Quantcast
Channel: Баяндама - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 451 articles
Browse latest View live

Тәуелсіздік тұғырым

$
0
0

Тәуелсіздік тұғырым
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы,
Қызылорда облысының білім басқармасының
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің
«Құқық негіздері» пәнінің оқытушысы Мұстафаева Қарлығаш Ибадуллақызы
«Тәуелсіздік тұғырым»


Жаңашыл ұстаз өмір талабы

$
0
0

 

Жаңашыл ұстаз өмір талабы

эссе

 

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н. Ә. Назарбаев.


Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Ұстаз болу – бала кезімнен арманым еді. Жылдар өтті… Сол арманға қазір ұстаздық еңбегім арқылы жеттім деп ойлаймын. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі.

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады, – дейді.   

 «Қазіргі заманға сай жаңашыл мұғалім қандай болу керек?»- деген сауалға адамзат ғұламасы-данышпан Абайдың: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: жылы жүрек, нұрлы ақыл, ыстық қайрат»-деген үнінен жауап тапқандаймын. Бойында осы үш қасиеті бар адам қай қоғамда еңбек етсе де, қоршаған ортасының жаны, жүрегі, ұйтқысы. Өз басым, жылы жүрегімді, ыстық қайратымды, нұрлы ақылымды еліме, аяулы шәкірттеріме арнаймын.

ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың,  білім мен тәжірибенің ұштаса кемелденген ғасыры. Жаңа ғасырдағы ұстаз шәкіртке  сапалы білім, саналы тәрбие беруші ғана емес, ғылым мен техниканың  тілін жетік меңгерген, білікті де білгір маман болуы  міндетті. Бүгінгі ұстаз – инновациялық технологияларды  пайдаланушы, әрі ізденуші, әрі өндіруші, әрі ғалым-зерттеуші. Мен өзімді осындай ұстаздар қатарындамын деп санаймын, өйткені мен – болашақтың  бағбанымын!

 

Сарсенбекова Гульназ Шарамазанқызы
№2 жалпы орта білім беру мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі                                  

 

 

Байқау 2018 (жетекшіге сыйлықтар)

$
0
0

 

SABAQTAR.KZ АҚПАРАТТЫҚ БІЛІМ ПОРТАЛЫ мектепалды даярлық сыныптары 1-11 сынып оқушылары, студенттер арасында төмендегі номинациялар бойынша шығармашылық байқау ұйымдастырады.

Қатыстырған оқушы саны ең жоғарғы 3  ұйымдастырушы жетекшіге сыйлық беріледі:

І орын бойынша  —  Cмартфон (Apple), ІІ орын бойынша – Смартсағат, ІІІ орын бойынша – бағалы сыйлық

 

  1. ЭССЕ:“ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕН” (Сенің қоғамдағы орның, міндетің қандай? Оқушының өз ортасынақандай пайдасы тиюі тиіс деп санайсың?Салауатты орта туралы не түсінсің? Қатысушы өзін-өзі тану пәнінен қоғамдағы іс-әрекеті туралы жалпылама емес, нақтылап жазуы керек;)
  2. ЭССЕ: “ӘЛЕМТАНУ” (Қатысушы әлемдегі ең биік шыңдартуралы ізденіс жасап,шағын зерттеу жұмысын жасайды.Жұмыстатақырып ашылу керек. География пәнінен берілгендіктен көркемдік талап етілмейді. Жұмыс көлемі “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс.)
  3. ЭССЕ: “ҒАЖАЙЫП ҒИМАРАТ” (Қатысушы Қазақстандағы (аудан, ауылдағы) ерекше бір ғимарат туралы, оның тарихы туралы жазып, таныстырады. Кім, қашан, қайтіп, қандай мақсатта, т.б., салғаны қамтылуы керек. Тарих пәнінен эссе “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс;)
  4. ЭССЕ: “My mission in life” (Сенің өмірлік ұстанымың қандай? Қатысушының ағылшын тіліндегі сөздік қоры тексеріледі. Грамматикасына, сөйлем құрамына назар аударылады; “Word-та” 1-5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс;)
  5. ЭССЕ: “On my birthday” (Сен туған күніңді қалай өткізесің? Туған күніңдегі сен үшін еңбағалы сыйлық? Эссе ағылшын тілінде жазылуы қажет. Қатысушының сөздік қоры мен грамматикасына, сөйлем құрамына назар аударылады; “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс;)
  6. ЭССЕ:“СИҚЫРЛЫ САНДАР” (Рим цифры деген не? Оның шығу тарихы қандай? Математика пәні бойынша жазылатын эссе “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс;)
  7. ЭССЕ:“МОЙ НАРОД – МОЯ ГОРДОСТЬ” (Қатысушы өз отанына, халқына, оның мәдениетіне деген сүйіспеншілігі мен махаббаты туралы жазады. Байқауға жіберілетін материалда тақырып ашылуы тиіс; Орыс тілінде жазылатын эсседе қатысушының сөздік қоры мен грамматикасына, сөйлем құрамына назар аударылады;)
  8. ЭССЕ:“ЗДОРОВЫЙ ОБРАЗ ЖИЗНИ” (Сен салауатты өмір салтын ұстанасың ба? Оны қалай насихаттайсың? Орыс тілінде жазылатын эсседе қатысушының сөздік қоры мен грамматикасына, сөйлем құрамына назар аударылады)
  9. ЭССЕ:“СЫРЛЫ ТАБИҒАТ” апырақтар. Олардың құрылымы. Түсін өзгертудегі биологиялық процестер. Жапырақтар туралы қызықты деректер мен зерттеулер.Қатысушы биология пәнінен табиғаттың осы өзгерістері туралы ізденіп, эссе жазады. Эссе“Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс;)
  10. ЭССЕ: “АСТАРЛЫ АСПАН” (Бұлттың пайда болуымен олардың түрлері.Бұлт туралы қызықты деректер. Физика пәнінен жазылатын эсседе қатысушының ізденімпаздылығы,мәліметтердің нақтылығы ескеріледі. Эссе “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс;)
  11. ЭССЕ:“КАЛЬЦИЙ ПАЙДАСЫ” (Кальций адам ағзасынане үшін қажет? Қандай өнімдерде кальций бар. Денсаулыққа қандай пайдасы барХимия пәнінен жазылатын эссе“Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс)
  12. ЭССЕ:“ҚАРА ШАҢЫРАҚ” (Киіз үй туралы не білесің? Қалай пайда болды? Оның құрылысы қандай? Қатысушы киіз үйдің ешкім біле бермейтін қырлары мен сырлары туралы ізденіп, мәліметтерімен эссе түрінде бөліседі. Еңбек пәнінен жазылатын эссе “Word-та” 1,5 беттен (14 қаріп) аспауы тиіс;)
  13. ӨЛЕҢ: “ҚИЫННАН ҚИЫСТЫРАР ЕР ДАНАСЫ» (Қатысушы еркін тақырыпта өлең шығаруы қажет. Өлең төрт шумақтан аспауы керек;)
  14. МӘНЕРЛЕП ОҚУ: “ЕРКІН ТАҚЫРЫПТА (Қатысушы өлеңінің кез келген шумағынан таңдап оқуы керек.Өлеңді жүрекпен жеткізе білуіне, өлең буындарына екпінді дұрыс қоя білуіне мән беріледі; Өзін-өзі ұстауы, әртістік қабілеті, дауыс ерекшеліктері ескеріледі; Қатысушыны смартфонға видеоға түсіру керек. Видео-файл салмағы 50мб-тан аспауы абзал;)
  15. СУРЕТ САЛУ БОЙЫНША: “ТАМАША ТАБИҒАТ” (Қатысушы аталған тақырыпта өз ой-қиялымен (фантазиясымен)бөлісе отырып, табиғатқа арнап сурет салуы керек; Тек сурет салуға арналған арнайы қазғаз-қаламдарды (түрлі-түсті қарындаштар) қолдану қажет; Қарап салуға болады, бірақ белгілі бір суреттің үстінен басып көшіруге қатаң тыйым салынады.

Байқауға жұмыстарды қабылдау уақыты: 01.11.2018ж — 29.12.2018ж

Жұмыс нәтижеcі: 10 күн ішінде жіберіліп отырады,

Соңғы нәтижесі ҚАҢТАР АЙЫНЫҢ 10 күні жарияланады!

БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:

  1. Қатысушылар бір жұмыс үшін (комиссиясыз) 500 теңге төлем жасауышарт.
  2. Жұмыстарды және төмендегі сұраныс кестені толтырып жарна төленген түбіртек көшірмесімен қоса

 

 SABAQTAR@mail.ru   почтасына жіберуі тиіс.

 

  1. Байқауға жұмыстар jpgdoc және mpформатында жолдануы қажет.Бір жұмысты бірнеше почтадан жіберуге қатаң тиым салынады!
  2. Қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Орын алмаған қатысушыларға және әрбір орын алған қатысушының жетекші мұғалімдеріне алғыс хаттар беріледі;
  3. Алғысхаттар мен дипломдар 5 күнішінде электронды түрде беріледі;
  1. 100 оқушы қатыстырған жағдайда 20% жеңілдік беріледі;

 

  • Байқауға қатысу үшін төленетін жарнапұл:
    8(707)198-42-12 номеріне qiwi кошелек арқылы ->пополнить кошелек  -> номерге (единица ретінде емес)

Сұраныс кестесі:

ФИО

Сыныбы

Облыс, қала, аудан, мектебі, пән мұғалімі

Байқау аты

Жетекшісі

Жетекшісі эл.почтасы ж/e тел

1.

Мұраты Айдос

1 а

Алматы облысы, Мұғалжар ауд., Байшоқы №36 орта мектебі, бастауыш пән мұғалімі

1.ЭССЕ:“ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕН”

Есенов Еркін

Esenov.er@mail.ru

87712310505

 

 

 

   БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІН ЖҮКТЕУ 

 

"Астана -елімнің жүрегі"баяндама

$
0
0

  “Астана – елімнің жүрегі.”

 “Астана  - Отанымыздың жүрегі,тәуелсіздігіміздің  тірегі...” 

“Астанасына қарап елін таниды.Астанасының қайда орналасып,қалай өркендеп жатқанын әр елдің өзінің өткені мен ертеңіне деген көзқарасын аңғарып,өзгелерге деген пейілін сезінеді.Сондықтан да,Астана келбеті – ұлт келбеті.Мемлекет дидары. Халық мерейі...”

                                                                                                              Нұрсұлтан Назарбаев.

  Астананы асқақтатқан 20 жыл Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында «2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз», деп атап көрсеткен болатын. Осыған байланысты, бас қаламыз – Астананың 20 жылдық қалыптасу және қарышты даму кезеңі хақындағы ой-толғанысымызды ортаға салмақпыз.
Астанамыз 20 жылда таңғаларлықтай көрсеткіш көрсетіп,әлемге Қазақстанның қандай мықты мемлекет екендігін дәлелдеді. “Елу жылда ел жаңа” демекші,іргетасы қаланғанына елу жыл емес,өте аз уақыт болса да,аққу қанат елордамыз ежелгі Есіл бойында қанатын  кеңге жайып,сәулетті де сәнді Ордаға айналды.

Иә, қазақ ұлтының ұлы тұғыры, Алаш жұртының асқақ айбары – ару Астанаға 20 жыл! Тарих үшін қас-қағым сәт. Бірақ мынау өзгерістер өлшемі көз ілеспес жылдамдықпен жарысқан бүгінгі кезең үшін аз уақыт та емес сияқты. Қалай болғанда да, осы уақыт өлшемінің ішінде Қазақстан халқының ерен еңбегінің нәтижесінде әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарастырып, көркімен де, көлемімен де бой таластыра алатын қазақ жұртының жас та бас қаласы қалыптасты. Осыдан тура 24 жыл бұрын астананы ауыстыру идеясы алғаш жария етілгенде, бұл тым «ұшқары» пікірдің қаптаған қарсыластары түгіл, ат төбеліндей жақтастары да айналасы 20 жылдың ішінде ел кіндігі – Арқа төсінде осындай заманауи мегаполис бой көтереді деп ойламаған еді. Бүгінде «Ақмола астана болады» дегенде, жұрттың бәрі бөркін аспанға ата қуанып, алып-ұшып, жаппай ат басын Арқаға бұрғандай көрінгенімен, елдің астанасын ауыстыру мәселесі үлкен үгіт-насихат жұмысын жүргізуді қажет етті. Қазір Астананың қадірлі ақсақалдары атанып отырған кейбір азаматтар «Ақмоланың батпағы мен ызыңдаған масасын алға тартып», құлаш-құлаш мақала жазып, қарсылық білдіріп те бақты. Міне, осындай тығырықты сәттерде Елбасы ерен ерік-жігер танытты. Мемлекет басшысы үлкен аудиторияларда, үкіметтік кездесулерде, ақпарат құралдарына берген сұхбаттарында астананы көшіру идеясының стратегиялық, экономикалық, жалпыұлттық маңызын жан-жақты ашып, ел мүддесі, ұрпақ болашағы үшін бұл бастаманың баламасыз екендігін алға тартты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл да тегеурінді ұсынысымен Қазақстан Республикасының Парламенті 1994 жылы 6 шілдеде ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.  Депутаттар алдында жасаған тарихи баяндамасында Елбасы Ақмола қаласының тәуелсіз мемлекетіміздің астанасы болып таңдалуының 32 негізгі өлшемін көрсетіп берді. Олар: әлеуметтік-экономикалық, геосаяси, көлік инфрақұрылымы, инженерлік-коммуникациялық, құрылыс, еңбек ресурстары және басқа да қолайлы мүмкіндіктер еді. Құдіретті уақыт Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған осы 32 артықшылықтың нақты өмір ақиқаты екендігін дәлелдеді. Ұлы идея ақиқатқа айналды. Көз алдымызда тәуелсіз Қазақстанның тарихы салтанат құрды. 1997 жылы қарашада еліміздің Мемлекеттік рәміздерін Алматыдан Астанаға әкелу, Президент Әкімшілігінің, Парламенттің, Үкіметтің жаңа астанада жұмысын бастау тарихи рәсімдері өткізілді. 8 қарашада Ақмоланың орталық алаңында Президенттік гвардия жауынгерлерінің салтанатты саппен Мемлекеттік рәміздерді алып жүру шеруімен елорда шежіресі басталды. Әнұран асқақтап, Арқа төсіндегі Президент Әкімшілігінің жаңа ғимаратының төбесіне (қазіргі қалалық әкімдік жанындағы Тұңғыш Президент мұражайы) егемен елдің Көк байрағы көтерілді.  Сол күні аяқастынан Арқаның ақырған аязы күшіне мініп, ауа температурасы 40 градусқа жетті. Ауа райының осы қатал сынына қарамастан, елорда ертеңіне сенім артқан тілеулес жұрт алаңға лық толып, салтанатты шеру аяқталғанша тарқамады. Шеруді Ұлы даланың астаналары: Сығанақ, Сауран, Сарайшық, Отырар, Түркістан, Тараз, Орынбор, Ақмешіт, Алматы жалғастырды. Елорда – Астананың шеруін ақбоз аттың үстінде аппақ киім киген жас бала бастады. Енді бір сәтте алаң толы жұрттың ортасы қақ айрылып, ортаға оюлы шапан, оқалы бөрік киген ақмолалық ақсақалдар шықты. Ақсақалдар тобын жасы тоқсаннан асқан Арқаның абызы Мұқат Мейірманов бастады. Топ ортасында ел ағалары Әділхан Шабатов, белгілі ақын Нұрғожа Оразовтар бар еді. Мұқат ақсақал Мемлекет басшысына қызыл ағаштан асыл тастармен өрнектеліп жасалған Ақмоланың символдық кілтін тапсырып, ақ батасын берді. Дәл осы сағаттан бастап Астананың жұлдызды сәті бастау алды. Содан бергі өткен 20 жыл ішінде еліміздің бас қаласы – Астана төрткүл дүниені түгел тамсандырған тарихи құбылысқа айналғаны ақиқат. Арқа төсіндегі сәні мен салтанаты жарасқан елорда бүгінде озық идеяларды, жаңа ғылыми шешімдер мен сәулет өнерінің озық үлгілерін өмірге әкелетін жерұйық іспеттес. Дәл қазір Астанада заманауи құрылыс саласының барлық құрылымын қамтитын еліміздің жаңа құрылыс кластері қалыптасты. Бас қала­мыздың көркін арттырған сәулет өнерінің озық үлгілері салтанат құрды. «Ақорда», «Астана триумфы», «Пирамида», «Бәйтерек», «Хан Шатыр» XXI ғасырдағы сәулет өнерінің озық үлгілері болып табылады. Бұл архитектуралық ансамбльдерге «Қазақ елі» монументі, «Мәңгілік ел» аркасы қосылды. 91 метрлік зәулім тұғырдың ұшар басынан заңғар аспанға ұмтылған самұрық құс азаттық аңсаған әрбір қазақ баласының жүрегіне мақтаныш сезімін ұялатты.  Батыс пен Шығыс өркениетін жалғастыратын алтын көпір атанған ару Астананың бүгінде төрткүл дүниенің толғақты түйіндерін талқылайтын жаһандық орталыққа айналғаны да ақиқат. Оған елордамызда ЕҚЫҰ саммиті, ( Еуропадағы  Қауіпсіздік және  Ынтымақтастық Ұйымы) VII Қысқы Азия ойындары, ИКҰ форумы, ( Ислам конференциясы Ұйымы) Астана экономикалық форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері өткізілетіндігі толық дәлел бола алады. Халықаралық айтулы оқиғалардың дүбірлі ордасына айналған елорданың бұл дәстүрлі эстафетасын өткен жылы «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі жалғастырды. Тарих қойнауына кірген Тауық жылы тәуелсіз Қазақстанның биік беделін төрткүл дүниеге тағы да паш еткен айтулы оқиға – ЭКСПО-2017 көрмесі болғанын әлем мойындады. Адамзат ақыл-ойының тамаша табыстарының бірінен саналатын Бүкіләлемдік жетістік көрмесінің қос ғасырлық тарихында Орталық Азияда, тіпті ТМД елдерінің ешқайсысында да мұндай халықаралық көрме жалауы желбіреп көрмеген еді. Барыс бейнелі болашағына батыл қадам басқан тәуелсіз Қазақстан төрт құбыласы түгел дамыған елдердің де қолынан келе бермейтін жаһандық шараны зор табыспен, Халықаралық көрмелер бюросы Бас хатшысының берген бағасы бойынша «соңғы 25 жыл ішіндегі ең тамаша көрме» ретінде асқан ұйымшылдықпен өткізуі елордамыз – Астананың әлемдік аренадағы абыройын одан әрі асқақтата түсті. Міне, осындай тамаша жетістіктер мен жеңістерге толы 20 жыл ішінде Ұлы даланың дәл кіндігі – Сарыарқа төсінде XXI ғасыр ғажайыбы, әлемдік мегаполис, арман қала бой көтерді. Осы жылдар ішінде қала халқының саны үш есе артып, 298 мың адамнан 1 миллион адамға жетті. Қала халқының табиғи өсімі 5,5 есе артып, әрбір мың адамға шаққанда 4,8-ден 26,4-ке дейін өсті. Астаналықтардың өмір сүру ұзақтығы осы жиырма жыл ішінде алты жасқа өсіп, 69 жастан 75 жасқа жетті. Елордадағы жоғары оқу орындарының саны үш есе көбейді. Жыл сайын жас отау, жаңадан шаңырақ құратын жастар саны 3 мыңнан 11 мыңға дейін көбейіп, төрт есе артты. Осы жылдар ішінде жаңа жұмыс орындарымен қамтылған астаналықтар саны 136 мыңнан 466 мыңға дейін өсіп, 3,5 есе артты. 20 жыл ішінде қала аумағы 258  шаршы шақырымнан 800 шаршы шақырымға дейін өсті. Астана – Қазақстан тәуелсіз­дігінің тұғыры. Еліміздің елордасы Ақмолаға қоныс аударғаннан бергі өткен 20 жыл мемлекетіміздің қауіпсіздігін, геосаяси еркіндігін, территориясының мызғымастай беріктігін, ел экономикасының қарқынды даму стратегиясын қамтамасыз еткен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы бетбұрыс кезең болып табылады.  

