Quantcast
Channel: Баяндама - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 451

Қазақтың күй өнері

$
0
0

Қазақтың күй өнері


         Аспаптық музыка сонау көне заманнан келе жатқан ұлтымыздың рухани мәдениетінің аса бір маңызды саласының бірі. Сол себептен өскелең ұрпағымызды аспаптық музыкаға арналаған шығармалар және де ұлттық аспаптарда орындалатын күй өнеріне баулу мәдениеті тәрбиелеудің бір бөлігі болып табылады. Тарихқа сүйенсек, өзінің қалыптасқан мәдени - білімдік дәстүрлері мен ұстанымдары бар елдің даму қадамы білімнен басталу керек деп ойлаймын.
         Қазақ халқының аспаптық музыкасы жүзінің көркемдік мәдениетінде ерекше құбылыс болып табылады. Оның пайда болуы мен даму кезеңдері халықтың ауыз екі шығармашылығы мен фольклорында көрініс тапқан. Қазақтың аспапты мәдениетінің көп ғасырлық тәжірибесі оның өзгеше және әмбебеп белгілерін қалыптасуына әсер етті.

         Домбыра – қазақ халқының кең тараған екі шекті, көп пернелі музыкалық аспабы! Ол қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданған. Домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуында ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтың фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.

         «Домбыра» сөзінің шығу тарихы белгілі зерттеушісі Хайролла Жүзбасовтың пікірінше «домбыра» сөз «доп бұра», «дәл бұра», деген тізбегінен шыққан делінген. Ал екінші болжам этнограф Еріп Кокеев еңбектерінде «том» дер түюлі жұдырық немесе қолдың саласы айтылады. Кейіннен бұл түбір ұяңдалып «домбыға» айналған, «быра» тіркесі бір нәрсені шерту, тарту, дыбыс шығару деген мағынаны білдіреді. Яғни «домбыра» сөзі қолдың саласы мен немесе бес саусақпен «шекті шерту» деген мағына береді деген ғалым. А. Жұбановтың болжамы бойынша «домбыра» сөзі араптың «унбап и бурра» тіркесінен, яғни «қозы құйрық» деген сөзінен қалыптасқан, араб сөзі тіркесінен шыққан деген.
XIX ғасырдың басындағы халықтың қоғами және рухани өмірінде дәстүрлі музыка өнері одан әрі жалғасын тауып, жан - жақты даму процестеріне түсті. Бұған ықпал болған қазақ даласындағы күрделі саяси, әлеуметтік және тарихи өзгерістер еді. Халықтың мәдени болмысында ән мен күй жанрлары кеңінен қарқындауымен қатар, жеке әншілік пен жеке аспапты орындаушылық концерттік түрде, биік көркемдік және шеберлік деңгейіне жоғарылады. Эстетикалық және музыканы қабылдау қабілеттер мен көзқарастар жаңашыл жолдар мен қалыптасып, өнер саңлақтарының статусы көтеріледі: бақсы, жыраулардың рухани мұрасын ақын, әнші, өлеңші, күйші, сал, серілер кәсіби институт сатысына жеткізді. Өнер иелері - оны шығарушылар, орындаушылар және насихаттаушылар - қазақ өмірінде биік әлеуметтік мағынада танылып, ерекше сый - құрметке, ұлт сүйіспеншілігіне бөленді.
Ұлт мәдениетінің тарихында XIX ғасыр ренессанстық мағынаға ие болып, «алтын ғасыр» аталғаны мәлім. Бұл дәуірде қазақ жерінде музыка дәстүрлі ауызекі түрде қалыптасып дамыған.
         «Алтын ғасыр» кезеңінде кәсіби халық композиторларының шығармашылықтары ерекше көркейіп, эстетикалық, көркемдік әсерлік дәрежеге ие болды. Бұл - ақын, сал, сері, күйші дәуірінде қазақтың әні мен күйі өзінің тақырыптық жағынан кең ауқымды, құрылымы жағынан сан - түрлі болып келеді. Ұлттық өнеріміздің ең бір іргелі және күрделі саласы - аспаптық музыка. Бұл көп ғасырлы көшпенді мәдениетіміздің өзі мен көзі, қайнар бұлағына айналған мәдени мұрамыздың түрі қазақ даласының қайталанбас табиғат көріністерін, бостандық сүйгіш үнін, азаттық аңсаған арманын, халық тағдыры мен тарихын, аңыз бен шындығын, жануарлар образын және басқа да көптеген тақырыптар мен сюжеттерде асқан көркемдікпен нәзік те қажырлы музыка тіл - әдістерімен паш етеді. Қазақтың аспапты музыкасы домбыра, қобыз, сырнай және т. б аспаптар формасы мен композициясы жағынан өте көлемді дамыған. Мақамы ұлттық колоритке бай, нақтылы және тартымды, суреттілігі жағынан айқын болып келеді, мұнда кәсіби симфония жанрының өзегі де мол.

         Қазақ күйінің ұшан теңіз ішкі дүниесі ұлт тарихының әр кезеңінде халықтың рухани сұранысына тереңінен жауап бері, оның өзінше найза - ұранына айналған.
Қазақ халқының тарихында қобыз аспабы, оның күйлері мен сарындары тек Қорқыттың есімімен байланыстырылады. Оның құнды музыкалық асыл мұрасы мен дәстүрі негізінен бақсы - балгерлердің болмысында, ғұрып салттарында аса жарқын түрде сақталған. Басқа түркі халықтарының аңыздарында Қорқыт өз заманында батырлық жырларды шығарушы, данышпан қария, хандардың кеңесшісі болса, қазақтар шежірелерінде ол алдымен бақсылар зікірлерінде көмекке шақырып, табынатын пірі аталады.

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 451

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>