Қазақ тарихында топқа кіріп сөз бастаған билер мен шешен-дердің, атқа мініп қол бастаған батырлардың,ұлтын ұйытып ел бастаған көсемдердің,ақыл-парасатымен даналығы арқылы әлемге танылған ғұламалардың барлығы дерлік – қазақ дәстүрін-дегі ұлттық тәрбиенің жемісі.Қаныш атаның сөзімен айтқанда «оқымаған академик әжелер мен аталардың» алдын көріп,үлгі өнегесін алып, біліміне қанығып,
Ана және Дана мектептерін бітірген,
Дала консерваториясын тамамдаған өнер иелері,
Жыраулық және Ақындық академиясының түлектері; философ-жырау,әнші-ақын,сері-сал ,т.б. қазақтың ақылман ойшылдары,әулие абыздары, көріпкел білгіштері, бақсы-бәлгері, адамтанушы сыншылары, шипагер-тәуіптері, тарихшы-шежірешілері,дін күтіп, жалпақ жұртқа иман таратқан пірлері бәрі-бәрі-Қазақ Педагогикасынан нәр алған,оның ұлт өкілін қалыптастыру қазанында қайнап пісіп,өңделген,шыңдалған-КІСІЛЕР.
Олардың тәрбиелік үлгі өнегелері,білімдері тым терең,шексіз аумақты,өте асыл қазына. Әжемнің сәби физиология-психологиясы туралы ілімі Қазақ атамыз, адамтану қазақ іліміне негіздей отырып,қыз бен ұлдың жеті атасын тектеп, құда түсіп,айттырып,қалыңын төлеп, кәдесін жасап отырып,жастардың басын қосып,отау көтеріп,оң жағына тіктіріп болған соң,Аллаһтан тілейтін тілегінің басы-ҰРПАҚ.Қазақты-Аллаһ тағала тым балажан етіп жаратқан екен.Басқа халықтар сияқты,бір –екеумен өмірі қанағаттанбаған ғой,қашанда! Көп әйел алуға құқылы,Аллаһқа бізден гөрі бір табан жақын Арабтардың өзінде қазақтай көп ұрпақты отбасы аздау ғой.Біздің ханымыздан, қарашамызға дейін көп балалы отбасымыз.Абылай хан отыз ұлды,қырық қызды болған болса,Қожаберген жырау атамыз тек бір әйелі( Айша)-дан онжеті ұл сүйген.Ал,он ұл,он қыз қазақтың екінің бірінде болған.Қазақтың мұндай бақытқа кенелуі оның пиғылы мен көңілінің адал,таза,жарқын,ұрпағының қанша болса да,Алладан сұрап-қалап алған асылым,алланың аманаты деп оны бағып күте алатын,өсіріп тәрбиелей алатын қарым –қабылет игеруінде жатыр. Осы қарым-қабылетті игеруге тікелей басшылық жасаған,әрі оған қажетті білім мен дағдыны,машық пен әдетті игерте білген,Қаныш атамыздың сөзімен айтсақ, менің «оқымаған академик әжем» болатын. Былай қарағанда, қазақтар өзінің иелігіне, білімдеріне, дүниетанымына аса мән бермейтін секілді көрінеді, себебі әлемге деген философиялық көзқарас олар үшін өмірлік ереже. Айталық,баланың қалай тәрбиеленіп, қандай адам болып өсуіне үлкен мән берілетін болған.
Көшпенді халық үшін бала құнарлылықтың нышаны болған. Сондықтан балаға қарау анасының құрсағында пайда болғаннан-ақ жүзеге асады. Жүктіліктің басы мен дамуы қазақ халқында микрокосмос, яғни баланың дамуымен байланыстырылады. Үш күндік жүктілік қазақтарда «тумақи» (әлі туылмаған) деп аталады, яғни бұнда болашақ өмір бола ма, болмай ма деген күдік көрінеді. Жүктіліктің жетінші күні қазақ халқында «көбік» деп анықталады. Мұнда адамның көбіктен жаралады деген көзқарастың басымдылығы, яғни ол келер қырық күн ішінде ұйығанға айналады деген ұғым бар.Қырық күн бойына болашақ өмірдің қалың материясы қалыптасады, ол «келдік» деп аталады. Он алты күнде ұрықтың шеміршектері пайда болып, тоқсан күнде сүйекке айналады.
