Quantcast
Channel: Баяндама - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 451

Шұбарсуда бір мектеп бар, білімімен шуақ шашқан

$
0
0

Шұбарсуда  бір мектеп бар, білімімен шуақ шашқан

Балалар – болашағымыз. Білімді жастар – баға жетпес байлығымыз. Сондықтан да балаларды білім нәрімен сусындатып, биік армандарға жетелейтін ұстаздың қоғамдағы орны да ерекше. «Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім» деп халқымыздың ұлы ақыны  Мағжан Жұмабаев айтқандай, мұғалімдік қай кезде де мәртебелі мамандық болып келген. Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, білім өркениеттің басты  көрсеткішіне айналған заманда да мұғалім мәртебесі одан әрі арта түсуі тиіс.                                                                                                                                      Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп білімнің ерекше маңызын айқын көрсетіп берді. Демек, ұстаз саяси сауатты, ақпараттық технологияны меңгерген, жан-жақты білімді, өз бойындағы сол білімді оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдістемелік жағынан шебер, үлкен білімді де  білікті, ұйымдастырушы  болуы керек.                                                          Шұбарсу ауылындағы «Шұбарсу» жалпы орта мектебі  2010 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының аясында  іске қосылған. Мектепті Бахтыгүл Әшімқызы Тастанбекова басқарып келеді. Б.Тастанбекова – білім беру саласының дамуына, мектептің гүлденуіне өлшеусіз үлес қосып, интеллектуалдық өрісі кең, өзін-өзі үнемі дамыта  алатын белсенді, қабілетті, білікті басшы екенін дәлелдеуде. Көптеген игі істің, жаңалықтың жаршысы. Филология ғылымының кандидаты, «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» орденінің және «Ы.Алтынсарин» медалінің , Облыстық  «Үздік білім беру менеджері-2011» байқауында бақ сынап,«Ізденімпаз мектеп директоры» номинациясын иеленген. Облыстық ғылыми-практикалық конференцияға қатысқан, білім берудің жаңа бағыттары жайында мақалалары кітапқа енген. «Шәкірсіз ұстаз –тұл» деген қағиданы ұстанған мектеп директоры Г.Сапарова, Р.Куатова сияқты озат оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулып келеді. Шәкірттері ұстаз сенімін ақтап, облыстық ғылыми жоба конкурстарында жүлделі  І,ІІ орындарды жеңіп шықты. Мұғалімдерден  де әрдайым заман талабына сай ғылым мен техниканы игеруді, сол арқылы жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруді талап етеді.                                                                                                                  Мектебіміз аз ғана уақыттың ішінде бірталай жетістіктерге  қол жеткізді. Жаңашыл әдіс-тәсілдерді  сабаққа  пайдаланатын ұстаздар қатары  көбеюде. Жаңа форматтағы                      3 айлық  деңгейлік курстарға  23 мұғалім  қатысты. Оның  7-і бірінші деңгейде, 5-і екінші деңгейде, 11-і үшінші деңгей бойынша дәріс алды. Олар оқып-үйренгендерін басқа мұғалімдерге үйретіп, коучинг-сессиялар, семинарлар  өткізуде. Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы дарынды және үлгермейтін  оқушылармен жұмыс жасап, оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен белсенділігін арттыруда. Нәтижесінде   бастауыш сыныптар  бойынша, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, тарих, география, химия, БӘД ,дене шынықтыру пәндерінен және «Мектептегі оқушылардың денсаулығын нығайтуда және оларға өз ағзасын сүюге үйретуде мектеп мейірбикелерінің рөлі» тақырыбында аудандық  семинарлар өткіздік. Кәсіби шеберліктерін шыңдап, шығармашылықпен айналысып жүрген 10 мұғалім   облыстық  ғылыми-практикалық конференцияға қатысты, мақалалары   кітапқа енді. Биылғы жылы  6 мұғалім  республикалық  ғылыми – практикалық конференцияға қатысты, жұмыстары  журналда жарияланды. Сонымен қатар, ұстаздарымыз  аудандық «Өнерлі ұстаз», «Үздік педагог», «Үздік сабақ жоспары», «Үздік психолог», «Жыл сынып жетекшісі» сияқты байқауларға қатысып, жүлделі орындарды  иеленіп келеді.                                                                                  

