіктелуі

 

Өткізілу мерзімі: 02.03.2017ж.

 

Тобы:ГС-15о

 

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

 

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

 

Сабақтың мақсаты: оқушыларға жапқыш арматуралардың жіктелуін, жұмыс істеу принципін, газ құбырларына орнатудың технологиялық жүйесі туралы баяндау;

білімділігі: оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру. Тақырып бойынша алған білімдерін тапсырма орындау барысында пайдалана білу, қойған мақсатына жете білуге дағдыландыру, қызығушылығын арттыру;

тәрбиелік: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, тиянақтылық сезімдерін тудыру, сүйіспеншілігін                                                                                                                                                              арттыру;

дамытушылығы: оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан жақты дамыту, толық жауап беруге дағдыландыру, ойларын дұрыс тұжырымдап, сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, ой өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, технологиялық сызбалар, карточка, сұрақтар,  флипчарт

Пәнаралық байланыс:

  • Газдандырылған қазан қондырғылары
  • Табиғи және жасанды газдар

 

Оқыту технологиясы, әдістері: түсіндіру, әңгімелеу,тірек сызба, ақпараттық, ойын элементтері

 

 

 

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

А)Оқытушының оқушылармен сәлемдесуі;

Б)Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

С)Дәрісхананың тазалығына, сабаққа дайындығына назар аудару.

 

ІІ. Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру

Жалпы мәліметтер

  1. Жапқыш арматуралардың тағайындалуы мен жіктемесі
  2. Жапқыш арматуралардың газ құбырына орнату жұмыстарын ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жинақталуы үшін сұрақтар қоямын.

  1. Газ құбырына жапқыш арматураларды не үшін орнатады?
  2. Жапқыш арматураларды тұрмыста көріп жүрсіңдер ма ?
  3. Жапқыш арматура қандай материалдардан жасалады?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жалпы мәліметтер
  2. Жапқыш арматуралардың жіктелуін, жұмыс істеу принципі

2.Жапқыш арматуралардың газ құбырына орнату жұмыстарын ұйымдастыру

  1. Жапқыш арматураның негізгі атқаратын қызметі бұл құбыр бойымен ағатын жұмыс ортасының ағынын тоқтату және қызмет көрсететін құбырдағы технологиялық процесінің талабына байланысты жұмыс ортасын қайта іске қосу.

Сондай-ақ жапқыш арматураны келесі жағдайда қолданады:

  • ағынның немесе оның бір бөлігін жүйенің бір тармағынан басқа тармағына бағытын өзгерту;
  • жұмыс ортасының дроссельдеу үшін, яғни ағынның шығын қысымын және жылдамдығын өзгертуге. Бірақ жапқыш арматураның осылай пайдалануы жағымсыз болады, яғни дроссельдеу жағдайында ол эрозия, діріл және басқалардың салдарынан тезірек тозады.

Қақтауға төзімді шойыннан жасалған арматураны жұмыстық температурасы -30 дан +1500С дейін және қысымы Рр<1,6 МПа астам емес газқұбырларында орнатуға рұқсат етіледі. Сұр шойыннан жасалған арматураны жұмыстық температурасы -100С төмен және +1000С жоғары емес аралығында, ортаның жұмыстық кысымы Рр<0,6 МПа газ құбырларында орнатуға рұқсат беріледі.

Егерде болаттан немесе шойыннан істелген арматураны қолдануға болмаған жағдайда тек қана түсті металдан және қорытпадан жасалған арматураны пайдаланады.

Болаттан істелген барлық арматурада корпуспен біріктірілген келтелері болу керек, егерде Dy <150мм болса келтенің ұзындығы 100 мм кем, ал Dy > 150 мм болғанда ұзындығы 200 мм кем болмау керек.

Өту диаметрі 400 мм астам болатын жапқыш арматурасы арнайы жабдықталған жетектермен пайдаланылады.

Арматураның қалыпты жұмысын қамту үшін антифрикционды, нығыздауышты және гидромайларды колдану кажет. Майлайтын майлар сұйық қабатын сақтауын қамтуды және жүктемелер әрекетінен беттердің сыртына шықпай, физикалық және химиялық төзімді болу керек.

Майлатын майлар: антифрикционды, қорғайтын және нығыздайтын (герметиктер); төмен-, орташа- және баяу балқитын; су мен аязға төзімді, тоттанудан қорғайтын, қышқылға берік болады.

Айдаушы станциялардың жапқыш арматурасына қосымша талаптар қойылады: тоқтап қалғанша іске қосылу циклдерінің саны көп болу керек; ауыстырмалы нығыздауыштарында жұмыс істеу мүмкіндігі, жарылысқа қауіпсіздік.

