Quantcast
Channel: Баяндама - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 451

Автомобиль жолдары

$
0
0

 

Қызылорда қаласы,

Қызылорда облысының білім басқармасының

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары  колледжінің «Жасанды құрылыстар» пәнінің оқытушысы Ибраева Жанар Абдукаримовна

Тақырыбы: «Автомобиль жолдары»

 

Республикамыздың траснпорттық жүйесі: темір және автомобиль жолдарынан,әуе,өзен және теңіз жолдарынан,сонымен қатар мұнай өнімдері мен газ тасымалына арналған құбырлардан тұрады. Транспорттың негізгі түрі темір жол; ол алыс қашықтықтарды жүк және жолаушылар тасымалының негізін құрайтын транспорт түрі болып табылады. Темір жол,су,әуе транспорттары автомобиль жолдарымен тығыз қатынаста болуы керек,яғни тиеу пунктеріне темір жол станциясына,порттарға және аэродромдарға қатынайтын жолдарды күту және тасымал ұйымдастыру автомобиль жолдарына тиесіл. Тасымалдаудың бастапқы және соңғы кезеңдерінде,жүктердің көп бөлігі автомобиль жолымен тасымалданады,яғни жүктерді қабылдау және белгіленген орынға жеткізу автомобиль жолдарына жүктелген. Автомобиль жолдары таулы өлкелермен байланыс түрінің жалғыз өкілі болып келеді,мысалы темір жол салу қиындығы туатын болса. Автомобиль транспорты дүние жүзі бойынша басқа транспорттармен салыстырғанда әлде қайда үлкен жылдамдықпен қозғалады. Автомобиль жолдарымен тасымалдаудың құнына жолдардың сапасы өз үлесін қосады. Жаман жолдармен қозғалыс кезінде жанар май әлде қайда көп шығындалады,жылдамдық азаяды,сонымен қатар автомобиль жөндеу жұмыстарын көбірек қажетсінеді және істен шығуы көбейеді.

Жаңа жолдарды проектілеген кезде,жол құрылысына кеткен қаржы 8 жыл ішінде тасымалданатын жүк құнына,яғни құрылыстың өздік құны 8 жыл ішінде ақталуымен сипатталады,жетілдірілген жол жамылғысы 3-4 жылда құрылыс құнын өтейді. Сондықтан,автомобиль транспортының әрі қарай дамуы жол жамылғысын салу технологиясының дамуына Республикамыздың жол жүйесі әлі де қажетті көлемдегідей тығыз орналаспаған. Бірақ автомобиль жолдарының құрылысы тын жерлердің көп бөлігін алуына байланысты,сондықтан автомобиль жолдарын салуға техника-экономикалық жағынан қаралуы тиіс. Жол құрылысын жүргізу:

А) Мемлекеттік маңызы бар орталықтар арасындағы магистральдар

Б) Жаңа халықтық шаруашылықтарды игеру кезінде салынатын жолдар

В) Ауылдық аумақтарды жол құрылысын жүргізу

Г) Ескі жолдарды қалпына келтіру

Д) Қала көмірлерін салу және оларды безендіру

Бір бағытта әртүрлі жылдамдықпен қозғалған көліктер көлік ағымын құрайды. Жолдағы қозғалыстың басты қасиеті ретінде,жолдың бір қашықтығында белгілібір уақыт арасында өткен көліктердің барлық санын айтады,оны қозғалыс қарқындылығы деп айтады. Қозғалыс қарқындылығы тұрақсыз шама. Ол ауылдың шетінде үлкейіп,апта күндері мен мезгілге байланысты өзгереді. Демалыс күндері мен мерекелерде жүк тасымалының көлемі артып,жүк көліктерінің мөлшері көбейеді. Бұнда жыл мезгілдеріне байланысты тасымал да болады. Көлік ағымындағы көлік маркалары мен жүк көтергіштігі әртүрлі болғандықтан,қарқындылықты берілген коэффиценттер арқылы,яғни жүк көтергіштігімен анықтайды.

Жаңа жолдар проектісін қозғалыс қарқындылығының құрылыс аяқталғаннан кейінгі 20 жыл көлемінде есептейді. Көлік ағымының қасиеті болып көліктердің орташа жылдамдығы келеді. Қозғалыс қарқындылығы аз болса жекелеген көліктер өзінің барлық динамикалық қасиеттерін қолдануы мүмкін. Қарқындылықтың өсуіне байланысты көліктердің әсері пайда болады,сондықтан көлік ағымының жылдамдылығы бекітілуі мүмкін. Қарқындылықтың өсуіне байланысты көліктердің әсері пайда болады,сондықтан көлік ағымының жылдамдылығы бекітілуі мүмкін. Бұл жылдамдық жол өткізгіштігінің қасиеті болып табылады,демек уақыт бірлігінде берілген жылдамдылықпен өтуі мүмкін көлік санын айтамыз.

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 451

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>