Оқушыларымыз аймақтық, аудандық олимпиадаларда, байқаулар мен жарыстарда, облыстық  ғылыми жоба байқауларында жүлделі орындардан көрініп  жүр. Атап айтсақ,       10-сынып оқушылары  Жанатбекқызы Гүлнұр, Өрісбаева Камила облыстық ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздары.  9-сынып оқушысы Хиас Данагүл «Ақ көгершін» Халықаралық өнер фестивалінің мәнерлеп оқу бойынша І дәрежелі  лауреаты. 11-сынып оқушысы Сайымқұлова Салима аудандық  «Махамбет оқулары» байқауынан І орынды , «Мағжан оқулары» байқауынан бас жүлдені иеленсе, Сапарова Дильфуза (11-сынып) осы байқауда зерттеу жұмыстары бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді. Аудандық «Абай оқулары» байқауынан 10-сынып оқушысы Әбдірахман Ерсұлтан жүлделі І орынды,                    11-сынып оқушысы Тұрдыбаева Динара ІІІ орынды қанжығасына байлаған.  10-сынып оқушысы Жанатбекқызы Гүлнұр «І. Жансүгіров оқулары» байқауының облыстық кезеңінен  ІІІ орыннан көрінді.  9-сынып оқушысы Жұмабаева Сәуле «Жарқын болашақ»                                    VІ республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінде «Жас ғалымдар» байқауынан І орынды, Сағындық Раушан, Қонарбаева Жанар, Сапарова Дильфуза М.Әуезов атындағы ОҚМУ ұйымдастырған  студенттер мен оқушылар арасында орыс тілі пәнінен өткен олимпиадада І, ІІ, ІІІ орындарды иеленді.  9-сынып оқушысы Закирова  Махира «ЭКСПО – 2017» көрмесі бағдарламасы аясында Сайрам ауданындағы Оңтүстік Қазақстан  индустриялды-инновациялық  колледжінде өткен «Инновациялық идеялар мен жобалар» байқауына қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды. Беларусь Республикасының ұйымдастырумен өткен Халықаралық қашықтық байқауына биология, география, математика пәндері бойынша оқушыларымыз қатысып, 2 оқушымыз І дәрежелі дипломмен, 3 оқушымыз ІІ дәрежелі дипломмен және 3 оқушымыз ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Мектебіміздің «Іңкәр» би тобы облыстық «Болашақ жұлдыздар» фестиваліне қатысып, жүлдемен қайтты. Спорттық сайыстардан облыстық, республикалық  жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алған, мектебіміздің мақтанышына айналған оқушыларымыз да бар. Мәселен, 4-сынып оқушысы  Сұлтанбек Зейнеп шахматтан әлемдік жарыстарға қатысып топ жаруда. Үндістан, Шриланка,  Греция, Туркия сынды шет елдерге барып, бақ сынап жүр.  Көптеген оқушыларымыз жеңіл атлетикадан,бокстан, күрестен, футболдан облыстық жарыстарда жеңіске жетті.  «Жас ұлан», «Жас қыран»  ұйымының мүшелері «Ұланымыз ұлы елдің» облыстық жас өспірімдер арасындағы слетқа  қатысып, облыстық білім басқармасының басшысы  А.Елшиеваның Алғыс хатымен марапатталды, т.б.                                                         Оқушыларымыздың  70 пайызы көрші елдерден  келгендіктен,    ҰБТ көрсеткішін көтеруге бағытталған жоспарлар құрдық. Сол бойынша мұғалімдеріміз жұмыс жасап, нәтижесін көрсетіп келеді.  Өткен оқу жылында 4оқушымыз «Үздік аттестатқа»,                           2 оқушымыз «Алтын белгіге» бітірді. Биылғы жылы да 2 оқушымыз , 11«В» сынып оқушысы Бахрамов Ералхан мен 11«Е» сынып оқушысы Сулейманов  Шерзат ҰБТ-де   «Алтын белгіні» ақтап, ата-аналары мен  ұстаздарын  қуанышқа бөледі.                                               «Ұстаздық еркен жалықпас, үйретуден балаға» деп, ұлы Абай атамыз айтқандай, Біліктілігі мен білімін жетілдіру – ұстаздардың әрі міндеті, әрі білім беру жүйесіндегі даму құралы. Қазіргі жаңа өрлеу, даму кезеңінде мектеп қабырғасындағы  оқушыларға  заман талабына сай жаңаша көзқарас қалыптастырып, білім жетістіктерін сабақтастыра отырып  ХХІ ғасырдың шәкіртін тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті деп білейік.                            Шығар шыңдарыңыз бен алар асуларыңыз мол болсын, құрметті ұстаздар.

О.Нурбекова,                      директордың  ғылыми әдістемелік                                                           ісі жөніндегі орынбасары 

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 451

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>