Елорданың 20 жылдығына орай “Өңірлердің Астанаға тартуы” жобасы аясында Алматы облысы  “Жетісу” саябағын (бұрынғы “Арай”)

жөндеуден өткізіп берді.Саябақта Алматының  ең көрнекті орындары көрініс тапқан.

Жоғарыдан қарағанда Атырау облысының символы саналатын балыққа ұқсайтын көпір көпшіліктің көзайымына айналған  “Атырау көпірі”.Шығыс Қазақстан облысының  тартуы Ботаникалық саябақ,Қызылорда облысының салған Зымыран – ғарыш техникасы музейі сонымен қатар басқа да облыстардаң Астанаға тартулары қала тұрғындары мен қонақтарының демалатын көрікті жерлерінің бірі болатынына сенеміз және алғыс білдіреміз.

“Бүгінде барлық облыстар көмек көрсетіп,қолдау білдіріпжатыр.Өйткені Астана – бүкіл Қазақстанның жетістігі.Бас қала құрылысына өңірлердің бәрі атсалысты және қазір мұнда еліміздің әр түкірінен келген адамдар өмір сүреді.Біз XXI ғасырда  ғаламат дүниені бірге жасадық .Адамзат тарихында  мұндай қалалар салынбаған. Ал,біз салдық! ”- деді Елбасы облыс басшылығы мен құрылысшыларына алғыс білдіріп.

Жиырма жыл ішінде Астана Қазақстанның шынайы тәуелсіздігі мен егемендігін паш еткен мемлекеттік орталық болып танылды. Болашақта да елдіктің ерен елордасы – Астанада ғасырлар бойы Қазақстан халқының азат ойы мен мүдделері, асқақ арманы мен мақсаттары іс жүзіне асырыла беретін болады.   

Астана – жаңа қала,жаңа шаһар. Ол келешекте бүгінгіден де құлпырып,көркейе беретіндігіне сенемін.Жарқын қаламыз одан әрі өркендей берсін,біз ол үшін барлық күш- жігерімізді жұмсауымыз қажет.

     Астана. Қалқаман Сарин

Астанам! Ару қалам,асқақ ордам,

Қалың жұрт,қазағыма қақпа болған.

Ту ұстап,тұлпар мінген бабаларым,

Бермеген ел намысын жатқа қолдан.

Бозоғым,бозбеткейлім,баққа оранған,

Тарихтың қойнауынан тапқан олжам.

Баянды бақытымның бастауындай,

Айналдың Астанаға аппақ арман.

Күншалған орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Шамуратова Инабат Ғалиасқарқызы.

