Қатысушылар: 1-11 сынып оқушылары, Cтуденттерге: 1,2,3,4,5 курс студенттері
Қатысушы жұмыстарын қабылдау мерзімінің соңғы күні: 06.05.2017ж
Қорытынды уақыты: 10.05.2017ж
Ұйымдастырушы: SABAQTAR – Ақпараттық сайты
Байқау түрлері:
Қатысушылар: 1-11 сынып оқушылары, Cтуденттерге: 1,2,3,4,5 курс студенттері
Қатысушы жұмыстарын қабылдау мерзімінің соңғы күні: 06.05.2017ж
Қорытынды уақыты: 10.05.2017ж
Ұйымдастырушы: SABAQTAR – Ақпараттық сайты
Байқау түрлері:
Б а я н д а м а
Баланың бас ұстазы ата –ана . Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»деген дана сөзі бар. «Балапан» қыран болуы үшін оны самғатып ұшыратын ата – анасы да, қыран болуы керек – деп отбасымыз тәрбиеге ерекше көңіл бөлген.
Ата – ана отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршы тірегі, ана – отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп, оларды бақытқа бөлейді. Ата – анаға баладан артық ешкім жоқ. Сондықтан әке де, шеше де балаларынң жан дүниесіне үңіліп, мінез құлқындағы ерекшеліктерді жете білген жөн. Балалармен әңгімелескен кезде, олардың пікірлерімен санасып отырған орынды. Әке мен шеше ұл – қызымен үй шаруасында әңгімелесіп ой – бөлісуіне болады. Баланың бойына баолық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарын болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау – ата – ананың басты парызы.
Т ә р б и е л е у - балаға мақсат көздей ұйымшылдықпен және жүйелі ықпал жасау деген сөз. Осы ықпалдың арқасында бала тәрбиеші талап ететін мінез сапаларына ие болады, мінез – құлық ережелерін бойына сіңіреді. Тәрбие баланың дене және ақыл – ой қабілетін дамытады. Оны алдағы еңбекке даярлайды.
Бала тәрбиелеу – зор елеулі, сонымен бірге қиын іс. Баланың адамшылығын қалыптастыру, оның ақылын молайту, оны белгілі адами сапаға, көркемдік талғампаздыққа және талапқа баулу – бұданда қиынырақ іс.
Жас адамды саналы, есті, мәдениетті сергек етіп тәрбиелеу – отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден – бір парызы.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана және отбасы.
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ержетіп өсуі бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер – отбасында қалыптасады.
Сондықтанда туған үйдің жылуы оның көкірегінде. Көп жылдар бойы сақталып мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі, десек артық айтқандық емес.
Сондықтан отбасы – өте қажетті басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қызығы алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
Қ о р ы т ы н д ы
Қадірлі ата – ана отбасындағы берілген тәрбие жігеріңді құм қылып жерге қаратпасын десеңіз, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер, бал тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді сапалы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата – ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаға бірдей талап қойылса, тәуелсіз еліміздің ұл – қыздары жан – жақты дамыған азамат болып шығаруы сөзсіз.
Өскелен ұрпақтың бойына осындай ұлттық сана – сезімді дарытатын:
Ұстаз
Тәрбиеші
Ата – ана
Қоршаған орта.
Б а я н д а м а
Баланың бас ұстазы ата –ана . Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»деген дана сөзі бар. «Балапан» қыран болуы үшін оны самғатып ұшыратын ата – анасы да, қыран болуы керек – деп отбасымыз тәрбиеге ерекше көңіл бөлген.
Ата – ана отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршы тірегі, ана – отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп, оларды бақытқа бөлейді. Ата – анаға баладан артық ешкім жоқ. Сондықтан әке де, шеше де балаларынң жан дүниесіне үңіліп, мінез құлқындағы ерекшеліктерді жете білген жөн. Балалармен әңгімелескен кезде, олардың пікірлерімен санасып отырған орынды. Әке мен шеше ұл – қызымен үй шаруасында әңгімелесіп ой – бөлісуіне болады. Баланың бойына баолық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарын болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау – ата – ананың басты парызы.
Т ә р б и е л е у - балаға мақсат көздей ұйымшылдықпен және жүйелі ықпал жасау деген сөз. Осы ықпалдың арқасында бала тәрбиеші талап ететін мінез сапаларына ие болады, мінез – құлық ережелерін бойына сіңіреді. Тәрбие баланың дене және ақыл – ой қабілетін дамытады. Оны алдағы еңбекке даярлайды.
Бала тәрбиелеу – зор елеулі, сонымен бірге қиын іс. Баланың адамшылығын қалыптастыру, оның ақылын молайту, оны белгілі адами сапаға, көркемдік талғампаздыққа және талапқа баулу – бұданда қиынырақ іс.
Жас адамды саналы, есті, мәдениетті сергек етіп тәрбиелеу – отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден – бір парызы.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана және отбасы.
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ержетіп өсуі бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер – отбасында қалыптасады.
Сондықтанда туған үйдің жылуы оның көкірегінде. Көп жылдар бойы сақталып мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі, десек артық айтқандық емес.
Сондықтан отбасы – өте қажетті басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қызығы алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
Қ о р ы т ы н д ы
Қадірлі ата – ана отбасындағы берілген тәрбие жігеріңді құм қылып жерге қаратпасын десеңіз, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер, бал тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді сапалы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата – ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаға бірдей талап қойылса, тәуелсіз еліміздің ұл – қыздары жан – жақты дамыған азамат болып шығаруы сөзсіз.
Өскелен ұрпақтың бойына осындай ұлттық сана – сезімді дарытатын:
Ұстаз
Тәрбиеші
Ата – ана
Қоршаған орта.
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Жалпы білім беретін Қызылтал орта мектебі
тарих пәні мұғалімі Суесинова Клара Тельманқызы
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру бағытында қазақстан тарихы пәнінен ҰБТ-ге дайындау әдістері.
«Тек қана есте сақтауымен емес, өзінің
терең ойлануымен игеріп алған білім ғана - білім».
Л.Н.Толстой.
Соңғы жылдары елімізде жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ енгізілген. Бұл оқушыны өз еңбегіне шығармашылықпен қарауына мәжбүр етеді. ҰБТ-ге пайдаланылған емтихан материалдары мемлекеттік стандарт жүйесінде жасалды. ҰБТ-ге дайындық, оған қойылатын психологиялық талаптар ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктейді.
Жалпы білім беретін Қызылтал орта мектебінде мен 4 жылдай еңбек етіп келемін. Осы жылдарда 11 сынып оқушыларына қоғамтану пәндерінен сабақ берем және ҰБТ-ге дайындаймын. ҰБТ-ге әзірлік барысында түлектер үш түрлі көзқарасты, үш түрлі кезеңді басынан кешіреді.
«Бұл сұрақ не үшін қажет?»
«Мұнда бір сыр бар...»
«Мұны кім білмейді?»
ҰБТ мектеп бітіруші түлектердің саналылық қатынасын талап етеді. Бұл үрдісте ең алдымен мұғалім тиянақты дайындалуы қажет. Оқұшылардың білімін бақылау үшін тест жүйесін қолданудың маңызы бар. Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ-ге дайындық 5 сыныптың материалдарын қайталаудан басталуы керек. Өзімнің тәжірибемде 5,6,7 сынып материалдарына көп көңіл бөлемін, себебі тараулар бойынша жаңа сұрақтар жие кездеседі. Әр тарауды қайталау үшін оқушылардың білімін тексеріп, бақылау мақсатында тест аламын. Тест оқушылардың білімін аңық көрсетеді. Қай тақырып бойынша қателер болғанын, қанша оқушы ол сұрақтардан қателескенің білудің мұғалім үшін маңызы зор. ҰБТ-ге дайындық кезінде оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу әрекеттері артады, оқытудың тиімділігіне қол жеткізеді, ойлау, есте сақтау қабілеті артып, шығармашылық әрекеті қалыптасады. Білімін бақылау үшін тесттің бірнеше түрін пайдаланамын.
Пайдаланатын тест түрлері:
Жүргізілген тест түрлеріне тоқталайық:
1.Дұрыс жауап таңдау тесті -бұл тест түрі қазіргі кезде барлық тесттерден жиі және ҰБТ өткізуде, оған дайындалуда қолданылып жүргендігін білеміз. Осы тест түрі бойынша берілген тапсырмаларды ұсынып отырмын.
1.Ұйғырлар мен дүнгендер орналасқан аймақ
А. Орал с. Өскемен
Б.Жетісу д. Семей
А. Әбілқайыр с. Ақ Орда
Б. Моғолстан д. Ноғай
А. Свободная речь с. Искра
Б. Правда д. Колокол
А. уәзірлер с. төлеңгіттер
Б. бектер д. басқақтар
Сонымен бірге оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін, жылдар мен оқиғаларды есте сақтау мақсатында хронологиялық тест беріледі. Ол тест сұрақтарының жауабын табу үшін топпен, жұппен, бүкіл сыныппен жұмыс жүргізіледі.
Жылдар |
оқиғалар |
1635 ж |
|
1731 ж |
|
1802 ж |
|
1916 ж |
|
1758 ж |
|
1822 ж |
|
1954 ж |
|
1936 ж |
|
Оқу жылы барысында әр оқушының дайындық деңгейің мониторинг арқылы айқындап отырамын.
Оқушылардың ҰБТ-ге дайындық кезіндегі мониторингі
Айы |
Мектепішілік |
Аудандық |
Қазан |
14.0% |
14.2% |
Қараша |
17.0% |
- |
Желтоқсан |
16.0% |
16.0% |
Қаңтар |
18.0% |
20.0% |
Ақпан |
19.0% |
- |
Наурыз |
18.0% |
20.0% |
Сәуір |
19.1% |
21.0 % |
Мамыр |
20.0% |
21.1% |
Маусым |
20.0% |
21.3% |
ҰБТ сынағынан 3 жыл бойы оқушыларым негізгі пәндердің бірі - Қазақстан тарихынан 100% білім сапасын көрсетіп келеді.
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы
Қызылтал жалпы орта білім беретін мектебі
Суесинова Клара Тельманқызы
ҚАЗАҚСТАН - ХАЛЫҚТАР МЕН ДІНДЕР
АРАСЫНДАҒЫ БЕЙБІТШІЛІК ЕЛІ
« Біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік
береміз және Қазақстанда конфессияаралық
келісімді қамтамасыз етеміз »
Н. Назарбаев
Ежелгі қазақ жерінде халықтардың, өркениеттердің, мәдениеттер мен алуан діни сенімдердің бір мемлекетте бейбіт қатар өмір сүруінің бай да бірегей тәжірибесі жинақталған. Бұл тәжірибе біздің бірлігіміздің түп-тамырын айқындайды және болашағымызды айқынырақ көруге жәрдемдеседі.
Қазақстандағы ішкі саяси жағдай бүгінгі таңда тұтас алғанда тұрлаулығымен сипатталады. Түрлі этникалық топтар өздері тұратын аймақтардағы ұлтаралық қатынастарды қанағаттанарлық әрі жарасымды деп бағалайды.
Қазақстан қоғамының өзі тәрізді елдегі ұлтаралық қатынастар да соңғы жылдары айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Экономикалық және саяси реформаларды жүргізу барысында жаңа әлеуметтік топтар түзілді, қоғамда ой еркіндігі мен төзімділік орнығу үстінде. Қоғамды демократияландыру Қазақстан халықтарының мәдениеті мен тілдерінің қайта түлеуі және дамуы үшін жағдайды қамтамасыз етті. Бұл даму күллі Қазақстан этностарының азаматтық біртұтастығы негізінде жүріп жатыр, мұның өзі ұлтаралық қатынастардың үйлесімділігіне ықпал етеді.
Діндердің келісімін, этностық топтардың бейбіт қатар өмір сүруін қамтамасыз ету жаһандық қауіпсіздікті сақтау үдерісінде аса маңызды басымдық болып табылады. 130 ұлт пен 45 діни конфессияның өкілдері өмір сүретін Қазақстан толеранттылықтың үлгісін көрсетіп отыр, ал ол Қазақстанда бейбітшілікті, тұрақтылық пен экономикалық ілгерілеуді қамтамасыз етудің шешуші факторына айналған. Қазақстан өркениеттер мен діңдердің жақындасуына бағытталған әрқилы халықаралық бастамаларды толықтай қолдайды. Әлемдік конфессиялар арасында осы заманғы дүние құрылымының түйінді мәселелері бойынша үнқатысуды жолға қою қағидаттық тұрғыда маңызды. Елімізде тұратын халықтың жетпіс пайызы мұсылмандар. Олар Исламдағы Әбу ханифа мазһабын ұстанады. Онда жергілікті халықтың шариғатқа қайшы келмейтін әдет-ғұрпы қуатталады. Сол себепті өз мазһабымыздан айнымай, ұлттық озық әдет-ғұрпымызды сақтай отырып, өркениетті жолмен дінімізді көркейтуіміз керек. Қазақстан - толеранттылық, келісім, дінаралық тұрақтылық мәселесіне көп көңіл бөледі.
Этносаралық және конфессияаралық диалог мәселелерін қарастыру- бүгінгі күні өте өзекті болып отыр. Діни - этникалық қақтығыстар, халықаралық лаңкестік пен діни экстремизм сияқты жағымсыз көріністердің тарауы мен тереңдеуіне ықпал етеді. Оның үстіне қазіргі жаһандану үрдісінде мұндай құбылыстармен күресіп, оның шешімін табуға бір мемлекеттің күші келмейді, онымен әлемдік қоғамдастық болып күресу керек. Күрескенде қарудың күшімен емес, халықаралық деңгейде барлық күш-жігерді біріктіру арқылы ашық әңгіме, диалог жағдайында ғана қажетті нәтижеге жете аламыз.
Конфессияаралық бейбітшілік пен келісім көп ұлтты, көп тілді және көп конфессиялы Қазақстан үшін күрделі мәселе болса да бүгінгі еліміз дүние жүзіне бүкіләлемдік діни - рухани форумның орталығы болып табылады.
Қазақстан халқының конфессиялық ынтымақтастығының басты мақсаты:
Негізгі бағыттары:
Күтілетін нәтижелер:
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанды мекендейтін 130 - ға жуық ұлт пен 40 - тан астам діни конфессиялар арасында татулық, өзара келісім берік орнықты. Соның арқасында біз дамудың қазақстандық моделін ойдағыдай жүзеге асырып, экономиканы реформалауда зор табыстарға қол жеткіздік. Ядролық қарудан бас тартып, Қазақстанды бейбітшілік аймағына айналдырдық. Барлық көршілерімізбен тату қарым - қатынас орнатып, жаһандық қауіпсіздікті сақтауда өңірдің көшбасшысы атандық. Әлемдегі алуан дінді ұстанған халықтарды тыныштыққа, бітімгершілікке, татулық пен келісімге шақырамыз.
Сонымен қатар ұлтаралық қатынастардың жай - күйіне кері әсер ететін: өмір сүру деңгейінің төмендігі, жұмыссыздық пен қылмыстың орын алуы, құқықтық мәдениеттің жеткіліксіздігі, этникалық оқшалану үрдістерінің көріністері сияқты бірқатар объективті факторлар бар.
Бүгінгі әлемде халықтардың өзара қарым - қатынасының қайшылықты процесі жүріп жатыр, олардың арасындағы байланыстар кеңеюде. Сонымен бірге әлемнің жекелеген аймақтарында өзге мәдениет және өркениет өлшемдерін қабылдамау орын алып отыр. Жасампаз ниетті әрі әділдікке ұмтылатын бірде бір жан бұл жағдайды қанағат тұта алмайды.
