Quantcast
Channel: Баяндама - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 451 articles
Browse latest View live

Ақыл-ой көші ары асып бара ма?

$
0
0

«Өзгенікі – таңсық, өзінікі – қаңсық». Қазақ мұндай жағдайда осылай дер. Соңғы жылдары теріскей өңірлердегі шекаралық елді-мекендерде туып-өскен, білім алған балаларымыздың көрші елдің орта және жоғары оқу орындарына құжат тапсыруы жиі көрініс бере бастады. 

Ал әлемде қос елдің арасындағы ең ұзын шекаралардың бірі болғандықтан, бұл проблема орын алған өңірлер бізде, өкінішке қарай, өте көп. Оған күншығыстағы Өскеменнен Новосібір мен Барнаулға, Павлодардан Омбы мен Томға, солтүстіктегі Қызылжардан Түмен мен Екатеринбургқа, Қостанайдан Челябі мен Уфаға, батыстағы Ақтөбеден Орынбор мен Самараға, Оралдан Саратов пен Волгоградқа, Атыраудан Астраханьға бет алатындарды мысал ретінде көптеп айтуға болады.  Олар Ресей Федерациясының субъектілерінде оқығаннан кейін көбінесе туған еліне орала бермей, қалып қояды.

Яғни Қазақстан тарапы басқа мемлекеттің экономикасы мен әлеуметі үшін қаржы шығындап, орта білім берген болып шығады. Бұл – ақыл-ой көші. Экономикаға пайдалы жастық қуаттың, жұмыс әлеуетінің кетуі. Сондықтан бұл мәселеге бей-жай қарауға болмайды. Осы орайда біз өз өңірімізде өссе де, өзектен ешкім теппесе де өзгеге телініп бара жатқан бүгінгі буынның бұл бет алысын таразылаған едік.  Облыстық білім басқармасы берген мәліметтер бойынша, былтыр 3614 оқушы мектепті аяқтап, 2094-і ғана ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан.

Бар-жоғы 60 пайыз! Жыл өткен сайын бұл көрсеткіш құлдырап барады. Оның бір ұшығы түлектердің өз елінің оқу орнынан гөрі шетелдің білім ордасын таңдауына келіп тіреледі. 2011 жылы 2638 жас өз тағдырларын Қазақстанның жоғары оқу орындарымен байланыстырса, былтыр бұл деңгей 2 есеге дейін төмендеген. Керісінше, осы мерзім аралығында Ресейге білім іздеп кеткендердің саны 8 есеге жуық көбейген.  – Облыс көрші елдің үш өңірімен шектеседі. Ежелден ауылымыз аралас, қойымыз қоралас тарихи дәстүріміз бар.

Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде құжаттық ресімдеу мәселелері оңтайландырылғаннан кейін қарым-қатынас тіпті көбейді. Шекаралас аймақтарға қатысты қабылданған меморандумдар шеңберінде білім саласына қатысты бірқатар жеңілдікті келісімдер қарастырылған. Осы жағын ескермей болмайды.

Екіншіден, жастардың таңдау еркіне, талап-тілектеріне шектеу қоя алмаймыз. Әрине, олардың өзге елдерге жаппай кету толқыны бізді де толғандырады. Оған барынша тосқауыл қою, алдын алу мақсатымен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен бірлесіп, кәсіптік бағдар берудің кешенді жоспары қабылданды.