Иманипедагогиканың теориялық тұғыры,әдістемелік амалы

$
0
0

Тәрбиеу иманипедагогиканың теориялық тұғыры,әдістемелік амалы. Иманипедагогиканың теориялық міндеттері жалпы педагогикамен бірдей үш деңгейде жүзеге асырылады:- сипаттау немесе түсіндіру, зерттеу;- анықтау (диагностикалық) – педагогикалық құбылыс жағдайын, шарттар мен себептерді айқындау; болжау (прогноздау) – барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде зерттеуден өткізу жəне оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.Ал,технологиялық қызметтері де үш түрмен көрініс береді:- жобалау (проекттеу) – педагогикалық іс-əрекет пен оның мазмұны əрі сипатын қалыптастыру жəне реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен анықтамаларды қамтыған қажетті əдістемелік материалдарды (оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары, педагогикалық ұсыныстар) жасауға байланысты; - жаңалау – тəрбиелеу тəжірибесін жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп өміріне,әулет және әлеумет аумағына енгізу және жаңаша пайдалану; - ықпал таныту (рефлексивтік) жəне реттеу-түзетулер енгізу (коррекциялық)- ғылыми зерттеу нəтижелерінің оқу-тəрбие ісіне болған əсер-ықпалын бағалау жəне одан соңғы ғылыми теория мен тəжірибелік іс-əрекеттер байланысына қажет болып қалатын реттеу-түзетулерді іске асыру. Иманипедагогикалық зерттеулердің әдіснамасы. Әдіснама- гр.т. methodos- зерттеу жолы,теория, ілім.Ғылым дамуының басты шарты-жаңа деректермен үздіксіз толығу. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу əдістеріне тəуелді келеді. Материалистік тәрбие теориясының шешімі үшін ең маңызды идея- бұл адамның жеке тұлға болып дамуының көзі тіршілік иесінен сыртта, әрі оның қалыптасуы «әлеуметтік бағдарламаға» сәйкес, қоғамдық ықпалдың соның ішінде тәрбиенің нәтежиесінде іске асады. Сонымен қатар бұл әдіснама, адам дамуының көзі, одан тыс екенін айта отырып, оның қоғамдық тұлға болып қалыптасуында өзінің ішкі жан дүниелік белсенділігінің де маңызды рөл атқаратынын алға тартады.«Әдіснама» грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағына береді. «әдіс» термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады. Яғни, методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан методология – зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы методология, ғылыми ұғымның, теориялық негізі, ретінде дамуы мүмкін. Сонда бұл нақтылы фиолософиялық жүйемен байланысты.Ұзақ уақыт философияның бір бөлігі болған педагогика екі негізгі философиялық әдіснама: идеалистік және материалистік тұжырымдамаларға арқа сүйеп дамыды және қазір де дамып отыр. Ежелгі грек философия- педагогикалық ой-пікір саласында идеалистік бағытты ұстаған Сократ пен Плотон адам дамуының шешуші факторы бір табиғат екенін мойындаса, материалистік бағыттағы Гераклит, Демокрит және Эпикур адамның қалыптасуын басқаша түсіндірді, сыртқы ықпалдар мен тұрмыстық жағдайларға байланыстырды. Көп әдіснамалық алғышарттардың ішінде аса маңыздыларының бірі тәрбиенің барша табиғи және қоғамдық құбылыстар сияқты себепті-салдары байланысты сипатта екендігі. Осыдан материалистік бағытқа негізделген педагогика өз зерттеулерін тәрбие мен теориялық тұғырнамасына ықпал жасаушы өндірістік-экономикалық және әлеуметтік –саяси факторларға байланыстыра жүргізеді.Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде табиғат, қоғам және адам ойлауының заңдары жатқанын негізге алады. Таным әдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын көрсеткенде ғана ғылыми бола алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның категориялары мен ұғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсоқ ережелерінің қосындысы емес, ол табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының бейнесі болып табылады. Көптеген жағдайларда педагогикада негізгі идеялар, теориялық және тәжірибелік аспектілер өзара тығыз байланысты. Сондықтан педагогикада теорияны жасау және зерттеудің теориялық деңгейін көтеру алдыңғы қатарлы тенденция болып отыр. Бұл тенденция педагогиканың методологиясы деген сұрақты қарастыруы қажет , бұл сұаққа жауап бермей басқа сұраққа жауап беру мүмкін емес – ал, бұл дегеніміз педагогикалық зерттеулердің теориялық деңгейін күшейту деген сөз. Әдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында əдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады. Қазіргі заман ғылымында əдіснама деп ғылыми-танымдық іс-əрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тəсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым əдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің –нысаны, талдау пəні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі əрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика əдіснамасын педагогикалық таным жəне болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырады. Əрқандай əдіснама қалыпты көрсетпе-нұсқау жəне реттестіру қызметтерін атқарады. Дегенмен, əдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік не прескриптивтік. Əдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г. Юдин): философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық жəне технологиялық. Əдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі əдіснамалық қызмет атқарады. Екінші – жалпы ғылымдық əдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей – нақты ғылым əдіснамасы қандай да нақты ғылыми пəн аймағында қолданылатын зерттеу əдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым əдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тəн болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген əдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мəселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары. Төртінші деңгей – технологиялық əдіснама –зерттеу əдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі əдіснамалық білім нақты көрсетпе-нұсқау сипатына ие. Əдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байла-нысты келеді.Ал əрқандай əдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау əрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады. Педагогика әдіснамасының деңгейлері:1. Логикалық гносеологиялық;2. Ғылыми мазмұндық;3. Дүниетанымдық; 4. Гносеологиялық. Педагогикалық теория дамуының ежелден –ақ маңызды факторы оның ғылымдық өрістеуіне әдіснамалық шарттар. Ғылым әдіснамасы бұл- табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы. Қазіргі кезеңде адам зерттеулеріне байланысты əрқилы ғылымдар əдіснамасы сипатында көптеген философиялық бағыт-бағдарлар, теориялық көзқарастар бір қатар жасалуда. Солардың ішінен бүгінгі педагогикада өз орнын тапқан, иманипедагогиканың әдіснамалық негізі болушы келесі философиялық білімдерді ажыратуға болады: 1.Тәрбиенің ізгілік парадигмасы. Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның кісілік бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.Бұл іс-әрекет тәрбиелеу қазақ ілімінде өзіндік шешімін тауып,тұрақтанған.Айталық,тұқым тазалығын сақтау жүйесі,ұрықтың дамуынна оңды ықпал жасау ғұрпы,бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады. .Ізгілік-адамзат үшін ең қажетті қасиетіЕлдің басшысы ізгі болса,халқы да ізгі болады (Ж.Баласағұни) Қоғамдық тәрбие - тарихи аренада адамдар қоғамының пайда болуымен бірге туды. Қоғамдық тәрбиенің мақсаты, мазмұны, құралы мен әдістері қоғамдық қатынастардың қарқынымен, қандай қоғамдық-экономикалық формацияның шарттарында іске асатынымен анықталады. Парадигма – ғылым дамуының белгілі бір кезеңдерінде ғылыми қоғамның қабылдаған әдіснамалық және теориялық қағидаларының жиынтығы, ғылыми зерттеудің үлгісі, стандарты. Парадигма - латынның мысал деген сөзінен шыққан. Бұл білімнің концептуалды моделі ретінде пайдаланылады. Білім парадигмасының көп тараған түрлері баршылық[1]. Оларға мыналар жатады: 1.Дәстүрлі-консервативтік (білім парадигмасы);2. Феноменологиялық (гуманистік парадигмасы);3. Рационалдық (тәртіптілік парадигмасы);4. Технократтық;5. Эзотерикалық.Әрбір парадигма не үшін тәрбиелеу керек, жасұрпақты қандай мақсатқа дайындау керек, не үшін өмір сүреміз деген сұрақтарға жауап береді.Мәселен, дәстүрлі білімдік парадигмада білім берудің басты мақсаты: Білім, білім, қандай жағдайда да тек білім. Мұнда өркениет пен мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу негізгі мақсат болып саналады.Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің гуманитарлық парадигмасының діңгегі - оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас: ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді.Рационалдық парадигмаға оқушыға білімнің түрлі тәсілдерінің тиімді жақтарын, ортаға бейімделу, оның ойы, сезімі және іс-әрекеттерімен санасу, оларды меңгерту жатады. Мұндағы басты қағида: мектеп – бұл фабрика, ал оқушы – оның шикізаты. Бұлай оқытудың негізгі әдістері – тренинг, тестік бақылау, жекелеп оқыту және мәтінді түзету. Ғылымды тәртіп тіліне аударған Америка педагогы Р.Мейджер. Мұның бәрі оқушыны да, мұғалімді де дамытады. Егер мұғалім бәрін өзі атқарса да, оқушы еншісіне үйлестіру мен бақылау қалады дейді.Технократтық парадигманың негізгі мақсаты – дәл ғылыми білімдер. Адамның қасиеті оның білімі, тәртібі және оны тасымалдаушы ретінде танылады.Эзотерикалық парадигма – оқушының табиғи күші. И.Колесниковтың пікірінше, адамның қоршаған әлеммен іс-әрекетінің жоғары деңгейі басым көрсетіледі. Мұнда адамның ақиқатқа мәңгілік өзгермейтін қатынасы көрінуі тиіс. Бұл жерде оқушының дамуындағы мұғалімнің адамгершілік, психологиялық, физикалық функциялары ерекше ұғым болып табылады. Гуманизм (лат. Hummanus - иманды) - адамның қадір - қасиеті хұқын құрметтеуі, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның игілігіне, оның жан -жақты дамуына, адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жалғасын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы.Қайта өркендеу дәуірінде /XV, XVI ғ.ғ./ гуманизм тиянақты идеялық қозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде гуманизм феодализмге және орта ғасырдың теологиялық тұжырымдарына қарсы көзқарас-тарымен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Гуманизм сезім теорияларының ең басты мәні сонда - адамдар оқиғаларға баға береді, өзінің мінез - құлық (бағалайтын) бағытын таңдайтын моральдік ұғымдарға, әртүрлі құбылыстарға байланысты яғни олардың бастан кешіретін мақұлдау немесе айыптау сезіміне негіз болады. Басқаша айтқанда гумандық сезім теориясының жақтаушылары айтқандай ой - пікірлер тиісті немесе бағаланып отырған объектілер туралы емес, осы объектілерге орай адамның бастан өткеретін гумандық сезімдер туралы ғана ақпаратты қамтыды деп есептейді[4,14б.]. 4. Әл-Фараби. Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері. Әлеуметтік-этникалық трактаттарында . - Алматы: Ғылым, 1975.- 456.Осы орайда Ресей философы А.Ф. Лосевтің пайымдауынша «Гуманизм дегеніміз - философия, филология, тарих тұрғысындағы білімдердің және ерекше өнердің жиынтығы ғана емес, сонымен бірге ол адамның ақыл - ойының ерекше бір қасиеті, еркін ойлауға деген бұрылысы» деген пікірі біршама көңіл аударарлық.Ал, философиялық сөздіктегі (1996) анықтамада: «Гуманизм - адамның қадір - қасиеті мен хұқын құрметтеуді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасы, адамның игілігіне, оның жан - жақты дамуына, адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы», - деп тұжырымдалған.Соңғы кезде шыққан «Педагогикалық сөздіктегі» «гуманизм» анықтамасы да көңіл аударарлық: «Гуманизм - принцип мировоззрения, в основе которого лежит признание безграничности возможностей человека и его способности к совершенствованию, прав личности на свободное проявление своих способностей, убеждений, утверждение благо человека как критерия оценки уровня общественных отношении. В настоящее время становится одним из основных принципов педагогики» (Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. Педагогический словарь. М - 2000).Бүл жерде тұлға қабілетін адами дамытудың шексіз мүмкіндігіне мегзей отырып, оның қоғамдық қатынастарының өлшемі ретіндегі қызметі де ескерілгенін аңғарамыз.Байқап отырғанымыздай, адамның мінез - құлық, қадір - қасиеті мен қарым -қатынас тұтастығы гумандық қасиетті айқындай түседі екен Айқын бағыттағы қажетті құралдар мен әдістерді пайдалана отырып, адамды тәрбиелеуге болады, ал оны басқарушы - педагог, тәлімгер, мұғалім, ата-ана, орта.