Quantcast
Channel: Баяндама - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 451

САУАТ АШУ САБАҒЫНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС ӘРЕКЕТТЕРІ

$
0
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

СОЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ  БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«ШОЛАҚҚОРҒАН»  ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

 САУАТ АШУ  САБАҒЫНДАҒЫ  БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС ӘРЕКЕТТЕРІ

 ХАСЕНОВА ИНДИРА НҰРҒАЛИҚЫЗЫ     БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ

Аннотация

 

         «Сауат ашу сабағындағы бірлескен жұмыс әрекеттері» тақырыбындағы  бастауыш сынып   мұғалімі  Хасенова Индираның   баяндамасында оқытудың жаңа  технологияларын қолдана отырып,  жеке, жұпта, топта жұмыс істеу  барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін - өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз  тұлға қалыптастыру жолдарын жүйелі түсіндіре білген. Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектесе білген.

Жаңа ақпаратты жинақтап салыстырып, жүйелеп, нақты қорытынды жасап, дәлелдей білген.

 Жоспары

І. Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

а) Бірлескен оқу әрекеттері

ә) Сауат ашу сабағындағы бірлескен жұмыс әрекеттерін жүргізу әдістемесі.

б) Бірлескен жұмыс әрекеті түрлеріннің практикалық мәні.

ІІІ. Қорытынды    

 Кіріспе.
         Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алып алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселелердің бірі – мұғалімдерді даярлау және кәсіби шыңдау мәселесі болып отыр. Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс - әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет.

Сауат ашу үдерісін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдемелерін білім берудің классикалық негізі ретінде алынған құндылықтық-бағдарлық, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, коммуникативтік және белсенді іс-әрекеттік тәсілдемелер құрайды. Бұл тәсілдемелер «Сауат ашу» пәнінің түбегейлі жаңа құрылымын құрудың және оқу мақсаттары жүйесі мен білім беру үдерісі нәтижелерінің басымдылығын арттырудың негізгі бағдарлары  болып табылады.

       Сауат ашу үдерісін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдемелері оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық үдерісіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады.

Белсенді іс-әрекеттік тәсілдеме – нәтижеге жеткізетін ең тиімді тәсілдеме, өйткені адамның жадында бірінші кезекте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады. Бұл айтылғандарды қытай ғұламасы Конфуцийдің «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме  жасатсаң – үйренемін» деген тұжырымы нақтылай түседі. Демек  бұл тәсілдемедегі «не білу» емес, «не жасай білу» «Сауат ашу» пәні тапсырмалар жүйесін түзудің негізгі қағидасы  болып табылады.

Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді.

  • лексикалық тақырыптар аясында қазақ тілі фонетикасы, лексикасы, грамматикасы мен пунктуациясы туралы бастапқы түсініктерін және дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру;
  • айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыру;
  • сөйлеу және қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын сақтауға дағдыландыру;
  • оқушылардың тілін, ойлау, талдау, талқылау, салыстыру қабілеттерін дамыту;
  • сөздік қорын байыту және белсендіру, байланыстыра сөйлеу тілін дамыту;
  • туған тіліне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
  • оқушылардың қимыл, әлеуметтік, танымдық, қатысымдық белсенділіктерін дамыту;
  • алған тілдік білімі мен дағдыларын жеке қарым-қатынас тәжірибесінде, күнделікті өмірлік жағдаяттарда қолдануға үйрету.

Оқу/оқыту төмендегі жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылады (практикалық  түрде):

  • бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл сыныппен);
  • жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары;
  • жағдаяттық және рөлдік ойындар;
  • дереккөздермен жұмыс жасау (кітап, интернет, құжаттар, мұражай);
  • шығармашылық жұмыстар.

Сауат ашу сабақтарында интербелсенді әдістерді қолдану бастауыш сынып оқушыларының мүмкіндіктерін ашып, қызығушылықтарын арттырады, белсенділіктерін дамытады.

