Мои документ Текті жан тәрбие сыйы,кісі-тәрбие жемісі
Текті жан- Тәңір сыйы,Текті кісі -тәрбие жемісі
Алла сөзін жеткізуші Інжіл (Библия) мен Құранда ерлі-зайыптылардың қосылуынан бөлінген ұрық негізінде пайда болған ана жатырындағы бейнеге 40 күннен кейін жан салынатыны айтылса, ғылымда 42 күннен кейін нәрестенің түрлі қимыл жасай бастайтыны дәлелденген.Енді оны қарапайым пендеге ұғынықты етіп түсіндіру үшін, моторсыз машинаның дүрілдеп орнынан қозғала алмайтыны тәрізді жансыз тәннің қимыл жасауға дәрменсіздігі ойға оралады. Сонда 40 күннен кейін іште жатқан шаранаға періште жан салса, адам өлерінде сол салынған жанды екінші бір періштенің көзге көрінбей келіп алатыны шығады. Жан алуға келген Әзірейілді бәтін көзі бар, демек әдеттегі адамда жоқ, ерекшені көру қабілеті бар әулиелер, немесе өлгелі жатқан адамның өзі ғана көре алады. Ендеше, өлгелі жатқан адам: “Әне келді!” деп, біз көрмейтінге қол созса, біз оны: “Сандырақтап жатыр” демеуіміз керек. Адам өлгелі жатқанда мысықтың үрейленіп мияулауы, сол үйден кетуге асығып, есікке ұмтылуы, сыртта үйшігінде жатқан иттің ұлуы оларда “бәтін” көз бар екенін, тек олардың не сезгенін бізге адам тілімен жеткізе алмайтынын зерделеген жөн. “1917 жылға дейін қазақ халқының пәлен пайызы ғана сауатты болған”-дегендерге айтарымыз: “Сауаттылық тек кітап оқи білумен өлшенбейді” Оған дәлел, бұрынғы “оқымады” делінген қазақтың өзі біреуді “өлді” деп айтпай, “қайт-ты” деуінің, кісі жерлеуге әйелдерді апармауының мәнісі: “Алла өзі берген жанын өзі алдырды, демек жан Алладан келіп, қайта қайтты. Ал, бейіт басына әйелдер барса, жылауы мүмкін, ол Алла ісіне қарсылық, өлген адамның сол күнге дейінгі өмірін қанағат етпеу” дегенге тіреледі. Сондықтан да данышпан Абай:«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.“Мені” мен “менікінің” айрылғанын. “Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес. Ақыл мен жан-мен өзім, тән-менікі,“Мені” мен “менікінің” мағынасы-екі.“Мен” өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,“Менікі” өлсе өлсін, оған бекі,-деді ғой.Бұдан шығатын түйін: Алладан берілген жан, яғни “мен” дегені өлмейді, не жұмақта, не тозақта о дүниеде мәңгі өмір сүреді(Қ.уандық Мәшһүр Жүсіп.)