Соңғы кезде ұлтаралық қатынастардың жай - күйіне әсер ететін мынадай да жаңа сыртқы факторлар пайда болды, бұлар:
- этноконфессиялық белгі бойынша геосаяси жікке бөліну ықтималдығы, сондай-ақ бұқаралық сана төзімділігінің төмендеуі;
- аймақта әскери-саяси тұрлаусыздық қатерінің туындауы, гуманитарлық апаттардың мүмкіндігі және босқындардың бақылаусыз ағынының пайда болуы;
- діни идеяларды жамылған экстремистік, террорлық және радикалдық топтардың құқыққа қайшы әрекеті;
- шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары, елдің заңдарын сақтамайтын діни бірлестіктер арқылы тобырлық мәдениет пен қазақстандық ділге жат мінез-құлықтардың таралуы;
- трансұлттық қылмыстардың өсуі;
- конфессиялар мен этнобағдарлы ұйымдардың саясаттануы.
Аталған факторлар ұлтаралық қатынастардың жай-күйіне тұрлаусыздандырушы ықпал етуі мүмкін. Сондықтан мемлекеттік органдар, Қазақстан халқы Ассамблеясының мынадай проблемаларды шешуде мақсат көздейтін әрі алдын алу жұмысын жүргізуі қажет:
азаматтық біртұтастық, қазақстандық патриотизм, рухани - мәдени өзара іс-қимыл мен ұлтаралық қатынастардың үйлесімділігі негізінде қазақстандық сәйкестікті қалыптастыру және нығайту;
азаматтық қоғамды кезең-кезеңімен әрі дәйектілікпен демократияландыру, қалыптастыру және дамыту процесіне қоғамның қалың жігін тарту және жандандыру;
Қазақстандағы ұлтаралық қатынастардың жай - күйіне сыртқы қатерлер мен әсерлер ықпалын жою.
Еліміздегі әртүрлі конфессиялар арасындағы диалогты жолға қою тәжірибесінен басқа елдер үлгі ала бастады. Елбасының өзі елімізде 40-тан астам конфессия татулықта өмір сүріп жатыр дегеніміз, бос сөз емес, соңғы 15 жылдың ішінде баспасөз бен телеарналар бірде- бір рет қандай дінді ұстанған болса да адамның діни сезіміне тимегендігін атап көрсеткен еді.
Әлемдегі екі дін - ислам мен христиандық, басқа да діндер арасындағы татулықты сақтау жолындағы ұстанған бағыты-еліміздің береке-бірлігін сақтауда.
Тәуелсіздікке ие болғалы ұлт пен ұлыс, дін мен жөннің арасын бітістіруде өзіндік тәжірибе жинақтаған еліміздің осы қадамы- халықаралық қауымдастық тарапынан толықтай қолдауға ие болып отыр. Бүгінгі таңда Орталық Азия - батыстан да, шығыстан да әртүрлі діндер мен ағымдардың нысанасына ілігіп отыр. Олардың әрқайсысы мұнайлы, шұрайлы өлкедегі өз мүддесі үшін қаражатты да, күш-қуатты да аяйын деп отырған жоқ.
Қазақстан өркениеттер қақтығысы тұжырымдамасын сынауға жалпылама қарап отырған жоқ. Ол жанжалдардан қашудың тарихи және қазіргі үлгісін алға тартып отыр. Дін - жеке адамдық емес, ұжымдық құбылыс. Дін адамдардың бірін - бірі қанап, жәбірлеуіне тыйым салады, сондай- ақ жаман әдеттің таралуына рұқсат етпейді. Адамдарды өз туыстарына, жақындары мен көршілеріне сүйіспеншілікпен қарауға, әлсіздерді қорғауға үндейді.
Әлемдік діндер бір - бірімен ынтымақтастықта болып, діни құндылықтарды пайдалана отырып, тарихтағы рухани күйзелісті болдырмау үшін күреседі. Дін иелері қазір дінді тек күрес тәсілі ғана емес, сонымен бірге қорғаныс әдісі ретінде ұсынады. Бұл- діннің уақыт өткен сайын тұрмыс - салт, таным - наным аясынан шығып, саясилануына апарып соқтыруда. Тиісінше, діндерді бір - біріне қарсы қою тәрізді қитұрлықтар қайта көрініс бере бастады. Соңғы ғасырдағы діннің наным- сенім ретінде орнын жоғалтуы - дін иелерінің оқшалануына себеп болды. Дін иелерінің нақты пайымдамалары мен пікірлері ескерілмей жатыр.
Қазақстан түрлі дәстүрлер мен мәдениеттердің тоғысу және табысу мекені болғандығы қазір айтылып та жазылып та келеді. Сондықтан жаңа замандағы еліміз басқа халықтармен, ұлттармен және мәдениеттермен мүдделес ынтымақтастықтың көпірлерін салу үшін өзара түсіністіктің рухында өркендеуді қалайды.
Қазақстан қоғамының рухани тұрғыдан жаңаруында дәстүрлі діндер маңызды рөл атқарады. Ислам, христиандық және иудей діндерінің жалпы адамзаттық және гуманистік құндылықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты орнықтырудағы маңызы ерекше. Олар қоғамымызда достықты, өзара құрмет пен түсінушілікті нығайтуға қызмет етеді. Қазақстан көне заманнан бері саналуан мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болғандығын, ел аумағында бірнеше ғасырлар бойы тәңіршілдік, зоростризм, манихейлік, буддизм, христиандық және ислам сияқты әртүрлі нанымдар бейбіт қатар өмір сүргенін, яғни толеранттылық пен конфессияаралық келісімнің үлгісі болғандығын айқындайды.
Бүгінгі күні Қазақстан бейбіт келісімде өмір сүруде. Қазақстан тарихи тұрғыдан Шығыс пен Батыстың түрлі дін, мәдениет және өркениеттер кездесуі мен келіссөзінің қиылысқан жері болды. Қазақтардың мәдени- этникалық дәстүрлерінен мұра болған рухани саладағы төзімділік қазіргі уақыт пен келешекте ел ішіндегі тыныштық пен тұтастықты сақтаудың негізгі қызметін атқара береді. Сан ғасырлар бойы адам баласы жасаған өркениеттерді әрі қарай дамытатын сара да негізгі жолдардың бірі- мәдениеттер мен діндердің өзара диалог орнатуы расталған ақиқат.
Мәдениеттердің бір - біріне тигізген игі әсері, өзара тоғысуы және имандылық пен парасаттылық, тектілік пен зиялылық арқылы ғана мәдениеттер өзара байып, өркендейді. Осы арқылы адамзат өркениеттерінің әр алуандығы қалыптасады. Сол себепті де мәдениеттер мен діндер арасындағы диалог пен өзара түсіністік қана ұлттар мен ұлыстар арасындағы қақтығысты болдырмаудың негізгі әрі басты құралы бола алады. Діни сенім бостандығы – адамның табиғи құқықтарының құрамдас бөлігі. Өз жүрек қалауына орай ешкімнің мәжбірлеуінсіз белгілі бір дінді ұстану немесе ұстанбау, оны жариялау немесе жарияламау еркі және өзгелердің діни сеніміне төзімділік таныту.
Қазақстан Басшысы конфессияаралық бейбіт қатар өмір сүрудің әлемдік оң тәжірибесін жинақтап, халқымыздың сан ғасырлық рухани бай мұрасы арқылы оны жаңа идеялармен байыта білді. Қорытындылай келе Н.Ә.Назарбаев : «...Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақыт құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр » , деп мемлекеттіліктің тұғыры етіп мәдениетті, ал мәдениеттің бастауы ретінде дінді, даналықты көрсетіп отыр.
Баяндама.
Тіл туралы.
Қазақ тілі, қазақ халқының ана тілі, бойына дарыған қасиеті, яғни бой тұмары. Қазақтың туған тілінің байлығы ол қазақтың батырлығының айғағы. Тіл тазалығы салт – сананың сақталуын, ұлттық құндылықты дұрыс пайдалана білу. Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес ,бүрсігүнгі де тағдыры. Ана тіліміздің тазалығын, оны қолдап – қорғау өз қолымызда. Мен осы ана тіліміздің алға ілгерілеуіне байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауында үкімет «Тілдердің үш тұғырлылығы» жайында мәдени жобасынан мына сөздерді айта кетсем болады. «Үкімет Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды таптастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударғым келеді: Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманға озық бағдарламаларымен әдістерін енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық, әдістемелік, тәжірибелік оқу – құралдарын, аудио- бейне материалдарды дайындау керек»,- деген еді. Ана тіліміз өзінің сан ғасырлық дамуы барысында рулық тіл дәуірінде, тайпалық тіл дәуірінде, халықтық тіл дәуірінде басынан кешірді. Қазіргі қазақ тілі өркендеген мәдениеттің тілі, дамығын оралымды тіл.
Қазақ тілі 1989 жылы Қыркүйектің 22-сі күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заң қабылданып , қақа тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл статусына яғни мәртебесіне ие болды. Кейін 1993 жыылы Қаңтардың 28-і күні бұл мәртебе Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында тұрақталып, бекітілді. Бұл жарлық қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін сақтады.
Сол 1997 жылы Шілденің 7-і күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңы қабылданды. Бұл заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының тілдер туралы заныңда: Қазақстан Республикасның мемлекеттік тілі қазақ тілі. Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі делінген. С.Торайғыров ағамыз айтқандай:
Сүйемін туған тілді – ана тілін
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнің
Қазақ тілінің көрмеген тепкісі жоқ, бірақ ол бірте – жанданып келеді және әлі де дами береді деген үміттеміз. Күштеп жоймаса ешбір тілдің жойылуы мүмкін емес, сондықтан осындай жоюдан аман қалған ана тіліміздің болашағы зор болуы тиіс. Өзіміздің ана тілімізді қаншама зиялы адамдар қорғап өленнің селдетіп суын ағызып, тілдің балын тамызып құдіретті тілімізді сақтап қалуға ат салысқан. Бұл жерде мен Оразақын Асқар ағамыздың өленінең үзінді оқып бергім келіп тұр:
Сен жеткізе алмас барма сыр менде,
Сенде туған ерлік эпос жыр кембе.
Саған қалай қауіп төніп үлгерді,
«Өнер алды қызыл тіл» деп жүргенде.
Ана тілім өзге тілден кембедің,
Қорың азба болды қандай сенде мін.
Жерің барма аударғанда жетпеген,
Пушкин жыры, Эйнштейн еңбегін.
Ана тілі ана сүтін ақтаған,
Сені Орхон – Енесейде сақтаған.
Құрта алмаған тіпті алқа көл сұлама.
Қорғаған ел шұбырында ақтабан.
Әрине, қазақ тілін, үйренуге, оны білуге, қазақша сөйлеуге деген талпыныс әр адамның ішкі сезімімен, сол тілге деген сүйіспеншілігінен басталады. Мемлекетін сүйетін әр қазақстандық сол елдің мемлекеттік тілін үйренуге өзі талпынса, Нұр үстіне нұр болар еді. Олар айлығына үстеме қосу үшін емес, ұлы елдің азаматы, адал перзенті болу үшін өзінің ана тілін білгені жөн, білуге тиіс. Балық басынан шіриді дегендей қазіргі жастарымыз шұбарлы, мәдениетсіз тілге үйреніп бейімделіп бара жатырмыз, қазіргі ұрпағымыз осылай болса келешегіміз не болмақ? Сондай – ақ айта кететін жағдай жастар – мәдениетті сөйлеуі тиіс, өйткені тіліміз ласты сөздермен азап шегуде, сондықтан да тіліміздің табалдырығына баспай, төсегіне шығып, таза тілде сөйлегеніміз жөн болар.
Қазіргі уақытта жаңа бағдарлама бойынша, түрлі тіл апталығы жүргізілу үстінде, Мысалы: осы оқу орнында тіл апталықтары өткізіліп, мәнерлеп оқу сайыстары, үш тұғырлы тіл бағдарламасы бойынша жұмыс істелуде. Осыған деген білім алушылардың, жастардың қызығушылығын тілге деген сүйіспеншіліктерін оятуға, тіл жанашырлары көптеп көмектесуде, бүгінге күндері мемлекеттік жұмысшыларға, тіл үйренуші жеке тұлғаларға, ҚР-ның әр азаматына, тіл үйренем деушілерге деңгейіне сәйкес сабақтар өтуде, мақсаттарымыздың барлығы орындалуы үшін өз тіліміздің сұлулығын сезе білуіміз қажет, ал біз өзге тілдің ұлылығын сезсек, төрімізде ұсынсақ олда біздің арманымыздың да алға қойған мақсаттарымыздың да айдарынан жел есуі екі талай.
Үкімет халық аралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін қазіргі заманға бағдарламалар мен әдістерін әзірлеп енгізу қажет мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің он үздік инновациялық әдістемелік тәжірибелік оқу құралдардың бізге келмегені таң қарарлық жағдай, бұл жағдайға толығырақ келетін болсақ, біздің тілге деген істелген ісімізден айтылған сөзіміз көп. Сондай – ақ біздер «ел боламын десең бесігінді түзе»- демекші бүлдіршіндерімізді көрсетіп, тек қана қазақша жарнамалар жүргізсек, түрлі үйірмелер, кітапханалар ашып, жастардың қызығушылығын оятсақ мүмкін ісіміз ойға басар, өзімнің айта кетерлік ойым неге Маңғыстауды тіл туралы теледидардан пікірталас, ақындық сайыстар, өзге ұлт өкілдерімен сұхбат жүргізбеске. Әрине арманымыз көп, ал бұл жолғы тіл мәселесі өз қолымызда.
Қазақ халқының мақтанышы жазушы, Ұлы Отан соғысының батыры Б.Момышұлының өнегелі сөздері қанатты сөздерге айналып, ел ішіне таралған. Осы ұлағатты сөздерден үзінді:
«Анамыздың ақ сүтімен боймызға дарыған тілімізді ұмыту бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту. Ана тілімзге мән бермеушілік, оны құрметтеушілік – шынайы патриоттарды тәрбиелеу жұмысына үлкен зиян. Кейбр ұл – қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Қолына қалам ұстаған әр азамат ана тілнің бай қорын игерумен бірге басқа, әсіресе, көрші ұлт тілдерінің де асыл қазынасынан сусындауы, оны кәдеге жарата білуі абзал. Тіл тазалығы үшін курес ешқашан толастамақ емес.»
Ана тілі
Шорпуы ор атынның, жан отының,
Әкемдей құдіретті ана тілім.
Келесің отпен судан аман сақтап,
Астыңа алып мені қанатынның.
Ана тілі – анамыздың ар намысы,
Ана тілі – бабамыздың толғанысы.
Ана тілі – құлын тайдай шұрқыыраған,
Даңғайыр даламыздың жан дауысы.
Жаңғырып қиыр шетке шыққан үні,
Ана тілі – Абай жыры, Мұхтар үні.
Ананың қасиетті сүтін емген,
Ана тілі – бал бөбектің құт дарыны.
Ана тіл – туған жердің тұзы – дәмі,
Шуағы, жауынымен мұзы қары.
Ана тіл – наз қылығы ерке қыздың,
Өмірде басылмаған қызығы әлі.
Ана тіл – ақсақалдың пәк ғұмыры,
Ана тіл – ардагердің ақтық үні.
«Жаным» - деп елжіреген сүйген жанның,
Тілінен білінбейме тәттілігі.
Шабытың шалдықпаса кер дөнені,
Ешқашан бөле алмайсын елден мені.
Тоқтамай бір қалыпта соғып тұрған,
Ана тіл – бала жүрек кеудемдегі.