Төрт айда бала ересек адамның сыртқы әлпетіне ие болады, ал төрт жарым айда ол қозғала бастайды, яғни бұл кезде қазақ халқының ұғымында балаға жан кіреді. Жеті айда бала адам болады.Бала жеті айлық болып туса, тірі қалады, ал сегіз айлық бала өмірден кетеді. Бұл жағдайда өмірге қауіп төндіретін сегіз саны, ол шексіздікпен, болымсыздықпен теңестіріледі. Тоғыз ай мен тоғыз күннен кейін дүниеге шыр етіп бала келеді. «Біздің текті әже, арлы,айбарлы да,ақылман әжелеріміз бен аналарымыз Жан иесі жатырда пайда болысысымен,оны аялау, ананы құрметтеу үшін өте ауқымды шаралар мен әрекеттер жасаған. Бұл іс-әрекеттер:ырым-тыйым, рәсім-ұлағат аясында жүзеге асырылған. А.Байтұрсынов: «Ырым етсең адал ет, жамандықтан аман ет»-деген.Адал ниетпен жасалған ырымдар бізге жетті. «Аптасына бір рет монша көрмесең,тәнің кірлер.Күніне бір рет адаммен сөйлеспесең көңілді кір басар»-деген ұлағатты сөз бар.Адам көңілін жадыратып,сезіміне сыр ұялатып, шалқытып отырса ол адамда өмірге деген құлшыныс, тірлікке деген талпыныс туындайды.Әжелеріміз, аналарымыз осыны жақсы сезінгендіктен өмірге келе қоймаған шаранаға тумақ жерінің хош иісін, әсем үнін,таңғажайып тұлғасын таныта білген. Мына ырымдар соның айғағы.Жүкті жас келінге ақ биенің кешкі саумалын ішкізіп, көбігін жалатады.Жас ананың «Көңілін көтеру» ырымын жасайды.Жастар келінге, салмақты, байсалды, ырғақты ән айтып,күй тартып береді.Майда құм не тұз үстімен жалаң аяқ жүргізеді. Айлы түнде суық суға шомылдырады.Бала ширақ болады.Жүкті келініне көлделең жатқан жіп,арқан,бауды аттатқызбаған. Баласының кіндігі мойнына оралып қалар деп ойлаған.Жүкті әйел шашын кеспейді.Бақ таяды,баласының бағы сөнеді,кемтар болып туады, ғұмыры қысқа болып туады дегенге сенген.Екі қабат әйел хайуанды теппейді,баласының арқасына жүн өседі, өзінің белі ауырады. Бала өмірге келісімен жылы суға тұз салып шомылдырған.Жусан салған жылы суға денесін батырып,хош иісті шөптермен сылап-сипап,денесін созып, шынықтырып отырған.Келіннің ұйықтайтын отауын, төсегін, сәбидің бесігін, құндағын арша түтінімен аластап тазалаған. Жусан мен аршаның иісі оның туған жерінің иісі,оның жадында,көңілінде мәңгілік сақталады. Емшектегі баласы бар әйел жалаңбас отырып бала емізбейді, орамал салып алу керек.Жалаңбас болса, қайызғағын шайтан баланың аузына салып жібереді. Бала есейгенде мәңгүрт болады,анадан безеді, басына шығып-кемітіп сыйламайды,сөзін тыңдамайды,қиянат жасайды.Қазақ анасы омырауын ашып бөгде тұрғой ата-енесіне көрсетіп бала емізбеген. Бірге тұрғандар баласын шымылдық аржағында емізген.
Бұл ырымдар жас ана мен баланы мәпелеу, қадірлеу, тәрбиелеудің мейрімді жолы. Бала есейе бастағанда туған жеріне апарып аунату, кіндік қаны тамған жерін көрсету,кіндік кескен жұртын таныту ырымы-оның туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту үшін жасалған.. Ертеден келе жатқан ырым бойынша белгілі батырлар мен билерге, ақындарға,әнші–күйшілерге,атақты адамдарға баласын ертіп апарып аузына түкіртіп алатын болған. Ондағы ойы баласының сондай болсын дегені.Осындай ниетпен солардың аттарын қоятын.Бұл ырым бүгін де кең етек алған Қазақ өте ырымшыл, нанымшыл болғандықтан.