Абай адам болмысын:«Адам үғылы екі нәрсеменен: бірі - тән, бірі - жанОл екеуі орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили, қайсысы кәсіби - оны білмек керек. Ішсем, жесем демектің басы - жибили, ұйықтамақ та соған ұқсайды. Азба, көппе, білсем екен, көрсем екен деген арзу, булардың да басы - жибили. Ақыл, ғылым - бұлар - кәсіби», - деп көрсетедіСондай-ақ,«...құдай тағала бұл ғаламды ақыл жетпейтін келісіммен жаратқан, онан басқа, бірінен бір пайда алатұғын қылып жаратыпты. Жансыз жаратқан-дарынан пайда алатұғын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайдалан-атұғын ақылды инсанды жаратыпты.Хайуандарды асырайтұғын жансыздарды еті ауырмайтын қылып, жан иесі хайуандарды ақыл иесі адам баласы асырайтын қылып, һәм олардан махшарда сұрау бермейтұғын қылып, бұлардың һәммасынан пайда аларлық ақыл иесі қылып жаратқан.»Мұнда жанның үш түрлі болатындығы, «адам жаны» олардың асқар шыңы екендігі көрсетілген. Шәкәрім: «...ар-ұждан адам жанының қалауы, қажеттілігі, өйткені жан ешқашан да жоғалмайды...» дейді. «Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар.Бірі, дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке тіпті, ұқсайматын бір түрлі өмір бар.Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақырет - өлгеннен соңғы өмір жолы дейді.». ”Барлықтың (Шәкәрімше-дене) түп себебі-жаратушының білім, қүдірет шеберлігінде өлшеу жоқ. Дәлелдерім: Ғылым жолында бұл барлықтың ешнәрсесі өздігімен бар бола алмайды да, қозғала алмайды. Бұған себеп керек. Сол себеп жаратушы болады. Егер, сол себепсіз бар болған нәрсе емес, дәлелім-оларда қозғалыс бар, қозғалуда жүрісінің өлшеуі бар. Өлшеулі нәрсе өзі бар болған емес. Егер қозғалыс (притяжение, отрицание) өзіне тарту, әрі итеру заңымен делінсе, ол қозғалысқа да себеп керек”-деп қорытқан.Осығын негіздеп,ол,«үш анығын» тұжырымдаған: Бірінші-мәңгі өзгерістегі Универсумда барлығына себепші жаратушы ие. Екіншісі – бұл жаратушы барлық тірі мен тірі емеске жан береді, адам өлген соң, одан әрі тазарып, жоғарылайды,өздігінен өмір сүреді.Үшіншісі -жанның жоғарылап,тазаруы үшін адам ұжданға сай арлы өмір сүруі керек. Шәкәрім адамдарды осыған шақырған. ХІV-XV ғасырларда өмір сүрген ғұлама, шипагер Өтебойдақ Тілеуқабылұлы:«Адам заты, тіршілігі, тоғалығы, мінсіз бітістігі әуелде ата-анада жаралмақ, одан туылған ұрпаққа жалғаспақ…Алланың адам затын жаратқандағы берген ең зор бағы, бақыты, дәулеті-тек қана мінсіз бітістік. Міне, бұл-тұлғалық, мүшелік мінсіздік. Мінсіздікте, тұлғалық тоғалық ніл-қан,»– деп ғақлиялық тұжырыммен түйіндеген.(Ө. Тілеуқабылұлы. Шипагерлік баян. Алматы, 1996.).
Біздің тұжырымымыз: «Адамзаты-тән және жаннан тұрады.Тән аталық және аналық ұрықтың ана бойындағы «бейіште» үйлесімді ұшырасуынан түзіледі.Мұндай қабылетті Жаратушы Адам Ата мен Хауа Анаға құдырет етіп,ұрпақ таратып,өсіп-өну үшін жасап,нәсіп еткен.Ондай құдырет адамзат ұрпақтарының бәрінде бар.Ал,жан-ана жатырында үйлесім тауып,тұқым бейнелік-шаранаға айналғаннан кейін періште арқылы берілген,Жаратушының нұрлы-сырлы сыйы.Ол өте асыл,әрі мәңгі.Қажетті шағында , періште арқылы Жаратушы,қайырып алады,шынайы бейіште сақталады.Жан-тәннің жүрегіне қонақтайды».
Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және құбылмалы процесі. Балада ататектен туа біткен белгілі сезімдер мен мінез бар(бұрын жоқ деп келдік Бұған қарсы пікір де бар «Баланы туғаныңмен мінезді тумайсың!»). Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде толысып жетіледі(бұрын қалыптасады деп келдік) Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Біздің пайымдауымызша;тұқым қуалаушылық-ұрпақтың ата-тектен алған еншісі- биологиялық--рухани ұқсастығының белгісі,нышаны.Ол-ата-тектен ұрпаққа қан арқылы және періште әкеліп салған жан арқылы беріледі.Қан арқылы ата-тектік бет-бейне,өң-түс,қимыл-әрекет, тіл,діл,дін, мінездік нышандар ұласады.Жаратушыдан жолданған жан арқылы ата-тектік ақыл-дарын,сезім-қабылет,рух-қуат дариды Біз осы негізде өмірге келген жан иесін-ТЕКТІ ЖАН деп отырмыз.Қан арқылы берілген тектілік негіздері осы шақта ғылыми жолмен толық дәлелденген.Ататектен мінез нышандары берілетіндігін Фараби бабамыз: «адам жақсы мінез-құлыққа жетілгенге дейін оның өзінің табиғатына біткен әлеуметке сай келетін мүмкіндіктерді іске асыру қажет.»-десе,Абай атамыз; бала екі түрлі мінезбен туады деп санап та көрсеткен: Джон Локк(1632-1704)-тың :«... олардың тумысынан болатын мінез-құлық қасиетін толық өзгертеміз деп есептемеуіміз керек,»- деген ескертуін де: естен шығарған жоқпыз.Жан арқылы берілетін тектілік нышандары қаншама күрделі болғанымен,Алла тағалла өлшеп берген шанағынан аса алмасақ та,қазақтың даналары, ойшыл ғұламалары,әлемдік ақыл-ой алыптарының тұжырымдары, зерттеуші бүгінгі дәуір ғалымдарының теориялары мен ілімдері әжептіәуір жәрдем бере алады.Сондықтан текті жанды(жеке адамды) текті тұлға(кісі) болдырып қалыптастыру амал-айласын,әдіс-тәсілін,педагогикалық-психоло-гиялық шарттары мен талаптарын айқындаған көзқарас жүйесін-текті тұлға тәрбиелеу теориясы деген едік. Текті жан қалпынан Кісі тұғырына көтерілу процесіне қоғамдағы қалыптасқан ахуал, отбасындағы этностық тәлім тәрбие, білім берген оқу ордасы, ата бабасынан мирас болып бойына сіңетін генетикалық өзгешеліктері, айтулы психикалық процестердің жүзеге асу ерекшеліктері әсер етеді.Ұлттық тәрбиенің өлмес негізі,рухани күші оның өмір сүру болмысынан туындаған өзіндік ұлағаты, тәжірибесінің молдығы, рухани мұрасының тереңдігі мен өнегелігінде жатыр. Қазақ қашанда ұрпағының толыққанды тұлға-(КІСІ) болып қалыптасуына атсалысып, тәрбиелеудің барлық құралдары( жырлары, әпсаналары, ертегілері,ойын т.б.) арқылы нәресте шағынан ұлттық тәрбиені( бауырмашылдық, адалдық, адамгершілік, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық сияқты барлық адами қаситтерді) бойына сіңіріп отырған. Психологтарға үйреншікті ой бойынша тұлға әлеуметтік ортада өмір сүріп, тәрбиелену негізінде дамиды. Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан әлеуметтік өзара әрекеттерге түседі. Ең бірінші араласу тәжірибесін бала сөйлемей тұрып-ақ өз жанұясында алса, кейін үнемі субъективті тәжірибе жинайды. Ол тәжірибе кісінің (тұлғаның) ажырамас бөлігі. Осы процесс, сондай-ақ кейін текті жанның(индвидтің) әлеуметтік тәжірибесін белсенді жандандыратындықтан әлеуметтену деп аталады. Педогогия бала туралы ғылымдарды: психология, педагогика, физология, психотехника, т.б. комплексті түрде біріктіретін, баланың жан-жүйесі жайлы жан-жақты мағлұмат беретін синтездік ғылым болып табылады. Ғұлама ғалым Х.Досмүхамедұлының өз еңбектерінде бала психологиясының қалыптасу жолдарын, қазақ халқының үлттық ерекшеліктерін негіздей отырып түсіндіреді. Оның педогогия саласында жүргізген зерттеулерінде: қазақ баласының шыр етіп жерге түскеннен бастап кәмелетке толғанға дейінгі тыныс-тіршілігі ән-жырдың құшағында өтетіндігі, әдетте оның бірінші еститін үні - анасы айтқан бесік жырының әуені талданып көрсетілген. Қазақ баласын тәрбиелеуде дыбысты-ырғақтардың басты орынға шығуы- қазақтар өмірінің кез келген жағдайында өлең шығарып, ән айтуы себеп болған. Х.Досмүхамедұлының осы орайдағы ой-пікірі де,бізге демеу бола алады.