Бүгінгі таңда елімізде педагог деп мұғалімдер, оқытушы-ғалымдар, білім беру саласындағы менеджерлерді айтады. Менеджмент сөзі басқару, жетекшілік жасау дегенді білдіреді. Ұстаздың кызметі шет мемлекеттерде де, біздің елімізде де педагогикалық менеджмент деп атап жүр. Сондықтан педагогты менеджер деп атау үрдісi қалыптасып келеді. Яғни педагог-менеджер оқу-тәрбие процесін басқарады, оған жетекшілік жасайды. 2.Имандылық,ізгілік,сүйіспешілік- иманипедагогиканың асыл өзегі.Тәрбиелеу қазақ ілімінде мынандай түжырым бар: «Басына бақ жұғысып,құт қонатын қазақтың ұлы құлықты,қызы қылықты келеді.Себебі-қазақ, Алладан сұрап, қалап алған ұрпағын олар қанша көп болса да, «Алла аманаты , Тәңір сыйы»,- деп көріп,оларды-«Сүйіспеншілік бесігіне бөлеп, Махаббат жөргегіне орап,Мейірім уызымен ауыздандырып өсіреді.» Сондықтан қазақ баласына сүйіспеншілік, махаббат,мейірім, сыпайылық, имандылық қатарлы асыл қасиеттер ана сүтімен беріліп,дамып жетіледі.Қазақ ұрпағын жетімсіретпейтін,тіптен уақытша болса да сәбилік шағында бөгдеге асыратып бақтырмайтын себебі осында.Жастай жетім өскен ұрпақ аталмыш бесікке бөленбей мейірімділік уызына жарымайды.«Мейірімділік- мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл» »,- дегенге жүгiнсек, iзгiлiк қазақтың қанында бар қасиет екендігіне көзіміз әбден жетеді. Сүйіспеншілік аталатын нәзік сезімнен көптеген адами сапалар туындап,махаббат алақанында әлпештеніп,жайсаң мінездер қалыптасады.Перзенттік борыш, ата-аналық махаббат,туысқандық мейірім,достық мейірім, ұлтжандылық, отансүйгіштік, елжандылық, бауырмалдылық- осы асыл қасиеттің тарамдалып жетілуі,көгеріп көркеюі-ізгіліктің, сүйіспен-шіліктің шынайы көрінісі.Бұл басқаның беретін бағасы,қайрымдылардың тартар сыйы емес. Ал адамның жан дүниесі сүйіспеншілік болғанда ғана өзгеріске түседі.Сүйіспеншілік қорқынышты білмейді, сүйіспеншілік өтірікпен өш.Сүйіспеншілік тілдің ұшында, ақылдың шыңында емес – ол жүректің төрінде.Сүйіспеншілік кешірімділер мен жаны жомарттармен бірге, өзімшілдік ала берсем деп ойлап, жақсылықты тез ұмытып кететіндермен сиыспайды. Сүйіспеншілік-барлық руханилықтың тамыры, барлық шығармашылық пен ізденістердің мәні, барлық талпыныстардың қиылысқан тұсы, адамдардағы шабыт көзі.Қиянат жасамау, яғни басқаларға зиян келтірмей өмір сүру-бұл сүйіспеншілік пен ынтымақтастық рухы, кешіре білу, қайырымдылық, қоршаған орта мен өзгелерге қамқорлық, бауырмалдық және теңдік сезімі ұлттық сана, өзгелердің мәдениеті мен түрлі рухани дәстүрлеріне деген құрмет.Ұлттық рух-ұрпақ тәрбиесінің арқауы.Ұлттық рух дегеніміз-өз ұлтыңа деген ерекше сүйіспеншілік. Ол сүйіспеншілік қайдан пайда болады? Егер де ұлттың топырағында туып өссең, оның болмысын қаныңа, жаныңа, тәніңе сіңірсең, тілін меңгерсең, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын білсең сүйіспеншілік пайда болады. Жалпы,Сүйіспеншілік атты адамның асыл қасиеті Жасағанның сыйлаған нәзік сезімі,ерекше несібесі.Оның нышаны тілі шықпаған «жанды бақа» нәрестеден де сезіліп тұрады.Сүйіспеншілікті Яссауи бабамыз,Абай данамыз Аллаһты танудың жолы,оны «көрудің» ерекше көзі десе Шәкерім атамыз Әлемді танудың, саналы іс-әрекеттің басы деп көрсетеді. Данышпан Абайдың мына бір шумақ өлеңінде осы ойлар : Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жол осы деп әділетті. Осы үш сүю болады ИМАНИ ГҮЛ, Иманның асылы үш деп сен тахқиқ біл Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ, Басты байла жолына, малың түгіл,-деп берілген.Хәкім Абай мұнда пенденің әуелі жаратқан иесі Алланы, сосын барша адамзатты және әділеттікті сүюді, яғни осы үш ұлы сүюдің жиынтығын «имани гүл» деп атағанын көреміз. Шындығында, иман ақиқаты осы үш махаббаттан тарайды.Ұлы Даланың Ұлық ұстаздары ізгілікті –адамның табиғи қасиеті оны адам болмы-сынан,жанынан жеке алып қарауға болмайды,әрі кісінің кемелденуінің алғышарты деп көреді. Қазақ арасында айтылып, сан ғасырлар желісінде сөйленіп, ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан ғажап ойлы, терең мәнді бір көсем сөз бар. Ол - ұрпақ санасына ізгілік туралы, кісілік туралы қастерлі ұғымдыы мәңгілікке сіңдіріп орнықтыру жайлы ата-бабаларымыз насихаттап келе жатқан: «Бір жылдығын ойлаған бидай егеді,Он жылдығын ойлаған тал егеді,Мың жылдығын ойлаған ізгілік егеді!», - деген киелі сөз қалған. Ұлттық тәрбиелеу ілімінің хәкімі М.Жұмабаев: «Адамға қалай да болса көмек келтіретін ой мен іс -ізгілік деп аталады.Ізгілікке ұмтылу адамның жаратылысында өзінде бар нәрсе»-деген.Ал,Ж.Баласағұн: «Жасы кіші,жүзі нұрлы көрікті, Бар ізгілік бір өзіңнен өріпті! ...Кішісінде- махаббат,кәрісінде- мархабат, Бәрі жақсы ізгілікпен өтсе жүгін арқалап!»-дейді. Ұлы Даланың Ұлық ұстаздарының тәрбиелеу ілімдерінің барлығы осы ізгілікке негізделіп құрылған. 3.Кемел кісі ілімі –Иманипедагогиканың күре тамыры. Қазақ ұғымында, олардың түп тұқиянынан бері жалғасқан хас дәстүрі-КІСІЛІК және КҮРЕСКЕРЛІК.Кісі деп белгілі бет бейнесі бар,күш қуаты,ақыл ойы толысқан,қазақша ойлап-сөйлеп, қуанып-мұңая алатын, сүйіп-жирене білетін,көңілі асқақ, көкірегі ояу,көзі ашық –ұлт өкілі. Дәлірек айтқанда қазақтың ұлт өкілін дайындап,беретін арнаулы тетікте өңделген –адам. Халық: адам болар баланың,кісіменен ісі бар, адам болмас баланың,кісіменен несі бар,-дегендегісі-осы кісі. Кісілік- өмір тәжірибесінің нәтижесінде қалыптасқан жеке адамның адамгершілік іс-әректі мен мінез-құлқының жақсылық көрінісі. Мұрат етіп,кісілік дәрежесіне жеткен адамды армандау барлық халықта бар үрдіс.Нағыз адам(орыс),кемел адам(қытай), үлгі кісі(үнді),тәңірлік жан(монғол),тақуа адам(мұсылмандар) т.б. Кісілік- адамдарға деген ізгі ниет, құрмет,жанашырлық пен сенім,кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық.Қадыр Мырза Әлі атамыз: «Кісілік кісі таңдамайды. Ол қой бағып жүрген қатардағы қазақтан бастап, ел басқарып жүрген елеулі азаматтарға шейін, бір де біреуін жатырқамайды. Бірақ ол екінің біріне бұйырмайтын, адамның адамына ғана, соның жүрегіне ұя салатын қымбат қасиет.»-дейді. Ж.Баласағұн бабамыз: «Десең өзің қадір-құрмет табайын, Кісілерді қадырлей біл ағайын.Білгің келсе кісі әсілін анықтап, Көңіл, қылық,тіл-бұл істі танытпақ.Кісілікке кісілік еткен-ер кісі.Ақылды-есті- кісілердің кісісі,Білімділер-кісілердің кішісі.» Билер антындағы : «Кiсiлiкке қайшы iске қарап тұрмау;Кiсiлiкке қайшы сөзге бас шұлғымау; Кiсiлiкке қайшы былыққа батпау;Кiсiлiк қасиеттi ақтау, құдiреттi баптау.»Қазақ дүниетанымындағы «кісі» сөзінен «кісілік» ұғымы туындайды. «Кісілік» деген адамның намысы, өзіне-өзі жасайтын құрметі, өзін-өзі сыйлауының белгілі бір деңгейі, кісіліксіз адам-тағдыр тәлкегіне түскен-мүсәпір. «Кісілік» адамның өзегі, оны жетілген адам дәрежесіне көтере алады. Кісі-кісілік қасиетімен анықталады.Кісілік қасиетті Ұлы Даланың Ұлық ұстаздарының қай-қайсысы да саралап көрсеткен.Соның ішінде Ж.Баласағұнның орны ерекше. Айталық,ҰлыҰстаз:Кісілік-адамгершіліктің негізгі тұтқасы, адамилықтың биік шыңында тұратын құнды қасиет.Адамды адам етіп құрметтеудің, бағалаудың белгісі ретіндегі сапалық көрсеткіші,-деп көріп, кісілікке тән сипаттарды былай бөліп көрсетеді: «тіл-адал сөйлеп, шындығын айту; әділет-әділдікті сақтау, ар-намысты қорғау; жомарттық – қайырымды, кеңпейілді, ақжүрек және қол кең болу; қайсарлық-елін-жерін қорғау, жаудан сақтану.»Ж.Баласағұни адамның бойындағы кісілік қасиетін жоғары қоя отырып,кісі-ділі,тіні, негізі-кісілігімен ғана Адам деген құрметке ие екендігін ашып көрсетеді: «Кісі екенсің, тінің сенің-кісілік, Кісілерге адамдық ет кешіріп... Кісілікпен танытасың затыңды, Кісілікпен шығарасың атыңды. Кісілерді кісі еткен кісілік, Кісілікпен аты шығар кісінің.Кісі ізгісі-қайрымды кең кісі, Ел сарасы, кісіліктің белгісі...Әділдік –құт. Құт құрығы- кішілік. Әділдіктің заты-тұнған кісілік. Елдіктің өзегі-білік,кілті-тіл,қадір-қасиеті-кісілік.Кемел кісі тұралы ұғым дәстүрлі діндердің барлығында бар.Сәбидің адамнан тұлғаға дейін көтеріліп даму жолын олар өз дүниетанымы негізінде көрсетеді. Б.з. І ғ. Палестинада дүниеге келген Христиан дініндегі кемел адам үлгісі― Иса Мәсіх болса, б.з.д. алғашқы мың жылдықта Үндістанда пайда болған Буддизм дінінде кемел адам үлгісі-Будда Сидхартха Гаутама болып табылады.“Христиан діні адамдарды бай және кедей , еркін немесе құл деп танымай,оларды тек діндар немесе діндар емес деп қана тануға үйретеді. Байлық,асқан күш қуат тойымсыздық кесел деп, ал кедейшілік, мойынсушылық пен жақыныңды жақсы көру сезімі ізгі қасиеттер деп саналады. Христиандар бұл дүниеде қол жету мүмкін болмайтын әділеттілік, Иса Масих жария еткендей,Аспан Патшалығында салтанат құратынына сенеді.”[3.311-312 беттер]Иса Мәсіх атақты Тау уағызында шаттыққа бөленетіндер қой аузынан шөп алмас момын адамдар, мейрімділер мен жақсылықты аңсағандарға адамның ішкі рухани қасиеттерін ашып көрсетіп, жоғары адамгершілік тәлім беріп, кек қайтару, қарғыс лағынеттер айту, екі жүзділікке үндейтін жағымсыз қылықтарды көрсетіп, христиан діні негізін ұғындырды.“Сенен сұрағанға бер, сенен білгісі келгеннен теріс айналма”, “ Біреуді кіналама,сонда сені ешкімде кіналамайды...”, “...Кімге қандай баға берсең өзіңеде сондай баға бұйырады” деп рухани тазалыққа үндейді. [4.307 бет] Будда дініндегі «үйлесімді адам» азап пен қайғы қасыреттің ізгілікті төрт ақиқат және сол азапты күйзелістерден құтылудың сегіз жолын игерген жан. Нирванаға жеткен (кемелденген ұжмақтағы жан) адам,ол ақиқатқа жетті және ол дүниедегі ең бақытты жан деп санайды.Буддизм діни этикасы Будданың өсиеттерінен тұрады.“Тіршілік иелерінің қай қайсынада зиян келтірмеу; біреудің өз еркімен бермеген нәрсесін алмау;жалған сөз айтудан аулақ болу; мешкейліктен бас тарту; билеу мен ән салу және ойын–сауықтардан аулақ болу; мас қылатын ішімдіктер мен есірткіден аулақ болу т.б. ” ұстанымдарға негізделген. [6.19 бет]:Кемел кісі қалыптастыру қазақ ілімі тереңнен тамыр тартқан,текті жаннан кемел кісі болып қалыптасу жолы айқындалған,оның қалыптасу кезеңдері айқын көрсетілген,қалыптасу барысын әр кезеңде бағалап,өлшеп,сынап бағамдау амал айласы бар,тиянақты қөзқарас,ұлтанды білім қоры.Сондықтан ол,иманипедагогиканың тұғырлы тірегі бола алады.Егер иманипедагогиканы өз елінде,өз жұртында қажеттенуші болса кемел кісі ілімінің нұсқасы олардың өздерінен қиналмай ақ табылатындығын көрсетіп отырмыз.Екінші жағынан бүгінгі қазақ елі көп этносты,көп дінді зайырлы қоғам құрып жатқан бағдарлы мемлекет.Иманипедагогика олардың ешбірінің мүддесіне қарсы келмей діни –наным сенімінен,рухани тазару амалын айқын көрсетіп бере алады.Олай болса,иманипедагогика материалистік тәрбие теориясымен гуманистік тәрбиелеу парадигмасы аумағында өте сиымды түрде ұштаса алады.Жаңа гуманистік ( неопедоцентризм) бағыттың өзі иманипедагогикадан алшақ жатқан жоқ.Ең бастысы бұл бағыт тәрбиені сипаттайды, яғни баланың шығармашылық дамуына жағдай жасауға көңіл аударады.20-ғасырдың алғашқы жартысында бұл тұжырымдама Джон Дьюи негізін салған педоцентризм, сондай-ақ, педагогикалық прагматизм атауларына ие болды. Ол 20-ғасырдың басындағы педагогикалық ізденістерде М. Монтессори, Р. Штайнердің Вальдорф педагогикасында «еркін тәрбиеде» орын алған. 20-ғасырдың екінші жартысында А. Маслоу, К. Роджерс және басқалардың еңбектерінде бұл тұжырымдама кеңінен өріс алды. Олар психология бағытында білім саласында кеңінен құлаш жайған психологиялық қағидалар гуманистік психологияда тарады. Педагогикалық еңбектерде бұл гуманистік педагогика, неопедоцентризм деген атауға ие болды.Шындығында. гуманистік педагогиканың қазақша баламасы,сөзбе-сөз аудармасы-иманипедагогика.Ал,Иманипедагогика оның көшірмесі емес.Иманипедагогика кемел кісі жетілдіріп дамыту,өсіріп баулу бағытындағы жас ұрпақтың шығармашылық дамуына жағдай жасау үшін,олардың рухани тазалығын көркейту үшін,текті тұлға тәрбиелеу теориясын негізге алған,теориялық педагогиканың бір саласы. Ол-заманауи тәрбие теориясы.Ол-жалпақ жұрттың рухани жаңғыруын педагогикалық-психологиялық негізде зерделеп,баршаға қызмет етеді.Ол-қазақ елінің рухани жаңғыру дәуірінің жемісі.Сондықтан да,Иманипедагогиканың ғылым болып төрт аяғынан тік туруы еліміздің барша зиялы қауымы,педагог,андрагог,білім менеджерлерінің,ата-аналардың жан-жақты көмегі мен қосар үлесіне тура тәуелді. Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы) 19.12.2018

