ЕРТЕҢГІ ҚОҒАМ ИЕЛЕРІ - ДЕНІ САУ ҰРПАҚ
Бастауыш сынып мұғалімі
Шотыбасова Лаззат Асановна
«Денсаулығын ойлаған, жан сарайын таза ұстар»
Халық даналығы
Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды мәселе.Денсаулық-адамның ғұмыры бойындағы әлеуметтік белсенділігі мен тиімді еңбекке қабілеттілік дәрежесін, биологиялық, физиологиялық және психологиялық қызметін сақтауы мен дамыту мүмкіндігінің кепілі. [2]
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050»стратегиялық
бағдарламасында «Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз
қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық,
экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір
адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз»,
-деген болатын [1, б3].
Жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесі туралы идея, озат тәжірибелер мазмұны түрлі елдерде тарихи кезеңдерде философтар мен педагогтардың, психологтардың тұжырымдарына негізделген [2].
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің қайнар көздерін, тарихи
даму кезеңдерін сараласақ, олардың мынадай жағдайларға байланысты
пайда болатынын анықтауға болады:
– дене дайындығы жетілген, денсаулығы мықты адамдардың
қажеттілігінен туындаған қоғамдық өмірдің іс-тәжірибесі;
– әр түрлі тарихи кезеңдерде ойшылдар мен ағартушылардың жан-
жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-тұжырымдары мен
идеялары;
– үйлесімді дамыған, жан-жақты, білімді де білікті ұрпақ
тәрбиелеудегі озат педагогикалық іс-тәжірибелер мен ұсыныстар;
– дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі саласындағы ізденістер мен
ғылыми негізделген тұжырымдамалар;
– дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін дамыту жөніндегі
мемлекеттік сұраныстар.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 37-бабында былай делінген: «Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үрдісі білім алушылардың тәрбиеленушілердің денсаулығын ескере отырып, жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ауруына жол бермеу, денсаулығын нығайту, дене бітімін жетілдіру, салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі қажетті шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі». [1]
Бүгінгі қоғамымызда салауатты өмір салтына деген көзқарастың жеткіліксіздегі азаматтардың рухани деңгейінің төмендеуіне және соның нәтижесінде жағымсыз жағдайлардың кең өрістеуіне себепкер болып отыр. Жастар денсаулығының нашарлауы, олардың ағзаларының ауруға қарсы тұру қабілетінің әлсіздігі,азып-тозуы, тез шаршау, өмірінің қысқа болуы – жайттардың айқын көрнісі. Бұл мәсілелердің бәрі жастардың арасында тәрбие жұмыстарының жұтандығының салдары екені даусыз. [3]
Жастары әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса – ол мемлекет қашанда әлсіз, қорғансыз. Жастар – болашақ, ал бізге болашағымыздың айбындығы мен жарқандығы қажет. Келешегінен үміт күткізіп отырған бүгінгі жастар – ертеңгі қоғам иелері. [3]
Қазіргі таңда оқушылардың денсаулығын сақтау, білім мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан жаңа ғасырда табалдырықтан аттап, мектебіміздің есігін айқара ашқан кезде «бүгінгі күн заманымызға сай» оқушымыз, ұстазымыз қандай, мектебіміз қандай болу керек?» деген сан сұраулар көкейімізде тұрды. [2]
Елде спорт секцияларында 803 мыңнан астам бала немесе жалпы білім беру мектептері оқушыларының жалпы санының 33,0 %-ы (2,5 млн. мектеп оқушысы) спортпен шұғылданатын 24 мыңнан астам дене шынықтыру ұжымдары жұмыс істейді. Республикада 1978 спорт клубы, соның ішінде 106 балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі клубы, 662 балалар мен жасөспірімдер клубы, 1010 дене шынықтыру-сауықтыру клубы және 164 спорт түрінен кәсіптік клуб жұмыс істейді, онда 376 мың адам шұғылданады.
Елімізде халықтың 3 %-ын құрайтын 486 мыңнан астам мүгедек тұрады, олардың ішінде 45 % адамға спортпен шұғылдануға тыйым салынбаған. Осы санаттағы адамдар арасында 15,5 мың адам дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады, бұл 7,7 %-ды құрайды (2010 жылы – 6,5 %).