Өту диаметрі үлкен және жұмыстық қысымы (0,6МПа дейін) абсолюттік герметикалықты талап ететін құбырларда резеңкелі нығыздауыш және дискілі ысырмамен жабдықталған арматураларын колдану экономикалық айрықша болады.

Механикалық қоспалы болатын сұйықтардың ағындарын сенімді және тығыз тоқтату үшін жапқыш қондырғыларды қолданады.

Жарықтанған мұнай өнімдерінің құбырлары (бензин, керосин ж.т.б.), герметикалығы, газтәрізді жұмыстық ортасына қойылатын талабына сәйкес, ал гелий және сутек газдарының герметикалығы өте зор болу керек.

 

Тұтқырлығы жоғары қыздырылатын мұнай өнімдеріне, корпусында жылутасығыш жүретін жолы немесе электрмен қыздыруы қарастырылған арматураны колданған жөн.

Сұйықтандырылған газқұбырларының арматурасына ерекше талаптар қойылады, бұл газмайды және майлаушы материалдарды ерітеді, ал өзі майлаушы материал болмау себебінен, осы құбырларда фторопласт, нейлон, полиэтиленнен істелетін пластмассалық нығыздаушылары болатын шар крандарын колданады.

Арматураны тандау кезінде оның жұмыс істеуінің сипаты тұрақты ашық болуы (тек қана жөндеу мерзімінде немесе апат жағдайда жабылуы) немесе жиі жұмысқа косылуы (станциондық). маңызды болады.

Бірінші жағдайда крандарды колданған жөн, ал екіншіден ысырмалардың ашылып жабылуы жиі болғандықтан нығыздауыштың тозғыштығының арту себебінен вентильдер жақсы жұмыс істейді. Қысымның күрт тербеленуінен соққы толқындары пайда болатын жұмыс ортасын айдағанда, жасалатын материалдың сынғыштығынан шойын арматурасын колданбайды, ал діріл болғанда резеңке тербелісті өшіретін, резенкелі нығыздаушысы бар арматураны колданған дұрыс болады.

Жұмыс ортасының ағынының дроссельденуі қажет болғанда шиберлі ысырмаларды немесе крандарды колдану дұрыс болады. Бұл жағдайда ағында косымша діріл туғызатын сына тәрізді жапқыш ысырмаларын колдануға ұсыныс берілмейді, себебі олар жеке және оларға жалғанған жабдықтарды бұзады.

Жапқыш арматуралар

Ысырмалы жапқыш- қондырғыда ысырманың үдемелі қозғалысы тасымалдау ортаның ағын қозғалысын өтуі перпендикулярлы бағытта жабады.

Шартты диаметрлері 50...2000 мм, жұмыстық қысымдары 0,4...20 МПа және жұмыстық ортасының температурасы 4500С дейін сұйық, газтәрізді ағындарын жабу үшін ысырмалары жапқышты кен колданылады.

Жапқыш арматураның басқа түрлерімен салыстырғандағы ысырмалы жапқыштың артықшылықтары:

  • өту жері толық ашық болғанда кіші гидравликалық қысым;
  • жұмыстық орта ағынының бұрылыстарының болмауы;
  • тұтқырлығы жоғары жұмыстық ортаның ағындарын жабу үшін колдану мүмкіндігі;
  • қызмет көрсетуде қарапайымдылығы;
  • құрылыстық салыстырмалы кіші ұзындығы;

сына тәрізді ысырмалы жапқыштардың негізгі габаритті өлшемдері

Dy

L

a

H

H1

h

Д0

Масса, кг

700

1300

762

4370

3600

600

500

6000

800

1300

860

4550

3750

600

500

7000

1000

1900

1070

5920

4810

730

500

11000

1200

1900

1270

6420

5220

880

500

15000

сына тәрізді ысырмалыжапқыш

1- корпус; 2 -сына; 3 - шпиндель; 4 -төсем; 5 -қақпак; 6 - гайка; 7 -ұстастырма; 8 - сальник толтырғышы; 9 - төлке; 10 - фланец; 11 - гайка; 12 - ұстастырма; 13 -оймалы төлке; 14 - маховик; 15 - контргайка; 16 -кілтек.

Вентильдер

 

Вентильдер(клапандар) - бұл тасымалданатын жұмыстық ортасы ағынына паралельды бағытта болатынысырмасы ілгермелі қозғалысындағы «винт-салқын гайка» ілмекті қондырғысы. Вентильдердің өтпелі жолының герметикалығымен сенімділігіне жоғары талаптар қойылады.