 

 

Рухани жаңғырудың бір қыры

$
0
0

 

Рухани жаңғырудың бір қыры

«Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүкіл тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» Н. Назарбаев
Рухани тазару ілімінің алғашқы ұшқындары адамзат тарихында тым ертеден пайда болып,заманның талабына сай түрленіп өркендеп келген.Ең көне дінге саналушы Буддада көне дәуірдегі рухани тазару ұғымдары күні бүгінге дейін сақталып жеткен.Мысалы нирванға жету-рухани тазарудың нәтижесінде жүзеге асатындығы көрсетілген.Осы күнгі барлық дәстүрлі дінде өзіндік рухани тазару ілімі бар.Ал діннің өзін рухани тазару туралы ілім деседі.Сондығынан болар,дінді ұлттық әдеп-ғұрып ретінде танитындар бар. Кез-келген шағын не аумақты қауымдастың рухани азғындауы олардың құрып жойылуына әкеліп соғатындықтан,ол қауымдастықты сақтап қалу үшгін азғындықтан арылатын жол іздестіріліп,жоба көрсететін рухани тазару үрдісінің болуын талап етеді.Біздің арғы тегіміззің Түркі заманының бастап,Алаш дәуіріне дейін рухани тазарудың бірнеше кезеңі болғандығы,өткендігі тарихтан белгілі. Рухани тазару ілімін «халық санасын шаю» ілімімімен ауыстырған кез де қазақ тарихында болды.Мәселен Тәңіршілдік дүние танымын,шамандық сенім-нанымын ұстанып,ру-тайпа қауымдастығы руханиятына қызмет атқарып келген,бақсы -балгер, көріпкел тәуіптер қойдай қырылып, қоғамнан аластатылған бір дәуір өткені рас.Сол шақта бір туар рухани ұстаз А.Яссауи рухани тазару ілімін қайта жаңғыртып хал ілімін жасады, пенделік кәмелеттігін ұсынды.Осы арқылы Қожа Ахмет Яссауи халықтың ұлттық салт-санасы мен дінді үйлестіре білді.Рухани тазару ілімі сол шақтан даму ,жетілу,көркею бағытына түсті.Бірақ,ол даму тарихында талай құлдырап , талай көркейіп,тіпті кейде үзіліп қалып,Ұлы Дала Ұлық Ұстаздарының көрегендігі әрі батылдығы арқасында Егемендік дәуіріне жетіп те үлгерді.Әсіресе,кеңестік дәуірде ,интернационализм мен жауынгер атеизмнің дәуірлеген шағында рухани тазару ілімі «халық жауының улы идиологиясы, зиянды қаруы» аталып,түп тамырымен үзіліп,жойылып кете жаздады.Бірақ ұлттың тарихи жадынан оны ешкім де,ешқашан өшіре алмайтынын айғақтап,жаңа ғасыр басында РУХАНИ ЖАҢҒЫРУҒА ұласты. Бүгінгі -Рухани жаңғыру-қазақтың рухани тазару іліміне сүйеніп жүзеге асырылады,заманауи кемел кісі осы негізде қалыптасады.Заманауи кемел кісінің тұрпаты,кісілік бейнесі,ақыл-ой парасатының деңгейі,білім-біліктілігінің өресі әрине,Ұлы Даланың Ұлық Ұстаздарының ұсынған,үлгі еткен,жан-жақты қарастырған «Толық адам»,«Текті тұлға» қатарлы өнегелік ерекше жандарға сәйкестендірумен қоса,заман талабы таққан жаңа сапа,асқын адамшылық қасиеттер арқылы толықтырылады.ЗАМАНАУИ КЕМЕЛ КІСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ БАРЫСЫ ОНЫ ДАМУ,ЖЕТІЛУ КЕЗЕҢДЕРІНЕ СӘЙКЕС ҮНЕМІ ТЕКСЕРІЛІП, БАҒАЛАНЫП,СЫНАЛЫП ОТЫРАДЫ.Осы бағыттағы қазақтың өткен дәуірдегі педагогикалық бір әрекетін қысқаша әңгімелейік.Адамдардың сана-сезімін, адамшылығын жоғары деңгейге көтеру оның тәжірибесі мен ақыл-ойына, зердесіне байланысты. Әрбір КІСІ, бойында иманы бар, өмірдегі кездескен мәселелерді, міндеттерді, мақсаттарды іс жүзінде шешуге тырысуы тиіс. Егер адамның түсінігі жеткілікті дәрежеде болмаса, білімі жетіспесе, онда ол қоршаған ортаны сыни көзбен түсініп, тұжырым жасауға қабілеті жетпейді. Сонымен бірге, егер КІСІ біліммен ғана сусындап, рухани мәдениетке көңіл аудармаса, онда оның алған білімі жеткіліксіз, сыңаржақ болып қалады. Сол себепті әрбір адам, халқымыздың рухани мәдениетінің барлық бағытынан нәр алып, жан-жақты дамуы қажет. Сонда ғана ол жан-жақты дамыған салауатты азамат болады. Ол адам- қоғамдық өмірдің барлық қарым-қатынастар саласында, барлық әлеуметтік құрылымды өзгертуге ат салыса алатынын халқымыз ұзақ жылдық КІСІ жетілдіріп, өңдеу тәжірибесі арқылы қорытқан. Мысалы,қазақта:-бес асылды бойға сіңіру;-алты барлықтың қадірін білу;-жеті атасын саралап,тегін тектей алу;-сегіз парыз-қарызды өтеу;-тоғыз жаудан аулақ болу;-он қағиданы ұмытпау сияқты өмір заңдылықтарын білмесе оны ұстанып басшылық етпесе, ол адам-КІСІ дәрежесіне көтеріле алмаған-деп есептеледі.Бұлардың сыртында,қазақ ғалым-ғұламаларының, ойшылдарының ақын-жыраулары мен би-шешендерінің айтып кеткен аманат өсиеттері, даналық тұжырымдары мен пайымдауларын еске сақтап,терең түсініп, ұлағат еткендер ғана КІСІ аталатын.Арамызда,ата сақалы аузына шыққан аталар мен самайын ақ шалып,әже аталса да,КІСІЛІК дәрежеге көтеріле алмағандар аз да болса кезігуі текті тұлға өңдеп жетілдіруде, тәрбиелеп қалыптастыруда кеткен қателіктің кесірі екені жасырын емес.Сондағы олардың игермей қойған,ескермей кеткен,өмір қағидалары мен заңдылықтары нелер еді? 1.Жастықтың қадірін білу:жастық шақ–қайта айналмас алтын дәуір,өнер-білім үйренетін, әрқандай қиындықты бұйым ғұрлы көрмей,аңсаған арманға жетіп,бақыт-байлық жарататын, арындаған,жалындаған,дәуір екенін шынайы ұғынып, және оны ғанибет біліп,жастық шақты мәнді,мағыналы өткізуге күш салу. Жастықтың қадырін білу-уақыттың қадырін білу. Уақыт әрі сыншы,әрі сарашы,әрі қатал безбен.Қазақтардың сағат сатып алсаңда уақытты сатып ала алмайсың деп ескертуі өте орынды. Уақытты босқа өткізбей, мәнді пайдалану үлкен мәдениет. 2.Денсаулықтың қадірін білу: қазақ халқы «бірінші байлық –денсаулық»-деп, денсаулықты бәрінен жоғары қояды, денсау-лыққа ерекше көңіл бөліп,түрлі әдіс-амалдарды қолдана отырып, денсаулықты қорғау,денсаулықтың қадір-қасиетін ұғынуды дәріптеген.Қазақтың тұтынған,ішіп-жеген ас-суы,әрі табиғи, әрі өте таза болған. Тазалықты ерекше дәріптеп,адам ағзасына қылдай зияны тиетін бір де-бір дәмді аузына салмаған. Әрі жасына сай келетін тамақтар мен ауқаттанған.Қарттарға жылы-жұмсағын,нәрлі жұғымдысын ұсынса,жастарға әл-қуат берелік ,күштілерін таңдаған. Жеткіншектерге «бір аяқ қымыз-дың,екі аяқ желігі бар»-деп,қымыздың өзін шақтап ішкізген. Қырыққа келмей ашыған немесе бозаны ауыздарына да алғызбаған.Тамақты аузынан шыққанша обырланып, қомағайланып алуды үнемі шектеген. Киімнің өзін жыл мезгіліне сәйкес киіндіріп, «тоғыз қабат торқадан,тоқтышағымның терісі артық» -деп,ғұмыр кешкен өлкесінің ерекшелігіне сай киіндірген. 3.Өмірдің қадірін білу;«Өмір деген –бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін – ұлы бекет жолдағы». /М.Мақатаев/ «Өмір-теңіз, өтіп кетем демеңіз, Ізгіліктен жаралмаса кемеңіз» /Рудаки./ «Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау» /Дж.Неру / Өмір жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді. Оның бұлтарысы да, жазығы да көп. Асуы қиын асқарымен қатар, төмен қарай құлдырап өтер ылдиы да болады. Керуен жолы кейде ұзақ, кейде қысқа келеді. Бірақ қауіп-қатерсіз, қиындықсыз болмайды. Ойламаған жерден жел тұрып, сұрапыл дауыл соғады, қалың жауын нөсерлей құйып, бұрын суы толарсақтан келер тайыз жыра, кенет сарылдай аққан, өткел бермес, долы өзенге айналады, көшті бөгейді. Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын, талмайтын керуен ғана өте алады.Тоқтамай көшіп өзінің деген жеріне жетеді.( І.Есенберлин.)Көз аөтті. Біріне-бірі жалғасып келіп, біріне-бірі айқасып жатқан әдемі шақ, қымбат күндер жүрегіңді жүз бұрап, сол күйінде қайтадан есіңе түседі. Бір тізбегі – сегіз жылдық бақытты шағың, бала кезің; одан соң оқумен өткен он жылың, одан кейін – армия, майдан. Шынын айтқанда менің өмірім-қазақтың жас жігітінің өмірі жаңа ғана басталды.( Б. Бұлқышев) Өмір дегеніміз-баға жетпес асыл зат. Өмірді дүниеде еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Өмір әрқашан өз бағытымен енеді. Өмірді қалай өткізуімізді өзіміз білеміз, өз еркіміз. Өмір дегеніміз-баға жетпес бақыт. Өмірге келген әрбір адам соны лайықты өткізу керек. Өмір дегеніміз-адамның шыр етіп дүниеге келгенінен о дүниеге өткенге дейінгі аралық. Сол аралықта пенденің қуаныш-қайғысы, демалып, тіршілік етуі, жақсылығы мен жамандығы, яғни бір сөзбен айтқанда сол ортаға қалыптасуы. Өмірдің өзі өзен бір ағынмен жүріп отырады. Бірде асау-толқындар кездессе, бірде жайшуақ күндер болады. Өмір дегеніміз-Алла тағаланың бізге берген сыйы, бір мүмкіндігі. Өмір кейде жұмсақ, кейде қатал болады. Бірақ адам өмірге қайталап келмейді. Әрбір қиындықтармен күресе білу керек. Өмір дегеніміз-адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес тәңірдің сыйы. Осы өмірін әркім әрқилы өткізіп алады. Өмірдің әрбәр сәтін мәнді де, сәнді де өткізу керек. 4.Халықтың қадірін білу;Халық күллі бақыт-байлықтың қамбасы,дүниенің қожасы екенін шынайы түсінуге тиіспіз. Халықсыз қара жерде құлазитығын ұғыну.Көппен көрген ұлы -той.Елдің күші –селдің күші.Жаңғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас.Көпті жамандаған көмусіз қалар.Бас жарылса бөрік ішінде,қол сынса жең ішінде.Мұның бәрі халық үшін,елің үшін,Отаның үшін еңбек етіп,баршаға пайдаңды тигізіп,ұлтыңа жан ашырлықпен,ұлжандылықпен қараудың қарапайым ережелері.Бұл асыл қасиеттер бала бойына,жас шағынан,ана сүтімен сіңісіп,КІСІ болып қалыптсасу барысында толысуы тиіс.Төртеу түгел болса төбедегі келеді,алтау ала болса ауыздағы кетеді. Береке бірлік қайда болса,ынтымақ игілік сонда топтасады.Сондықтан халықтың қадірін білу ең маңызды қағида. 5. Ағайын-туыс,дос-жаранның қадірін білу; есейген әрбір адам, ұрпағына,туыс туған,дос-жаранның көрсетер көмегін, тигізер ықпалын,демеу-сүйеуін жас шағында айтып,ескертіп, олардың алдындағы борыш міндетін ұғындыру арқылы олардың қадір-қасиетін бағалай алатын халге жеткізетін. Кешегі отағасы-әкеде суық қабақ,отанасы-шешеде өр мінез,қазыналы қарттарда ақылман абыздық болған. Иә,кешегі отбасында; сотқарын сүмірейтіп отырып, түзеп алатын талқысы,жетесізін желкелеп отырып жөнге салатын айбары, жалқауын зорлап отырып еңбекке жұмылдыра алатын уыты, дөрекілерді жүндей түтіп,жібектей мінезді ұл мен қыз жасай алатын тезі, бәрі бәрі болған.Осының бәрінде,әкенің орны ерекше еді.«Әке-асқар тау,ана қайнар бұлақ,бала-жағасындағы құрақ».Әке әркімнің сүйенер тіреуі.Әке әркімге қымбат.Әкені ардақтай білу ата салтымыз. Отбасында,әкенің отырар орыны, жатар жайы,ішер асы, сөйлер сөзі ,атқарар қызметі бәрі-бәрі айрықша еді. Оның жаңағы аталған тұтынатын бұйымы,іс-әрекеті бала үшін киелі де,салмақты. Мысалы әкенің бас киімі қайда тұру керек,оны қалай дайындап, ұсыну керек,басқа адам немесе балалары кіюге болама,жок па?Тізе берсек,әкеге қатысты әдептің қалыптары мен өлшемдері көп-ақ.«Алты аға бірігіп әке болмас,жеті жеңге бірігіп ана болмас»,«Өсірген баптап баласын, әкеден үлгі аласың.Бар өнерін үйреткен,әкелер тіптен салмақты-ақ.Айтайын шын жүрекпен,Әке деген ардақты- ат.Ту етемін, қашанда, Әкетайым, ардақтап!» Құрмет пен ардаққа лайық әкені өмірге дайындаған ұлттық үрдісіміз негізі осал емес! Әке-сыйламағанның жақыны кем.Ана сыйламағанның ақылы кем.Ананың мейірімі көзінде,ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде. Ана мен әкенің тәрбиедегі орны туралы түсінік қазақ халқында ерте қалыптасқан әрі ауқымды-ақ. Туысқандық мейірім. «Туысы бірге түтпейді,түбі бірге кетпейді», «Ағайынның азары болса да безері болмайды», «Қанды қалпақ кисе де,қиыспайды туысқан» деп,қазақ,туыстың ешқашан қиыспайтын нәзік сезімін көрсетеді.Ағайын арасында қандық,тектік қатынастың сырлы байланысы бар екенін байқай білген.көңілге шаттық құятын аса мәнді құбылыс.Иә,достық- біздің туымыз, ұранымыз. Достық ел мен ел,халықтармен халық арасын байланыстыратын дәнекер. Достық адам мен адамды туыс-тыратын,адамның мейірін өсіретін,мәртебесін көтеретін, рухани дүниесін байытатын ұлы күш.Достасу дегеніміз-ең алдымен,адамның біріне-бірінің сенімі,бірін-бірі терең түсінуі, біріне-бірінің қалтқысыз көңіл күйі,біріне-бірінің жолдастық көмегі,ақыл кеңесі.Ертеректе ел ішінде Әйтінбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:-Достық нешеу ?-деп сұрақ қояды.Сонда Әйтімбет тұрып:-Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық та, екіншісі -амал достық.-Дұрыс-ақ.Енді оларды қалай ажырата аламыз?- дегендерге: -Адал достық өмірлік нұсқа болады,амал достықтың өрісі қысқа болады,адал дос қашан да жаныңнан табылады. Ал,амал досты басыңа іс түссе,іздеп таба алмай қаласың деген екен.«Жаман дос көленке-басыңды күн шалса қасыңнан қалмайды,бұлт шалса маңыңнан табылмайды». А.Байтұрсынов: Адамға адал жолдас табу қиын Көбісін дос жасайды ақша,бұйым, Досым деп көрінгенге сене берме,Ахмет,бар болса егер баста миың. 6.Қолда бардың қадырін білу:айналадағы әке-шеше,ағайын туыстың ғана емес ел-жұрт,қауым-қоғамдағы өнер-білімі асқақ,ой-парасаты өрелі,адамшылығы жарқын,мінезге бай өнегелі жандарды қадірлеп,оларға сүйеніп КІСІлік қалпын игеру,солардың айтқанына көніп,үйреткенін үғу баршаға парыз болған. «Қолда барда алтынның қадырі жоқ,қолдан шығып кеткен соң,өкіндім-ай»-демекші барында естілер мен білімділерден естіп біліп,үйреніп қалу абзал борыш.Абай атамыздың «Егер есті кісі қатарында болғың келсе,өткенге ой жібер, «күніне бір мәртебе,болмаса жұмасында бір,ең болмаса айында бір , өзіңнен өзің есеп ал», «Өмірді қалай өткіздің екен», не білімге,не ахиретке,не дүниеге жарамды, күніңде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппін деп ойжүгіртіп отыр» Қолда бардың қадырын білмеу ысырапшылыққа, мақтаншаққа, шашып-төгетін астамшылыққа апаралы.Жеріміз кең,еліміз бай,ауылымыз бахуатты,жүртымыз асып-төгілген дәулет ұстап отыр деп марқаюмен қатар,барға қанағат етіп,дұрыс жұмсап,орынды жаратуды үнемі есте сақтаған, шүкіршілік жасаған адам асып-таспйды,салихалы КІСІ болады. Қазақ халқы бүгінгі өз қамын ойлаумен қоса ұрпағының келешегіне үнемі қам жеген,бар байлығын соларға арнап, сақтап, қорғап,байытқан жұрт.Бар екен деп басқаға тарту-тарта бермеген,жер байлығын,ел байлығын қызғыштай қори отырып,үнемшілдік пен ұқыптылықпен игере білген.Ұрпағының бірі екеу болу үшін,азының молаюы үшін барын салған.Қазақта, аш-жалаңаштық,бас панасыздық,тақыр кедейілік тарихтың көп кезеңінде болған емес.Ал,қырғын-жойғын, ашаршылық,тентіреушілік қатарлы зобалаңдар жауларымыздың жасаған арнайы, сұмпайылығы,зымияндығы болатын. Он үште-отау иесі деген сөз бар.Бұл есеюдің басы. Ертеде әке-шешеден бірдей айырылған,бірнеше балалар топтасып жетім қалатын жағдай да болатын.Егер,осы балалардың ортасында он үшке толғаны жоқ болса,ағайын-туыстары олардың мал-мүлкін бөліп алып, асырап бағатын.Балалардың біреуі он ұшке толған болса,ұлды үйлендіріп, қызды тұрмысқа шығарып,ол шаңырақты не ұлға,не күйеу балаға бастыратын.Олар бауырларын асырап бағып,қатарға қосатын-ды.Шаңырақ басқан күйеу-күшік күйеу болмайтын. Балдызының алды 13-15 ке толған соң, оны отау иесі болдырып,үйлендірген соң өз ата-анасына,еліне,руына кететін-ді.Он үш жаста өз басын ғана емес,бір шаңыраққа ие болатын,бауырларын асырап баға алатын дәрежеге жеткізіп, қазақ ұрпағын өмірге дайындаған.Бұл салт шығыс жұртының көпшілігінде болған.Осы дайындықтың игерілу дәрежесін жыл сайын Наурыз айында жастардан емтихан алып,сынақтан өткізіп отырған.Мысалы,осы шақта қыздардың күресіне дейін ұйымдастырған.Бозбалалар мен бойжеткендердің үйренген өнерін,алған біліміне бақылау жасаған. Екінші мүшел-25 жас.(Ұлтжандылықтың ұшқыны алаулаған шақ) Бозбалалықтан өтіп, (бойжеткен, қалыңдық атанудан өтіп жар болған жас) жігіттік жетілу,азаматтық нығаю, адамгершілік толысу жасы.Қазақтың бәрінің шаттықпен еске алатын қайрат-күштің,талап жігердің алаулау жасы.Жігіттік шақ халық талқысына түскен,жамағаттың сынынан өтіп, танылуы тиіс кезең. Сондығынан болар,Жігіт сыны,қыз сыны, әйел сыны,жігіт сұлтаны,азамат байқауы, додасы, сынағы, жарысы қатарлы сан түрлі әйгілену, анықталу,шаралары өмірге келген,оларға қойылатын талаптар мен сынақтар жасалып, оларды өткізу тәртібі, ережесі ұсынылған.Осылай жұрт тезінен өткен жігіттер мен қыздар КІСІ болып қалай қалыптасып келе жатқанын қауымға көрсетіп,сынақ тапсырып отырған. Бұл үрдіс дәстүрге айналуға бүгінгі таңда толық мүмкіндігі бар.Жалпы әлемдік педагогикадық-психологиялық ғылымда мынандай аксиомалар бар. 1.Егер үштен он үш жасқа дейін балаға өз ұлтыңның,өз халқыңның әдеп-ғұрпын игертіп үлгермесең, онан соң бала өздігінен ізденіп,қалаған әдеп-ғұрпын игеріп алады.Бұлай дағдыға көшкен жасты қайта қайыру мүмкіндігі тым аз.Бізде бұл заңдылық ескерілмейді.Оның зардабын тартып ақ енлемі.Алайда,әліде кәперімізге ешнәрсе кірер емес.Тек киіну әдебінің өзінен талайды бастан кешіп жүрміз.Ал,ауқаттану,дем алу,тіпті сәлемдесудің өзінде,қазақ діліне сәйкеспейтін қылықтар тым көбейіп барады. 2. Адам интеллектісінің 40-50% бес жаста, 60-70% жеті жаста, 9 жаста 92%-ға дейін және 15 жаста толық қалыптасатыны ғылыми дәлелденген.Интеллект қалыптасу шағында баланың басын білгеннің зияны жоқ деген қағиданы желеу етіп,баланың келешегіне қажетті деген данышпандықты бетке ұстап жалпақ білімді тықпалаудың еш қажеті жоқ.Ал,жалпыға ортақ (жалпақ біліммен ортақ білімнің арасы жермен көктей) білімді сауаттылықты толық игерту керек.Бізде ортақтық сауаты толық ашылмаған өрен ғылым негізін игеруге жіберіледі,тінті кейбіреулер маман « игеріп» шығады.Ойын оқушыға толық айтып жекткізе алмайтын «мұғалім» ,дәрілік түбіртек(рецепт)жазуға шорқақ дәрігерлердің кезігетіні де осыдан болады.Аталмыш заңдылықтарды қазақ жұрты тым ерте аңғарған. Алғашқы мүшел жасында, ұл мен қызға әдептілікті қолынан жетелеп жүріп ( ата-ана,ағайын туыс,мұғалім үстаз,тәрбиеші тәл3\імгер),өздері үлгі өнеге көрсетіп үйретіп ұқтырған.Балалық шағында қыз бен ұлға зияткерлік ойындарды мейлінше мол ойнатып,олардың интеллектуалдық зиынын дамытатын амал-тәсілдерді көп керек-тенген.Аталық:жұмбақ айтыс,қара өлең айтыс,ауызша есептеу(қазақтың қара есебі) түрлері,жыр дастаннан бастап термеге дейін жаттатқызу,зияткерлік ойындар (тоғыз-құмалақ,хан дойбы,шахмат т.б.) есептеуге және санын табуға арналған асық ойындарын пайдаланған.Сөз соңында,жастардың кісілік сапалар мен асыл қасиеттерді игеру,биязы әдеп пен жібек мінез байлығын көріп байқап,сынап тексеру туралы бір ауыз пікір қосайын. Бірінші.Онбес жасқа толған ұл мен қыз ағайын туыс,ата ана алдында, қарашаңырақ көлемінде есеп беріп сынақ тапсыратын шараны әр жыл сайын Наурызда,Республика көлемінде барлық әулетте өткізіп тұруды дәстүрге айналдыру.Екінші.Он сегіз жасқа шыққан қыз бен жігіт ауыл ,кент,шағын аудан көлемінде ата-аналарға өнер көрсетіп,педагогикалық-дәрігерлік коммисияға жазбаша эмтихан тапсыру; Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы) 24.12.2018