Бүгінгі күні республикада 193 мүгедек спорттың әр түрінен Қазақстан Республикасының спорт шеберлері болып табылады. 2011 жылы 57 адам спорт шебері, 9 адам халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативтерін орындады.
Жыл сайын спортшы-мүгедектер арасында республикалық және халықаралық деңгейде 70-тен астам спорттық-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылады және өткізіледі, оған 5 мыңнан астам адам қатысады.
Елде бұқаралық дене шынықтыру-спорттық қозғалысты дамытудың нәтижесі отандық спортшылардың Олимпиада және Азия ойындарындағы, әлем және Азия чемпионаттарындағы жоғары жетістіктері болып табылады.
Осы кезеңде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар санының тұрақты өсу үрдісі байқалады. Егер 2007 – 2014 жылдарға арналған Дене шынықтыру және спорттың дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың басында 2007 жылы спортпен шұғылданушылар саны ел тұрғындарының (15 %-ы) 2,3 млн. адамын құраса, 2008 жылы 2,35 млн. адамға артқан, 2009 жылы 2,4 млн. адам, 2010 жылы 2,8 млн. адам (17,7 %), 2011 жылы 3,3 млн. адам немесе 20,0 %-ын құраған.
Шетелде бұқаралық спорт бірінші кезекте халықты сауықтырудың, өзін-өзі жетілдіруге қол жеткізудің, өзін көрсетудің және дамытудың тетігі, сондай-ақ зиянды әрекеттерге қарсы күрестің құралы болып табылады. Сондықтан мемлекеттер халықты бұқаралық спортпен айналысуға тартуды негізгі мақсат ете отырып, бұқаралық спортты дамыту мәселесіне ерекше мән береді. Бұқаралық спортты дамыту үдерістерінің негізгі сипаттары: бұқаралық спортты қолдауда мемлекеттің рөлін, сондай-ақ осы саладағы қызметті ұйымдастырудың барлық нысандарының рөлін арттыру, бұқаралық спортты алдын алу және емдік іс-шараларда пайдалану, әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың алдын алу, жастарды адамгершілік, эстетикалық және зияткерлік тұрғыда дамытуда спортты пайдалану болып табылады.
Дені сау бала оқу үрдісіне белсенді, әрдайым жайдары, көңіл күйі жоғары жүреді. Сондықтан да мектептің негізгі міндеті - әр оқушының денсаулығының нұқсан келтірмей, нығайта отырып, оқуға құштарлығын ояту, әрбір баланың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жақсы қасиеттерін дамыту. [2]
Сондықтан да болашақ мұғалімдерге қойылатын жаңаша талаптар
мен өзгерістер туындап отыр. Бұған себеп қазіргі кезде жеке тұлғаның қоғамдық және әлеуметтік мәні дене тәрбиесі мұғалімінің назарынан да тыс қалмауы қажет. Дене тәрбиесі сабағындағы сауықтыру , білімдік, тәрбиелік
міндеттерімен қатар педагог кәсіби жұмысын атқарып қоймай,
оқушылардың рухани жеке тұлғасын қалыптастыруды жүзеге асыруы
керек. Болашақ мұғалімнің жеке басының маман ретінде қалыптасуы үшін
кәсіби сапасының негізгі талаптарының бірі ретінде оның жалпы ғылыми-
әдістемелік даярлығын ерекше атап өтуге болады. Бүгінгі таңда күн
тәртібінде студенттердің өзін-өзі басқаруды дамыту міндеттері қойылып,
болашақ мұғалімнің дербестігі мен белсенділік дағдысын тәрбиелеу және
дамыту қажеттілігі күннен-күнге артып отыр. Жоғары оқу орындарына
болашақ мұғалімдерге өз кәсіби міндеттерін жете білетін, қажетті
педагогикалық дағдыларды меңгерген, өз Отанын сүйетін шәкірттерді
тәрбиелеу мен оған мұғалімдерді кәсіби дайындау міндеті жүктелген. Осы
мақсатта жоғары оқу орындарында болашақ маман дайындаудың сапасын
арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Ұлы ағартушы Абай дене тәрбиесі мен ақыл-ой тәрбиесі үйлескенде
ғана әр адам сымбатты болумен қатар, жан-жақты қалыптасқан жан
болмақ деген пікірді қуаттайды. Сондықтан болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығы барысында дене тәрбиесі мақсатының дене даярлығының басым түсу жағына қарай дәлелсіз ауысуы, оның нормативтік және бақылаушы
көрсеткіштерінің жеке тұлғаның тұтас дамуына жеткіліксіз деңгейде
меңгерілуі байқалады. Мұғалімнің дене тәрбиесі мен спорт құралдары
арқылы оқушылармен тәрбие жұмысына психологиялық-педагогикалық
даярлығын айқындайтын жеке тұлғасы мен кәсіби даярлығының, оның
әлеуметтік және кәсіби қызметінің қалыптасуындағы дене тәрбиесінің
рөліне сенімінің, дүниетанымдық көзқарастар жүйесінің қалыптасуына
тиісінше көңіл аударылмайды.