«Қазақ тілі ғарышта»
Қазақ тілім қасиетіннең айналдым,
Берік тұрау құламастай айбының.
Азат күнге жетеледің пенденді,
Күлсін сенің көкте мәңгі ай-күнің.
Жылаттың-ау қанша ғасыр, қанша жыл,
Тіл үшінда ақындарым болды құл.
Көтеріліс жаңғырықтап тіл үшін,
Архивтерде сақталулы әлі тұр.
Ғасырлардың күн көрпесін жамылып,
Анамыздың ақ сүтіне қанығып.
Ей, адамдар тілімізді сыйлайық,
Ана тілден жүрмейікші жаңылып.
Отпен, қардан аман өттің, күймедің,
Қазағынды биігіне сүйредің.
Арқасында мен солардың ұл болып,
Өз еліммен, өз тіліммен түйнедім.
Түбін бұзып шықтың талай қоршаудың,
Өлең жазып сол себептен қолға алдым.
Ана тілім жаным құрбан жолында,
Құдай сақта күнінен тек мылқаудың.
Ана тілде сөйлейді кәрі мен жас,
Буырқанып көңілден әндер тынбас.
Тіліміздің соншалық мықтылығы,
Алмаз қылыш сынса да тілім сынбас.
Шу ауданы, Жамбыл облысы Қаныш Сәтбаев атындағы шағын орталықты
орта мектебінің, «Еркем-ай» шағын орталығының әдіскері.
Асыкбаева Салтанат Кажмухановна,
Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты – отбасында баланы тәрбиелеуге жан-жақты көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу. Бұл:
Жоғарыда айтылған отбасылық қатынастарды жүзеге асыру үшін келесі тәрбиелік міндеттерді орындау бойынша жұмыстар жүргізілу қажет:
Одан кейін отбасының ортақ мәдениетін көтеруге және ата-аналардың психологиялық – педагогикалық құзырлығына ықпал ету, оларға балалармен жұмыстың дағдыларын қалыптастыруда теориялық және практикалық көмек көрсету, отбасына жеке-дифференциалды тәсіл нәтижесінде ата-аналармен жұмыста әріптестіктің әртүрлі формалары мен біріккен шығармашылығын қолдану.
Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында іскер әріптестік үшін жағымды қарым-қатынас орнағаны жөн. Педагог ата-аналармен жұмыста олар қызыға қатыса алатын, бала бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізуі қажет.
Ата-аналарда баланың жағымды бейнесін формалау үшін отбасында айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлайды. Бұл баланың құрбыларымен тіл табысудағы ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.
Педагогты бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен таныстыру өте маңызды. Бұл кезеңде тәрбиешілер ата-аналармен диалог жүргізеді, отбасымен сөйлескенде тек жағымды жақтарын емес, бала қылығындағы қиыншылықтар, кедергілер туралы да айтады.
Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері
Көптеген пікірлер бойынша отбасында жүргізілетін түзеу және психотерапия процесі алғашқы сұхбаттасу процесінен басталады. Шын мәнінде ол маманның қандай да бір отбасы мүшесімен алғашқы кездесуінен-ақ басталып кетеді. Олардың біреуі, яғни отбасы мүшесі мектеп психологы, дәрігер, достары немесе қандай да бір таныстарының сілтеулері бойынша көмекке жүгінеді. Отбасы мүшесінде көмек алуға келместен, қандай түрдегі көмек алғысы келетіні туралы белгілі бір түсініктері қалыптасқан. Көп жағдайларда көмек сұраушы отбасылық мәселенің шешілуі үшін өзіне көп жауапкершілік алатын адам болып табылады.
Отбасының қай мүшесін бірінші сессияға шақыруды анықтау, өте үлкен маңызға ие. Мұны психолог көмек сұрауға келген отбасы мүшесінің берген мәліметтері негізінде анықтайды. Бірінші әңгімелесу барысында, психолог отбасы құрамы туралы сұрастырып, қай мүшесін мәселе көбірек толғандыратынын анықтауға кіріседі.
Жалпы, бірінші кездесуді белгілеу және жұмысты бастау қажеттігін шешуден бұрын, ең алдымен маман негізгі мәліметтерді алуы қажет:
Біріншісессияғакімдішақырукеректігінанықтауда, бұлдеректермаманүшінқажеттіеңқарапайыммәлліметтерретінқұрайды.
Отбасымен жұмыстың басталуы
Әр мазмұнда түрлінұсқаулармүмкінболса да, жұмысата-аналарменжәнебалаларменжүргізіледі. Қазіргіуақыттаараласотбасылар саны өсуде, ондаата-аналарыныңалғашқынекелерінен, солсияқтыжаңанекелерінен де балалары бар. Ажырасуларсаныныңкөбеюібойыншажәне норма мен құндылықтаржүйелерініңөзгерулерінебайланысты, психолог жұмысықандай да біротбасыныңқалайұйымдастырылғанынбілеміндепойлауынаболмайды. Алғашқыболыпкелгенотбасымүшесіненотбасықұрамытуралысұрауөтемаңызды- бұлпсихологиялықкөмектікімненбастауқажеттігінтүсінугемүмкіндікбереді.
Алғашқыәңгімебарысында психолог оғанкелгенотбасымүшесініңүрейінжеңугекөмектесуіқажет. Егер де маманкөмексұрауғакелгенотбасымүшесініңнегізгімәселесінекеліспеушілікбілдіретінболса, оныңүрейікүшеюімүмкін. Мәселеніңсолардыңкөзқарастарыбойыншаанықталуыннегізге ала, соданкейін оны түсінудіңшекарасынбірнешекеңейтугеұмтылғанорынды. Мәселекөбінесеотбасыныңтүрлімүшелерібастарынанкешіріпотырғандистресспенбайланысты. Егер де көмеккежүгінгенотбасымүшесініңөзімәселеқандай да бірмүшесіменбайланыстыдепесептегенініңөзінде, олосыданотбасымүшесініңбарлығыныңқандай да бірдеңгейдетұтастайзардапшегетіндерінтүсінеді. Алдын алу үшін төмендегі үлгіде сауалнама алынған жөн.
|
_______________________________________________
(ұйымның атауы)
ТӘРБИЕЛЕНУШІНІҢ ЖЕКЕ ПАРАҒЫ
Баланың Т.А.Ә. ____________________________________________________
Туған күні ________________________________________________________
Ұлты _____________________________________________________________
Тұратын жері ______________________________________________________
Үй телефоны ______________________________________________________
МДҰ-ға келген күні ________________________________________________
МДҰ-нан кеткен күні _______________________________________________
АТА-АНАСЫ
Әкесі Анасы
Тегі ___________________________ Тегі ___________________________
Аты ___________________________ Аты ___________________________
Әкесінің аты ____________________ Әкесінің аты ___________________
Білімі __________________________ Білімі _________________________
Жұмыс орны ____________________ Жұмыс орны ___________________
Лауазымы ______________________ Лауазымы _____________________
Жұмыс телефоны ________________ Жұмыс телефоны _______________
Ұялы телефоны _________________ Ұялы телефоны _________________
ОТБАСЫ
Отбасы:
-көп балалы _______________________________________________________
-аз қамтылған _____________________________________________________
-толық ___________________________________________________________
-толық емес _______________________________________________________
Ата-аналармен жұмыс формалары:
Форма – (латын сөзі forma) – құрал, бірнәрсенің құрылымы, ұйымдастыру жүйесі.
Бүгінгі күні ата-аналар педагогикалық білімін ағартудың дәстүрлі емес, жаңашыл деп саналатын әртүрлі әдістері мен формалары қолданылып келеді:
- көрнекі насихаттау;
- оn-line бақылау;
- отбасына қатынау;
- консультациялық пункттер;
- ата-аналар жиналысы;
- әңгімелесу мен консультациялар;
- ата-аналар конференциялары;
- ауызша журналдар;
- сауалнама жүргізу;
- ашық есіктер күні;
- дөңгелек үстелдер;
- клубтар ұйымдастыру;
-біріккен бос уақыттар;
- іскер ойындар ұйымдастыру және т.б.
Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен жұмыс қабылдауы әртүрлі: жанды сөз, тәрбие жұмыстарын көрсету, ата-аналар үлгісі және т.б. Ата-аналармен жұмыстың барлық түрлері ұжымдық, жекелік және көрнекі-ақпараттық болып бөлінеді.
Ата-аналармен ұжымдық жұмыс түріне өздеріңізге таныс белгілі іс-шаралар жатады.
Біріншіден, бұл - ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы болып табылатын ата-аналар жиналысы. Ата-аналар жиналысында топтың тіршілік әрекетінің мәселелері талқыланады. Ата-аналар жиналысына дайындық кезінде келесі ережелерді ұстану қажет:
- жиналыс мақсатқа бағытталған болуы;
- ата-аналардың өтініші мен қызығушылығына жауап беру;
- нақты белгіленген тәжірибелік мінездеменің болуы;
- диалог түрінде өткізілуі;
-жиналыста бала кемшілігін және бала тәрбиесіндегі ата-аналардың қателіктерін жарияламау керек.
Отбасылық кеңес беру.
Отбасылық кеңес беру- отбасы терапиясының көп түрінің бірі, онда терапевтік қатысу шекарасы мен оны ажырататын белгілері бар. Отбасылық кеңес беру отбасы терапиясын өзара толықтыра отырып бірге дамыды. Отбасылық кеңес беруде басты мақсат, отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу, өзара әрекеттерінің өзгеруіне және жеке тұлғалық жетілуге мүмкіндік туғызу болып табылады.Отбаасылық кеңес беру, отбасы терапиясынан қалай ерекшеленеді? Біріншіден отбасылық кеңес беру ауру тұжырымдамасын қабылдамайды. Екіншіден жағдайды талдауға және отбасын ролдік өзара әрекет тұрғысынан қарауды негіз етеді. Үшіншіден кеңес беру субьектінің жекелік ресурсын табуға көмек және жағдайды шешу мен шығу жолдарын сөз етеді. Отбасылық кеңес беруде теориялық тұжырым когнитивті-мінез-құлықтық терапиясы, рационалды-эмоциялық терапия және басқалар. Осыған байланысты әдістер мен тәсілдердің орны болып табылады.
Отбасылық кеңес беруде қолданылатын сұрақтың түрлері
Әңгіме жүру барысында клиентке сұрақтар қойғаныңыз дұрыс, бірақ сұрақ қою кезінде сақтық көрсету қажет. Сұрақтар бейнелеуге қарағанда жабысыңқы болып келеді. Сондықтан клиенттің өзін тергеу кезіндегі сотталушы ретінде сезінбеуі үшін сұрақ қоя білу қажет. Ашық сұрақтар: бұл сұрақтарды жауаптар ортасының кеңдігі деп түсінуге болады. Мұндай сұрақтар «Не?», «Болады ма?», «Сіз жасай аласыз ба?» немесе «Қалай?» деген сұраулы сөздерден басталады. Сондықтан «Кешкі уақытыңызды қалай өткізесіз?» немесе «Өзіңіздің отбасыңыз жайында айтып бере аласыз ба?» деген сұрақтар ашық сұрақтарының жақсы мысалы бола алады.
Жабық сұрақтар «иә», «жоқ» немесе сан жауаптар түсінігі.
Әдетте мұндай сұрақтарға жауап бір сөзден құралады, ары қарай үзіліс болады, өйткені клиент келесі сұрақты күтеді. Мұндай сұрақтар «Ал сіз...?», «Сіз ... жасадыңыз ба?», «Қанша?» деген сұраулардан басталады. Мысалы: «Сіз өзіңіздің сүйіктіңізге не болғанын айтқан ба едіңіз?» немесе «Қанша бауырларыңыз бар?». Сұрақтардың мұндай түрлері барлық уақытта клиентке көмегін тигізбейді.
Сұрақтардың ашық түрін қолдану ата -анамен әңгіменің жүру бағытын бақылауына жол береді. Әңгімелесукезіндеашықсұрақтардыкөбірекқоюдыңмаңызызор, ал жабықсұрақтардыңсаныназайтукерек.
Күтілетін нәтиже:
- Кәсіптік құзырлықтың деңгейі, сонымен бірге көрсетілетін жағдайлардың деңгейі де көтеріледі;
- Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен жұмысының позициясы өзгереді;
- Ата-аналар мектепке дейінгі ұйым қызметіне қатыса алатын болады;
- Педагогтар ғылыми-әдістемелік деңгейде отбасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәжірибелерін зерттеп біледі;
- Балаларының алдында ата-ананың, ата-аналар алдында педагогтар беделі көтеріледі.
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бекмаганбетова Шалкы Жубатхановна
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Қайнар колледжі
құқықтану пәнінің оқытушысы
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев «ХХІ ғасырда білімді дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық.Біздің болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми қамтылған өндірістері үшін кадрлар қорын жасауымыз қажет.Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап,кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деп атап көрсетті.Бұл талаптар білім саласы қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктейді.Себебі әрбір мемлекеттің болашағы білім жүйесінде шыңдалады.
Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн кәсіптік білім беру орындарының да алдында тұрған басты міндет - өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп,өз кәсібінің шебері,заманауи бағытта жұмыс жасай білетін маманды дайындау. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр.
Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін модернизациялау болып табылады. Білікті мамандар даярлаудағы маңызды бағыттардың бірі – оқытудың жаңа білім беру жүйесін қолдану болып табылады.
Жаңа қоғам педагогы — бұл рухани дамыған, бай шығармашыл үнемі жаңалыққа ұмтылатын тұлға. Педагогтер жастарды ұлттық игіліктер мен ұлттың мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеуге және әр студентті жеке тұлға деп санап, оның жан – жақты дамуына мүмкіндік жасауға даяр болуы керек. Жеке тұлғаның қалыптасуы – бұл үнемі рухани толығу, даралықты, интеллектілікті, ішкі және сыртқы жалпы және кәсіби мәдениетті меңгеру дегенді білдіреді. Қазіргі кездегі білім беру үрдісіндегі өзгерістерді, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай білуі керек. «Қыран – түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз – шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды» демекші, ұстаз-қай кезде де білім ордасының жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Ал жеке тұлғаға білім беріп, тәрбиелейтін, дамытатын, әрине-ұстаздар қауымы. Қоғам талабына сай шебер педагог болу заман талабы болып тұрғаны анық.
Модульдік оқыту технологиясы тиімді ұйымдастырылса, онда студенттердің білімге деген қажеттіліктері, қызығушылығы мен қабілеттілігі, түрлі модульдік оқуды таңдау құзыреттілігі жоғарғы деңгейде қалыптастырылады.
Модульдік оқыту – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.
Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады.
Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті.Оқу модулінің өзгешілігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Содан соң оқытушы осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен, студенттердің өзара әрекет етуіне құрылған. Студенттер қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан кұрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Шәкірт тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу көрсеткеніндей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін қайта оралып,жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында студенттердің бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде студент өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.Студент білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, зертханалық жұмыстар немесе эксперименттік есептер оқу пәнінің ерекшелігіне орай, оқу модулінің қорытынды бөлімінде беріледі.Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология.
Бұл технологияның жан-жақтылығы оны жоғары, орташа, төмен, білім деңгейіндегі студенттермен жұмыс істегенде қолдануға болатындығы. Айырмашылығы тек бағдармалық материалды меңгертудің түрлі деңгейлерінде жұмыс істейтін студенттер санының әр түрлі болатындығында.
Алайда, осы технология бойынша бір топта бірнеше жыл бойы жұмыс істеу барысында, білім деңгейі төмен студенттерді неғұрлым жоғарырақ білім деңгейіне ауыстыруға мүмкіндік берітінін айқындап отырмыз.