Рухапи жаңғырудың бір қыры

$
0
0

Мұғалім беделін арттыруға арналған проблемалық мақала

 

  Рухани жаңғырудың бір қыры


«Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүкіл тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» Н. Назарбаев Рухани тазару ілімінің алғашқы ұшқындары адамзат тарихында тым ертеден пайда болып,заманның талабына сай түрленіп өркендеп келген.Ең көне дінге саналушы Буддада көне дәуірдегі рухани тазару ұғымдары күні бүгінге дейін сақталып жеткен.Мысалы нирванға жету-рухани тазарудың нәтижесінде жүзеге асатындығы көрсетілген.Осы күнгі барлық дәстүрлі дінде өзіндік рухани тазару ілімі бар.Ал діннің өзін рухани тазару туралы ілім деседі.Сондығынан болар,дінді ұлттық әдеп-ғұрып ретінде танитындар бар. Кез-келген шағын не аумақты қауымдастың рухани азғындауы олардың құрып жойылуына әкеліп соғатындықтан,ол қауымдастықты сақтап қалу үшін азғындықтан арылатын жол іздестіріліп,жоба көрсететін рухани тазару үрдісінің болуын талап етеді.Біздің арғы тегіміз Түркі заманының бастап,Алаш дәуіріне дейін рухани тазарудың бірнеше кезеңі болғандығы,өткендігі тарихтан белгілі. Рухани тазару ілімін «халық санасын шаю» ілімімімен ауыстырған кез де қазақ тарихында болды.Мәселен Тәңіршілдік дүние танымын,шамандық сенім-нанымын ұстанып,ру-тайпа қауымдастығы руханиятына қызмет атқарып келген,бақсы -балгер, көріпкел тәуіптер қойдай қырылып, қоғамнан аластатылған бір дәуір өткені рас.Сол шақта бір туар рухани ұстаз А.Яссауи рухани тазару ілімін қайта жаңғыртып хал ілімін жасады, пенделік кәмелеттігін ұсынды.Осы арқылы Қожа Ахмет Яссауи халықтың ұлттық салт-санасы мен дінді үйлестіре білді.Рухани тазару ілімі сол шақтан даму ,жетілу,көркею бағытына түсті.Бірақ,ол даму тарихында талай құлдырап , талай көркейіп,тіпті кейде үзіліп қалып,Ұлы Дала Ұлық Ұстаздарының көрегендігі әрі батылдығы арқасында Егемендік дәуіріне жетіп те үлгерді.Әсіресе,кеңестік дәуірде ,интернационализм мен жауынгер атеизмнің дәуірлеген шағында рухани тазару ілімі «халық жауының улы идиологиясы, зиянды қаруы» аталып,түп тамырымен үзіліп,жойылып кете жаздады.Бірақ ұлттың тарихи жадынан оны ешкім де,ешқашан өшіре алмайтынын айғақтап,жаңа ғасыр басында РУХАНИ ЖАҢҒЫРУҒА ұласты. Бүгінгі -Рухани жаңғыру-қазақтың рухани тазару іліміне сүйеніп жүзеге асырылады, заманауи кемел кісі осы негізде қалыптасады.Заманауи кемел кісінің тұрпаты,кісілік бейнесі,ақыл-ой парасатының деңгейі,білім-біліктілігінің өресі әрине,Ұлы Даланың Ұлық Ұстаздарының ұсынған,үлгі еткен,жан-жақты қарастырған «Толық адам»,«Текті тұлға» қатарлы өнегелік ерекше жандарға сәйкестендірумен қоса,заман талабы таққан жаңа сапа,асқын адамшылық қасиеттер арқылы толықтырылады.ЗАМАНАУИ КЕМЕЛ КІСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ БАРЫСЫ ОНЫ ДАМУ,ЖЕТІЛУ КЕЗЕҢДЕРІНЕ СӘЙКЕС ҮНЕМІ ТЕКСЕРІЛІП, БАҒАЛАНЫП,СЫНАЛЫП ОТЫРАДЫ.Осы бағыттағы қазақтың өткен дәуірдегі педагогикалық бір әрекетін қысқаша әңгімелейік.Адамдардың сана-сезімін, адамшылығын жоғары деңгейге көтеру оның тәжірибесі мен ақыл-ойына, зердесіне байланысты. Әрбір КІСІ, бойында иманы бар, өмірдегі кездескен мәселелерді, міндеттерді, мақсаттарды іс жүзінде шешуге тырысуы тиіс. Егер адамның түсінігі жеткілікті дәрежеде болмаса, білімі жетіспесе, онда ол қоршаған ортаны сыни көзбен түсініп, тұжырым жасауға қабілеті жетпейді. Сонымен бірге, егер КІСІ біліммен ғана сусындап, рухани мәдениетке көңіл аудармаса, онда оның алған білімі жеткіліксіз, сыңаржақ болып қалады. Сол себепті әрбір адам, халқымыздың рухани мәдениетінің барлық бағытынан нәр алып, жан-жақты дамуы қажет. Сонда ғана ол жан-жақты дамыған салауатты азамат болады. Ол адам- қоғамдық өмірдің барлық қарым-қатынастар саласында, барлық әлеуметтік құрылымды өзгертуге ат салыса алатынын халқымыз ұзақ жылдық КІСІ жетілдіріп, өңдеу тәжірибесі арқылы қорытқан. Мысалы,қазақта:-бес асылды бойға сіңіру;-алты барлықтың қадірін білу;-жеті атасын саралап,тегін тектей алу;-сегіз парыз-қарызды өтеу;-тоғыз жаудан аулақ болу;-он қағиданы ұмытпау сияқты өмір заңдылықтарын білмесе оны ұстанып басшылық етпесе, ол адам-КІСІ дәрежесіне көтеріле алмаған-деп есептеледі.Бұлардың сыртында,қазақ ғалым-ғұламаларының, ойшылдарының ақын-жыраулары мен би-шешендерінің айтып кеткен аманат өсиеттері, даналық тұжырымдары мен пайымдауларын еске сақтап,терең түсініп, ұлағат еткендер ғана КІСІ аталатын.Арамызда,ата сақалы аузына шыққан аталар мен самайын ақ шалып,әже аталса да,КІСІЛІК дәрежеге көтеріле алмағандар аз да болса кезігуі текті тұлға өңдеп жетілдіруде, тәрбиелеп қалыптастыруда кеткен қателіктің кесірі екені жасырын емес.Сондағы олардың игермей қойған,ескермей кеткен,өмір қағидалары мен заңдылықтары нелер еді? 1.Жастықтың қадірін білу:жастық шақ–қайта айналмас алтын дәуір,өнер-білім үйренетін, әрқандай қиындықты бұйым ғұрлы көрмей,аңсаған арманға жетіп,бақыт-байлық жарататын, арындаған,жалындаған,дәуір екенін шынайы ұғынып, және оны ғанибет біліп,жастық шақты мәнді,мағыналы өткізуге күш салу. Жастықтың қадырін білу-уақыттың қадырін білу. Уақыт әрі сыншы,әрі сарашы,әрі қатал безбен.Қазақтардың сағат сатып алсаңда уақытты сатып ала алмайсың деп ескертуі өте орынды. Уақытты босқа өткізбей, мәнді пайдалану үлкен мәдениет. 2.Денсаулықтың қадірін білу: қазақ халқы «бірінші байлық –денсаулық»-деп, денсаулықты бәрінен жоғары қояды, денсаулыққа ерекше көңіл бөліп,түрлі әдіс-амалдарды қолдана отырып, денсаулықты қорғау,денсаулықтың қадір-қасиетін ұғынуды дәріптеген.Қазақтың тұтынған,ішіп-жеген ас-суы,әрі табиғи, әрі өте таза болған. Тазалықты ерекше дәріптеп,адам ағзасына қылдай зияны тиетін бір де-бір дәмді аузына салмаған. Әрі жасына сай келетін тамақтар мен ауқаттанған.Қарттарға жылы-жұмсағын,нәрлі жұғымдысын ұсынса,жастарға әл-қуат берелік , күштілерін таңдаған. Жеткіншектерге «бір аяқ қымызың,екі аяқ желігі бар»-деп,қымыздың өзін шақтап ішкізген. Қырыққа келмей ашыған немесе бозаны ауыздарына да алғызбаған.Тамақты аузынан шыққанша обырланып, қомағайланып алуды үнемі шектеген. Киімнің өзін жыл мезгіліне сәйкес киіндіріп, «тоғыз қабат торқадан,тоқтышағымның терісі артық» -деп,ғұмыр кешкен өлкесінің ерекшелігіне сай киіндірген. 3.Өмірдің қадірін білу;«Өмір деген –бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін – ұлы бекет жолдағы». /М.Мақатаев/ «Өмір-теңіз, өтіп кетем демеңіз, Ізгіліктен жаралмаса кемеңіз» /Рудаки./ «Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау» /Дж.Неру / Өмір жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді. Оның бұлтарысы да, жазығы да көп. Асуы қиын асқарымен қатар, төмен қарай құлдырап өтер ылдиы да болады. Керуен жолы кейде ұзақ, кейде қысқа келеді. Бірақ қауіп-қатерсіз, қиындықсыз болмайды. Ойламаған жерден жел тұрып, сұрапыл дауыл соғады, қалың жауын нөсерлей құйып, бұрын суы толарсақтан келер тайыз жыра, кенет сарылдай аққан, өткел бермес, долы өзенге айналады, көшті бөгейді. Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын, талмайтын керуен ғана өте алады.Тоқтамай көшіп өзінің деген жеріне жетеді. ( І.Есенберлин.)Біріне-бірі жалғасып келіп, біріне-бірі айқасып жатқан әдемі шақ, қымбат күндер жүрегіңді жүз бұрап, сол күйінде қайтадан есіңе түседі. Бір тізбегі – сегіз жылдық бақытты шағың, бала кезің; одан соң оқумен өткен он жылың, одан кейін – армия, майдан. Шынын айтқанда менің өмірім-қазақтың жас жігітінің өмірі жаңа ғана басталды.( Б. Бұлқышев) Өмір дегеніміз-баға жетпес асыл зат. Өмірді дүниеде еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Өмір әрқашан өз бағытымен енеді. Өмірді қалай өткізуімізді өзіміз білеміз, өз еркіміз. Өмір дегеніміз-баға жетпес бақыт. Өмірге келген әрбір адам соны лайықты өткізу керек. Өмір дегеніміз-адамның шыр етіп дүниеге келгенінен о дүниеге өткенге дейінгі аралық. Сол аралықта пенденің қуаныш-қайғысы, демалып, тіршілік етуі, жақсылығы мен жамандығы, яғни бір сөзбен айтқанда сол ортаға қалыптасуы. Өмірдің өзі өзен бір ағынмен жүріп отырады. Бірде асау-толқындар кездессе, бірде жайшуақ күндер болады. Өмір дегеніміз-Алла тағаланың бізге берген сыйы, бір мүмкіндігі. Өмір кейде жұмсақ, кейде қатал болады. Бірақ адам өмірге қайталап келмейді. Әрбір қиындықтармен күресе білу керек. Өмір дегеніміз-адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес тәңірдің сыйы. Осы өмірін әркім әрқилы өткізіп алады. Өмірдің әрбәр сәтін мәнді де, сәнді де өткізу керек. 4.Халықтың қадірін білу;Халық күллі бақыт-байлықтың қамбасы,дүниенің қожасы екенін шынайы түсінуге тиіспіз. Халықсыз қара жерде құлазитығын ұғыну.Көппен көрген ұлы -той.Елдің күші –селдің күші.Жаңғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас.Көпті жамандаған көмусіз қалар.Бас жарылса бөрік ішінде,қол сынса жең ішінде.Мұның бәрі халық үшін,елің үшін,Отаның үшін еңбек етіп,баршаға пайдаңды тигізіп,ұлтыңа жан ашырлықпен,ұлжандылықпен қараудың қарапайым ережелері.Бұл асыл қасиеттер бала бойына,жас шағынан,ана сүтімен сіңісіп,КІСІ болып қалыптсасу барысында толысуы тиіс.Төртеу түгел болса төбедегі келеді,алтау ала болса ауыздағы кетеді. Береке бірлік қайда болса,ынтымақ игілік сонда топтасады.Сондықтан халықтың қадірін білу ең маңызды қағида. 5. Ағайын-туыс,дос-жаранның қадірін білу; есейген әрбір адам, ұрпағына,туыс туған,дос-жаранның көрсетер көмегін, тигізер ықпалын,демеу-сүйеуін жас шағында айтып,ескертіп, олардың алдындағы борыш міндетін ұғындыру арқылы олардың қадір-қасиетін бағалай алатын халге жеткізетін. Кешегі отағасы-әкеде суық қабақ,отанасы-шешеде өр мінез,қазыналы қарттарда ақылман абыздық болған. Иә,кешегі отбасында; сотқарын сүмірейтіп отырып, түзеп алатын талқысы,жетесізін желкелеп отырып жөнге салатын айбары, жалқауын зорлап отырып еңбекке жұмылдыра алатын уыты, дөрекілерді жүндей түтіп,жібектей мінезді ұл мен қыз жасай алатын тезі, бәрі бәрі болған.Осының бәрінде,әкенің орны ерекше еді.«Әке-асқар тау,ана қайнар бұлақ,бала-жағасындағы құрақ».Әке әркімнің сүйенер тіреуі.Әке әркімге қымбат.Әкені ардақтай білу ата салтымыз. Отбасында,әкенің отырар орыны, жатар жайы,ішер асы, сөйлер сөзі ,атқарар қызметі бәрі-бәрі айрықша еді. Оның жаңағы аталған тұтынатын бұйымы,іс-әрекеті бала үшін киелі де,салмақты. Мысалы әкенің бас киімі қайда тұру керек,оны қалай дайындап, ұсыну керек,басқа адам немесе балалары кіюге болама,жок па?Тізе берсек,әкеге қатысты әдептің қалыптары мен өлшемдері көп-ақ.«Алты аға бірігіп әке болмас,жеті жеңге бірігіп ана болмас»,«Өсірген баптап баласын, әкеден үлгі аласың.Бар өнерін үйреткен,әкелер тіптен салмақты-ақ.Айтайын шын жүрекпен,Әке деген ардақты- ат.Ту етемін, қашанда, Әкетайым, ардақтап!» Құрмет пен ардаққа лайық әкені өмірге дайындаған ұлттық үрдісіміз негізі осал емес! Әке-сыйламағанның жақыны кем.Ана сыйламағанның ақылы кем.Ананың мейірімі көзінде,ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде. Ана мен әкенің тәрбиедегі орны туралы түсінік қазақ халқында ерте қалыптасқан әрі ауқымды-ақ. Туысқандық мейірім. «Туысы бірге түтпейді,түбі бірге кетпейді», «Ағайынның азары болса да безері болмайды», «Қанды қалпақ кисе де,қиыспайды туысқан» деп,қазақ,туыстың ешқашан қиыспайтын нәзік сезімін көрсетеді.Ағайын арасында қандық,тектік қатынастың сырлы байланысы бар екенін байқай білген.көңілге шаттық құятын аса мәнді құбылыс.Иә,достық- біздің туымыз, ұранымыз. Достық ел мен ел,халықтармен халық арасын байланыстыратын дәнекер. Достық адам мен адамды туыс-тыратын,адамның мейірін өсіретін,мәртебесін көтеретін, рухани дүниесін байытатын ұлы күш.Достасу дегеніміз-ең алдымен,адамның біріне-бірінің сенімі,бірін-бірі терең түсінуі, біріне-бірінің қалтқысыз көңіл күйі,біріне-бірінің жолдастық көмегі,ақыл кеңесі.Ертеректе ел ішінде Әйтінбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:-Достық нешеу ?-деп сұрақ қояды.Сонда Әйтімбет тұрып:-Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық та, екіншісі -амал достық.-Дұрыс-ақ.Енді оларды қалай ажырата аламыз?- дегендерге: -Адал достық өмірлік нұсқа болады,амал достықтың өрісі қысқа болады,адал дос қашан да жаныңнан табылады. Ал,амал досты басыңа іс түссе,іздеп таба алмай қаласың деген екен.«Жаман дос көленке-басыңды күн шалса қасыңнан қалмайды,бұлт шалса маңыңнан табылмайды». А.Байтұрсынов: Адамға адал жолдас табу қиын Көбісін дос жасайды ақша,бұйым, Досым деп көрінгенге сене берме,Ахмет,бар болса егер баста миың. 6.Қолда бардың қадырін білу:айналадағы әке-шеше,ағайын туыстың ғана емес ел-жұрт,қауым-қоғамдағы өнер-білімі асқақ,ой-парасаты өрелі,адамшылығы жарқын,мінезге бай өнегелі жандарды қадірлеп,оларға сүйеніп КІСІлік қалпын игеру,солардың айтқанына көніп,үйреткенін үғу баршаға парыз болған. «Қолда барда алтынның қадырі жоқ,қолдан шығып кеткен соң,өкіндім-ай»-демекші барында естілер мен білімділерден естіп біліп,үйреніп қалу абзал борыш.Абай атамыздың «Егер есті кісі қатарында болғың келсе,өткенге ой жібер, «күніне бір мәртебе,болмаса жұмасында бір,ең болмаса айында бір , өзіңнен өзің есеп ал», «Өмірді қалай өткіздің екен», не білімге,не ахиретке,не дүниеге жарамды, күніңде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппін деп ойжүгіртіп отыр» Қолда бардың қадырын білмеу ысырапшылыққа, мақтаншаққа, шашып-төгетін астамшылыққа апаралы.Жеріміз кең,еліміз бай,ауылымыз бахуатты,жүртымыз асып-төгілген дәулет ұстап отыр деп марқаюмен қатар,барға қанағат етіп,дұрыс жұмсап,орынды жаратуды үнемі есте сақтаған, шүкіршілік жасаған адам асып-таспйды,салихалы КІСІ болады. Қазақ халқы бүгінгі өз қамын ойлаумен қоса ұрпағының келешегіне үнемі қам жеген,бар байлығын соларға арнап, сақтап, қорғап,байытқан жұрт.Бар екен деп басқаға тарту-тарта бермеген,жер байлығын,ел байлығын қызғыштай қори отырып,үнемшілдік пен ұқыптылықпен игере білген.Ұрпағының бірі екеу болу үшін,азының молаюы үшін барын салған.Қазақта, аш-жалаңаштық,бас панасыздық,тақыр кедейілік тарихтың көп кезеңінде болған емес.Ал,қырғын-жойғын, ашаршылық,тентіреушілік қатарлы зобалаңдар жауларымыздың жасаған арнайы, сұмпайылығы,зымияндығы болатын. Он үште-отау иесі деген сөз бар.Бұл есеюдің басы. Ертеде әке-шешеден бірдей айырылған,бірнеше балалар топтасып жетім қалатын жағдай да болатын.Егер,осы балалардың ортасында он үшке толғаны жоқ болса,ағайын-туыстары олардың мал-мүлкін бөліп алып, асырап бағатын.Балалардың біреуі он ұшке толған болса,ұлды үйлендіріп, қызды тұрмысқа шығарып,ол шаңырақты не ұлға,не күйеу балаға бастыратын.Олар бауырларын асырап бағып,қатарға қосатын-ды.Шаңырақ басқан күйеу-күшік күйеу болмайтын. Балдызының алды 13-15 ке толған соң, оны отау иесі болдырып,үйлендірген соң өз ата-анасына,еліне,руына кететін-ді.Он үш жаста өз басын ғана емес,бір шаңыраққа ие болатын,бауырларын асырап баға алатын дәрежеге жеткізіп, қазақ ұрпағын өмірге дайындаған.Бұл салт шығыс жұртының көпшілігінде болған.Осы дайындықтың игерілу дәрежесін жыл сайын Наурыз айында жастардан емтихан алып,сынақтан өткізіп отырған.Мысалы,осы шақта қыздардың күресіне дейін ұйымдастырған.Бозбалалар мен бойжеткендердің үйренген өнерін,алған біліміне бақылау жасаған. Екінші мүшел-25 жас.(Ұлтжандылықтың ұшқыны алаулаған шақ) Бозбалалықтан өтіп, (бойжеткен, қалыңдық атанудан өтіп жар болған жас) жігіттік жетілу,азаматтық нығаю, адамгершілік толысу жасы.Қазақтың бәрінің шаттықпен еске алатын қайрат-күштің,талап жігердің алаулау жасы.Жігіттік шақ халық талқысына түскен,жамағаттың сынынан өтіп, танылуы тиіс кезең. Сондығынан болар,Жігіт сыны,қыз сыны, әйел сыны,жігіт сұлтаны,азамат байқауы, додасы, сынағы, жарысы қатарлы сан түрлі әйгілену, анықталу,шаралары өмірге келген,оларға қойылатын талаптар мен сынақтар жасалып, оларды өткізу тәртібі, ережесі ұсынылған.Осылай жұрт тезінен өткен жігіттер мен қыздар КІСІ болып қалай қалыптасып келе жатқанын қауымға көрсетіп,сынақ тапсырып отырған. Бұл үрдіс дәстүрге айналуға бүгінгі таңда толық мүмкіндігі бар.Жалпы әлемдік педагогикадық-психологиялық ғылымда мынандай аксиомалар бар. 1.Егер үштен он үш жасқа дейін балаға өз ұлтыңның,өз халқыңның әдеп-ғұрпын игертіп үлгермесең, онан соң бала өздігінен ізденіп,қалаған әдеп-ғұрпын игеріп алады.Бұлай дағдыға көшкен жасты қайта қайыру мүмкіндігі тым аз.Бізде бұл заңдылық ескерілмейді.Оның зардабын тартып ақ келеміз.Алайда,әліде кәперімізге ешнәрсе кірер емес.Тек киіну әдебінің өзінен талайды бастан кешіп жүрміз .Ал,ауқаттану,дем алу,тіпті сәлемдесудің өзінде,қазақ діліне сәйкеспейтін қылықтар тым көбейіп барады. 2. Адам интеллектісінің 40-50% бес жаста, 60-70% жеті жаста, 9 жаста 92%-ға дейін және 15 жаста толық қалыптасатыны ғылыми дәлелденген.Интеллект қалыптасу шағында баланың басын білгеннің зияны жоқ деген қағиданы желеу етіп,баланың келешегіне қажетті деген данышпан-дықты бетке ұстап жалпақ білімді тықпалаудың еш қажеті жоқ.Ал,жалпыға ортақ (жалпақ біліммен ортақ білімнің арасы жермен көктей) білімді сауаттылықты толық игерту керек.Бізде ортақтық сауаты толық ашылмаған өрен ғылым негізін игеруге жіберіледі,тінті кейбіреулер маман « игеріп» шығады.Ойын оқушыға толық айтып жекткізе алмайтын «мұғалім» ,дәрілік түбіртек (рецепт)жазуға шорқақ дәрігерлердің кезігетіні де осыдан болады.Аталмыш заңдылықтарды қазақ жұрты тым ерте аңғарған. Алғашқы мүшел жасында, ұл мен қызға әдептілікті қолынан жетелеп жүріп ( ата-ана,ағайын туыс,мұғалім үстаз,тәрбиеші тәлімгер),өздері үлгі өнеге көрсетіп үйретіп ұқтырған. Балалық шағында қыз бен ұлға зияткерлік ойындарды мейлінше мол ойнатып,олардың интеллектуалдық зиынын дамытатын амал-тәсілдерді көп керектенген.Айталық:жұмбақ айтыс,қара өлең айтыс,ауызша есептеу(қазақтың қара есебі) түрлері,жыр дастаннан бастап термеге дейін жаттатқызу,зияткерлік ойындар (тоғызқұмалақ,хан дойбы,шахмат т.б.) есептеуге және санын табуға арналған асық ойындарын пайдаланған.Сөз соңында,жастардың кісілік сапалар мен асыл қасиеттерді игеру,биязы әдеп пен жібек мінез байлығын көріп байқап,сынап тексеру туралы бір ауыз пікір қосайын. Бірінші.Онбес жасқа толған ұл мен қыз ағайын туыс,ата ана алдында, қарашаңырақ көлемінде есеп беріп сынақ тапсыратын шараны әр жыл сайын Наурызда,Республика көлемінде барлық әулетте өткізіп тұруды дәстүрге айналдыру. Екінші.Он сегіз жасқа шыққан қыз бен жігіт ауыл ,кент,шағын аудан көлемінде ата-аналарға өнер көрсетіп,педагогикалық-дәрігерлік коммисияға жазбаша емтихан тапсыру; Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы) 09.01.2019