Н.Құлжанова(1887-1934). мектепке дейінгі тәрбиенің басты бағыттарын анықтап, .қоршаған ортаның ықпал-әсерінен туындайтын психологиялық өзгерістерді де кеңінен талқылаған ғалым.Сәбилердің кісілікке жету жолында кездесетін кедергілерді,сол дәуірдегі қазақ өмірімен ұштастыра отырып айқындап,оларды болдырмау жолын көрсеткен ақыл-кеңестерді сиғызған ,ата-ана,тәрбиешілерге арналған отбасылық оқулық жазып қалдырған,тамаша талант иесі,ұстаз ана.Мәселен, “Ойын – оның шын тіршілігі… Төңіректегі нәрседен өзіне қызықтысы ғана көзіне түсіп, ықылас тартады. Және бір мінезі-сөйлеуге жалықпайды. Тынымсыз қимылының бәрі сөзімен жалғасып жүреді. Көрген нәрсесіне ықыласы жеңіл, тұрақсыз… Көрген нәрсесін айтқанда ұмытқан жерлерін ойдан толықтырады”… дей келіп үш пен жеті жастың арасындағы балдырғандар бойында кездесетін физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді сөз етеді.Ол ересектер мен сәби, бөбектер арасындағы қарым-қатынас мәселесіне де ерекше көңіл бөледі: “Балаға сусындай керегінің бірі – сөйлеу. Түрлі білімнің түбірі, негізі – баланың сөйлеуі, білуге құмарлығы. Сұрағына жауап бермей “мазамды алма” деп, үнемі баланың бетін қайтару арқылы білуге құмарлығының негізін жоғалтып жіберуге болады”, – дей келе, автор бала ойынының айналаны тани-білу құмарлығымен ұштасып жататындығын ескертеді. Н.Құлжанова баланы жас кезінде көбінде табиғат аясында бағып-қағудың тиімділігін айтады. Ол осы пікірін әрмен қарай жалғастыра келіп: “Әрбір құлықты, жақсы адам мінезінің түпкі негізінде болатын еңбек ету, көңіл және дене тазалығының машықтары бала әдетіне кіріп, сіңіп қалады, төңіректегінің бәріне еліктегіш, талшыбықтай икемді, нәзік келеді”,-деп автор ойын баласының мектеп жасына дейінгі бүкіл тыныс-тіршілігі оның мектепте алар тәлімінің әзірлік сатысы болып табылатындықтан осы кезеңдегі тәлім-тәрбиеге ерекше мұқият қараудың маңыздылығына тоқталады.Осы құралыпты сәбилерді тәрбиелеу,балатану ой-пікірі сөз жоқ біз үшін тұғырылы тірек бола алады.Міне осы қатарлы,қазақтың ұлық ұстаздарының педагогикалық ой-пікірлері,сондай ақ, биохевризмдік,педагогиялық тұжырымдар, К.Дьюбайстің модальды тұлғасы,тұлғаның интеракционды теориясы ( У.Майшел),Э.Эриксон тұжырымдамасы т.б. ілімдер мен ғылымдар бізге жат болмауы керек.Сонда, немене, материалистік педагогика шет қалғаны ма?Жоқ.Оның да,тәрбиелеуге,қатысты тамсандырған тамаша теориялары бар.Мысалы,жас өспірімдер мен жас жеткіншектердің даму ерекшеліктері мен психологиялық өзгешеліктері туралы ілімдері мен білмдері,көшпелі тұрмыстан толық болмаса да,жедел отырықшылыққа айналған қазақ қоғамы үшін берері де.айтары да көп.
