Туризм Қазақстан экономикасындағы маңызды сала болып табылады, Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризмнің әлемдік экономикада жағдайы төмендеп келе жатыр. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат көзі азайлады, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс істейді. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ыкпалы бар (турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т.б.). Бұл дегеніміз - әлемдік өндірісте әр 9 адамның жұмыс орны деуге болады.
Туризм индустриясының мемлекеттік бюджетке түсіретін валюталық түсімі, орта және шағын бизнеске көмегі, тауар мен қызмет көрсету нарығы арқылы аймақтардың экономикасының дамуына ықпалы өте зор. Сонымен қатар, туризмнің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамуы келесі көрсеткіштермен сипатталады. Ішкі және халықаралық туризмнің жалпы шығыны әлемдік ұлттық ішкі өнімнің 12%-ін құрайды, жыл сайын 1,5 млрд. Ішкі және халықаралық саяхаттау тіркелді.
Халықаралық туризмнің үлесіне жыл сайын әлемдік экспорттың 7% және қызмет көрсетудің 25-30% келеді. Халықаралық туризмнің жылдық өсуі 4,0%, ал болашақта бұл көрсеткіш көтерілмек. Туризм саласының дамуына ықпал ететін факторлар:
- орта және шағын бизнестің дамуы;
- қызмет көрсету секторының өсуі;
- елдің әлемдік қауымдастыққа белгілі болуы және бет-бейнесінің қалыптасуы;
- Қазақстанда да туристік рекреациялық ресурстың болуы;
- туризмге тура немесе жанама салалардың және кәсіпорындардың дамуы;
- сыртқа шығу туризмнің елге шетелдік валютаны тартуы;
- аз мөлшерде шығын шығарып табыс табу;
- алғашқы өндіріс факторын қамтамасыз етудегі шығынның болмауы;
- халықты жұмыс орнымен қамтамасыз ету .
Қазақстанда 400-ден астам туристік фирмалар қызмет етеді, 80 елдің туристік фирмаларымен келісім жасаған. Туризмнің дамыған аймақтары -Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы және Астана қалалары. Осы облыстардың және қалалардың туристік фирмалары қызмет көрсетудің 88%-ін құрайды. Қазақстаннан туристердің мейлінше көп баратын елдері: Ресей, Қытай, Германия, Корея, Польша, Турция, БАЭ. Ал біздің елге келетін туристердің елдері: Ресей, Қытай, Германия, Пакистан, Польша және Турция. Туристерді тасымалдауда авиакомпаниялардың ролі зор. Көптеген туристер шетелдік авиакомпанияларға қызығушылығы артық болып тұр, ал ұлттық компаниялардың ролі төмен. «Эйр-Казахстан»-ның акциясы мемлекеттік меншікке өтуі болашақта ұлттық авиатасымалдаудың маңызы артады деген үміт бар.
Ал автомобиль транспортының ролі шекаралық тасымалдау мен саяхат жасау маршруттарында қолданады. Оның дамуы көлік құралдарына және жолдарының қызмет ету сапасына байланысты. Қазіргі кезде «Сайран» автовокзалы үлкен қызмет көрсетуде. Жалпы автобус парктері өте төмен деңгейде, қазіргі сұранысқа сай автокөліктер өте аз.
Теміржол көлігі «Қазақстан Теміржолы» 14 бағытта жұмыс істейді. Олардың қызмет көрсету сапасы халықаралық стандартқа сәйкес келмейді. Алматы-Астана маршруты ғана стандартқа сай, ал оңтүстік маршруттары ешқандай сын көтермейді.Ал орналастыру құралдарына келсек, көпшілігінің кабылдау мүмкіншілігі төмен, номерлердің бағасы жоғары, сондықтанда жабылып жатыр.
Қазақстан туризмнің дамуына түрткі болған Президенттің бұл салаға басымды сала ретінде көңіл бөлуі. Үкімет тарапынан Қазақстан туризмінің және елдің бет-бейнесін жасауға ( 2006-2015) байланысты шаралар болды. 2015 жылы туристік бизнестегі ерекше жыл болды, туризмге 26млн. теңге бөлінді. Қазақстан экономикасы 2-3 жүлдызды орта, шағын мейманхана салуға мүмкіндігі бар.