«Педагогикалық ұжымның психологиялық ахуалын қалыптастыру».

$
0
0

«Педагогикалық ұжымның психологиялық ахуалын қалыптастыру».

Рамазанова Жадыра Даулеткалиевна

ЖШС «Ақ ерке»балабақшасы, педагог-психолог.

 

         Сәлеметсіздерме, ұлағатты ұстаздар! Бүгін сіздердің психикалық көңіл - күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір - бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренинг- сабағыма ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

  1. Амандасу.

Қатысушылар бір-бірімен дәстүрден тыс амандасады.

  1. Танысу. Шеңбер бойында тұрады.

Мақсаты: Өзін таныстыру, жаңа ұжымға бейімделу, айналасындағыларға бірлесіп жұмыс жасауға оң бағыттау. Есімдерін және қандай қызмет атқаратынын және де одан басқа қандай қызмет түріне икемді екенін айтып шығады.

  1. «Үстел» ойыны. Қатысушылар шеңбер бойына тұрады. Оңға бұрылып өзінің алдыңғы көршісінің иығынан ұстайды да тізелерін бүгеді. Алдағы ойыншы оның тізесіне отыруы тиісті.
  2. «Табиғат мінезі» жаттығуы. Қане, бәріміз тізбектеле тұрайық, өзімізді табиғат аясында тұрғандай, еркін сезінейік. Аспаннан күн шуағын шашып, ауа- райы жақсы болып тұрды да, аяқ астынан жеңіл жел соқты – алдарыңызда тұрған адамның арқасын жәймен ғана желдің самалындай етіп қолмен сипайсыздар.

Жел күшейді – алдарыңыздағы адамның арқасын қолмен қатты ұқалай бастаймыз. Кенет, жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – қолымызбен жаңбырдың сіркірегеніндей жай ғана ұрамыз.

Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жаңбыр сияқты арқамызды саусақтардың ұшымен жоғары төмен сипалаймыз. Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз. Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді.

  1. «Сиқырлы қоржын» кері байланыс ойыны.

Нұсқау: Қатысушыларға парақша таратылып беріледі. Сол парақшада карама – қарсыда отырған қатысушы туралы мінездеме береді.

  1. Психологиялық тест.

Қайсы ағашты таңдайсыз?

  

Сіз қандай екенсіз?

  1. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен – өзіңіздің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әрлендіру үшін тыңбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін .... содан кейін де жақсы көруден қайтпайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.
  2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме тауысылмайды.
  3. Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяларыңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін.
  4. Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті сізбен салыстыруға тұрарлық жан да жоқ... Сізді көбі дұрыс түсіне білмейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді.
  5. Сенімді жансыз. Сіз тәуеліз жансыз. «Бәрін өзім жасаймын» деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз – олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз.
  6. Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым - қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерің артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз.
  7. Бақытты және өзін – өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салу керек деп түсінесіз. Сіз кез – келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз.
  8. Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайлы өрбіп жатса, үнемі «Қолдаймын» деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңқалдырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтамағанша тыным таппайсыз.
  9. Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір – сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзер тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Жарықбаева Қ.Ж.Психология негіздері.Алматы:ЭВЕРО,2005жыл-377б.
  2. Төлешова Ұ.Б.Психологиялық-педагогикалық практикум.Алматы,2016жыл,117б.
  3. Бердібаева С.Қ.Творчествалық іс-әрекеттің этнопсихологиясы.Алматы,2006жыл,216б.
  4. Намазбаева Ж.Ы.Жалпы психология,Алматы,2006жыл,296б.
  5. Ерментаева А.Р.Психологиялық даярлықты жетілдіру.Өскемен,2012жыл,412б.                                                        

Методы и приемы активизации учебной деятельности.

$
0
0

Методы и приемы  активизации учебной деятельности.

                    К. Д. Ушинский воодушевляет учителей, что их главная задача – не просто излагать материал, а пробудить способности детей, привлечь их активное внимание. Активизировать деятельность учащихся невозможно без пробуждения интереса к этой деятельности. Познавательный интерес должен стать мотивом обучения и стойкой чертой характера ученика. Педагогический опыт накопил богатый и ценный арсенал методов такого побуждающего обучения: словесные — наглядные — практические – репродуктивные – поисковые – индуктивные – дедуктивные — самостоятельная работа. Педагогики – классики утверждают: «Смертельный грех учителя – быть скучным». Многие учителя ищут способы, «оживляющие» их уроки, привлекающие учеников к активной работе. Сохраняя основную форму урока, они придают ему оригинальные, нестандартные приемы, творчество и креативность, повышая этим интерес школьников к учебному процессу. Обычно на таких уроках дети увлечены, работоспособны, и, конечно же, результативность в классе возрастает. Надо заметить, что в организации таких уроков важна мера. Иначе дети могут больше сконцентрироваться на необычных способах, чем на материале.

Уровни познавательной активности:

 Воспроизводящий. Учащиеся стремятся понять, запомнить, а потом воспроизвести знания. На этом уровне интерес к углублению знаний отсутствует.

Интерпретирующий. Учащиеся стремятся найти смысл в изучаемом материале, увидеть связь между явлениями, найти способы применения в разных условиях.

Творческий. Желание учащихся не только понять глубину и сущность явлений, их взаимосвязь, но найти новый способ для своей цели.

Для повышения активности учеников начальных классов целесообразно использовать следующие словесные методы: дискуссии. Дети должны учиться свободно, не боясь, высказывать свою точку зрения и уважать мнение (даже противоположное) одноклассников.

Самостоятельная работа. Ребята должны уметь анализировать, выделять из общего — главное, пользоваться разными источниками информации.  

            Познавательный интерес – высший стимул всего учебного процесса, средство активизации познавательной деятельности учащихся. Разнообразие эффективных приемов пробуждает у детей интерес и положительное отношение не только к результатам, но и самому процессу обучения, к учителю, уверенность в преодолении трудностей. 
              Принципиально важно, чтобы дети на каждом уроке переживали радость открытия, чтобы у них формировалась вера в свои силы и познавательный интерес. Интерес и успешность обучения – вот те основные параметры, которые определяют полноценное интеллектуальное и физиологическое развитие, а значит, и качество работы учителя. 
       Ученик работает на уроке с интересом, если он выполняет посильные для него задания. Одной из причин нежелания учиться заключается именно в том, что ребенку на уроках предлагают задания, к выполнению которых он еще не готов, с которыми справиться не может. Следовательно, надо хорошо знать индивидуальные особенности детей. Задача педагога состоит в необходимости помочь каждому ученику самоутвердиться, искать и находить собственные пути получения ответа на вопрос задачи. 
       Создание нестандартных ситуаций на уроке способствует развитию познавательного интереса и внимания к учебному материалу, активности учащихся и снятию усталости. Наиболее часто применяются в практике работы учителей урок-сказка, урок-конкурс, урок-путешествие, урок-игра. Каждый из этих уроков имеет ряд своих особенностей, но все они позволяют создать атмосферу доброжелательности, зажечь огонек пытливости и любознательности, что, в конечном счете, облегчает процесс усвоения знаний. 
       Еще одним методом активизации познавательной деятельности является осуществление интеграции. Интеграция – процесс сближения и связи наук, происходящий наряду с процессами дифференциации. Он представляет собой высокую форму воплощения межпредметных связей на качественно новой ступени обучения. Такой процесс обучения под влиянием целенаправленно осуществляемых межпредметных связей сказывается на его результативности: знания приобретают качества системности, умения становятся обобщенными, комплексными, усиливается мировоззренческая направленность познавательных интересов учащихся, более эффективно формируется их убежденность и достигается всестороннее развитие личности. 
       Таким образом, активизация познавательной деятельности учащихся на уроке – одно из основных направлений совершенствования учебно-воспитательного процесса в школе. Сознательное и прочное усвоение знаний учащихся проходит в процессе их активной умственной деятельности. Поэтому работу на каждом уроке следует организовать так, чтобы учебный материал становился предметом активных действий ученика. 
        Младший школьный возраст – это возраст, когда эмоции играют едва ли не самую важную роль в развитии личности. Поэтому первостепенное значение имеют приемы активизации познавательной деятельности, индивидуальный подход, дозировка сложности заданий, позволяющие создать ситуацию успеха для каждого ребенка. Каждый ребенок должен продвигаться вперед своим темпом и с постоянным успехом. Успешность обучения достигается не столько за счет облегчения заданий, сколько за счет формирования у детей желания и умения преодолевать трудности, создания атмосферы увлеченности и доброжелательности. 
       Многие педагоги – практики не считают необходимым сочетать методы обучения и используют постоянный набор приемов. Но ведущие педагоги и психологи отмечают, что однообразная деятельность тормозит познавательную активность. Выполнение однотипных упражнений, конечно, способствует усвоению знаний, умений, навыков, но имеет и отрицательный эффект. Познавательная активность в этом случае высока лишь в момент ознакомления с новым, далее она постепенно снижается: пропадает интерес, рассеивается внимание, возрастает число ошибок. Таким образов, главной задачей учителя является такое построение образовательного процесса, при котором между всеми этапами учащиеся смогли бы установить тесные взаимосвязи и смогли бы увидеть конечный результат своего труда. 
       Итак, педагогу необходимо стараться максимально приблизить изучение программного материала к жизни, сделать процесс обучения более эмоциональным и интересным. Это позволит пробудить у учащихся младшего школьного возраста интерес к новому, желание познавать мир и, учитывая психологические особенности детей, помогать им лучше и легче усваивать учебный материал. 

                Развитие познавательной активности может осуществляться в разных формах учебной работы:

Круглый стол – это определенным образом – по кругу (по периметру прямоугольника) – расставленные столы или стулья. Такое расположение  позволяет видеть всех участников и их реакцию на происходящее. Подобная расстановка мебели создает наиболее благоприятные условия для общения и обмена мнениями участниками.

Мозговой штурм. Данная стратегия направлена на эффективное решение проблем путем стимулирования коллективной мыследеятельности и на выявление максимально возможного количества подходов к решению проблемы. Основная задача данной стратегии обучения – собрать как можно больше идей за ограниченное время. Все идеи записываются на большом листе бумаги или на доске без комментариев. Это хорошее начало для работы над новой темой, проблемой.

Особенностью данной стратегии являются:

  • одинаковое понимание участниками поставленных задач;
  • умение слышать и развивать идеи друг друга;
  • поощрение безумных идей и шуток;
  • недопустимость критики и оценочных суждений;
  • временной прессинг.

Письменный мозговой штурм. При проведении такого штурма каждый участник должен за короткое время выделить три идеи и записать их на листе бумаги. Для этого необходимо:

  • лист бумаги разделить на три колонки;
  • в верхней части листа записать общую проблему;
  • в каждой колонке записать по одной идее;
  • передать свои записи соседу;
  • прочитать идеи предшественников и за несколько минут предложить три свои новые идеи;
  • передать лист другому соседу.

После завершения индивидуальной работы идет групповое обсуждение выдвинутых идей, проводится дискуссия на основе их критического анализа.

Сеть. Вариант мозгового штурма, когда от одной мысли проводится линия к другой. Мысли, идеи связываются друг с другом как нити сети. Все мысли записываются  на доске или на одном большом плакате. Одновременно можно записывать значительное число идей и соединять их.

Дискуссия в группе проводятся с целью выявления разных точек зрения по спорному вопросу и предоставления возможности  всем участникам сделать свои выводы.  Этому способствует эмоционально-заразительная атмосфера интеллектуального соперничества. Дискуссия дает возможность участникам высказать  всевозможные доводы в защиту своих идей, приводить любые контраргументы. Групповая дискуссия стимулирует и активизирует глубинные ассоциации, заставляет участников высказывать то, что они не могут сформулировать в других условиях.  Важно помнить, что мнения могут не совпадать, и необходимо не допустить конфликта сторон.

Елочка ассоциаций. Упражнение начинается со стартового слова. Обычно это имя существительное,  единственного числа, в именительном падеже. Под этим словом в столбик записываются новые слова, которые как-то связаны с первым. Затем создают второй столбик, взяв за основу одно из слов первого столбика. Команду переключения дает преподаватель, он же выбирает ключевое слово. Это позволяет созданную елочку ассоциаций использовать в дальнейшей работе по изучаемой проблеме.

Например, начальное слово «букет»:

Букет

Растение

Юг

Песок

Цветок

Дерево

Море

Глина

Луг

Лиана

Песок

Камень

Растение
Юг

Загар

Мрамор

Трава

Тропики

Солнце

Известняк

Неожиданные переключения дают возможность уходить от стартового слова и увеличивать количество ассоциативных комплексов, расширяя зону областей, из которых берутся слова. Это упражнение позволяет за короткое время активизировать словарный запас.