Бұл технологияны зерттеп қолданған себебіміз, студенттердің танымдық, шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, олардың пән бойынша алған білімдері күрделеніп және жетік меңгергендегі байқалды.
Олай болса, модульді оқыту әдісімен жан-жақты толық танысып, дидақтикалық материалдарды, көрнекіліктерді, оқыта-үйрету ойындарын, қазақтың ұлттық ойындарын, оқытушының өз тарапынан шығармашылық жұмыс жасау арқылы білім беруді коммуникативтік қарым-қатынас деңгейіне көтеруге және жеткізуіне мол мүмкіндіктер бар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.М.М.Жанпейісова модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002 жыл
2.«Технологиялар арқылы сабақтың тиімділігін арттыру» Ғаламтор желісі
3.Әдіскер –методист журналы №2, 2006 жыл.
4. Білімдегі жаңалықтар №4, 2006 жыл.
5. А.Қайырбекова, Б.Бағысбаева, Әдістемелік құрал.- Алматы, 2012.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ
Егенисова Ақзира Кулжановна
Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы
Маңғыстау политехникалық колледжі
тарих пәні оқытушысы
Қазақстан білім беру жүйесінің алдына қойып отырған мақсаты — инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі, нақты білім беру. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды.
Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке — ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер — бүгінгі білім алушы жастар,оқытушы оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық — психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.
Бұл заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен білімі жоғары ұлағатты ұстаз болу керек деген сөз. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлаудың сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту,... білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады». — деп атап көрсетілген. Сондықтан қазіргі кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын мектеп практикасына белсенді түрде ендіру — қоғам талабы.
Осы бағытта білім беру ұйымдарының алдындағы мақсат – оқытушылар тәжірибесін үнемі жетілдіру және бағалау. Жаңа әдіс –тәсілдердің практикалық қолданысын кеңейту, дамыту болып табылады. Ол үшін жергілікті және облыстық білім беру ұйымдары педагог кадрлардың ізденісі бағытындағы тәжірибе алмасу шараларының формаларын жетілдіріп отыруы қажет. Ұстаздар қауымының республикалық және өңірлік тәжірибе алмасуы үнемі болуы шарт. Алдымызда тұрған міндеттеріміз мынадай: білім алушының өзіндік және жеке ойлауын қалыптастыру,шығармашылық таланттарын жан –жақты ашып көрсету,сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, сабақ үдерісінде АКТ –ны тиімді пайдалану, тарих сабағында білім алушының белсенділігін арттыру,танымдық белсенділігін ынталандыру. оқушылардың ғылыми білім, іскерлік дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру,ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту. Ұлы данышпан Әбу Насыр әл Фараби « Әрекетіміз дұрыс болу үшін біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз »деп атап көрсеткендей ,оқушы жүрегінен жол табам деген ұстаз мына қағидаттарды естен шығармауы тиіс: оқыту мазмұны мен әдіс икемділігінің маңыздылығы қағидаты. Инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқытуға жеке дара қарау, яғни ғаламтор материалдарын тиімді пайдалана білумен білім алушының жаңа тың материалдарды тауып , сұрыптауына мүмкіндік туады. Әл-Фараби: « оқыту дегеніміз – үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру»,- дейді. Оқыту – мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі – мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті. Оқыту процесі – екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.. Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау. Нәтижелі оқытуға қол жеткізу жолында мынадай сұрақтар туындайтыны заңды деп ойлаймын. "Нені оқыту керек?”, "Қалай оқыту керек?: "Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?”, "Кімдерді оқыту керек?”, "Не үшін оқыту керек?” "Қайда оқыту керек?”. Тәжірибеде оқытудың көптеген түрлері қолданылуда. Мұғалімдер барлық пайдалы оқыту түрлерінен бас тартпай, жақсыларын жаңа жүйеге бағыттап тәжірибеге енгізеді. Топтық оқыту, өзін-өзі оқыту – оқушы белгілі бір өздік жұмысты (оқылатын объектімен, оқулық, приборлармен жұмыс істейді, есеп шығарады, зерттеу жұмысы) орындап, оның нәтижелері туралы жазбаша есеп береді. Өзара оқыту (жұптық оқыту) – оқушылар тұрақты жүпта немесе құрамы өзгеретін жүпта жұмыс істейді де, қандай да бір мәселені бір-біріне түсіндіріп, өз тақырыптарын қорғап, жолдасының жұмысының нәтижесін бағалайды . Сындарлы оқытуда .оқушы өз бетінше білім алуды ұйымдастырады, сын тұрғысынан нақты ,мақсатты шешім қабылдауға үйренеді, оқушылар кез-келген сұраққа өмірден мысал келтіре отырып салыстырып жауап береді.
Тарих сабағында оқушылармен жұптық және топтық жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру сындарлы оқытудағы негізгі білім беру бағыты топпен жұмыс жасау арқылы жүргізіледі.Қазақстан тарихы пәні бойынша «1916 жылғы ұлт –азаттық көтерілістің алғышарты, сипаты, мақсаты, барысы мен нәтижелері» деген тақырып бойынша сабақ өтіп, оқушыларға топта жұмыс жасата отырып, жаңа білімді игеруіне бағыт бердім. Сабақтың ұйымдастыру сәтінде мен оқушы назарын сабаққа аудару мақсатында С.Мұқановтың «Ботакөз» романынан үзінді оқып, оқушыларға «Бұл үзіндіде қандай тарихи оқиға суреттелген?» деген сұрақ қойдым. Оқушылар І дүниежүзілік соғыс кезі деп жауап берді. Осыдан соң бүгінгі сабағымыздың сол соғыс кезінде қазақ даласында болған ұлт-азаттық көтерілісі жайлы екендігін хабарладым. Сабақты ілгері апару үшін шағын екі топқа бөліну керек екендігін ескерттім.Оқушыларды өздері ұнататын түстерге байланысты екі топқа бөлдім.Топтарға жаңа сабақтың мазмұнын ашу, түсіну мақсатында тапсырма бердім. 1-топқа көтерілістің болу себебі, мақсаты, сипаты, негізгі ошақтары жайлы оқып постер әзірлеуді тапсырдым. Ал екінші топқа интернет материалдарын пайдаланып көтерілістің басшылары, көтеріліс барысындағы ірі шайқастар, олардың нәтижелері мен тарихи маңызы жайлы деректер алуды тапсырдым және сол іздену жұмыстарын ортаға салып қорғау қажеттігін ескерттім. Екі топта өздеріне берілген тапсырмаларды зор қызығушылықпен орындады, постермен жұмыс жасап қорғады. Бұл сабақта әр топтың алдында ғаламтор жүйесіне қосылған компьютер және ұялы телефондар тиімді қолданылды. Мен бұрын ғаламтор материалдарын өзім таратып беретін едім. Осы сабақта оқушылар өздері оқулықта жоқ көтерілістің басшылары туралы мәліметтерді тауып, оқып үйренді, талдады. Осы тапқан мәліметтерін топ бойынша қорғады. Оқушылар топ бойынша жұмыс жасай отырып бір –бірін тыңдады, оқып үйренді. Тақырып мазмұнын ашты. Тақырып мазмұнын әр топ дөңгелек стол әдісі арқылы қорғады.Жаңа тақырыпты оқушылар өз бетімен меңгеруге бағытталып, жұптық әрі топтық талдау жасау арқылы түсінді. Сабақты бекіту кезеңінде оқушылар өздерінің нені меңгерді,нені меңгермегенін анықтау мақсатында «Жедел жауап» сайысы арқылы өз білімдерін тексерді. Сабақ соңында топтарға әр топтың сабақ барысындағы іс-әрекетіне «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы баға беруін сұрадым. Кері байланысқа түсе отырып сабақтың ұнаған жақтары мен ұсыныстарын оқушылардың өздері дәлелдейді, яғни бұл келесі сабақта алдыңғы сабақта кездескен қиындықтарды жеңуге мүмкіндік туғызады. Топпен жұмыс тәсілін өз сабағымда пайдалана отырып мен бұл әдістің тиімділігіне көз жеткіздім. Бұл тәсіл оқушылардың бір-бірін тыңдай білуіне, сөйлеу мәдениетіне, өздерін сенімді ұстауына, ұйымшыл болуға тәрбиелейтінін байқадым.
Бүгінгі күні республикамызда білім беру жүйесінің түбегейлі өзгеріске ұшырауы анықталғаны баршамызға аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру саласында жаңа модельдердің дүниеге келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып табылады. Прогрессивті концепциялардың пайда болуы, білім беру үрдісінде алға кеткен мемлекеттердің тәжірибесімен танысу және соның нәтижесінде ұлттық білім беру моделін құрастыру бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып табылады, өйткені нарықтық экономикаға негізделген мемлекетіміздің келешегіне мамандар қажеттігінен туындайды. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» — деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын сабақ үдерісінде қолдану арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады :
1. Оқушының белсенділігін арттыру.
2. Шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Оқушы дарыны мен талантын анықтау.
Ұлы ойшыл Уильям Уорд « Жай мұғалім – хабарлайды. Жақсы мұғалім -түсіндіреді. Керемет мұғалім –көрсетеді. Ұлы мұғалім – шабыттандырады» деген екен. Сондықтан ХХІ ғасыр мұғалімі жан-жақты болуы заңды деп ойлаймын. Оқыта отырып тәрбиелеу-қазіргі заман мұғалімінен талап етілетін басты мәселе. Сондықтан атақты педагог К.Д.Ушинскийдің «Оқыту- тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айрылады» деген сөзін үнемі жадымызда сақтасақ деймін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ш.Уәлиханов.Таңдамалы шығармалар жинағы. 25-бет
2.Ақылдың кені /Ұлағатты сөздер/-Алматы, 2008 жыл.
3.Қисымова.Ә.К.Оқыту технологиялары. - Алматы, 2007 жыл.
4.Аймаханова. Қ., Аманова Ф., Әбубакирова А.
Он екі бағытты тәрбие жұмысы баршамызға белгілі. Мен жаңашыл тәжірибемді сіздермен бөлісуді жөн көріп отырмын. Бұл – рейтинг жүргізу арқылы мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, тәрбие жұмысын дұрыс жолға қою, әлеуметтенген тұлға тәрбиелеу.
Мектепішілік рейтингті 2011-2012 оқу жылының екінші жартысынан бүгінге дейін жүргізіп келеміз. Абай атамыз айтқандай, әр қазақ баласының бойында «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» болуы өмір сүрудің негізгі заңдылығы болса, осы үш қасиетті шәкірт бойына сіңіру – ұстаз міндеті. Осы қағиданы ұстана отырып «ыстық қайрат» дегеніміз – спортқа баулу, «нұрлы ақыл» – санасына білім нәрін құю, «жылы жүрек» адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру деп түсінемін.
Бұл бағытта жұмыс істеу үшін ұстаздар, мектеп қызметкерлері және оқушылар арасында рейтинг жүргізуді ұйғардық. Әуелде рейтингті тек оқушылар арасында өткізуді ойластырсақ, кейін ойлана келе ұстаздар мен мектеп қызметкерлері арасында да жүргізуді жөн деп шештік. Бұл жұмыстың тәртібін, жөн-жобасын, неден бастап, немен аяқтау керек екендігін дұрыс білмегендіктен көп ізденуге тура келді. Соңында балдық жүйені дұрыс деп таптық. Балдық жүйеге тоқталғаннан кейін үздіктерді анықтау үшін белгілі бір орын, атақ беру жағын ойластырдық.
Ойлана келе 17 атаққа тоқталдық. Соның ішінде ең негізгілері – «Үздік ұстаз», «Үздік оқушы», «Үздік сынып жетекшісі», «Үздік сынып» атақтары. Келесі кезекте рейтингті жыл бойы жүргізіп, оқу жылының соңында жұмысты қорытындылайтын комиссия құру міндеті тұрды. Комиссия құрамына мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитетінің төрағасы, кәсіподақ ұйымының төрайымы және жастар қозғалысының ұйымдастырушысы, барлығы 7 адам кірді.
Ендігі мәселе жетістіктерді тіркеуге келіп тірелді. Өз жұмысыңыздың нәтижесін көру үшін қайткенде де бәрі әділ, дұрыс болсын деп ойлайсың ғой. Осы жұмысқа мектепте бұрыннан қалыптасқан дүйсенбілік тақырыптық лездемелерді неге пайдаланбасқа деп ойладық та, апта сайын Әнұран айтылып, тақырыптық лездемелер өткізіліп, соңында «Болашақ» мектеп қалашығының мүшелері өткен аптаның қорытындысын шығарып отырды. Әр сынып қорытынды бойынша жетістіктері үшін марапатталып, смайликтер тарату арқылы рейтингке енгізілді. «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» дегендей, бұл жұмысты жеке-дара орындау мүмкін емес болғандықтан, мектеп оқушыларын да қатыстырдық.
Олардың өздері араласса мейлінше шынайы әрі әділ өтіп жатқанына көздері жетеді емес пе? Аудан, облыс, республика, сондай-ақ, халықаралық деңгейде өткен байқаулар мен сайыстардың марапаттары да сынып рейтингісіне енгізілді. Осылайша әр тоқсан сайын сынып ұпайы қорытындыланып, жеңімпаздар аталып отырды. Мектеп өміріндегі белсенділік, тазалық пен форма кию, сынып тазалығы мен көгалдандыру да рейтинг қорытындысында есепке алынды. Сыныптар мен ұстаздар арасында өзара бәсекелестік пайда болып, тәрбие жұмысы алға жылжыды.
Оқушылар тәртіпті, әдепті, ар-намысы биік, ұлтжанды, отансүйгіш, бір-біріне мейірімді, кешірімді болуды үйренді. Жаңа жетістіктерді бағындыруға ынта-жігерлері артты. Жыл соңында, яғни 22 мамыр күні комиссия мүшелері толық жиналып, барлық аталымдар бойынша 3-5 үміткер таңдап алынады. Оларға дауыс беріліп, үздігі анықталады. Есімдері жазылып, қағаз конвертке салынады да 23 мамырға дейін құпия түрде мектеп директорының кабинетінде сақталады. Ал 23 мамыр күні дәстүрге айналған «Үздіктердің үздігі» кеші өтеді. Бұл кешке аудан әкімі, аудандық бөлімдер басшылары, ауданның құрметті азаматтары шақырылып, мектеп ұжымының, жұмысшыларының, оқушылардың жыл бойы алда көрінген үздіктері анықталып, марапатталады. Жыл бойы тыным таппай еңбек еткен үздіктердің үздігінің бойын мектебіне, ауылына, еліне, жеріне деген құрмет сезімі билеп, қуанышты кейіпте тұрғанын көру ұстаз үшін ерекше ғанибет!
Ғазиза ШЕГЕБАЕВА, Үлкен Владимиров орта мектебі директорының
тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, І санатты тарих пәнінің мұғалімі Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы
Egemen.kz
ЗАҢ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Базарбаева Айгул Курманалиевна
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Қайнар колледжі заң пәндерінің оқытушысы
Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі өзінің іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әр түрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны тәрбелеу мәселесін қойып отыр. Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асады.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне жаңа сана мен қоғамдық мәртебе беру және оны айрықша сала ретінде қабылдау қажет,оның бірінші кезектегі міндеті-жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау,икемділік пен білімділік болуға тиісті»-деп көрсетілгендей, білікті маман ғана қоғамды дамытады,экономиканы өркендетеді.Маманның біліктілігі мен кәсіби деңгейінің жоғары болуы оқытуды дұрыс ұйымдастыра білумен байланысты.Бүгінгі қазақстандық білім беру жүйесіндеі айрықша өзгерістер оны «адамның еркін дамуына» оның жоғары мәдениетін,шығармашылық белсенділігін, дербестігін, бәсекеге қабілеттілігін, бейімделгіштігін дамытуға бағыт береді.Тұжырымдамада «маман моделі» кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптар белгіленген. Еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңейге жету үшін жасалып жатқан талпысынтар жағдайында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,терең білімді,ізденімпаз,барлық әс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын,сол тұрғыда өз болмсын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру маңызды міндет болып отыр.Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім беру мен тәрбие жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі студенттердің болашақ кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуына зор ықпал етеді.