Текті жан кім екені анық болды.Бұл Жұмыр жерде,тексіз жан тағы бар ма?Болғанда қандай.Олардың өмірге келуі ататектен берілетін сыбағаның салмағы төмен болуынан және ұрықтың таза болмауынан болып отыр.Ұрық тазалығын сақтауда қазаққа жетер бір де бір ұлт жоқ.Бұл нақтылы сынақтан өтіп,зерттелген тұжырым(Оңтүстік Кореяда.Сондығы шығар қазақ тектілігінң тәжірибесін зерттеушілер соңғы кезде көбейіп барады).Ал,өзіміз үшін осы тәжірибені игеру және тексіз жанды мына алмағайып заманда әкелмеуді мұрат тұтып,тексіз жанның тууына тосқауыл қою қажеттілігі туғандықтан текті тұлға тәрбиелеу теориясын көтеріп отырмыз.. Адам ұғылығы жан мен тән дедік. Жұмыр басты пенденің Алланың берген ғұмырын бұл жалған дүниеде белгілі мерзімде кісілік тірлік жасап,тектілік танытып, бақытқа кенеліп, асқақ көңілмен,ажарлы бейнемен рухани нұрға бөленіп,шалқып өткізуге міндетті.Алла оны итшілеп өмір кешіп,тексіздің тұңғиғына батып,өлімсіреп мүсәпірлікпен ғұмыр кешсін деп жаратқан жоқ.Ол ұшін қажетті барлық мүмкіндікті,жағдаятты нәсіп етті. Тән мен жанды бағу үшін амал-айла керек,білім мен білік, ақыл-парасат қажет.Ең әуелде тән мен жанға азық керек.Кісіге аштықтан өлмеу үшін нәрлі ас-тағам керек,адамшылықтан азып кетпеу үшін нұрлы ақыл керек.Текті тұлғаның тән азығы-ас-тағам,жан азығы-рух.
Ас-тағамнан таршылық көрсек арықтап жүдейміз,күш-қуатымыз кемиді.Сол сияқты ақыл-парасат,рух-қуаттан таршылық көргендер арсызданып азады.Тіптен төрт аяқты хайуаннан сорақы,оның құлқыны зораяды,нәпсісі қозады.Рухани ашаршылыққа ұшырағандардың жан сарайы ұзаққа құр тұра алмайды.Қасиетті орын бос болмайды дегендейін рухсыз жанды міндетті түрде жын иеленеді. Жын адамның ақыл-ойын күш қуатын жамандық жасауға пайдаланады.Яғни шайтандыққа ұрындырады.Адамның бүгінгі күнгі қабылдаған тамағы ертеңгіге ас болмайды.Тәні сақталып тұру үшін адам өмір бойы күн сайын тамақтанып отыруы керек.Бірақ,осыдан болып тән-дене мәңгі сақталмайды.Ол қартаяды, тозады,ақыр сңында өледі,табыт болып топыраққа айналады.Ал,жанның жөні бір басқа.Егер текті тұлға-Кісі Жаратушы да,Жасаушы Құдыреті күшті Құдайдың Киелі Рухынан өмір бойы үздіксіз нәр алып отырса,оның жаны жақсылықтың құрымас қайнар көзіне айналады да үнемі жасарып,жаңарып отырады.Өкінішке орай,жындар әлемі адам жанын жамандықпен құрсаулап ұстап тұрады.Міне осы құрсаудан қалай құтыламыз?
Текті жан денесі болдырып босап кетпей,үнемі тың тұру үшін,оған ДЕНЕ тәрбиесі қажет.Жын соғып Ақиқаттан адасып кетпеу үшін ЖАНҒА рухани тәрбие қажет.Анығырақ айтқанда,тән мен жанға өздіріне Алладан лайықталған азығын беру қажет.Күні бүгінге дейін тәнге лайықты тәрбиені шамамызша,жан-жақты беріп,үйретіп ұқтырумен келеміз. Бұл іс-әрект- ғасырға таяу уақытта материалистік педагогика мен психологияға оның алтын заңдарына негізделіп жүргізілгендіктен тәрбиеде жасандылық пен сыңаржақтыққа тап болып, «ғылыми педагогикамыздың» беделін түсіріп алдық.Ал,жан азығы болған рухани тәрбиеде мәдениетіміз бен тіліміздің,діліміздің әлеуетін қаншама пайдалануға талпынсақ та,ұлттық құндылықтарды толығымен кешенді пайдалан- бағандықтан шамасы жетпей қалды.Ұлттық құндылықтар мен мәдениетімізге шекшие қарап,менсімбейтін мінез тауып алдық.Олардың тәрбиелік әлеуетіне шек келтіретінді шығардық.Рухани тәрбиенің алтын өзегі болған, жалпақ жұрттық сипат алған имандылықты дінге қатысты деп танып тәрбиелеу әлемінен шығарып тастадық.Текті жанға ататектен қан арқылы және жан арқылы берілген талант-дарын,сырлы сезім,мінез-құлық, тәрізді тектілік нышанына сенбедік.Ол туралы қазақ халқында қалыптасқан, тұжырымдар мен түйіндерді мойындамадық.Шынтуайтқа келгенде,Қазақстанда,бүгінгі таңда,жас ұрпақты тәрбиелеу және білім бері жүйесі де,оның ұстам бағыты да,ғылыми негізі де тығырыққа тіреліп,күйзеліске тап болды.Міне,осы жағдайға шөкімдей болса да себі тиеме деп «Т.Т.Т.Т» атты ұсынысты алдарыңызға тартқан едім.