Болашақ мұғалімдердің қажеттілік өрісінің және дене тәрбиесі-спорт
қызметінің қалыптасуына мән берілуі қажеттігі туындап отыр. Дене
тәрбиесін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі мен өзін-өзі жетілдіру
процесіне айналдыру, оны ұзақ мерзімді болашаққа бағдар ретінде
ұстануын қалыптастыру өзекті мәселе. Бұл студенттердің дене тәрбиесіне
жария және шынайы қарым-қатынасы арасындағы сезімдерін туындатып,
олардың құндылық бағдарлары мен ұстанымдарының қалыптасуына
әсерін тигізеді.
Бұл міндетті орындау мектеп ұжымынан жаңаша педагогикалық көзқарасты, жаңаша оқытуды, денсаулығын аялай отырып баланың дамуына ықпал ететін оқыту әрекетін ұйымдастыруды талап етеді. Әрине, бұл міндетті жүзеге асыру үшін кәсіби шеберлігін шыңдаудан шаршамайтын, ұстаздықтан жалықпайтын, жаңалықтан жаны шошымайтын, танымгер, өз ісіне құштар мұғалім қажет. Осы қажеттіліктер мектептің әдістемелік жұмысын қайта қарауға, оқыту үрдісіне денсаулық сақтау технологияларын еңгізу мәселелері төңірегінде мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін көтеру жұмысын ұйымдастыруға себепші болды. [2]
Қорытындылай келе, тағы да айта кету керек: жеке тұлғаның дене
мәдениеті үздіксіз білім беру жүйесінің барлық сатысы үшін дене
тәрбиесінің интегралдық мақсаты болып табылады. Егер бірқатар
педагогикалық ережелер мен принциптерге сүйенетін болсақ, бұл
мақсатқа жетуге болады. Жоғарыда айтылғандардың бәрі жеке тұлғаның
дене мәдениетін үздіксіз білім беру жүйесін дамыту мен жеке тұлғаны
қалыптастырудың қазіргі кезеңіндегі талаптарына жауап бере алады. Ал,
мұнда ең бастысы бұл дене тәрбиесі мәселесінде кәсіби маманды
дайындау.
Дене шынықтыру мен спорт мемлекетттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Алайда елде барлығы үшін қолжетімді спорт нысандары, спорт құрал-жабдықтары жетіспейді. Осыған байланысты үкімет және жергілікті органдар дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы дене шынықтыру – сауықтыру нысандары, соның ішінде аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет.
Бүгінгі болашақ мұғалімді дайындауда олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті маман ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр болашақ маманның денсаулығы жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде денсаулықтың басты шарты-мәдени орта, салауатты өмір салты.
Ендеше жас ұрпақтың дені сау, білімді азамат болып ер жетуі – қоғам байлығы.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. – Алматы: Білім, 1997. – 257 б.
2. Афанасьев В.Г. Научно-техническая революция, управление, образование. – М.: Политиздат, 1972. – 431 с.
3. Қазақстан мектебі № 12,2009 жыл, 15-бет
4. Қазақстан мектебі №7, 2009 жыл, 22-бет
5. Қазақстан мектебі № 1, 2009 жыл, 10 бет
6. «Қазақстан 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлкетттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасының президенті- елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.