Қазіргі таңда білікті маман даярлаушы техникалық және кәсіптік білім жүйесінде бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру үшін, алдымен маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру керек деген әр түрлі пікірлер жиі айтылуда.Болашақ кәсіби құзіретті маман осы ақпараттық қоғамнан қалыспай, жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілетті, нақты бағыт – бағдар беруші болып шығуы – бұл қазіргі заманның талабы.
Құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ кәсіби маманның – қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ.
Студенттердің кәсіби құзыреттілік мәселелері туралы пікірлер кәсіби маман даярлау мәселелерімен айналысып жүрген отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар, психологтар еңбектерінде көрініс табуда.
Модульдік оқыту – нақтылы кәсіптік құзіреттіліктің құрылымдық компоненттерінің қалыптасуына бағытталған, аяқталған топтамалардан құралған оқыту жүйесі.
Тәжірибеде жоғары білім мен құзыреттілікті қалыптастыруда, білім сапасы жұмыс орынында қызметтік міндеттерді атқарумен тікелей байланысты колледжде дуальды оқыту жүйесі енгізілуде: «Заңгер» студенттік-оқу құқықтық кеңес орталығы ашылды, құзыретті маман дайындауда білім мен білік дағдыларын қалыптастыруға негіз болады.
Дуальды оқыту – еуропалық білім беру жүйесінің тәжірибесі көрсеткендей, келешек маманның кәсіптік және әлеуметтік бейімделуінің жетістігі үшін оқу орны мен жұмыс берушінің өзара тығыз қарым-қатынастарының негізі болып табылады. Дуальды оқыту жүйесі негізінде студенттер таңдаған мамандық бойынша терең білім алады.
Аталған әдіс-тәсілдермен оқыту арқылы студенттердің жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін, танымдық және тәжірибелік іскерлігін өмірде дұрыс қолдана алады деген анықтама бере аламыз.
Заңгер кеңесші қызметінің негізгі түрлері: Ұйымдастырушы-басқарушылық-Қазақстан Республикасы заң және нормативті актілер ежелерін ұйымдастырушылық, өндірістік және өзге де қызмет түрінде қолдану; заңның сақталуын бақылау, заң консультациясы, жеке және заңды тұлғаларға заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауда заң шегінде көмек көрсету.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық-мемлекеттік билік органдарында, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ұйымдастыру-басқарушылық функцияны жүзеге асыру, жеке және лауазымды тұлғаларға нормативтік актілер мен заңдар туралы ақпараттандыру, құқықтық білім беру.
Түлектің білу керек ережелері: алған білімдерін, гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылым әдістерін кәсіби қызметте пайдалану; құқық салаларының түрлі нормаларын талқылау; өзінің көзқарасын логикалық сауатты жеткізу әрі жетілдіру; заңды терминдер мен категорияларды жетік білу; құқыққорғау органдарының жүйесін, құрылымын білу; кәсіби қызметінде нормативті құқықтық актілерді пайдалану; құқықтық сипаттағы түрлі құжаттарды толтыру; азаматтық құқықтық, еңбек, әкімшілік-құқықтық, қылмыстық-құқықтық салаларындағы мәселелерді шешу және талдау, ұйымның (мекеменің) құқықтық қызметін жілдіруде ұсыныс және талдау жасау
Түлек білу қажет:нақты қызмет бағытына қажетті құқық нормаларының мазмұнын, олардың өзара байланысы мен кәсіби қызметін жүзеге асырудағы мәнін түсіну, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау түрлерін; мемлекеттің мәні, типтері және түрлерін; құқықтың түсінігі мен түйіні; әділеттілік және оның қағидаларын;ҚР құқық қорғау органдарының жүйесін; іскерлік қарым-қатынастың спецификасы мен психологиясын, заңгер кеңесшісі қызметіндегі кәсіби этика элементтерін;түрлі құжаттарды дайындалуының негізгі ережелері.
Сонымен, кәсіби құзыреттілік дегеніміз ең алдымен студенттің функционалдық сауаттылығы мен кез-келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен көрініс табады. Студент қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз жетілдіріп отыратын, кәсіби білімді, жаңа технологияларды меңгерген, ортамен қарым-қатынасқа тез бейімделе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, т.б. қасиеттерді жинақтағанда ғана кәсіби құзыретті маман бола алады.
Студенттің кәсіби құзыреттілігі кәсіби және жеке сапалардан құралады. Кәсіби құзыретті маман деп өзінің педагогикалық әрекетін жоғары дәрежеде жүргізе алатын, қарым-қатынасқа әрдайым дайын, педагогикалық үдерісте үнемі оң нәтижелерге қол жеткізіп отыратын маманды атауға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 14 желтоқсан, 2012ж.
2.Ш.Х.Құрманалина,Б.Ж.Мұқанова. Педагогика. А., 2007
4.Митина Л.М. Психология профессионального развития учителя. — М., 1998
5.Омарова Л.Т. Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бекмұратова Зухра Сейтхазыевна
Маңғыстау облысы,Мұнайлы ауданы
№12 жалпы білім беру орта мектебі
Қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Қазақ тілін оқыту әдістемесі – отандық білім беру саласындағы ең өзекті мәселе. Қазақ тілі – Қазақ елінің мемлекеттік тілі, Мәңгілік еліміздің тұрақтылығын қалыптастырушы басты дәйектеме. Қазақ тілі қазіргі таңда қоғамдық қатынастағы жоғары рөлге ие болып отыр. Қазақ тілі тек тілдік қатысымдық құрал ғана емес, мемлекеттік қызметкерлермен қатар қазақ мектеп оқушыларына емтихан тапсыратын негізгі міндетті пән. Қазіргі таңда қазақ тілі – білім мен ғылымның тілі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Тәуелсіздік – Алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгіміз бар, оның біріншісі – Елтаңба, екіншісі – Әнұран, үшіншісі – көк байрақ, төртіншісі – қазақ тілі» деген сөзі кім кімді болмасын, ойға қалдырады. Тіл саясаты – мемлекеттің саясаты, ол егеменді еліміздің берік арқауы. Еліміз тәуелсіз болғаннан, егемен мемлекеттің нышандарының бірі ретінде қазақ тілі өзінің тарихи рөлін атқаруда.
Бүгінгі күні қазақ тілін кімдерге оқытамыз емес, қалай оқытамыз, оқыту сапасын қалай көтереміз деген мәселелер төңірегінде пікір алмасуымыздың өзі қол жеткен жетістіктер деп білемін.Сондықтан бүгінгі күннің талабы да қазақ тілін оқытудың озық технологияларынан мағлұмат беріп,саралау болып отыр. Заманымыздың өзі технологиялар кезеңі болғандықтан, қазіргі таңда оқыту технологияларының түрлері өте көп. Атап айтсақ: ынтымақтастық технологиясы,ойын арқылы оқыту технологиясы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы, оқытудың модульдік технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, ақпараттық-коммуикативті технология, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, тірек-сигналдар арқылы оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы.
Қазіргі заманның қоғамдық-әлеуметтік басты мәселелерінің бірі- басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде сөйлей білуі. Осы мәселені шешу барысында жалпы білім беру мектептерінде, орта және жоғары оқу орындарында әртүрлі технологиялар жүйелері еніп, қазақ тілін оқыту әдістемесі де өз нәтижесін беріп келеді. Оқу орындарында жаңа технологиялар арқылы оқыту қазақ тілін үйретудің сапасы мен маңызын арттырады.
Тіл саясаты – мемлекеттің саясаты, ол егеменді еліміздің берік арқауы. Еліміз тәуелсіз болғаннан, егемен мемлекеттің нышандарының бірі ретінде қазақ тілі өзінің тарихи рөлін атқаруда. Ол Елбасы мен Үкімет тарапынан қолдауын тауып, оған бірнеше нормативтік құқықтық актілер айқын көрсеткіш болып отыр, олардың ішінде «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңын, Президенттің Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын айрықша атап өтуге болады. Мемлекеттік бағдарламаның аясында көптеген жұмыстар атқарылды және ол өзінің мәресіне жетті. Мәселен, халықаралық тәжірибе жүйелі зерделеніп және оны Қазақстанға енгізу үшін Қазақстанның ЕО елдерімен тіл саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастық орталығы құрылды, қазақ тілін білу деңгейін бағалау бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесі жетілдірілді, қазақ тілінде балаларға арналған анимациялық және көркем фильмдер шығарылып, шетелдік көркем және мультипликациялық фильмдер «қазақша» сөйлеп, көрермен қауымның ықыласына бөленіп отыр. Осының бәрі – тәуелсіздіктің арқасы. Өткен жылы қабылданған «Ел бірлігі» доктринасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданыс аясын кеңейту, оны меңгеру әркімнің парызы мен міндеті болып саналатыны атап көрсетілген. Сонымен қатар доктринада мемлекеттік тілді меңгеру мен оның қолдану аясын кеңейтуге басымдық беру көзделген. Осы доктринаны іске асыруға көзделген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданып, мемлекеттік тілге арналған және мемлекеттік тілге басымдық беру туралы бірталай іс-шаралар көзделген. Бағдарламаның басты мақсаты - Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты. Мемлекеттік тілді үйретудің жүйесін жасау бағдарламада: «Үздіксіз білім беру моделі арқылы қазақ тілін оқыту жүйесін әзірлеу және енгізу» деген арнайы бағыт ауқымында айқындалған. Бағдарламының осы бағыты бойынша қазақ тілін оқытудың стандарт- технологиясы дайындалды, тіл үйрету қарапайым пайдалануды қамтамасыз ететін А1-А2 деңгейлері бойынша, дербес пайдалануды қамтамасыз ететін В1-В2 деңгейлері бойынша және іскерлікпен пайдалануды көздейтін С1-С2 деңгейлері бойынша мемлекеттік тілді оқытудың көп деңгейлі жүйесі жасалды. Бұл стандарт-технология мектепке дейінгі, орта, арнайы орта, жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі мемлекеттік білім беру стандартына енгізіледі. Яғни, бағдарламада көзделген үздіксіз білім беру моделі арқылы қазақ тілін оқыту стандарт-технологиясы міндеттілікке айналады. Биылғы Қазақстан Президентінің дәстүрлі жолдауында мемлекеттік тілге қатысты: «қазақстандықтардың өзіміз өмір сүріп, елімізді жақсылықтарға бастап бара жатқан туған жерге атауын берген, мемлекеттік қазақ тіліне құрметпен және лайықты оқып үйрене бастағандығын атап өтудің өзі қуанышты. Бұл тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі. Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайыз құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады» деп нақтылап өткен. Бұл «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» ең басты нәтижесі болмақ.
Қазіргі таңда өзекті жан-жақты қаралып жатқан мәселелердің бірі - мемлекеттік тілді оқыту мәселесі. Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу нысаны бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.
Мемлекеттік тілді оқыту мәселесімен айналысып жүрген ұстаздар, тілшілер, ғалымдар көптеп саналады. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәселелерді қарастыра келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамып, жетілуіне үлес қосуда. Солардың қатарында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің қазақ тілі кафедрасының ұжымы да бар. Еліміздің жиырма жылдық тәуелсіздігімен «құрдас» қазақ тілі кафедрасының алдында тұрған мақсаты - өзге тілді аудиторияны қазақ тіліне үйрету ғана емес, сонымен қатар шәкірттердің Отанының қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілігін ұғынып, Отан үшін басын бәйгеге тігер тәуекелге баратын патриот жастарды тәрбиелеу. Сонымен қатар студенттерді арнаулы салалардың кәсіби тіліне, өзіндік сөз оралымдарына, ауызша кәсіби қатынасымға жаттықтыру, оқытылып жатқан мамандықтардың, арнаулы салалардың тірек терминдерімен таныстыру. Қазақ тілінің қоғам өмірінің сан түрлі салаларындағы қолданысын, оның мемлекеттік тіл ретіндегі қызметтерін еркін және мүлтіксіз атқаруы үшін бұл – сөзсіз орындалуы тиіс шарттардың бірі. Қазақ кәсіби тілін, ғылым тілін меңгерген түрлі сала мамандарын, болашақ ғылыми қауым, қазақтілді ұлттық элита қалыптастырудың негізін жасауға, техника саласын қазақша сөйлеуге, салалық кәсіби тілін дамытуға ықпал ету болып табылады. Ғалым Қаныш Сәтбаев студенттердің алдында былай деген екен: «Инженер терең де жан-жақты білімімен көрінуі керек, өз мамандығының аясында тоқырып қалмауға ұмтылсын. Тіл мен стиль - инженерлер үшін ең маңызды құрал. Оларды көркем әдебиетті оқу арқылы әсіресе, классиктерді оқу арқылы дамытып, қалыптастырады». Осы сөз әлі күнге дейін өз мағынасын жойған жоқ.
Қорыта айтқанда, тілдік ахуал уақыт өткен сайын жақсарып келеді. Тәуелсіздік тілді тығырықтан шығарып қана қойған жоқ, оның ғұмырын ұзартты, тынысын кеңейтті. Кеңестік кезең мен қазіргі уақыттың айырмасы жер мен көктей. Тілдік орта қазақылана бастады, тіл үйренуге ықылас артты. Екі тілде еркін сөйлейтін жастар қатары көбейе бастады, қос тілді қос қанатына айналдырған жас билингвист-журналистер ақпарат саласының ажарын аша түсті.
Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, мемлекетіміздің бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы — тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек, Ата Заң аясында бақ-берекеміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық.
Жалпы, тіл жеке адамның шаруасы емес. Мемлекеттік де басыбайлы дүниесі емес. Тіл - халық қазынасы, ұлттық жаны. Тілдің мәселесі - ұлттық мәселесі. Мерейін асыратын да өзіміз, құтын қашыратын да өзіміз. Тіл отбасынан бастау алады, отан аясында дамиды. Отбасы өзіміз де, Отанымыз Қазақстан! Елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде». Ендеше, тілімізді, ұлтымызды отбасымызды қадірлегендей қадірлейік!
Пайдаланған әдебиеттер:
Назарларыңызға 2017 жылғы Қазақстан қалаларының Рамазан айындағы ораза және намаз уақыттарының кестесін ұсынамыз.
Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 300 теңге болып бекітілді. Еске сала кетейік, пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады
Биыл Рамазан айы 29 күн болады. Сәресі ішу таң намазына 10 минут қалған кезде тоқтатылады. Ауызды Ақшам намазының уақыты болысымен ашу керек. Назарларыңызға Қазақстанның әр қаласына арналған Ораза ұстау кестесін ұсынамыз:
Шымкент қаласы ораза кестесі 2017 жыл
Семей қаласы ораза кестесі 2017 жыл
Өскемен қаласы ораза кестесі 2017 жыл
Орал қаласы ораза кестесі 2017 жыл
Қызылорда қаласы ораза кестесі 2017 жыл
Қостанай қаласы ораза кестесі 2017 жыл
Қарағанды қаласы ораза кестесі 2017 жыл
Атырау қаласы ораза кестесі 2017 жыл
Астана қаласы ораза кестесі 2017 жыл
Алматы қаласы ораза кестесі 2017 жыл
Ақтөбе қаласы ораза кестесі 2017 жыл
Ақтау қаласы ораза кестесі 2017 жыл
Тараз қаласы ораза кестесі 2017 жыл
Талдықорған қаласы ораза кестесі 2017 жыл
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Жайлишева А.А.