Түрлі кездесулер өткізіліп, еңбек нарығына қажетті салалар мен болашақ мамандықтарды таңдау бойынша ақыл-кеңестер беріледі. ЖОО-ның кәсіби бағдарламалары таныстырылады. Назарбаев университетінен, КИМЭП-тен өкілдер келіп, мектеп ұжымдарымен, оқушылармен кездесті, – деді әңгімелескенімізде білім басқармасы басшысының орынбасары Күлпаш Қалғожина. Десек те, шаралардың атқарылып жатқанына қарамастан, олардың жеткіліксіз екендігі, көбіне науқандық сипатпен шектелетіні байқалмай қалмайды. Жұртшылық арасында «облыс орталығында орналасқан элиталы орыс мектептері түлектерінің көпшілігі ҰБТ тапсыруға құлықсыз, өйткені оның тәртіп-ережелерін қиынсынады. Оған қарағанда Ресей жағы көптеген жеңілдіктер, артықшылықтар ұсынатындықтан, жастарымыз көбіне сол жаққа қарай ұмтылады. Ең керегі – ақысыз оқуға түсу.

Қазақстанда оқу ақысы қымбат, сондықтан шекара асуға мәжбүр. Бәрі жайлы, көңілдегідей болса, өскен ортасын, туған-туыстарын қиып кетпес еді», деген пікірлерер жиі айтылатындықтан «ЛОРД» дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-лицейдің директоры Гүлжан Жақановаға жолы­ғып, сөйлескен едік. Өйткені бұл мектеп – облыстағы маңдайалды ұжым­дардың бірі. Физика-математика, жара­тылыстану-математика және лингвистикалық бағыттарға бейім­делгендіктен, көршілеріміз ат басын жиі бұрып, жан-жақты байланыс ор­натуға пейіл.  – Осы қызметке кіріскеніме үш ай ғана. 1993 жылдан бері лицейді 445 түлек бітірген екен. Қазір олардың қандай оқу орындарын аяқтап, қайда жұмыс істейтіндері жайлы толық мағлұматты жинастырып жатырмыз.

Түлектеріміздің арасында шетелдерде білім алып жатқандарының үлесі басым. Мәселен, былтыр 18 тү­лек­тің 14-і Ресейдің жоғары оқу орын­дарын таңдап, 11-і тегін оқу мүм­кін­дігіне ие болды. Қазақстандағы оқу орындарының базасы да, кадрлық құ­рамы да осал емес. Білімге қаржы жеткілікті бөлінеді. Демек, сапалы мамандарды өзімізде де дайындауға болады деген сөз. Менің ойымша, ре­сейліктер, ең алдымен, теріскейлік жас­тардың алғырлығын, зейінділігін, білсем-оқысам деген құштарлығын ерекше бағалайтын сияқты. Дмитрий Должников қазір АҚШ-тың Чикаго университетінде ұлттық зертхананың меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы. Қарындасы Алена химия философиясының докторы, Голландияда қызмет атқарады.

Екеуі де оқуды Ресейде бітірген. Осындай талантты жастарды тарту үшін небір әлеуметтік жеңілдіктер ұсынып, алып кетуге тырысады. Тегін білімнің қайтарымы болатынын олар жақсы түсінеді, – деді Гүлжан Шәмілқызы. Қазірдің өзінде мұнда ресейлік ЖОО-лар тарапынан ғаламтор арқылы кәсіби бағдарға арналған жарнамалық-ақпараттар толассыз түсіп жатқан көрінеді. Жуық арада өкілдер келіп, жүзбе-жүз кездесулер өткізетіндерін хабарлапты. Қазақстан жағы... әзірге үнсіз.  Талантты жастардың шетелге жаппай кетуі қалалық «БЭСТ» гимназиясында да қалыпты үрдіске айналған. Гимназия директоры Надежда Заиченконың айтуынша, шетелде білімі мен біліктілігін жетілдіріп келгеннің еш айыбы жоқ. Мәселе туған жерге оралудан қашқақтайтыны.

Өйткені, жұмыспен қамту, тұрғын үй жайы шешімін таппай ма деп жүрексінеді. Қаншама дипломды жастар бос сенделіп жүр. Қазақстанда жолы болмағандардың бірсыпырасы сыртта тегін біліп алып жүргендері сондықтан. Мысалы, Омбының кез келген жоғары оқу орны теріскейліктерге тегін біліммен қатар жұмыс та ұсынады екен. Ақылы оқудың өзі қолжетімді. Омбы, Том, Қорған, Түмен ЖОО-ның байланысы мықты. Жастарды тартудың небір амалдарын қолданады. Баланың қарым-қабілетін таныса, емтихан алудың орнына әңгімелесумен ғана шектелетін жағдайлар да кездеседі. Оқушыларымыз СҚМУ-ге экскурсия жасап, овсерваторияны тамашалайтын. Қазір осы байланыстар үзіліп қалды.