Придумайте рассказ, используя слова из «елочки ассоциаций». Можно добавить любые другие слова. Задание можно усложнить, предложив использовать максимальное количество слов из «елочки».

«Бином фантазии».  Идея принадлежит известному итальянскому писателю Джанни Родари. Берутся два слова, которые в реальной жизни мало связаны друг с другом. Например, пес и шкаф. Берутся их все возможные сочетания с предлогами,  и объясняется, что это означает. Например, шкаф у пса – это место, где пес хранит свои поводки и намордники. Можно составить целый рассказ для каждого словосочетания.

Поиск общих признаков. Берутся два разных слова, которые не связаны между собой. Необходимо найти как можно больше общих признаков, которые объединяют предметы, названные этими словами. Например, слова лапша и  лопата. Они обозначают предметы, сделанные руками человека, начинаются на букву «л», заканчиваются буквой «а» и т. д.

Исключение лишнего. Берутся три слова, например, солнце, помидор, собака. Нужно объединить два слова и исключить третье. Собака и помидор находятся на земле, а солнце над землей. Собака и солнце имеют общий слог «со», а помидор начинается на букву «п» и т. д.

Поиск аналогов. Берется одно слово, обозначающее предмет или явление, и надо назвать как можно больше других предметов или явлений, каким-то образом связанных с первым. Например, рюкзак.  Он предназначен для переноски вещей. С этой целью используют сумки, чемоданы и другие предметы. Он из прочного материала. Называем предметы, которые обладают этим свойством. Он имеет застежки. Называем предметы, которые имеют застежки и т. д.

Поиск противоположного объекта. Называется какой-либо всем известный предмет или явление, необходимо привести как можно больше предметов или явлений, которые в чем-то противоположны данному. Например, мед – сладкий,  хина – горькая; соль – соленая; ложка дегтя портит бочку меда и т. д.

Определение понятий. Берется всем известное понятие и предлагается дать ему «научное» определение. Например, слово дырка: Дырка – это отверстие на поверхности, имеющее разнообразную форму. В определении надо указать существенные и несущественные признаки. Оно должно раскрывать сущность предмета и отличать данное понятие от других.

Высказать мысль другими словами. Берется фраза, которая соответствует возрасту и особенностям участников группы. Она может быть связана с темой обсуждения. Предлагается высказать эту же мысль, но другими словами. Ни одного слова из первого предложения использовать нельзя. Например: Я всегда уверен в своей правоте. –  Меня невозможно ни в чем переубедить.

Сделать наоборот. Изменить какое-то качество или свойство объекта на противоположное. Можно и сам факт изменить на противоположный и пофантазировать, что получится.

Объединить объекты в систему. Вариант 1. Вырезать из газет различные заголовки. Каждой группе участников предложить, не читая, выбрать 3-4 заголовка. Дается задание составить короткий рассказ, используя полностью выбранные заголовки.

Вариант 2. Предложить набор рисунков. На каждом из рисунков представлено одно из состояний  героев. Число рисунков соответствует числу учащихся в группе. Нужно не показывая рисунок рассказать по очереди, что на нем изображено. После того, как все рассказали о своих рисунках, необходимо выстроить логическую последовательность на словах, не показывая рисунки. Затем разложить рисунки в предполагаемой последовательности. При необходимости последовательность можно изменить. После того, как рисунки представлены в определенной последовательности,  составляется рассказ о том, что изображено. В завершении работы группы обмениваются своими рассказами.

Вариант 3. Разрезать неизвестное стихотворение, лучше смешное, юмористическое,  на отдельные строчки и предложить группе составить из них свое стихотворение. После окончания работы составленный вариант сравнивается с оригиналом.

Сказочные превращения. Преподаватель говорит участникам: «Представьте, что у меня в руках волшебная палочка, и я с ее помощью могу превратить вас  в сказочных героев». Каждый участник может выбрать для себя персонажи сказки, или определенную роль  предлагает сам преподаватель. Затем участники выполняют конкретные задания, выступая от имени героев сказок. 

Волшебное колечко. Преподаватель показывает колечко и говорит, что оно волшебное. Оно может быть наделено разными волшебными свойствами:  оно может дать возможность попутешествовать во времени (отправить человека в прошлое; позволить заглянуть в будущее); представить себя в роли преподавателя, ведущего специалиста, бизнесмена; встать на позицию другого человека и тому подобное. В зависимости от выбранного волшебства и от новой  роли  участники решают рассматриваемую проблему.

Мешок сюрпризов. Преподаватель кладет в мешочек все, что угодно: камешки, мелкие игрушки, пробки, перышки, шарики, кусочки бумаги, маленькие флакончики и т. д. Мешочек пускается по кругу и задается начало рассказа, его продолжает тот, к кому попадет мешочек. Каждый игрок вынимает по одному предмету и вплетает этот предмет в ткань своего рассказа. Рассказ ведется до тех пор, пока не получит свое логическое завершение. Можно предметы взять заранее и придумать свою импровизацию с ними. Сначала можно выбрать сюжет, а затем предметы и связать их этой сюжетной линией.

Волшебные ларцы. Вот  волшебные ларцы.

                           Здесь начало, там концы.

                                      Середины нет, увы…

                            Ее придумаете вы.

В руках у преподавателя или на столе два ларца. В одном – начало сказки или истории, во втором – их конец. Работа ведется в группах. Каждая группа берет из одного ларца текст начала сказки, а из другого – конец  и придумывает сказку.  При этом участники должны не просто придумывать любую сказку или рассказ, а связать их с изучаемой  проблемой. После завершения написания сказки все группы по очереди знакомят остальных с тем, что получилось.

Интервью. Вариант 1. Один из участников садится в центр круга. Группа может задать ему 3-5 вопросов, строго соответствующих заданной ему социальной роли. Например, вопросы как родителю, вопросы как руководителю предприятия, бизнесмену и др.  Дающий интервью должен четко и ясно отвечать на вопросы. Роли определяются в зависимости от задач и проблем, обсуждаемых на занятии.

Вариант 2. Желающие берут интервью у каждого члена группы. Вопросы задаются по определенной договоренности: произвольно, по обсуждаемой проблеме, личного характера. Интервьюируемый может говорить от себя лично, а может от имени маски,  будто не про себя. Обычно задают 4-7 вопросов каждому. Количество вопросов оговаривается заранее.

Упражнение «Вы в экспедиции». Преподаватель говорит участникам: «Представьте, что вы были в экспедиции, и нашли неизвестный минерал,  животное, растение и т. д...». Участники должны придумать название своей находки. Причем название должно быть таким, чтобы оно легко запоминалось и вызывало положительные эмоции. В названии можно использовать существительные, прилагательные или их сочетание.

Решение конкретных ситуаций  способствует формированию у участников навыков анализа, выделения главного, умения слушать и взаимодействовать. На примере конкретных ситуаций  можно показать возможности консилиума, продемонстрировать множество подходов к решению одной проблемы. Для успешного решения необходимо, чтобы ситуация была реальной, проблемной и описана лаконично и емко. При решении ситуаций необходимо опираться на теоретические знания участников, полученные в ходе занятий, и  их опыт.

Конкурс знатоков  темы (проблемы). Предлагается известная тема, которую учащиеся обсуждали на занятиях. Группа разбивается на две подгруппы. Каждая из них составляет вопросы и задания по изученной теме для других.  Если тема трудная, такие вопросы может составить преподаватель. Затем идет обмен заданиями, их выполнение и начисление баллов. Оцениваются и вопросы и ответы. Предварительно обсуждается максимальное количество баллов за каждый вопрос и правильный ответ. Членами жюри являются представители команд. Преподаватель выступает в роли ведущего и арбитра. Побеждает та команда, которая наберет больше баллов.

Аквариум. Среди участников выделяется небольшая группа из 3-4 человек. Они садятся в центр круга, а все остальные участники размещаются по кругу, лицом к центру. Группа в центре обсуждает проблему, связанную с темой занятия. Все остальные молча наблюдают за ходом обсуждения. После завершения небольшой групповой дискуссии остальные участники включаются в общее обсуждение проблемы. Малая группа как бы задает направление этой дискуссии.

Горячий стул. Приглашается один из участников занятия. Остальные участники задают ему вопросы, связанные с обсуждаемой проблемой. Тематика вопросов может быть шуточной. Об этом следует заранее договориться с группой.  Сидящий на стуле должен быстро и правильно отвечать на вопросы. Арбитром выступает преподаватель. Участнику надо как можно дольше продержаться на стуле. В случае задержки или неправильного ответа он освобождает стул. Его место занимает тот, чей вопрос был последним.

 

 

Рухани жаңғыру - табысты ел болуымыздың кепілі

$
0
0

Рухани жаңғыру – табысты ел болумыздың кепілі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы  ел дамуының  жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан өзіне қажетті  тұсты таңдап, жүзеге асыру үшін іргелі іске өз үлесін қосуға ұмтылуы қажет. Себебі, бұл – бідің еліміз, біздің ұлтымыз және біздің болашағымыз үшін қажетті бастама, қажетті құндылықтар екендігін айтты. Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты  сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін , мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді , мәдениетімізді ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды.

Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерілеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл - тәуелсіз еліміздің  бақытты болашағы мен  алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың  кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.

Н. Ә. Назарбаев бұл ретте, тұстас қоғамның және әрбір қазақстандықтың  санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке  тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың алты бағытын белгілейді:

  1. Бәсекеге қабілеттілік
  2. Прагматизм
  3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
  4. Білімнің салтанат құруы.
  5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.
  6. Сананың ашықтығы.

Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті бәсекеге  қабілетті болатыны анық. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда яғни барлық салада болуы тиіс. Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін  ұсынады. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық салт-дәстүрімізді берік ұстанған, ұлттық идеологиясы  темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиісіпіз.

Мен Елбасының осы сөздерін толық қолдай отырып,  рухани мәдениеттің дамуы үшін тағылымды ұлттық тәрбиенің қайнарынан сусындап, биік адами құндылықтардың кемелдену барысында әрбір маман иесі кәсіби қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруы  қажеттігін түсінемін. Ел Президентінің рухани жаңғыруға қатысты ұстанымдары бір ауыздан қолдау тауып, ұлттың кемелденіп дамуына әсер етуші ең маңызды фактор деп санаймын. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім жүйесі әрдайым бірінші кезектегі орында тұруы міндет деп есептеймін.

Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу. «Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді», - дейді Н. Ә. Назарбаев. Сондықтан рухани жаңғыру үдерісін дер кезінде қабылданған оң шешім деп танимыз.  Осы рухани жаңғырудың жүзеге асырылуын біз және сіз болып, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлікте орындауымыз аса қажет. Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу – Елбасының  асыл арманы.

Ендеше,  рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бірлік туы астында бақытқа бірге жетейік!

 

 

Тамара Байтикенова

Шұбалаң негізгі мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Тәрбиенің негізі – отбасында

$
0
0

     Отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі – бала. Қазақ халқының «Бір баласы бардың шығар шықпас жаны бар, көп баласы бардың үйінде жанған шамы бар», «Бала – адамның бауыр еті» - деуі баланы бақыт санағандық. Осынау фәлсапалық мәнді қағидаға ой жіберсек, баласыз өмірдің қараң, қызығы шамалы екенін түсіну қиын емес. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы болып табылады. Ата-ананың қанша баласы болса, әр бала ата-анаға өзінше қымбат. Үлкен ұрпақтың тәжірибесі, өмірдегі беделі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмірге бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Олай болса, отбасы – тәрбиенің қайнар көзі, негізгі ұясы болып табылады.

     ХІ ғасырда Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты Білік» еңбегінде айтқандай:

Ақ сүтпен бірге сіңген жаңалық,

Айнымайды еш алғанша ажал қапсырып.

Ет сүйекпен бірге біткен қылығың,

Өзгермейді салғанша ажал құрығын.

және де

 «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы-жаман болса, бала-солардан».

      Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сіңімді және негізді.

    Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Орыстың ұлы педагогы П.П.Блонский «Ата-ананы тәрбиелемей тұрып, баланы тәрбиелеу қиын»- дейді. Ата-аналар өнегелі сөзімен, жеке басының тәрбиесімен балаларына ақылдылықты, адалдықты, қарапайым кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үйретеді. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әрекеттерден аулақ болып, өзінің ата-анасына ұқсаған әрбір іс-әрекетінен үлкенге құрмет, кішіге ізет байқалып тұруы керек.

     Кейбір ата-аналар баланы материалдық жағынан қамтамасыз етеміз деп күні бойы маңдай терін төгіп, жұмыс істеп, балаларының ешкімнен кем болмағанын қалайды. Алайда, қараусыз қалған балалардың елігуі тез және жаман қылықтарға да бейім келеді. Ал баласының бос уақытында не істеп жүргенін, қайда барып, немен шұғылданып жүргенін білмейтін ата-аналардың көптігі қаншама. Отбасы тәрбиесін дұрыс жолға салсақ, халқымыздың бүгінгі ұрпағынан қанішер қарақшылар, баукеспе ұрылар, жезөкшелер, нашақорлар, тастанды балалар, ұл-қызы бола тұра панасыздарға айналған қарттар болмас еді. Егер тәрбиесіздіктің ұрығы осылайша көктеп, тамыр жайса, одан жеке адам да, ұжым да, қоғам да, мемлекет, ел де қатты зардап шегеді. Сондықтан да баланың бүгінгі іс-әрекетіне, тәртібіне бүгін назар аудармасақ, ертең кеш болады. Олай болса, әрбір ата-ана бір сәт баласына сөйлесуге уақыт бөліп, олардың пікірлерін тыңдауға, сұрақтарына дұрыс жауап беруге, орынды тілектері болса қанағаттандыруға міндетті. Егер ата-ана баласына уақыт табатын болса, балалары оларды ақылшымыз, сырласымыз деп санайды. Қалаған мәселе бойынша олар ата-анасын іздейді, не нәрсеге де олармен ойласатын болады.

    Өкінішке орай, көптеген ата-ана өз балаларына назар салып, олардың ішкі жан-дүниесін біле бермейді. Сөйтіп мінез-құлқын тәрбиелеуде уақыт өткізіп алады. Ал өсіп келе жатқан жас ұрпақтан сыпайылық, мейірімділік танытпай қатігездігі байқалып жатса «Мынау менің балам ба, бұл қылықты мен үйреткен емеспін» деп таң қалып жатады. «Не ексең, соны орасың» деп ата-бабамыз тегін айтпаған, сондықтан да балаға материалдық қажеттіліктен гөрі рухани қажеттілік аса қажет деп ойлаймын.

    Отбасы - ең үлкен, мықты тәрбие ошағы.Себебі, келешек әулеттің барыстары сонда тәрбиеленеді. Баланың келешекте қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім тәрбиесі мен қарым-қатынасқа байланысты. Денсаулығы мықты, білімді де жігерлі, жалқаулыққа бой алдырмайтын, кез-келген қиындықтарға бейімделе білуге қабілетті және жаңа асулар мен шыңдарды бағындыратын,  батылдығымен, айлакерлігімен дараланатын жас барысты  заман ағымы мен уақыт талабына сай тәрбиелеуіміз қажет. Егер келешекте Қазақстанды алдыңғы ел қатарынан көргіміз келсе, балаларымыздың болашағын қамтамасыз еткіміз келсе, осыны ұмытпауымыз керек.

    Қорытып айтқанда, «Еңбек етсе кімде-кім, алтын жеміс тереді»  демекші,  еңбегіміздің жемісі көңілдегідей болсын десек, отбасы тәрбиесін босаңсытып алмайық. Отбасындағы бала тәрбиесіне сергек қарауымыз қажет, ағайын!

Өмірге келгеннен соң адам болып,

Өмір сүр, итке ұқсамай надан болып.

Ұрпақ сүй, тәрбиеле азамат қыл,

Міндеті ата-ананың оны сен біл! –демекпін.

 

 Қызылорда облысы,

Сырдария ауданы,

№132 қазақ орта мектебі

әлеуметтік-педагог

Абдреев Рүстем Қалыбекұлы

 

 

   

Viewing all 451 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>