Текті тұлға-қазақ ұғымында КІСІ делінеді.Текті жанның кісі болу жолы,қалыптасу сатылары мен кезеңдері Тәрбиелеу қазақ ілімінде жан-жақты қарастырылған. Қазақ ұғымында,олардың түп тұқиянынан бері жалғасқан хас дәстүрі-КІСІЛІК және КҮРЕСКЕРЛІК. Кісі деп белгілі бет бейнесі бар,күш қуаты,ақыл ойы толысқан,қазақша ойлап-сөйлеп, қуанып-мұңая алатын,сүйіп-жирене білетін,көңілі асқақ,көкірегі ояу,көзі ашық –ұлт өкілі.Дәлірек айтқанда қазақтың ұлт өкілін дайындап,беретін арнаулы тетікте өңделген –адам.Ол-кісілігі зор екен немесе кісілігі жоқ екен деп бағаланады.Халық: адам болар баланың,кісіменен ісі бар,адам болмас баланың,кісіменен несі бар,-дегендегісі-осы кісі.Кісілік- өмір тәжірибесінің нәтижесінде қалыптасқан жеке адамның адамгершілік іс- әректі мен мінез-құлқының жақсылық көрінісі.Мұрат етіп,кісілік дәрежесіне жеткен адамды армандау барлық халықта бар үрдіс.Нағыз адам(орыс),кемел адам(қытай), үлгі кісі(үнді),тәңірлік жан(монғол),тақуа адам(мұсылмандар) т.б. Кісілік- адамдарға деген ізгі ниет,құрмет,жанашырлық пен сенім,кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық.Қадыр Мырза Әлі атамыз: «Кісілік кісі таңдамайды.Ол қой бағып жүрген қатардағы қазақтан бастап, ел басқарып жүрген елеулі азаматтарға шейін, бір де біреуін жатырқамайды. Бірақ ол екінің біріне бұйырмайтын, адамның адамына ғана, соның жүрегіне ұя салатын қымбат қасиет.Ж.Баласағұн бабамыз: «Десең өзің қадір-құрмет табайын,Кісілерді қадырлей біл ағайын.Білгің келсе кісі әсілін анықтап, Көңіл,қылық,тіл-бұл істі танытпақ.Кісілікке кісілік еткен-ер кісі.Ақылды-есті- кісілердің кісісі,Білімділер-кісілердің кішісі.»Билер антындағы :«Кiсiлiкке қайшы iске қарап тұрмау; Кiсiлiкке қайшы сөзге бас шұлғымау;Кiсiлiкке қайшы былыққа батпау; Кiсiлiк қасиеттi ақтау, құдiреттi баптау» Қазақ дүниетанымындағы «кісі» сөзінен «кісілік» ұғымы туындайды. «Кісілік» деген адамның намысы, өзіне-өзі жасайтын құрметі, өзін-өзі сыйлауының белгілі бір деңгейі, кісіліксіз адам – тағдыр тәлкегіне түскен – мүсәпір. Кісіліктен бір арылып қалған сананың ендігі жерде өз - өзіне келіп, толысуы екі талай іс. Адамдар басқаның көңілін табамын деп жүріп «кісіліктен» айырылып қалуға болмайды, өйткені, «кісілік» адамның өзегі, оны жетілген адам дәрежесіне көтере алады Кісі-кісілік қасиетімен анықталады.Кісілік қасиетті Ұлы Даланың Ұлық ұстаздарының қай-қайсысы да саралап көрсеткен.Соның ішінде Ж.Баласағұнның орны ерекше.Айталық,Ұлы Ұстаз:Кісілік – адамгершіліктің негізгі тұтқасы, адамилықтың биік шыңында тұратын құнды қасиет.