Былтыр мектеп бітірген 52 түлектің 31-і Ресейде бағын сынап, 22-і тегін оқуға қабылданды. Қазақстан бойынша 12 үміткерден 2-уі ғана грант иеленді. Ащы шындық болса да мойындауға тура келеді, деген Надежда Васильевна тағы бір проблеманың ұшығын шығарды. Ол жергілікті жерлерде сұранысқа ие мамандардың дайындалмайтынын, оның ішінде орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі тапшы екенін қынжыла жеткізді. Қазақстанда кей мамандықтарға басымдық беріліп, грант молынан бөлінетін көзқарасты өзгерту керек, дейді.  Осы жерде мемлекеттен жұмсалған орасан қаржы осылай сұраусыз кете бере ме деген ой туады. Мәселен, биыл «ЛОРД» лицейіне 91 миллион, «БЭСТ» гимназиясына 231 миллион теңге бөлінген. Ал бір оқушыға жылына шамамен 250-300 мың теңге қарастырылатынын есептесек, бейне-бір бөгде ел үшін кадрлар әзірлеп жатқандай әсерде қалады екенсің. Өйткені, елге қайтару жайы да мүлдем көңіл көншітпейді.

Оған талдау жасап жатқан бірде-бір мекеме көрінбейді.  Иә, дәл сол деңгейде білім беретін ЖОО-лар елімізде көптеп саналса, өңірде М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ғана. Оның атына сын айтушылар да аз емес. Бұрын мұнда 12-14 мыңға дейін студент дәріс алса, бүгінгі күні үш есеге дейін азайған. Оқу ақысын кез келгеннің қалтасы көтере бермейтіні өз алдына бөлек әңгіме.  Осындайда «Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар» деген сөз де еріксіз еске оралады екен. Бізге биыл мектеп бітіргелі отырған бір оқушымен телефон арқылы тілдесудің сәті түсті.

Аты-жөнін атамауды қалаған өзіміздің жасөспірім Қазақстанда емес, Ресейде білім алуға ниеттілігін ашық айтты. Оған қазақстандық ҰБТ сертификатын талап етпейтінін, тілдік кедергінің жоқтығын, оқу ақысының төмендігін көлденең тартты. Осыған қарағанда жас талапкерлер үшін шетелде білім алу тиімді болып тұрған секілді.  СҚМУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ербол Исақаев гимназия директорының кейбір сындарын жоққа шығарғанымен бәсекеге қабілеттілік қарымымыздың төмендігін, оған бірқатар факторлар әсер етіп отырғанын мойындады. Білім басқармасымен бірлесіп жасалған кәсіптік бағдар беруге арналған кешенді жоспар аясында жүргізілген шаралар барысында М.Жұмабаев ауданындағы мектеп түлектерінің 70-80 пайызы оқу іздеп Ресей асып кететінін, бұл мәселе шекара аймағында түйінді мәселе болып табылатын алға тартты. Келіспеске шара жоқ.. 

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы


Мутация кезеңінде ер балалар вокалмен жұмыс істеудің кейбір ерекшеліктері

$
0
0

Мутация кезеңінде ер балалар вокалмен жұмыс істеудің кейбір ерекшеліктері

 

Қазіргі уақытта қоғамның рухани саласындағы өмірге ерекше мән берілуде. Өскелең ұрпаққа адамгершілік және көркем-эстетикалық тәрбие беруде өнердің рөлін арттыру қажеттілігі ұлғаюда. Осы орайда музыкалық өнердің рөлі маңызды. Балалық жаста музыкалық талғамды, әсершіл елгезектікті дамыту – адамның музыкалық мәдениетінің іргетасын, оның жалпы рухани мәдениетінің бір бөлігі ретінде жасайды.