Вентильдерді шартты диаметрі 400 мм кіші, жұмыстық қысымы 250 МПа дейін және жұмыстық ортасының температурасы -200 тен + 4500С дейін құбырларында газтәрізді және сұйық ағындарды тоқтату үшін пайдаланады.

Корпустың конструкциясы бойынша вентильдер өту, тік ағысты, бұрыштыққа және араластыққа айырылады.

Өту вентильдерінде корпустарындағы келтелері біросьтілік немесепаралельды боладыжәне практикада кең қолданылады.

Осы вентильдерде жұмыстық сұйықтың ағыны шамамен екі бұрылыс жасайды, бұл үлкен гидравликалық кедергіге келтіреді.

Корпустың сенімділігін арттыру үшін оның төменгі бөлігі қатаңдық қырымен күшейтілген, бұл вентилдердің ең кенінен таралған формасы.

Тік ағысты вентиль:

1 - корпус; 2 - золотник; 3 - шток; 4 - қақпақ; 5 - сальник; 6 - тіреу; 7 -маховик; 8 - қозғалтғыш гайка; 9 - шпиндель; 10 - тіркеме

 

Крандар

 

Кран - бұл корпустанжәне тығыннан құрылған ысырмалықондырғы, осында тығын сұйықты немесегазды өткізетін тесігі бар айналуы формалы дене болады.

 

Тот баспайтын болаттан жасалған шар тәрізді ысырмалышағын

кран:

1- корпус; 2 - ысырмалық фланцы; 3 - шар тәрізді тығын; 4 -ершік; 5 - қысу гайкасы; 6 - шпиндель; 7, 8 -сақина; 9, 10, 11 - нығыздауыш сақинасы; 12 -Түұтқа

 

 

  1. Құбырларда жапқыш арматураны орналастыру 2. 05. 06- 85 Құрылыс нормалары және Ережелері бойынша сәйкес өткізіледі. (СНиП 2. 05. 06 - 85).

Құбырларда жапқыш арматураны есептеумен анықталатын 30 км артық емес арақашықтықта орналастыруын карастырады.

Бұдан басқа жапқыш арматураныорналастыруды қарастыру қажет:

  • су кедергісінің екі жағасында құбырдың екі және одан да артық желісі қиылысқанда 15. пунктінің талабына сай және В санатты бір желісті өтпе жолын;
  • құбырдан таралатын әрбір тармақтың басындағы арақашықтығы 15 м кем емес;
  • құбырдан газ тарату станцияларының (ГТС) тармақтарына, тармақтың ұзындығы 1000м астам болғанда, ГТС -тан арақашықтығы 300-500 м де;
  • компресорлық станциясына газ құбырларының кірісімен шығуында, газды сақтау жер асты станцияларында және негізгі құрылыстарда арақашықтығы - диаметрі 1400 мм газ құбырларында 1000 м, диаметрі 1400 мм кем 750 ден 1000 м дейін және диаметрі 1000 мм кем 500 м (күзетші крандар);
  • автомобиль көпірлерінде газ құбырын төсегенде, олардың екі жағындағы арақашықтығы 250 м кем болмау керек;
  • мұнай және мұнай өнімдері құбырларының бір немесеекі шеткі учаскелері өтетін белгілері қала және басқа елді мекендері мен өндірістік кәсіпорындарынан жоғарлау болғанда жердін рельефіне байланысты жобамен бекітілген арақашықтығында болу керек;
  • мұнай және мұнай өнімдерінің құбырлары су бөгеттерін бір желімен кесіп өткен жағдайда, өткелге жанасатын жер бетінің рельефіне байланысты жапқыш арматураның орналасуы тасымалданатын өнімнің суатқа тіспеуін болдырмайтын етіп алынады;

- ұзындығы 500 м астам үшінші типті батпақтың екі жағасында;

Бір желісті су астындағы газ құбырлары су кедергілері арқылы өткенде қажеттілігіне қарай жапқыш арматураны орналастыру қарастырылады;

Басты құрылыстан күзетші крандарының орны территориялардың шекараларынан қабылданады, компрессорлық станциялары (КС) магистралдарға компрессорлық станциясықосылу торапшекарасынан(сыртқы шеткі сорышу және айдаушы қосылу осьтерінен). Магистралды газ құбыры КС тен 700 м астам арақашықтықка алыстағанда және табиғи кедергілер (жыра, күрделі рельеф, ж.т.б) болғанда үргіш шырақтары болатын жапқыш арматурасын қарастыру керек (бақылау өлшегіш аспаптары мен автоматикасы магистралдыгазқұбырына КС-тін қосылатын торабындағы крандарымен ұқсас), КС-тін сорушы және айдаушы газ құбырларында («шлейфтерінде») КС-тін қоршауынан 250 м арақашықтығында болу керек.