   Интербелсенді әдістер арқылы оқушылар сабақ үстінде еркіндікте болып, бір-бірімен тығыз танымдық, қатысымдық байланысқа түседі және осы арқылы бір-бірін үйретеді. Интербелсенді сөзінің өзі (латынша interaction – интеракция, яғни өзара әсер ету) өзара әсер ету дегенді білдіреді. Бастауыш оқыту үдерісінде  қолданылатын интерактивті әдістер оқушылардың сабақта белсенді іс-әрекеттер жасап, оқу материалын өзара бірлесіп шешуіне мүмкіндік жасайды.

Интербелсенді әдістер арқылы өтілетін  сауат ашу сабақтарында оқушылардың белсенділігін қимыл, әлеуметтік, танымдық, қатысымдық тұрғыдан арттыру көзделеді. Бастауыш сынып оқушыларының қимыл, әлеуметтік, танымдық, қатысымдық белсенділіктерін арттыру жолдарын төмендегіше жүйелеп көрсетуге болады:

             1) Оқушылардың қимыл белсенділігін арттыру жолдары: оқушының түсінбеген жерінен орнынан тұрып, екінші оқушыдан еркін сұрауы; жақсы оқитын оқушының өз тобындағы нашар оқитын оқушыға үйретуі; оқушылардың өз топтарында тапсырма бойынша бір-бірімен сөйлесіп, ақылдасып отыруы; олардың тапсырманы орындап болғаннан кейін өзара тексерісуі.

             2) Оқушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру жолдары: олардың өзара оқушы-оқушы не мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім түрінде бір-біріне сұрақтар беруі; сабақта өзара пікірлесіп отыруы; қарсы топ оқушыларының қиын сұрақтарға жауап беру еркіндігінің болуы.

             3) Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары: олардың қарсы топтың пікіріне өзіндік көзқарасын білдіруі; келіспеген жағдайда өзінің көзқарасын дәлелдеуі; өз тобындағы жолдастарының сөзіне қосылатындығы жөнінде өз пікірін білдіруі.

             4) Оқушылардың қатысымдық белсенділігін арттыру жолдары: сабақ барысында оқушылардың бір-бірімен еркін тілдік қатынаста болуы; жауаптарын бірге жоспарлауы; сөйлейтін сөздерін нақты әрі қысқа жеткізуі; айтар ойларын әсерлі бере білуі; сөйлеушінің жаргон, диалект сөздерден таза болуы.

Интербелсенді әдістер қолданылған сабақтарда сыныпты екі немесе үш, төрт ұялы топтарға бөліп, барлығына бірдей бір тапсырма не әр ұялы топқа бөлек-бөлек тапсырма беруге болады.

Оқыту тәжірибесі барысы пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану тиімді екенін көрсетеді. Соның ішінде дидактикалық ойындар оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттырып, алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануына көмектеседі. Ойын барысында оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны) бағдарлау, яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят (ситуация) кезінде өзінің атқаратын рөлін сезіну, әңгімеге қатысушы әріптестері арасында байланыс орнату, қарым-қатынас жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс пайдалана білу сияқты қабілеттері жетілетіндігі байқалады.

Қорытынды

 

Қорыта келгенде Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың бірлескен жұмысқа қызығушылықтарын арттыру, дамыту болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады және пәндерді оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізуге болады.

 

Белгілі педагог К.Ушинский «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен мұғалімдігі де жойылады» дегеніндей, Біз ұстаздар еліміздің болашақ бақыты үшін, аянбай еңбек ету - негізгі парызымыз деп білемін. Әрбір сұрақтың оң шешімін таба білумен қатар, кез келген кедергілерден  сүрінбей өткізу, ұстаз  ұтқырлығы  болмақ. Оқушыға қарапайымнан күрделіге  оқыту білімін шыңдайтынына сенімділік орнату. Тағы бір түсінгенім, оқушыға өзіне-өзі сенімділік орнату арқылы білімді болуды үйрету.

 

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 451

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>