Туризмді дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық фактордың ықпалы жоғары. Олардың ішінде маңыздысы: мемлекеттің әлеуметтік саясаты, жұмыстан бос уақыт, урбанизацияның өсуі, білім және мәдениеттің, орташа өмір сүрудің деңгейі, жылдық демалыс күндері мөлшері, халықтың өмір сүруінің деңгейі, табысы, туристік белсенділік жатады. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі қазіргі кезде туризмнің жаппай дамуын тежеп отыр. Қазақстандағы туризмнің даму бағыты шоп-туризмді ұйымдастырумен байланысты, яғни материалдық қажеттіліктен туындап отыр. Қазіргі кезде ТМД елдерінде туристерді тарту үлкен бәсекеге ие болып отыр. Көрші елдер Ресей, Өзбекстан, Қырғызыстан, Монголия туризмді дамытуға барлық күшін салуда, және қазір Қазақстанды басып алуда [1].
Туризмнің дамуын тежейтін факторлар төмендегідей:
Ағымдағы сәтте республикада туристiк саланы дамытудың көптеген шешiлмеген проблемалары бар. Саланың қалыптасуына кедергі келтiретiн бiрқатар объективтi факторлар орын алып отыр. Бұл, ең алдымен, туристiк индустрияның өзiндегi де, онымен сабақтас саладағы да әлсiз менеджмент, сондай-ақ туристiк инфрақұрылымдағы қолда бар объектiлердiң негiзгi қорларының тозуы.
Елдiң ұлттық, iшкi және экономикалық қауiпсiздiгiне туризмнiң ықпалы, сондай-ақ шетелдiк туристердiң Қазақстанда болуы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы мәселе күнi бүгiнге дейiн қаралған емес.Статистика жөнiндегi мемлекеттiк органдар туризмдi дербес сала ретiнде жеке қарастырған жоқ. Алайда, туристiк көрсеткiштердi есепке алуды жетiлдiру жөнiндегi жұмыс Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымның ұсынымдарына сәйкес жүргiзiлдi. Осы мақсаттарда статистикалық есеп беру нысандары жыл сайын қайта қаралды және қазiргi уақытта тексерудiң жаңа бланкiлерi енгiзiлуде. Туризм салааралық қызметтiң үлгiсiн бiлдiредi, мұның өзi көмекшi шоттар енгiзудi талап етедi.
Туристiк саланы дамытудың аса маңызды мәселелерiнiң бiрi қаржыландыру проблемасы болып табылады, оны шешу үшiн: мемлекеттiк және жеке менеджменттiң тиiстi деңгейiн қалыптастыруды қамтамасыз ету; билiктiң орталық және аймақтық деңгейлерiнiң iс-қимылын дәл үйлестiрудi қамтамасыз ету; жеке бастамалардың дамуына жәрдемдесу; қазақстандық туристiк өнiмдi сыртқы және iшкi рыноктарға жылжытудың тиiмдi жүйесiн әзiрлеу; инвестициялау мен салық салу мәселелерi бойынша қажеттi нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдау; шет ел туристерiнiң Қазақстанға келу рәсiмдерiн оңайлату; саланың ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру қажет. Қазақстанда туризмдi дамытудың маңызды қыры - әлеуметтiк туризмдi, соның iшiнде қазақстандықтардың дем алуға құқықтарын iске асырудың негiзi және әлеуметтiк қызметтер рыногын дамытудың басты факторларының бiрi болып табылатын балалар туризмiн дамыту болып табылады.
Туристiк рынок статистикасына талдау көрсеткенiндей, 2012-2014 жылдар кезеңiнде туризмнiң барлық негiзгi көрсеткiштерiнiң 3 еседен астам төмендегенi байқалды. 2012-2015 жылдар кезеңiнде шет елдiң азаматтары мен Қазақстан Республикасының резиденттерi қатарынан туристердiң шекара арқылы орнын ауыстыруы жөнiндегi терiс сальдо қалыптасты, яғни, келушiлерге қарағанда кетушiлер көп болды. Шығу туризмiнiң үлесi - 45,8 пайызды, iшкi туризм - 37,9 пайызды, келу туризмi - 16,3 пайызды құрады. 2006 жылы туристiк ұйымдар қызмет көрсеткен туристердiң жалпы саны 146915 адамды құрады, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 36 пайызға кем.
ҚР-дағы туристік қызметтін мемлекеттік реттеу экономика салаларының бiрi ретiнде туристiк қызметтiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасында туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
1) туристiк қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
2) туристiк қызметтiң басым бағыттарын айқындау және қолдау;
3) Қазақстан Республикасы туралы туризм үшiн қолайлы ел деген түсiнiктi қалыптастыру;
4) Қазақстан Республикасының туристерi мен туристiк ұйымдарының және олардың бiрлестiктерiнiң қауiпсiздiгiн, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мүдделерi мен мүлкiн қорғау.
- Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаттары:
1) азаматтардың туристiк қызмет саласында демалу, еркiн жүрiп-тұру құқықтарын қамтамасыз ету;
2) қоршаған ортаны қорғау;
3) туристерге тәрбие, бiлiм беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшiн жағдайлар жасау;
4) саяхат жасау кезiнде азаматтардың қажеттерiн қамтамасыз ететiн туристiк индустрияны дамыту;
5) туристік индустрияны дамыту есебiнен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттiң және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайту;
6) халықаралық туристiк байланыстарды дамыту болып табылады.
Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң басым бағыттары:
1) туризмдi Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельдi саласы ретiнде қалыптастыру;
2) туристiк ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүдделерiн ескеру, табиғи және мәдени мұраларын қорғау;
3) балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың, мүгедектер мен халықтың күнкөрiсi төмен топтарының арасында туристiк және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгiзу;
4) туристiк индустрияны инвестициялау үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
5) Қазақстан Республикасының аумағында келу туризмiмен және iшкi туризммен айналысатын туристiк ұйымдарды қолдау және дамыту;
6) iшкi және халықаралық туризм қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн туристiк қызметтiң тиiмдi жүйесiн құру болып табылады.
Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеу:
1) туризм индустриясын, туризмге инвестицияларды дамыту жөнiндегi саясатты айқындау;
2) туристiк қызмет саласындағы қатынастарды жетiлдiруге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туристiк қызметтi лицензиялау туристiк индустрияның қызмет көрсетулерiн стандарттау және сертификаттау;
4) бюджеттiк заңдарға сәйкес туризмдi дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға бюджет қаржыларын бөлу;
5) туристiк қызметтi кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
6) отандық туристердiң, туроператорлар мен турагенттердiң және олардың бiрлестiктерiнiң халықаралық туристiк бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесу;
7) iшкi және дүниежүзiлiк туристiк рыноктарда туристiк өнiмдi ұсынуға жәрдемдесу;
8) елдiң туристiк ресурстарын ұтымды және тиiмдi пайдалануды, есепке алу мен қорғауды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда туризмнің барлық түрінен көрсеткіштердің тұрақты өсу үрдісінің сақталғаны байқалады. Айталық, 2015 жылдың есептік кезеңінде сырттан келушілер туризмі 11,1%-ға төмендеді және келушілердің жалпы санынан 4721,5 мың адамды құрады (33,2%). 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сыртқа шығушы туристер саны 15,4-ға өсті және жалпы келушілер ағынынан 5242,6 мың адамды немесе 36,9%-ды құрады, сонымен қатар ішкі туризм бойынша туристер саны 8,2%-ға өсті және 4254,1 мың (29,9%) адамды құрады.
Көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 66 млрд. теңгені құрады, сатылған жолдамалар құны 13890,7 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда аталған көрсеткіштің 22,6%-ға өскенін дәлелдейді (2014 жылы бұл көрсеткіш 53,9 млрд теңгені құрады). 2015 жылдың есептік кезеңде 1163 туристік фирма және туристік қызметпен айналысатын 64 жеке кәсіпкер 4721,5 мың келушілерге қызмет көрсеткен, бұл 2014 жылдың деңгейінде -11,1%-ды құрады.
Туристік индустрия субьектілерінің туристік қызметінен түскен жалпы табыс 2016 жылы 74232,8 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда аталған көрсеткіштің 17,8%-ға өскенін дәлелдейді (2014 жылы бұл көрсеткіш 63022,9 млн. теңгені құрады) және бюджетке аударылған салық сомасы 9350,9 млн. теңгені құрады, бұл ұқсас кезеңмен салыстырғанда 3%-ға артық (2014жылы бұл көрсеткіш 9073,5 млн. теңгені құрады).
Республикада қызмет ететін 528 орналастыру кәсіпорны 46956,1 млн. теңгеге қызмет көрсеткен. Есептік кезеңнің қорытындысы бойынша орналастыру объектілерінде 29504 нөмір бар және олардың бір мезгілдегі сыйымдылығы 64377 жатын орынды құрайды, бұл 2014 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда аталған көрсеткіштің 10,3% ға өскенін көрсетеді (2014 жылы бұл көрсеткіш 58367 жатын орынды құрады ).