Екі және оданда көбірек газқұбырларының желілерін паралельды төсегенде әрбір бөлек желісіндегі жапқыш арматурасының торабы құбырдың ұзындығы бойында бір-бірінен жылжыту арақашықтығы 100 м кем болмау керек. Трасса күрделі жағдайда (таулы рельеф, батпақ, жасанды және табиғи кедергілер) төселгенде белгіленген арақашықтықты 50 м дейін азайту керек.

Бір газ құбырын паралельдықосқанда -газ құбырының негізгі желісіне екі немесебірнеше тармақтарын немесебірнеше тармақтарды бір газқұбырына қосқанда - жапқыш арматурасының тораптарын бір-бірінен қажетті жылжыту арақашықтығы 30 м кем болмау керек.

Диаметрі 400 мм және одандаастам жапқыш арматурасы тығызданған табанға төселетін фундаменттік плиталарына орнастырылу кажет.

Қысымда болатын газ құбырлары және жапқыш арматураның орамасы, байпас, үргіш желі және тұйықтағыш, жерасты орындалуындағы құдықсыз орнату крандарымен қарастырылу керек.

Қызмет көрсетуші қызметкерлер тек қана кранның жетегіне рұқсат етіледі.

ІV. Жаңа сабақты бекіту сұрақтарын талқылау және бағалау

Ескерту: Оқушылар кесте арқылы бағаланады, яғни, әрбір оқушы жаңа сабақты бекіту мақсатында қойылған сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруіне байланысты ұпай жинап отырады. Бағалау кезінде ұпайды  санау арқылы қорытынды баға қойылады.

  1. «Бөшкеден шыққан басқатырғыштар»

Арнайы дайындалған бөшкеденоқушы таңдаған шарды алып, жасырынған сұраққа немесе тапсырмаға  жауап береді.

  1. Газ құбырларының жапқыш арматураларының қызметі?
  2. Жапқыш арматуралардың түрлері?
  3. Ысырманың негізгі жабдықтары?
  4. Кранның негізгі жабдықтары?
  5. Винтельдің негізгі жабдықтары?
  6. Ысырманы тығыздыққа қалай тексереді?
  7. Паралельді ысырманың кемшілігі неде?
  8. Ысырманың жабындары нешеге бөлінеді және ата?
  9. Жапқыш арматуралар қалай орнатылады?

 

  1. 4 сурет 1 сөз.

Оқушылар слайдта көрсетілген 4 суреттен 1сөз тауып тақтаға жазады.

 

3«Жануарлар әлеміне саяхат»

Оқушы слайдта көрсетілген жанаурды таңдап жасырылған сұраққа жауап береді.

1.Ысырманың шартты диаметрі?

  1. Құбырда жапқыш арматураны орнату қандай ереже бойынша өткізіледі?

3.Құбырларда орнатылған жапқыш арматурасында не болу керек?

4.Ысырманың негізгі элементі?

  1. Ысырманы не үшін толық ашып және толық жабуға негізделіп жасайды?
  2. Ысырманың құрылысы?

7.Кранның артықшылығы?

8.Вентильдердің артықшылығы?

9.Жер асты газ құбырларында орналасатын ысырмаларға қандай талаптар қойылады?

10.Жер асты газ құбырларында орналасатын ысырмаларға қандай талаптар қойылады?

11.Гидравликалық жабынның қызметі?

  1. Жапқыш арматура қандай материалдан жасалады?

 

  1. «Мен жобалаушымын»

Берілген сызбаны жалғастырып,  негізгі элементін атау.

  1. «Мозайка»

Сурет  6 бөлікке  бөлініп, әр жерге қойылған, осы қималарды оқушы тауып орнына қойып суретті тауып сипаттама береді.

 

  1. Бағалау: Кестеде көрсетілген әрбір оқушының тұсында жинаған ұпайларын санау арқылы бағасы қойылады.

Сабақ өту барысында өзгерістер болуы мүмкін

VI.Үйге тапсырма: Жапқыш арматуралардың тағайындалуы, жіктелуі, жұмыс істеу принципі, құбырларға жалғаудың әдістері.

Оқулық: «Эксплуатация газовых сетей и установок» -А.И. Гордюхин.

24-49 беттер.

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 451

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>