«Көз тиеді», «ібіліс-шайтан іліп әкетеді», «түсік тастап қояды» деп жүкті келінді жұрт көзінен қағаберіс, жасырын ұстауға тырысқан. «Бесікті үй берекелі» демекші, баласынан немере сүйіп, ұрпағын өсіруді армандаған аналар келіндері көп кешікпей екіқабат болса,оны ерекше қамқорлыққа алып аялайды. Келіннің жүкті кезінде мезгілімен дұрыс тамақтануына, үсті-басын таза ұстауына, дұрыс демалуына, бойжазуына, ерекше көңіл бөліп, осылардың орындалуына енесі, абысындары мұқият болатын-ды.Дәлірек айтқанда, екіқабат келіннің тамақтану, демалу, жүріп-тұру, ережесі болған, оны бұлжытпай орындату әулет мектебі ұстаздарының негізгі міндеті еді. Келіннің қай кезде қандай дұға оқып,нендей тілек-тілеп,Аллаһқа жалбарынуы тиісті екенін ұқтырып,жаттатқызып қоятын.Бала:бір-екі жас аумағында-. шарана, шақалақ,нәресте,жанды бақа аталады. Бір мен екі аумағында,қыз баланы бөпе,ұл баланы бөбек дейді. Аяғын басып,сөйлей алса-Текті жан делінеді.Екіден үш аралығын-бүлдіршін деп жалпылай атаумен қатар бірден үш жас арасында өбектеген,еркелеткен атаулар өте көп. Үштен бес жас аралығында балдырған(ұл), балауса(қыз) атанады. 6-7-8 жас бала(ұл),балақай(қыз),3-12 жас арасы ойын баласы,7-13 жас жасөспірім,13-15 жас арасы ересек бала,жас жеткіншек,15-19 арасы бозбала, бойжеткен 20-30 арасы жігіт,қыз аталады. Қазақ қызы,қазақ жігіті деген атаулар өте ұлағатты атаулар. Бала дамуы дегеніміз оның бойында,ойында,қимыл –қозғалысындағы өзгерісті, жаңалықты айтады. Айталық. нәрестенің, кіндігі түсуі,ана үнін ажыратуы, әке-шешесін тануы,күліп-жымиуы,аунай алуы, талпынуы,құйрығын басуы, еңбектеуі,қаз тұруы-қадам басуы, сөйлеуге икемделуі, сөйлеуі, аяқ-қолын ербеңдету алақан ұруға икемделуі т.б.Міне осы қатарлы бала дамуын ерекше бақылаған ұлтымыз,оның даму кезеңдерін мұқият қадағалап,әр кезеңіне айрықша мән беріп,ерекше танымдық-тәрбиелік іс-әрекеттер ұйымдастырып,тамаша сабақтар өткізген.Менің шөберемнің әжесі -оқыған академик: --Жоғарыда көрсетілген құрсақтағы бала дамуының сипаттамасы ғылымды танымаған көшпенділердің қаншалықты көзі ашық халық екенін дәлелдейді. Шынымен де, қарапайым бақылау мен табиғат заңдылықтарына сүйеніп алынған олардың білімділігі мен біліктілігі қазіргі ғылым мен медицинаның зерттеулерімен дәлме-дәл келеді,-дейді.Мен,айтамын ғой:-Рентген техникасы мен У.Д.З.И.-ультра дыбыстық зерттеу құралы жоқ заманда олар қалай бақылау жасаған?Оқыған акедемик әже:-Адамда бастағы көздің сыртында,Иассауи айтқан: «ішкі көз(басират)»,Шәкерім айтқан: (ақыл көзі),М.Ж.Көпеев айтқан (көкірек көзі «бәтін көз») бар болған.
Егер ол көзді оятып,саналы түрде ашпаса соқыр болып қалады.Мұндай соқырды Бауыржан атамыз «көрсоқыр» деген.Біз техникаға сүйеніп көрсоқыр болып қалдық.Ал,Сіздің әжеңіз көкірек көзі ашылған адам болған.Ұлы Даланың ұлық ұстаздарының бәрінің көкірек көзі жасында ашылып,талай тамаша ілімдерді игеріп,көптеген ғылыми жаңалық ашқан. Бұлтартпас шындық осы болды. Менің әжемнің көптеген өсиет-ұлағаттары мен ғылыми топшылаулары бар.Мен мұнда бір-екеуін ғана ұсынамын.Олардың ғылыми мәнін мен әлі күнге дейін аша алмадым. Құрметті,оқырман танысып көріп,пікір айтарсыз
1.Әр ананың ғұмыр жасы,ұрпақ көтерген сайын бес жылға артады.
2.Қазақ келіндерінің қамқоршысы-атасы.
3.Қос қария бір-бірін: «біздің жаман шал,біздің жаман кемпір»-деп айтқан күннен бастап,олардың нағыз махаббаты оянып,сүйіспеншілігі басталады
4Ұлыңды отау иесі бола сала үйлендір.Себебі,сенің шөберең жастай жетім қалуы мүмкін. Әке мен баланың жастары тым алшақ болмай өсіп жетілгені абзал.Олар бір-бірінің қызығын,қолғабысын көріп өссе бақытты болады,Қызыңды жасы тола «текті жерге теңін тауып,тегін бер».Кәрі қыз бедеулікке ұшырап,ана болу бақытынан айырылып қалуы мүмкін! Қобдабай Қабдыразақұлы (ұстаз-психолог) Дина Ілесбекқызы (педагогика магистрі) 12 ақпан 2018