2015 жылы туризм саласына салынған инвестициялар көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 95,6%-ға өсіп, 129,3 млрд теңгені құрады (2014 жылы бұл көрсеткіш 66 млрд. теңгені құрады ).
Бүгінде туризм – бұл шаруашылық, өндірістік, әлеуметтік әрекеттердің қиын, көпбұрышты құрылысы. Ол еліміздің табиғи-рекреациялық потенциалына арқа сүйейді, сонымен қатар демалу мен көңіл көтеруде резиденттердің немесе резидент еместердің сұранысын қанағаттандырады [2].
Туризм – әзірге анықталмаған дәрежесі жоқ, елдің экономикасының салалық құрылымында өз орнын таппаған құрылым. Туризмді дамыту сараптамасында туристік айналым ең маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Бұл көрсеткіш Қазақстан аймақтарының туристік аймақтарында туристік айналымның тиімді, тиімді еместілігін анықтайды. Салыстырмалы түрде Алматы қаласы (Туристік айналым 2:1 Тең) және Атырау облысын (келген туристер саны, кеткен туристер санынан 20 есе көп) атауға болады.
Осы жерге халықаралық туристтік байланыстар тиімділігі көрініс береді. Біздің туристер ат басын тіреген елдердің ең негізгілері Ресей, Қытай,Түркия, Германия, Араб Әмірлігі, Литва болып тұр. Дәл осы сияқты Қазақстанға тұтынушылық танытып келушілер қатары да ұлғаюда.
2015 жылы Қазақстан Республикасына келесі мемлекеттерден туристер жиі келген:
- Германия – 4251 адам, оның ішінде іскерлік мақсатта – 61,4%;
- Қытай – 3749 адам, оның ішінде іскерлік мақсатта – 55,2%;
- Ресей – 3647 адам, оның ішінде іскерлік мақсатта – 60,9%;
- Түркия – 22696 адам, оның ішінде іскерлік мақсатта – 71,4%,
- АҚШ – 2205 адам, оның ішінде іскерлік мақсатта – 85,2%;
- Италия – 2039 адам, оның ішінде іскерлік мақсатта – 90,5%,
- Ұлыбритания – 1889 адам, оның ішінде іскерлік мақсатта – 77,4%;
- Корея – 1570 адам, оның ішінде іскерлік мақсатта – 77,3%;
- Польша – 1565 адам, оның ішінде іскерлік мақсатта – 94,7%;
- Франция – 1258 адам, оның ішінде іскерлік мақсатта – 90%.
Қазақстан республикасына келген туристердің саны 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 61%-ға төмендегенін, 2012 жылмен салыстырғанда 13,3% өскен. 2015 жылы келген келушілердің 20,4%-ы жұмыстан бос уақыт пен рекреация, демалыс мақсатында, 3,3%-ы таныстар мен туысқандарына бару, 72,5% іскерлік пен кәсіби, 1,2%-ы емделу, 2,4% коммерциялық, 0,01% ғана өзге мақсатта келген туристер.
Қазақстанның Туристік Ассоциациясы және Халықаралық ІРК компаниясы әлемдегі туризм индустриясының белсенділері: Германия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Жапония және Франция елдерінің тұрғындары арасында олардың Қазақстан туризмі туралы ойын білу мақсатында сауалнама жүргізген болатын. Сауалнама нәтижесінде қызығушылық танытқандығы анықталды. Бұл мемлекеттердің сауалнамаға қатысқан респонденттерінің 10% ғана елімізде демалыстарын өткізуге, 75% жабайы табиғатты, 68% шексіз құмды даланы, 59% тауға өрлеуді көздесе, 63% көшпенділер тарихына қызығушылықты көрсетті. Қазақстан Республикасының ішке келу және шығу туризмінің жағдайы алуан түрлі.
Қазақстан Республикасынан шығатын резидент туристердің баратын елдері:
- Түркия – 101528 , демалыс мақсатында – 81,7%, шоп-турлар – 14%
- Қытай – 39805, шоп-турлар – 78,3%, демалыс – 17,1%;
- БАӘ - 24746, демалыс – 86,3%, іскерлік мақсатта -6,8%, турлар – 6,1%;
- Египет – 14629, демалыс – 98,2%;
- Тайланд – 13131, демалыс – 92,3%;
- Германия – 10948, таныстар бару – 51,4%, іскерлік – 29,4% ;
- Ресей – 9929, іскерлік – 38,6%, демалыс – 29%, емделу – 16,5%;
- Қырғызстан – 8352, демалыс – 98,1%;
- Чехия – 8209, демалыс – 81,6%, емделу – 14,2%;
- Италия – 3602, демалыс – 55%, іскерлік – 31,1%;
- Литва – 2416, шоп-турлар – 70,1%, іскерлік – 24,5%;
- Греция – 2055, демалыс – 93,6%;
- Болгария – 1888, демалыс – 93%;
- Ұлыбритания – 1805, демалыс – 52,5%, іскерлік – 44%;
- Испания – 1583, демалыс – 91%, іскерлік – 7,5%.