№38 қазақ орта мектебі
Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ .Келер ұрпақты білімді ету үшін әрине , білім сапасын арттыру қажет.Ал білім сапасы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау арқылы белгіленеді , яғни бағалау- білім сапасын басқарудың негізгі критеийі.
Критериалдық бағалау – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
1.алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
Сабақта критерий арқылы бағалауды қолдану:
-сабақтың мақсаты критерий құрудың негізі болып табылады.
-сабақтың/бөлімнің басында оқу мақсатын түсіндіру.
-алдын-ала критерийлердің үлгісін дайындау, оқу мақсаттарына сай келуін қарау.
-критерийлерді оқушылар тіліне аудару, оларға түсінікті болу үшін өздеріне құрғызу (немесе) бірге құру.
-критерийлерді тақтаға немесе оқушының дәптерлеріне жаздырту.
-белгіленген критерийлерді оқушылардың барлығы бірдей түсінгеніне көз жеткізу.
-оқушыларға өз жұмысын құрылымдауға көмек беру үшін жоспарлауға/жазуға арналған ережелер.
Критериалды бағалаудың функциялары:
Ынталандыру Белсенділік Түзету Дамытушы
Принциптері: Нақтылық Әділдік Жүйелік
Критериалды жүйе арқылы бағаның қойылуы:
Оқытуда зерттеушілік іс - әрекеттердің кеңінен қолданылуы қазіргі талаптарға сай келетін жаңаша бағалау жүйесін қажет етеді.
Критериалдық бағалау жүйесі арқылы:
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;
жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;
оқушылардың білім сапасын арттырады;
оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;
тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу - жиынтық бағалаудың нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр. Жоспарлы сабақтарға критерий құра отырып, берілген критерийлер арқылы мен оқушыларымның өзін-өзі бағалауда, бірін-бірі бағалауда олардың сабаққа деген ынтасының, өзіндік ойы, пікірі қалыптасқанын, есте сақтау қабілеттерінің , пайымдау, ажырату, жаңа бір ой түю, бір-бірінің , мұғалімнің алдында жауапкершіліктері артқанын аңғардым. Оқушыларды бағалауда әділдік пайда болды, берілген критерийлер бойынша неге қол жеткізгендерін, нені білу қажет екендіктерін біліп отырды. Критериалды бағалау арқылы оқушылар өз деңгейлерін анықтай алды. Бұл олардың білім деңгейлерін көтеруіне ықпалын тигізді. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудын тиімділігі, бұрын тақтаға шығып, сабақ айтуға ұялатын оқушылар өздерін еркін ұстай бастады, сабаққа деген ынтасы артты, сенімділік пайда болды және олар бір-біріне көмектесе отырып және олар бір-бірін бағалау арқылы әділ баға қоя бастады.
Критерий арқылы бағалау мұғалімдерге: сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құруға; өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға; оқу үрдісінің сапасын жақсартуға; әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың траекториясын құруға мүмкіндік береді.
Критерий арқылы бағалау оқушыларға: нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге; критерийлерді білу арқылы қате жібермеу, сапалы нәтиже беруге; рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға; бағалау үрдісіне қатысу арқылы білімін тереңдетуге, нақты білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білу, сын тұрғысынан ойлай білуге мүмкіндіктер береді.
А. Байтұрсынов: «Дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ. Ғылым да, тіл де,
табиғат та дамиды. Осындай дамуды, өзгерісті басынан өткеретін күрделі құбылыс та – тіл» деп жазған. Жеке тұлға тәрбиелеуде тіл құзыреттілігінің маңызы ерекше. Әлеуметтік топтарда, қоғамдық түрлі әлеуметтік орындарда тұлғалармен қарым-қатынас жасауды және әрекет етуді қамтамасыз ететін ана тілін және басқа тілдерді меңгеру – заман талабы. Білім алушының тіл құзыреттілігін жетілдіруге критериалды бағалау жүйесінің ықпалы өте зор.Қазіргі заманда дамытудың нақты, бағытты, жүйеленген әдістемелері жасалып, психологиялық қолайлы жағдайлар тудырып отырса, кез келген ерекше қабілетті оқушы дарынды оқушыға айнала алады. Ал дарынды ұрпақ – елдің ертеңі екенін, оқушы жастан белсенді азаматтық позициясымен ерекшеленетін бала қоғамымыздың ертеңгі интеллектуалдық потенциалы, зияткерлік тобы екенін үнемі есімізден шығармайық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ел дамуындағы міндеттер-әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың тұғыры
Атырау политехникалық колледж
Арнайы пән оқытушысы:З.Кенжахметова
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің стратегиялық дамуындағы экономиканың рөлін анықтай келіп, былай деген: “Экономика біздің дамуымыздың басты басымдылығы, ол экономикалық өсімнің барынша жоғарғы қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді.Қазақстандағы қазіргі заманғы қоғамдық – саяси жағдай Қазақстан бұрынғы империяның көлеңкесінде бас сауғалап келген өмірден түбегейлі түрде өзгеріп жатқаны,республиканың демократиялық бағытқа,халықаралық нормалар мен принциптерге адалдығы айқын.Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғары құндылығы-адам,бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін,соның игілігі үшін жасалып жатыр.
Инновациялық кәсіпкерлік – бұл ғылыми – техникалық идеяларды, ұсыныстарды, өнер табыстарын іс жүзінде қолдауға және таратуға болатын деңгейде жеткізу қызметі. Инновациялық кәсіпкерлікті басқару мақсаты – жаңа идеяларды қолдану, бастама көтеру, оларды бақылау, инновациялық өнімді нарыққа шығаруға жағдай жасау болып табылады.
Бәсекеге қаблетті дамыған мемлекет болу үшін біз индустриалды-экономикалық инновациясы жоғары елге айналуымыз керек.
Қазіргі кезеңде экономиканың дамуын жеделдету үшін инновацияға, индустриалды-инновациялық іс-әрекеттерге үлкен маңыз беріліп отыр. Оның нәтижесі XXI ғасырдағы техникалық және технологиялық базаларды жаңартудың негізі болып табылатын инновациялық экономика құру болып шығады.
Инновация – экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, техникалар, өндірістік, әкімшілік, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешімдер, сондай-ақ өзге қоғамдық пайдасы бар іс жүзінде асырылған жеке немесе заңды тұлғалар қызметінің нәтижесі.
Ел дамуындағы міндеттерді іске асыру барысында істеген жұмыстар мен қол жеткізген табыстар аз емес.Ел үкіметі бірнеше бағыттарды жұмыстар жоспарлап,іске асыру барысында жұмыстар жоспарланып,іске асыруда.Атап айтсақ макроэкономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін жеті бағыттағы алдын алу шараларын іске асыруы керектігін президентіміз Н.Назарбаев Қазақстан -2050 бағдарламасында айқындап берді.
Біріншіден халықтың табыс табуын қолдау,екіншіден кәсіпкерлікті дамытуға ынталандыру,үшіншіден қаржы секторның тұрақтылығын арттыр,төртіншіден экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту,бесіншіден көлеңкелі экономиканы қысқарту,алтыншыдан инвестициялық ахуалды жақсарту,жетіншіден экономиканы әртараптандыруды белсендірек жүргізу.
«Индустриалды-инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстырумен көзделген экономикалық даму бағыты.
2003-2015 жж. индустриалды-инновациялық дамуы стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын дамыту көзделген.
Қазақстан Республикасы білім беруді 2011-2020 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына оқу процесіне автоматтандыруды енгізуге қатысты жағдайлар жасау негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталған. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беу жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру Қазақстандық білім берудін сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру біздің алдымызда тұрған ең басты міндет.
Сондай-ақ өнімдердің тапшылығы болмауын және монополистердің тарифтерді негізсіз өсірмеуін қадағалауы қажет.
Жаңа технология – мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.
Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Қазіргі кезеңде білім жүйесінің барлық салаларын нақты түрде ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда.
Еліміздің 20-30-шы жылға дейінгі стратегиялық жоспарында мектептерді компьютерлендіру бағдарламасы қамтылған. Осы бағдарламаға сәйкес қазіргі кезде мектепетердің барлығы жаңа типті компьютерлермен, электрондық оқулықтармен жабдықталып “Интернет” желісіне қосылды.
Ақпараттық технологияны пайдалану енді-енді қалыптасып келеді. Толық ақпараттандыруға жақындаған кезде компьютер мектептегі барлық сыныптарға, барлық пәндерге кіреді. Оқытуды компьютерлендіру туралы сөз болғанда компьютер мұғалімнің орнын баса алмайды. Ол керек оқыту құралы болып қана қалатын, бірақ барынша жетілдірілген көмекші аспап және әрдайым мәлімет ошағы болып қала береді, одан мұғалім қажеттісін ала білуі және оқушыларды осыған үйретіп, бағыт-бағдар беріп отыруы қажет.Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Қазіргі кезеңде білім жүйесінің барлық салаларын нақты түрде ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда.
Еліміздің 20-30-шы жылға дейінгі стратегиялық жоспарында мектептерді компьютерлендіру бағдарламасы қамтылған. Осы бағдарламаға сәйкес қазіргі кезде мектепетердің барлығы жаңа типті компьютерлермен, электрондық оқулықтармен жабдықталып “Интернет” желісіне қосылды.
Ақпараттық технологияны пайдалану енді-енді қалыптасып келеді. Толық ақпараттандыруға жақындаған кезде компьютер мектептегі барлық сыныптарға, барлық пәндерге кіреді. Оқытуды компьютерлендіру туралы сөз болғанда компьютер мұғалімнің орнын баса алмайды. Ол керек оқыту құралы болып қана қалатын, бірақ барынша жетілдірілген көмекші аспап және әрдайым мәлімет ошағы болып қала береді, одан мұғалім қажеттісін ала білуі және оқушыларды осыған үйретіп, бағыт-бағдар беріп отыруы қажет.
Ел дамуындағы міндеттер-әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың тұғыры тақырыбына зерттеу жүзгізу кезінде жұмыстың өзектілігінде аталған қарама – қайшылықтарды айқындалды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына 2004 жылдың 19 наурызындағы Жолдауында еліміздің стратегиялық дамуындағы экономиканың рөлін анықтай келіп, былай деген: “Экономика біздің дамуымыздың басты басымдылығы, ол экономикалық өсімнің барынша жоғарғы қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді...” Осыған байланысты елімізде экономиканы дамытудың негізгі бағыттары былайша тұжырымдалды.ХХІ ғасыр жүз жылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр. Қазіргі кезде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары болып оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерінің одан ары дамыту болып отыр. Елімізде инновациялық кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпорындарда инновациялық технологияларды қолдану арқылы елімізді оңтайлы жағдай жасау керектігі қарастырылды. Инновациялық кәсіпкерлік – бұл ғылыми – техникалық идеяларды, ұсыныстарды, өнер табыстарын іс жүзінде қолдауға және таратуға болатын деңгейде жеткізу қызметі. Инновациялық кәсіпкерлікті басқару мақсаты – жаңа идеяларды қолдану, бастама көтеру, оларды бақылау, инновациялық өнімді нарыққа шығаруға жағдай жасау.
Ол үшін қаржыладыру көздері керек екендігіні белгілі, қаржыландырудың түрлерін қорыта айтып кетсек - ҚР- ның инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері ретінде кәсіпорындардың өз қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық қорлар қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға қайшы емесе қаржыландырудың басқа да түрлері жатады.Басқару теориясының дамуына байланысты жүйелік талдау негізінде күрделі құбылыстармен процестерді зерттеуде жаңа әдістердің пайда болуына сәйкес болжамдарды жасау заңдылықтары туралы жаңа ғылым саласы пайда болды және айтарлықтай тез дамып келеді. Кәсіпкерлік қызметтің даму қарқынын болжау елдегі экономикалық және әлеуметтік жағдайға әсер ететін объективті және субъективті факторларды білу және алдын – ала көрудің негізгі құралы ретінде пайдаланылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
№ 8 жалпы отра мектеп, Мұнайлы ауданы Маңғыстау облысы Қазақстан Республикасы
Туечиева Мадина Джалаевна
Математика сабағын деңгейлеп оқытудың тиімділігі
Резюме
Особое внимание уделено на процессе преподавания урока математики, главный фактор – это приобщение учащихся к творческому поиску, активизация их самостоятельной исследовательской деятельности, так как уникальность занимательной задачи служит мотивом к учебной деятельности, развивая и тренируя мышление вообще и творческое, в частности.
Summary
Particular attention is paid to the process of teaching mathematics lesson, the main factor - it introduces students to the creative search, activate their independent research activities as entertaining uniqueness problem is motivation for learning activities, developing and training the creative thinking in general and in particular.
ХХІ ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алып, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы білім мен ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасы Н.Назарбаев Білім мен Ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын оздыра отырып, дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс, бұл уақыттың талабы» дей келе, өзінің Қазақстан халқына жолдауында болашақ, келесі ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өтетін құндылықтар туралы былайша ой толғады: «... Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымызды қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуы тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз». Білім беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле-жара қарауға болмайды, сонымен қатар онда ғылым мен техниканың, педагогиканың соңғы жаңалықтары да барынша ескрілуі тиіс. Сондықтан да қоғамда болып жатқан әртүрлі шаралардың негізгі мақсаты бір – ол заман ағымынан қалып қоймай, өркениетті мемлекет құруға ұмтылыс жасау. Үздіксіз өзгеріп тұрған заман адамнан сол заман талабына сай білім алып, жаңа істерді меңгеруді, оқу-тәрбие үрдістерін жаңаша дамытып, жаңа педагогикалық технологияларды жүйелі пайдалануды талап етеді. Бұл үрдіс – қазіргі қоғамдағы жалпы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамытуды, сабаққа деген қызығушылығын арттыруды, оқытудың озық технологияларын меңгеруді талап етеді. Қазіргі білім беру саласында оқытудың технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Педагог білім беру іс-әрекетінің субъектісі ретінде оқытудың небір жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын жүзеге асырушы басты тұрға, сондықтан білім берудің барлық оңды өзгерістер мұғалімнің жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттірімен, өзіне және балаларға деген жаңа қатынасымен, жаңаша педагогикалық гуманистік құндылықтарымен тікелей байланысты болады. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік, адамгенршілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологияларды жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр. Олар мысалы, М.Эрдниевтің ірі блокпен оқыту, В.Шаталовтың интенсивті оқыту, Д.Эльконин, В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы т.б. соның ішінде ерекше орын алатын деңгейлік саралап оқыту технологиясы:
Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз. Біздің елімізде өмір-бақи білім алуға мүмкіндік жасалынып отыр. Білім беру жүйесінің басты – міндеті ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру
ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ
Каиржанова Алтынай Тулеубаевна
Әлкей Марғұлан атындағы
№40 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
ІІ (негізгі) деңгей
Әдебиеттік оқу сабағындағы диалогтік оқытудың тиімділігі
Мұғалімдердің алдында тұрған басты міндеттер – салауатты, саналы, білімді ұрпақты қалыптастырып, тәрбиелеу болып отыр. Білім беру үрдісінде оқушының жас ерекшелігіне негізделген ақпартты беру, түрлі тапсырмаларды сәйкестендіре отырып жетілдірудің оқушыға білім беруде үйретері көп. Мәселен оқушының пәнді терең түсінуі үшін, мектепте алған білімін сыныптан тыс жерде және кез-келген жағдайда тиімі пайдалануды қамтамасыз етуде сындарлы оқытуды мақсат етеді. Мұғалімнің ой пайымы мен негізгі көзқарастары және пікірлеріне қатысты шешімдердің төңірегінде іс-әрекет етуде сыныптағы диалогтың маңызы зор. Ғылыми зерттеулер нәтижесі көрсеткендей диалог сабақта оқушының қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың білім деңгейінің өсуіне де септігін тигізеді. (Мерсер және Литлтон 2007) Оқушының ересектермен және достарымен қарым-қатынас жасауы барысында оқуына және өзіндік дамуына тигізетін әсері мол.
Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығында ерекше тұс-оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білу. Кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Ал осы шеберлікті іс жүзіне асыру үшін мұғалімге керегі түрлі жаңа әдіс- тәсілдер. Мен жеті модуль ішіндегі «Оқытудағы жаңа тәсілдерге» көп ден қойдым. Себебі, біз осы кезге дейін де сыныптағы диалогті пайдаланып келгенбіз, алайда оның соншалықты маңыздылығына мән бермеппіз. Мен Александердің (Нұсқаулық, 2004, 48-бет) «Оқытудағы әңгімелесу –қарым- қатынас жасаудың бірсарынды емес, керісінше, идеялар екі жақты бағытта бағытта жүре отырып, осының негізінде оқушының білім алуы жүретін өзара байланысты үдеріс»деген пікірін үнемі басшылыққа алдым. Біз бұрындары дәстүрлі сабақтарда көбіне мұғалім-оқушы арасындағы диалогты құратынбыз. Біз сұрақ-жауап ретінде сұқбат жүргіздік. Ал оқушылардың өзара диалогтік қарым- қатынас жасауы сирек қолданылған. Мен мектептердегі зерттеулерімнің бәрінде де дилогтік оқытудың маңыздылығын түсіндім. Оқушылардың диалог арқылы өзара қарым-қатынас түсетіндігі, диалог арқылы сыни көзқарас қалыптасатындығы диалогтың үш түрлі бағытта жүретіндігін білдім.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерде адамдардың қалай білім алатыны жөнінде заманауи ой-пікірлер ұсынылған. Оқыту- бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің бір тұтас кешені деп айқындалған. Өз жоспарымда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабаққа енгізуді мақсат еттім. Нұсқаулықта көрсетілгендей сыныптағы оқу үдерісінің пайдасын айқындайтын негізгі факторларға тоқталдым,(1) балалардың оқу үдерісін түсіну;(2)нені оқу керектігін түсінуі, (3) оқу үдерісін қалай құрылымдау қажет екендігі туралы ұғымның қалыптасуы;(4) оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеру. Модульдерден оқыту мен оқуды қалай ұйымдастыру қажеттілігін түсіндіреді.
Әлемнің озық тәжірибелеріне сүйенсек, сaбaқтa диaлогтік оқытудың оқушылaрдың сөйлеу қорын молaйтуғa, тіл бaйлығын дaмытудa мaңызы зор. Диaлог– сөйлесудің, әңгімелесудің ең негізгі түрі болып сaнaлaды. Диaлог сaбaқтa оқушылaрдың қызығушылығын aрттырумен қaтaр, олaрдың білім деңгейінің өсуіне үлес қосaтындығы aтaп көрсетілген. Яғни, бaлaның білім aлуғa деген құштaрлығын ояту үшін қaзіргі зaмaндa мұғaлім көп ізденіп, сaбaқтың тиімді өтуіне жұмыс жaсaуы қaжет. Білім сaпaсы оқушының білімге деген құштaрлығымен, қызығушылығынa тікелей бaйлaнысты. Сaбaқ бaрысындa оқудың белсенді әрекет әдістерін қолдaнудың нәтижелілігін осыдaн көруге болaды. Оқудың белсенді әдістеріне: пікіртaлaстaр, өзін-өзі бaғaлaу, тест құру және бірін– бірі тексеру жaтaды. Диaлогтік оқыту aрқылы оқушылaрдың қызығушылығын aрттыру, олaрдың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қaлыптaстыру.
Мұғaлім сaбaқты бaстaмaс бұрын, оқушылaрмен диaлогтa болaды.
Бaлaлaр сaбaқ бaстaмaс бұрын өткен сaбaқты еске түсіру үшін де диологқa түседі. Яғни, негізгі мaқсaт тaлқылaп, жaңa сaбaқпен бaйлaныстыру. Оқушылaрғa белгілі бір тaқырыптa тaпсырмaлaр беру aрқылы сөйлесу, әңгімелесу, сұхбaттaсып тaқырып бойыншa диолог aрқылы ойлaрын жеткізуге үрету өз ойын жеткізуге бaғыт беру. Оқыту бaрысындaғы диaлогқa бaсa нaзaр aудaруын негізгі мaқсaт етеді. Оқушылaрдың бірлескен сұхбaттaсу бaрысындa пaйдa келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелі бaр. Олaр:
-оқушылырдың тaқырып бойыншa өз ойлaрын білдіруіне мүмкіндік береді.
-бaсқa aдaмдaрдa түрлі идеялaрдың болaтындығын оқушылaрдың түсінулеріне көмектеседі.
-оқушылaрдың өз ойының құнды екенін дәлелдеуге көмектеседі.
-оқушылaрды оқыту бaрысындa олaрдың қaндaй деңгейде екендігін aнықтaуғa көмектеседі.
-оқушыларда сабаққа деген қызығушылық пен ізденіс қалыптасады.
-оқушылар өз бетінше ізденуге талаптануға жол ашады.
-оқушылар сыни тұрғыдан ойлануға қалыптасады.
-оқушылардың бір-біріне деген құрметі артады, өз ойын жетілдіріп дамытуға мүмкіндік береді.
Тиімді ұйымдaстырылғaн сaбaқтaр aрқылы aузекі сөйлесуін үйретумен оқушылaрды қызықтырaды. Оқушылaрдың aяқ aстындa диaлогқa түсуі, aуызекі сөйлеу- жұптaсу aрқылы жүзеге aсaды. Оқытудa диaлогті түрліше ұйымдaстыру мұғaлімнің шеберлігінде. Мұғaлім мен оқушы, оқушы мен оқушы aрaсындa диaлог жaсaлынғaн жұмысты соғaн қaрaй бaғыттaу қaжет. Дaярлaнғaн тaпсырмaлaрды оқыту, ойлaу, сaбaқ бaрысындa оқушылaрдың aяқ aстындa диaлогқa түсуі оқушылaрдың ой- өрісін кеңейту үшін тиімді. Сонымен қaтaр aуызекі сөйлеу тілін қaлыптaстырaды, сөздер мен сөз тіркестерінің қолдaнуын, сөйлем құрaстыруды, сұрaқ қоюдың бaрлық түрлерін үйренуге дaғдылaнaды. Оқытудa тәжірибелік мaқсaт оқушылaрдың сөздік қорын бaйыту, сөйлесуге, көргендерін, естігендігін әңгімелеп беруге үйрету. Диaлогтік оқытудa сұрaқ қоюдың мaңызы ерекше. Себебі, дұрыс қойылғaн сұрaқ оқытудың тиімді құрaлы болып тaбылaды және ол оқушылaрдың оқуын жaқсaртa отырып, қолдaу көрсетеді. Оқушылaрдың білетіндігін және білмейтіндігін aнықтaу үшін жaқсы қaрым – қaтынaстық, тілдік дaғдылaр және түсіністікпен қaрaу тaлaп етіледі. Диaлогтік сұқбaттaсу мұғaлімдер де, оқушылaр дa білім aлуғa қомaқты үлес қосaтын өзaрa іс- қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып тaбылaды.
Выготскийдің зерттеуі бойынша оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады, оқушының білім деңгейін дамытуда мұғалім әлеуметтік қолдау көрсетуші рөлін атқарады. Талданатын идеялар ЖАДА аясында қарастырылғандықтан оқыту табысты болады. Әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегіне айналатыны белгілі(Мерсер 2000).Диалог барысында оқушы мен мұғалім нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсап, пікір-алмасу барысында тең құқылы серіктес бола алады. Выготскийдің пікірі бойыншa, оқушылaр нaқты мaқсaттaрды көздеген, көбірек білетін жaндaрмен әлеуметтік қaрым-қaтынaс кезінде ойлaу және сөйлеу дaғдылaрын дaмытaды (Мұғaлімдерге aрнaлғaн нұсқaулық, 38 бет) дегендей, сaбaқ бaрысындa топ болып жұмыс жaсaй отырып, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығaрмaшылыққa бaулып, ойлaу және сөйлеу дaғдылaрын дaмытуғa, пікірін дәлелдей білуге, қорытынды жaсaуғa мaшықтaндыруғa, оқушының aқыл-ойын дaмытып, өзіндік дүниетaнымын қaлыптaстыруғa, сaбaққa ынтaсын aрттырып, тaпсырмaны орындaу бaрысындa жіберілген қaтелер мен кемшіліктерді уaқытындa aнықтaп, түзетуге мүмкіндік беруге тырыстым. Блум тaксономиясы бойыншa жоспaрлaнғaн сaбaқтa топтaғы оқушылaр смaйликтер aрқылы бaғaлaғaндa көңілдері көтеріліп, ерекше бір ортa қaлыптaсқaндaй болды. Сабақ барысында оқушыларды "Жарайсың!","Сен керемет жауап бердің!" "Тамаша!" деген сөздермен ынталандырып отырдым. Бұл ынталандыру балалардың көңіл-күйін жақсартты. Бағалауды фишкалар тарату арқылы жүргізіп отырдым. Бүгінгі таңда әрбір ұстаз заман ағымынан қалмай соған ілесе алуы тиіс. Қоғам дамыған сайын баланың да ой, талабы өсуде. Біз ұстаздар білім берудің жаңа тәсілдерін оқып –үйреніп, оны өз сабақтарымызға ендіріп оқытуымыз қажет. Біздің қарастырып отырған мәселелеріміз бүгінгі ұстаз білімі мен біліктілігі туралы болып отыр. Яғни, ұстаз беделі –оның білімі мен біліктілігінің көрінісі. Педагогика саласындағы "жаңашыл мұғалім" үнемі ізденісте болады. Өз-өздерін дамытады, инновациялық жаңалықтарға үн қосады. Ғылыми жұмыстармен де айналысып, қоғамдық қызметтерге де тартылады. Бұл ойларда қуаттай түсетін ұлы адамдардың сөздерін тағы қайталайға тура келер. Мысалы,Сенека"Өзгелерді үйретіп жүріп, өзіміз де үйренеміз,"-десе, орта ғасырда қазақ жерінде өмір сүрген Ж.Баласағұн "Екі-ақ адамды адам деуге болады: Бірі- үйренуші, екіншісі –үйретуші "дейді. А.Байтұрсынов "Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады" десе, Ж.Аймауытов "Бала ынтасын ояту үшін, оқытатын нәрседе бір жаңалық болуы керек"деген ойлары әлемдік ақыл-ой антологиясының мәйегі десек қателеспеспіз . Бұның бәрі ұстаз еңбегінің қай кезде де елеулі, қоғамдық өмірде өзіндік орны барын көрсетеді ."Қазіргі заманның мұғалімі қандай болу керек?" Білім берудің ұлттық модульдеріне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогикалық диагностика қоя білетін іскер мұғалім. Іскер мұғалім өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар әкелу. Нәтижеге бағдарланған білім берудің негізі –оқушының дара тұлғалық, дарындылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Бүгінгі таңда білім беруде оқушыға тек ғана білім, білік дағдыларын ғана қалыптастырып қоймай, алған білімін өмірлік қажеттілігіне жарата алып, оны шығармашылықпен іске асыру жолдарын игеруді үйрету оқуға деген танымдық қызығушылық қабілетін арттырып, өз білімін әрқашан кеңейту қажеттілігін сезінуге жетелеу көзделеді. Бұрынғы оқушы тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Осындай тұлғаны оқыту үшін оқытудың жаңа тәсілі қажет. Мен өз сабақтарыма мүмкіндігінше оқытудың жаңа тәсілдерін диалогтік әдіс-тәсілді кіргізуге әрекет жасадым. Мәңгілік өмірдің нышаны –рухани құндылықтардан тұратынын баланың ұғым-түсінігіне сай жеткізе білу керек, сол өмірдің өзінен алынғандай қарапайым мысалдармен түсіндіре алған ұстаз құзіреттілігін мойындамайтын жан болмас. Қорыта келгенде диалог барысында оқушылардың таным белсенділіктерін арттыруға, өзіндік ізденуді жүзеге асыруға, логикалық ойлаудың пайда болуына, өзін- өзі дамытуға жағдай жасайды. Сабақтарда оқушы критерий айтуға, топпен ақылдасуға, түрлі идеялар мен пікірлердің қалыптасуына қол жеткізеді. Оқушы алған тәрбиесін өз мақсатына жету үшін білім кілті арқылы ашып, пайдаланады. Неғұрлым білімді болған сайын, ілгерілеу соғұрлым жылдамдайды. Ендеше тәрбие бар жерде мақсат бар, мақсат бар жерде білім басты қажеттілік болмақ. Оқушыны өмірге дайындап, оларды білімді азамат болуы үшін тәрбиенің барлық түрін ұйымдастыра жүргізуіміз қажет деп білемін. Ендігі менің ұстaнымым Монтессоридің мынa қaнaтты сөздерімен үндес: «Менің өзім жaсaуым үшін мaғaн көмектес (үйрет емес!)». (A.Әлімов, 2013)
Қорытa келе, оқушылaрдың білетін, білмейтіндігін aнықтaу үшін жaқсы қaрым-қaтынaс, тілдік дaғдылaрының болуын тaлaп ететінін яғни, мұғaлім мен оқушының aрaсындaғы немесе топтaғы оқушылaрдың aрaсындaғы қaрым -қaтынaс диaлог aрқылы жүзеге aсaтынын түсіндім.
- Диaлогқa түсу aрқылы оқушылaрдың сөздік қоры дaмыды.
-Зерттеушілік әңгіме aрқылы сaбaқ бaрысындa өз ойлaрын еркін жеткізе aлды.
- Білімді игеруге жaуaпкершілігі aртты.
- Топтық жұмысқa дaғдылaнды, әңгімелесу aрқылы тaқырыпты aшуғa қaлыптaсты.Диaлог aрқылы пәнге қызығушылық aртaды
- Сын тұрғысынaн ойлaу тaпсырмaлaры aрқылы, оқиғaны ой елегінен өткізіп, қaлыптaсa бaстaды.
-Ынтымaқтaстықтa жұмыс істеуге, өз ойлaрын ортaғa сaлуғa дaғдылaнa бaстaды.
2.Мен неге қол жеткіздім және қaлaй өзгердім:
- Оқушыларға ынтымақтастық ортa жaсaу aрқылы, оқытуғa үйрендім.
- Оқушыларға дайын мәліметтер бермей, өзіндік әрекеттер мен қөзқaрaс қaлыптaстыруғa итермелеймін.
- Сыни сұрaқтaр, мысaлдaр aрқылы, өмірмен бaйлaныстыруғa күш сaлдым.
- Әр сaбaқ сaйын өзгеріске ұмтылып, жауапкершілігім артты, дaмудың бaсты aлғышaрты ретінде бір орындa тұрмaй, әрдайым ізденісте болу керек екендігін түсіндім.
- Әрдайым оқушының пікірімен сaнaсып, көзқaрaсын ескеруді үйрендім.
