Қызылорда қаласы,
Қызылорда облысының білім басқармасының
И.Әбдікәрімов атындағы
Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің арнаулы пәндер оқытушысы
МАХМУТОВА МАРАЛАЙ МЫХАНОВНА
Тақырыбы: «Темір жол көлігіндегі басқарудың автоматтандырылған жүйесі»
Басқарудың автоматтандырылған жүйесі(БАЖ) экономиканың барлық салаларында кеңінен қолданылады.
Әр түрлі кластардағы және тағайындауларда БАЖ құрылған және жұмыс істейді.
БАЖ- нің құрылуы басқару объектісін талдаумен және басқару критерийлерін таңдаумен, жүйенің құрылымымен функциясын анықтаумен теңестіріледі. Функциялардың параметрлері объектінің ерекшеліктерімен анықталады. Басқарудың жекеленген функциялары техникалық құралдар комплексі(ТҚК) базасының автоматизациясына жатады. ТҚК-нің қасиеттері мен топологиясын анықтау бірінші кезекте функциональді- ақпаратты талаптардың орындалуын байланысты. Сөйтіп, мехнизмнің жалпы логикасы басқару жүйесінің параметрлерлеріне ,басқару объектілерінің параметрлеріне тәуелділігімен сипатталынады. Қазіргі уақытта БАЖ-н терминологиялық түсіндірулердің көптеген түрлері бар. Кейбір әдебиеттерде БАЖ терминінің орнына, автомобильді транспорттағы БАЖ- нің жеке есебінен тұратын, тауар қозғалысын ұйымдастыруға комплексті жақын келетін, «логистика» терминін қолданады. Навигационды жүйелерді қолданып, автотранспортты басқаруды білдіретін, БАЖ терминін алмастыртын тағы бір термин ол - "телематика".
Ақпаратты өңдеу және басқарудың автоматтандырылған жүйесі (АӨБАЖ), уақытпен тексерілген БАЖ-нің интеграцияланған анықтамасын сақтай отырып, кез келген сала облысындағы, соның ішінде автомобильді транспорт саласындағы ақпаратты өңдеу процесі жататын басқарудың түрлі процестерінің бар екенін білдіреді.
АӨБАЖ нақты қолданушыны ақпаратпен қамтамасыз ету үшін құрылған және ол оның жұмысына қатысады. АӨБАЖ –н түрлендіру дегеніміз –проектілеу этабында және ақпаратты түрлендіруге енген автоматтандыру процесіндегі проектілеушілер мен проектілеу этаптарының басқа да мамандарының көмегімен құрылған ақпаратты, программалық қамсыздандырулардың көмегін қолданып қолданушының есептерді шешуі.
БАЖ-нің бірінші өңдеулерінде принципильді жаңа әдістемелер болған жоқ, тек басқару есептерін дәстүрлі технологиялармен шешетін, операциялардың орындалуына кететін еңбекті азайту үшін, үлкен арифмометр ретінде қолданылатын, қымбат тұратын есептеу техникасын қолданылды. Ұйымдардағы басқаруды автоматтандыруды құрудағы ең таралған кемшілік болып, есептің қойылымының деңгейінің төмен болуы есептелінді. Мұның басты себебінің бірі - ақпарат ағынын зерттеуде, есептің экономикалық тасымалдау маңыздылығын сипаттауда, шығарылатын ақпаратты проектілеуде басқару қызметін және мамандарды қолданбау. Сонымен қатар, автоматтандырылған режимде есептің барлық комплексі өңделмеген, сондықтан қолданушыда жаңа технология ойлап табуға деген қызығушылық аз болады. АӨБАЖ –н құру тәжірибесі көрсеткендей, тек нағыз маман ғана орындалған жұмысқа толық және мамандыққа баға беретіндей сипаттай алады. Қолданушының қатысуы есептің қойылымын қоюмен ғана шектелмейді, ол жүйенің сынақ тасымалдауын да жүргізуі тиіс.