2014 жылы емделу мақсатында шыққан туристердің саны 2013 жылмен салыстырғанда 761,7%-ға өсіп, 2015 жылы 2014 жылға қарағанда - 4 %-ға қайта төмендегенің көре аламыз. Коммерциялық, дін қажылық, рекреация мен демалыс мақсатында шетелге шығатын туристердің категориясы жылдан жылға өсіп келеді. Мысалы, 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда коммерциялық мақсатта келген туристердің саны 140%-ға өскен. Коммерциялық мақсатта келген туристердің саны 2011-2015 жылдар аралығында шамамен 2,4 есеге өскен. Талдауға алынған жылдар ішінде шығу туризм бойынша сапар шеккендердің санының жоғарлауына әсер еткен факторлардың ішінде жан басына шаққандағы орташа жалақы мөлшерінің және банктік несиелерге қол жеткізудің жылдамдығы әсерін тигізді деген қорытынды жасауға болады .
Ішкі туризмнің көрсеткіштері 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 9,5%ға төмендегенін көре аламыз (1- кесте).
1- кесте
Ішкі туризмінің басты мәліметтері
|
2010ж |
2011ж |
2012ж |
2013ж |
2014ж |
2015ж |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Барлығы, адам |
84536 |
137666 |
184379 |
209143 |
193122 |
174940 |
Яғни, біздің отандастырымыз өз елімізде емес, шетелге шығып демалуды қалайды. Ішкі туризм қызметі бойынша саяхат жасағандардың саны 2015 жылы 174940 адамды құрады.Бұл мәліметтерден отандастырымыз ел ішімізде жұмыстан бос уақыт, рекреация мен демалыс мақсатында ең көп дем алатынын көре аламыз
1 кестенің жалғасы
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
жұмыстан бос уақыт, рекреация және демалыс |
40320 |
71545 |
107470 |
143132 |
161944 |
149295 |
|
таныстар мен туысқандарға бару |
6934 |
7240 |
8686 |
10784 |
4143 |
1016 |
|
іскерлік және кәсіби мақсаттар |
31456 |
52345 |
60999 |
48552 |
19199 |
12272 |
|
Емделу |
5670 |
6338 |
7116 |
6218 |
7585 |
7191 |
|
дін-қажылық |
16 |
28 |
30 |
30 |
38 |
25 |
|
коммерциялық (шоп-турлар) |
50 |
52 |
60 |
200 |
213 |
140 |
|
өзге мақсаттар |
90 |
118 |
18 |
227 |
- |
1 |
|
Е с к е р т у – автормен[3]қайнар көзінен құрастырылған |
|||||||
Мысалы, 2015 жылы жалпы саяхаттаушылардың 85,34% осы мақсаттарда саяхаттаған болатын. Ең төменгі көрсеткіш дін қажылық мақсатындағы туризм, 2015 жылы бұл жалпы демалушылардың 0,01 пайызын құрады. Ол дегеніміз еліміздің қасиетті жерлеріміздің маңында инфрақұрылымның әлі де болмаса дамымағандығын көрсетеді.
Статистика жөніндегі агенттіктің 2012 жылғы мәліметтеріне қарағанда, елімізге туризм саласынан 30 миллиардтан астам теңге көлемінде табыс түсті, ал республика бюджетіне туризм қызметінен түскен табыс 6,5 млрд. теңгені құраған. Ал, 2012 жылдың 6 айында өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда сыртқы туризм екі есеге өссе, ішкі туризм 2,8 % - ға артты. Егер туризм индустриясы қарқынды дамыса, онда туризм инфрақұрылымы да дамып, ұлттық туризм өнімдеріне қызығушылық артады. Қазір елімізге орташа есеппен алғанда жыл сайын 4 миллион турист келеді екен. Мұның өзі үлкен көрсеткіш.