-Үлгерімі төмен оқушылaрдың тaрaпынaн ынтaның aз болуы, өз ойлaрын шешіліп ортaғa сaлмaуы.
-Кей сaбaқтaрдa тaпсырмaлaр көптігінен уaқыттың жетіспеуі.
-Бaғaлaудa кейбір оқушылaрың сенімсіздік танытуы.
- Оқытудың тиімді әдістерін сaбaғымa енгізіп, түрлендіріп отыру.
- Әpбip сaбaқтa бaлaлapдың oйлaу қaбiлеттеpiмен шығapмaшылықтapын дaмыту.
- Күнделiктi сaбaқтapымдa қысқa меpзiмдi жoспapдың тиiмдiлiгiн сapaпқa сaлып oтыpу.
- Әpбip сaбaқтaн қopытынды шығapып, кедеpгiлеp бoлдыpмaу үшiн түpлi жұмыстapды жүpгiзу.
- Бaсқa мұғaлімдермен үздіксіз тәжірибе aлмaсу
- Бaғaлaу критерийлерін жетілдіру.
- Сын тұрғысынaн ойлaуды дaмыту.
Алдағы уақытта әріптестеріме өз тәжірибеммен бөлісіп, білім деңгейімді арттырып, жaңaлыққa ұмытылaмын. Жас ұрпақты сыни ойлайтын , шығармашыл тұлға тәрбиелеу үшін бар күш жігерімді жұмсаймын.
Мен күшiмнiң жеткенiнше туғaн елiме пaйдaлы aдaм бoлaйын деген негiзгi oйымнaн, тaлaбымнaн еш уaқыттa дa қaйтпaймын.
Ы.Aлтынсapин.
Багимова Құралай Сағымбекқызы Баянауыл ауданы
№2 Баянауыл ЖОББ мектебінің кітапхана меңгерушісі.
Кітапхана –мектеп мәдени өмірінің орталығы «ХХ1 ғасыр - білім мен ғылымныңғасырыболады», деп Елбасымыз атап айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Осы жерде кітап пен кітапхана жұмыстарының сырт қалып қойып жататыны белгілі. Жастарымыз кітап пен кітапхананы жаңа заманның ақпараттық технологияларымен айырбастап жібергені анық. Кітапхана – дүниеде ештеңеге теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. «Кітап- білім бұлағы»демекші , осынау білімінің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді
сусындатып, оларды рухани дүниесін молайтып, тағлымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны зор. Мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен , атқарар қызыметі үлкен. Мектеп кітапханасының алдында тұрған басты мақсаттардың бірі -, ролі өте зор. Кітапханашылар оқушыларға маңызды ақпараттық ресурстар мен қажетті кітаптарын тауып беріп отыру , электрондық оқулықтарды ұсына отырып , жаңалықтардан қажетті білімді таңдап алуға ықпал етеді. Бұл- оқу тәрбие үрдісіндегі мектеп кітапханасының мәртебесін көтеру. Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Білімді болу үшін рухани дүниеміз бай , оған қоса адамгершілік , кішіпейілділік, қайырымдылық қасиеттеріміз болу керек. Кітапханашылар өзі оқып білген жаңалықтардың бәрін оқырман бойына сол қалпында жеткізеді де жанға жайлы жаңалық тудыра отырып, қиялының шарықтауына, қайырымды бәсеке мен достық қарым-қатынас орнауына жағдай жасауға тырысады. Әрбір кітапханашы өзінің оқырмандарын, яғни мектеп оқушыларын Отан сүюге баулу,туған жерін қастерлеуге үйрету, Қазақстанның ертеңі мен болашағын бүгінгі ұрпақтың өз қолында екеніне көздерін жеткізу,терең білімді, парасатты, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Қазақстан Республикасы кітапханалар ассоциясының ұйымдастыруы мен ел көлемінде өткізіліп келе жатқан «Бір ел- бір кітап» акциясының маңызы өте зор. Бұл акция- кітап оқитын қауым мен оқырмандарымыздың көбеюіне, ұрпақтың рухани құндылыққа ден қоюына мол мүмкіндік берері сөзсіз. Жас ұрпақты парасатты да білікті, мәдениетті де , білімді етіп тәрбиелеуде, олардың жан дүниесін дамытуда мектеп кітапханасының алатын орны ерекше. Кітапхананың тіршілігіне жан беретін кітапханашылар. Ұлттық құндылықтар мен оқырмандар жалғастырушы,үгіт- насихат жүргізуші , педагог- психолог және көмекші әрі ұстаз, әрі үйретуші – кітапханашылар. Олай болса ,Қазақстанның болашағы біздің де қолымызда , аянбай,өз үлесімізді қосайық .
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, МҚКК «Қуаныш» мектепке дейінгі ұйымның
ересектер тобының тәрбиешісі: Сарсенбекова Гульназ Шарамазанқызы
Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын
бір шарт — жас күнде көрген өнеге.
Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі
"Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе,жұбайлардың бір-бірінің алдындағы , ең бастысы, балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз" Н.Ә. Назарбаев
Отбасы-адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі.Отбасы-адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі.Отбасы-адам баласының түп қазығы, қайнар көзі.Отбасында ата-ана арқылы берілетін тәрбиенің мақсаты-баланың жасын жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, өз тегін жалғастыратын лайықты ұрпақ тәрбиелеу.
Бұл Мәреге жету үшін отбасындағы тәрбие мынадай міндеттерді шешу керек:
-Баланың тағдырына физиологиялық өсіп-жетілуіне, денсаулығына жағдай және қамқорлық жасау керек.
-Бала тәрбиесіндегі барлық ұстанымдар мен тәрбие әдістерін, талап-тілектерді балаға деген махаббат сезіндіруге лайықтап реттеу;
-Балаларының өзіндік бағасымен санаса отырып, қоғамның толыққанды мүшесі болуға даярлау;
-Еңбек сүйгіштікке баулу, баланы күнделікті үй шаруашылығындағы еңбекке дағдылындыру;
-Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасы тіл тауып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету;
-Білім алудың мәдени мінез-құлықтың әдет дағдыларын қалыптастыру;
-Баланың икемдігін, қабілетін байқап, мамандық таңдауға бағыт беру, бағдарлау;
-Әдебиетке, өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын (жас ерекшелігіне қарай әдеби кітаптармен, ойындармен қамтамасыз ету, театр, мұражай, көрме, галареяларға апару) тәрбиелеу;
-Баланың ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауын қадағалау, бақылау, тексеру, бағалау;
-Тәртіпке, ұқыптылыққа ,жауапкершілікке, ойшылдыққа т.б. баулу;
-Өзін-өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу;
-Отбасында баланың әлеуметтік рөлін білуге міндеттеу;
-Баланы өз тегін жалғастыратын сабақтастыққа, болашаққа жұбайлық өмірге тәрбиелеу.
-Отбасы-адам баласының түп қазығы, қайнар көзі.
-Отбасында ата-ана арқылы берілетін тәрбиенің мақсаты-баланың жасын жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, өз тегін жалғастыратын лайықты ұрпақ тәрбиелеу.
Ата – ана баласына өз отбасын қадір тұтудан бастап, туған - туыс, Отан, Қазақстан деген ұғымдарды терең түсінгені, құрметтеп қарауға тәрбиелеу керек екенін ұғындыру.
Ата - ана жауапкершілігі бәрінен биік болмақ. Сондықтан ата - ана басты талапты өздеріне қойғандары жөн. баланың тәрбие алуына қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасауына әрбір ата – ана педагогикалық әдіс - тәсілдерге сүйенгені дұрыс.
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, МҚКК
«Қуаныш» мектепке дейінгі ұйымның ересектер тобының тәрбиешісі:
Сарсенбекова Гульназ Шарамазанқызы
Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі»
Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын
бір шарт — жас күнде көрген өнеге.
Жүсіпбек Аймауытов
Кіріспе
"Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе,жұбайлардың бір-бірінің алдындағы , ең бастысы, балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз"
Н.Ә. Назарбаев
Отбасы-адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі.Отбасы-адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі.Отбасы-адам баласының түп қазығы, қайнар көзі.Отбасында ата-ана арқылы берілетін тәрбиенің мақсаты-баланың жасын жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, өз тегін жалғастыратын лайықты ұрпақ тәрбиелеу.
Бұл Мәреге жету үшін отбасындағы тәрбие мынадай міндеттерді шешу керек:
-Баланың тағдырына физиологиялық өсіп-жетілуіне, денсаулығына жағдай және қамқорлық жасау керек.
-Бала тәрбиесіндегі барлық ұстанымдар мен тәрбие әдістерін, талап-тілектерді балаға деген махаббат сезіндіруге лайықтап реттеу;
-Балаларының өзіндік бағасымен санаса отырып, қоғамның толыққанды мүшесі болуға даярлау;
-Еңбек сүйгіштікке баулу, баланы күнделікті үй шаруашылығындағы еңбекке дағдылындыру;
-Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасы тіл тауып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету;
-Білім алудың мәдени мінез-құлықтың әдет дағдыларын қалыптастыру;
-Баланың икемдігін, қабілетін байқап, мамандық таңдауға бағыт беру, бағдарлау;
-Әдебиетке, өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын (жас ерекшелігіне қарай әдеби кітаптармен, ойындармен қамтамасыз ету, театр, мұражай, көрме, галареяларға апару) тәрбиелеу;
-Баланың ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауын қадағалау, бақылау, тексеру, бағалау;
-Тәртіпке, ұқыптылыққа ,жауапкершілікке, ойшылдыққа т.б. баулу;
-Өзін-өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу;
-Отбасында баланың әлеуметтік рөлін білуге міндеттеу;
-Баланы өз тегін жалғастыратын сабақтастыққа, болашаққа жұбайлық өмірге тәрбиелеу.
-Отбасы-адам баласының түп қазығы, қайнар көзі.
-Отбасында ата-ана арқылы берілетін тәрбиенің мақсаты-баланың жасын жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, өз тегін жалғастыратын лайықты ұрпақ тәрбиелеу.
"Шаңырақ" ата-аналар тәлім-тәрбие отауы
"Бала-басты байлығымыз, ал ең асылымыз-оның тәрбиесі" деген мақсатты көздей отырып, ата-ана және ұстаз арасындағы байланысты нығайту үшін ұйымдастырылған тәрбие отауының келешек ұрпаққа берері мол.
Кел шәкіртім, ел салтын еске алайық,
Қариялар сый-құрметке лайық,
Бабалардың өткен жолы - өнеге
Әдет-ғұрпын халқымыздың сақтайық.
Мақсаты:
Ата-аналарды мектеп өмірімен байланыстыра отырып, ұлттық тәрбиенің асылын дәріптеу.
Міндеті:
-баланы үйлесімді дамыту;
-денсаулығына қамқорлық жасау;
-оқуына көмек көресету;
-еңбек тәрбиесін жүзеге асыру;
-мамандық таңдауға көмектесу;
-интелектуалдық даумуына қамқорлық жасау;
-қызығушылыыған, қабілеті мен бейімділігін, шығармашылығын дамыту;
-өзін-өзі тәрбиелеп дамытуға дайындау
Тренинг
Тақырыбы: « Бала тәрбиесіндегі ата - ана жауапкершілігі »
Мақсаты : ата – аналарды балаларға жауапкершілікпен, ұқыпты қарауға шақыру.
Міндеттері: 1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі
Әдіс тәсілдер: Жиын, әңгімелесу, көрсету
Керекті құралдар: компьютер, қағаздар, қаламдар
Барысы: « Ұстаз - бағбан, бала - гүл » деген қағида әр тәрбиешінің ұстаздық ұстанымы. Осы қағиданы ата – ана мен ұстаз бірігіп пайдалансақ балабақша бала үшін ең сүйікті мекенге айналар еді. Бағбанға гүлдің әйтеуір өскенінен, әдемі болып өскені қажет екендігі сияқты, ата – ана мен ұстазға да баланың әйтеуір ержеткенінен, әдепті болып есейгені қажеттірек.
Бағбан өзінің өсірген гүлінің санымен емес, сапасымен мақтанатыны сияқты, ата – ана да баласының әдептілігімен мақтануы тиіс
- соңғы кездерде балаңызда қандай өзгерістер болды?
- Сіздің балаңыз өз жауапкершілігін сезіне ме?
1 . « Мен күнмін » ойыны
Мені балам не үшін сыйлау керек? Осы сұрақ төңірегінде екі топ мүшелері бірігіп отырып өз пікірлерін жасады. Содан кейін әр топтан бір мүшесі шығып таныстырады. Қорыта келе екі топ мүшелері
- адамгершілік
- имандылық
- тәртіпті
- жақсы қасиет
- өтірік айтпайтын
- еңбексүйгіш
- қайырымды
- қарапайым
- адал, ұқыпты, батыл , сезімтал, намысқой, жәгерлі т.б
ІІ. Сіздердің балаларыңызда сіздерді мақтан тұтады
Олар өздерінің жанұясы туралы былй дейді:
- менің жанұям менің бақытым
- мен папм мен, мамаммен бақыттымын
- мен мамамды өте жақсы көремін
- мен, ше папамды
- мен үйдегілердің барлығын сыйлаймын дейді
ІІІ біздің балаларымызға кейде онша көңіл бөлінбейді.
Балаларымыз шеттеп, көңілі жабырқаулы күйде жүреді. Сол кезеңдердегі балаларымыздын ойы:
- мен олардың ұрысқанын қаламаймын,
- алысқа кеткенін жақсы көремін
- маған папам көп ұрсады
- менің істеген ісімді дұрыс емес дейді
ІҮ . Не себепті көңілі толмайды?
Гүлдің сусырап, шөлдейтіні сияқты, бала да ынта ықыласқа шөлдейді. өйткені ата - ананың балаға бар жағдайды жасаудан басқа , мейірімі, жылуы, қамқорлығы қажет.
Ү. Жауапкершілік дегеніміз не?
Баланың азамат болып қалыптасуына мұғалім мен ата – ана жауапкершілігі.
Ата – аналар ойы: Жауапкершілік дегенімі өзінің іс - әрекеті туралы біреуге есеп беру қажеттігі. Жауапкершілікті болу үшін мұғалім мен ата - анада қандай қасиеттеп болуы керек?
Тәрбиеші:
- баланың дүниетанымын өзгерту мүмкіндігі бар
- ата – анаға талап қойылады
- балаға да талап қойылады
Ата – ана
- мәдениетті
- жан – жақты
- уақыт бөле білу керек
- психологиялық көңіл күйі
- дүниетанымы
- ойлау қабілеті
- өзін – өзі тәрбиелеу
- мұғаліммен қарым – қатынаста болуы қажет
Бала ата – ана мен мұғалімнен қандай өнеге ала алады? Әке мен шеше өзін тәрбиешімін дей отырып, өздері де тәрбиеге енуі қажет Бүлдіршіндер өнерімен қорытындыланады.
Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде ата - ананыңда, тәрбиеші - ұстаздың да атқаратын ролі зор. Жас күнінде бала қандай тәрбие алса сол ізбен алға қарай өседі. Тәрбие кезінде отбасының, балабақшаның да алатын орны бар.
Ата – ана баласына өз отбасын қадір тұтудан бастап, туған - туыс, Отан, Қазақстан деген ұғымдарды терең түсінгені, құрметтеп қарауға тәрбиелеу керек екенін ұғындыру.
Ата - ана жауапкершілігі бәрінен биік болмақ. Сондықтан ата - ана басты талапты өздеріне қойғандары жөн. баланың тәрбие алуына қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасауына әрбір ата – ана педагогикалық әдіс - тәсілдерге сүйенгені дұрыс.
МҚКК «Қуаныш» бөбектер балабақшасы