Адамды адам етіп құрметтеудің, бағалаудың белгісі ретіндегі сапалық көрсеткіші,-деп көріп,кісілікке тән сипаттарды былай бөліп көрсетеді: «тіл – адал сөйлеп, шындығын айту; әділет - әділдікті сақтау, ар-намысты қорғау; жомарттық – қайырымды, кеңпейілді, ақжүрек және қол кең болу; қайсарлық – елін-жерін қорғау, жаудан сақтану.» Ж.Баласағұни адамның бойындағы кісілік қасиетін жоғары қоя отырып, кісі ділі, тіні, негізі – кісілігімен ғана Адам деген құрметке ие екендігін ашып көрсетеді: «Кісі екенсің, тінің сенің – кісілік, Кісілерге адамдық ет кешіріп... Кісілікпен танытасың затыңды, Кісілікпен шығарасың атыңды. Кісілерді кісі еткен кісілік, Кісілікпен аты шығар кісінің... Кісі ізгісі – қайрымды кең кісі, Ел сарасы, кісіліктің белгісі... Әділдік –құт. Құт құрығы- кішілік. Әділдіктің заты – тұнған кісілік. Елдіктің өзегі – білік, кілті – тіл, қадір-қасиеті – кісілік.Ғұламаның «кісіліктің» мәнін ашып көрсету бойынша айтқан даналық тағылымдары тым терең,әрі құнды.Текті жанды –Кісілікке жеткізу үшін - кісіліктің әліппесі ретінде Ж.Баласағұни ілімі бағалануы тиіс. Адам баласының адамгершілік қарым- қатынасындағы атаға, руға, ұлтқа бөліп, адамдық асыл сезімдерге жол бермей, күндестік, бақталастық, дүние таластықты тудыруға, әдепті бұзып, адамгершілікке қиянат көрсетіп, қылмыс жасау текті сыйламаудан, адамдық қасиеттерді қастерлемеуден туындайды Ж.Баласағұни тектілікті тұқым қуалаушылық шеңберінен шығарып, адамгершілік асыл қасиет деңгейіне көтереді. Ол тектіліктің тұқым қуалау арқылы да адамның бойына тарайтынын жоққа шығармайды. Оны мына ой-пікірлері дәлелдейді: Елік ойын мәтелдеді, балады: «Текті ердің текті ұрпағы қалады!»... Тегі жақсы болса, жақсы адам да Жақсыларды құрмет тұтар әмәнда. Ғұламаның данышпандығы тектілікті тәрбие арқылы қалыптастыруға болатын тұлғалық сапа ретінде анықтауы болып табылады. Оның негізгі мәні – «әкеңді сыйласаң, атаңды құрметтей білесің, бабаңды қастерлеп, бабаның өнегесін орындайсың да, еліңе елеулі, халқыңа қалаулы, бүкіл адам баласына лайықты әрекеті мен әдептілігі бар жан екендігіңді танытасың» деген ой-түйін: Текті атаның баласы туыс іздейді, Тексіз атаның баласы ұрыс іздейді. Асыл болса кімнің ата-тегі егер, Одан елге пайда тиер, сене бер!. Тәрбиенің жетекші роліне сүйене отырып, тек - адамдық қасиет, өйткені әрбір тұлғаның тегі – Адам, сондықтан оны тұлғаның бойында қалыптастыруға болады деген тұжырым жасайды: «Бектер сөзі тілді буып алмасын,Текті сөздің тек әділін арнасын... Ізгі іс істесең – текті тірлік сүргенің, Жауыздығың - көрге тірі кіргенің.»Осымен алғашқы ойды түйіндесеқ: текті жан-Тәңірдің тартқан сыйы,Кісі тәрбиенің жемісі болмақ.
Қобдабай Қабдыразақұлы(ғалым-жазушы) 27 қыркүйек 2017