Туризм саласының қалыпты дамуы, бұл салаға тартылатын инвестициялық қаражат мөлшерінің көлеміне тікелей байланысты. Елде әр түрлі туристік қызмет көрсетулерде қазақстандық және шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға кең мүмкіндікті қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешеннің жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасалуда, ұлттық туристік өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттар әзірленіп, қабылданды. Қазақстан Республикасында туризмнің материалдық-техникалық базасын дамытуға инвестициялар тарту үшін жағдайлар айқындалды. Туризмге инвестициялық қаражат тарту, аталмыш саланың инфрақұрылымын жаңартуға және жаңа құрылыс объектілерін салуға жұмсалады. 2011-2015 жылдар ішінде туризм саласында негізгі капиталға жұмсалған инвестиция қарқынды дамыды.
Сонымен қатар Дүние жүзлік Туристік Ұйымның халықаралық туризмге берген статистикасына зейін салсақ, 2020 жылға қарай туризнен түсетін пайда 2 триллион АҚШ долларын құрайды және әлемдік туристердің саны 3 есеге артып, оның жалпы саны 1 миллиард алты жүз миллион адамды құрамақшы. Сондықтан да БТҰ-ның 21-ғасырда "Қызмет көрсету ғасыры" деп бекітуі тегін емес. Туризмнен түскен табыс мұнай,мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді.
Туристік нарықтың барлық ұйымдарының 98,3 %-ін шағын кәсіпорындар (жұмыс істейтіндердің саны 50 адамға дейін) білдіреді. 250 адамнан аспайтын персоналы бар орташа кәсіпорындар 1,3%-ті, ал ірілер 0,4%-ті құрайды. Талдауға қарағанда, туристік ұйымдардың көпшілігін шағын және орта кәсіпорындар құрайды, олар әлем елдерінің көбінде инновацияларға негізделген экономикалық өсімнің тиімді генераторы болып табылады. Қазақстанның туристік ұйымдары әлемнің жетпіс елімен ынтымақтаса жұмыс істейді.
Туризм саласының аясында ерлер және әйелдердің тең құқығы және тең мүмкіндіктері олардың өзіндік ерекшеліктері есепке алына отырып, табысты іске асып жатқандығын атап өткен жөн: туризм индустриясында туристік ұйымдардың басшылығында және қызмет көрсету аясында әйелдер көбірек еңбекпен қамтылған (барлық еңбекпен қамтылғандар санының 98%-ға жуығы) (1 сурет).
Туризм саласында жұмыспен қамтылған қызметкерлердің серпініне талдау жасай отырып, бұл салада еңбекпен қамтылудың дәрежесін сипаттауға болады. 2011-2015 жылдар ішінде туризм сферасында, оның ішінде санаторий-курорттық мекемелерде жұмыс істеген қызметкерлердің саны бірқалыпты өсіп отырған. Егер 2011 жылы бұл салада 257,9 мың адам жұмыс істессе, 2015 жылы оның саны 317,4 мың адамға өскен.
Қызметкерлердің санының өсу қарқыны 23 пайызға өскен. Туризм саласында жұмыс істеушілердің ең аз мөлшері туристік фирмаларда байқалды. 2011 жылы республика аумағы бойынша туристік фирмаларда жұмыс істеушілердің саны 2,7 мың адамды құрасса, 2015 жылы бұл мәлімет 7,1 мың адамға жоғарлаған (1-сурет).
1-сурет.Туризм саласында жұмыспен қамтылған қызметкерлердің саны
Туризм саласында жұмыспен қамтылған қызметкерлердің серпініне талдау жасай отырып, бұл салада еңбекпен қамтылудың дәрежесін сипаттауға болады. 2011-2015 жылдар ішінде туризм сферасында, оның ішінде санаторий-курорттық мекемелерде жұмыс істеген қызметкерлердің саны бірқалыпты өсіп отырған. Егер 2011 жылы бұл салада 257,9 мың адам жұмыс істессе, 2015 жылы оның саны 317,4 мың адамға өскен [3].
Туристік фирмаларда жұмыс істеген қызметкерлердің санының өсуі 2,6 есе. Туристік фирмаларда жұмыс істеуші қызметкерлердің санының аздығын, бұл саланың маусымдық сипатта жұмыс істейтіндігімен түсіндіруге болады. Бұл мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы жылдан жылға өсіп келеді. Ол дегеніміз жылдан жылға туризм саласына мемлекеттің қомақты қаржы бөліп, сонымен брге шетелдік компанияларды тарту есебінен (2-сурет).