Балаларды эстетикалық тәрбиелеудің рөлі

Эстетикалық тәрбие – баланы тәрбиелеудің маңызды жағы. Ол баланың сезімдік тәжірибесінің, тұлғаның әсерленгіш ортасының баюына ықпал жасап, болмыстың адамгершілік жағын тануға әсер етеді (балалар үшін «әдемі» және «мейірімді» деген ұғымдар бірдей екені белгілі), танымдылықты да арттырады, тіпті физикалық дамуға да әсер етеді.  Эстетикалық даму-эстетикалық тәрбиенің нәтижесі болып табылады. Эстетикалық тәрбие міндетінің мәнісі келесіде: табиғаттағы, өнердегі, қылықтағы әдемілікті сезу және көру қабілетін дамыту; сұлулықты тануда қажеттілікті, көркемдік талғамды тәрбиелеу, сонымен қатар әр түрлі өнер саласында көркемдік іскерлікті қалыптастырады.

Музыка, көркемсурет, әдебиет, сәулет, театр… сияқты өнер эстетикалық тәрбие құралы болып табылады. Өнердің әр түрі адам санасының қызметімен байланысты болады. Сананың ерекше түрі бола тұра, ол өзінің танымдық нәтижесін әр түрлі құралдармен нығайтады: поэзия – сөздермен, мүсін – пластикалық материалдармен, ал музыка – дыбыстармен. Музыкалық өнер адамға, оның өмірінің алғашқы жылдарында-ақ тікелей әрі қатты әсер етеді, оның жалпы мәдени дамуында үлкен орын алады. Музыкаға тартылу – баланың эстетикалық тәрбиесіндегі ең маңызды жол, себебі музыка әсіресе сезімге қатты әсер етеді, ал сезім арқылы оның айналасындағы құбылысқа да әсері бар

Музыка эмоционалдық ортаны дамытады. Музыкаға деген эмоционалды елгезектік- ең маңызды музыкалық қабілеттіліктердің бірі. Өмірдегі эмоционалды елгезектік тұлғаның мейірімділік, басқа біреуге жаны ашу сияқты қасиеттерін тәрбиелеумен байланысты.

Музыка балаларды ақыл-есі жағынан да дамытады. Музыка туралы танымдық мәні бар әр түрлі мәліметтерден басқа, ол туралы әңгімелесу эмоционалды-образдық мазмұнның сипаттамасын енгізеді. Балалардың сөздік қоры музыкада берілген көңіл-күй мен сезімді сипаттайтын бейнелі теңеу және өрнектермен толығады.

Келесілер музыкалық тәрбиенің негізгі міндеттері болып саналады:

  1. Музыкалық мәдениеттің басын қалыптастыру, жалпы рухани мәдениеттің қалыптасуына ықпал жасау;
  2. Әр түрлі іс-әрекеттің көмегімен әр баланың мүмкіндігін ескере отырып, балалардың музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Музыкалық іс-әрекет ретінде музыканы қабылдау және осы қабылдау тәжірибесі негізінде балалардың шамасы жететіндегі орындаушылықты,  музыкалық аспаптарда ойнауды, музыкалық-ритмикалық қозғалысты, әнді айтамыз.

Ән айту-өз кезегінде, балаларды музыкалық-эстетикалық тәрбиелеу жүйесінде жетекші орын алады. Музыкалық іс-әрекеттің бұл түрін оқушы ағзасын нығайту құралы ретінде қарастыруға болады.

Ол дұрыс демалуды қалыптастырып, өкпе мен дыбыстау аппаратын нығайтады, дене мүсінінің дұрыс қалыптасуына ықпал етеді.

Ән айту үрдісі барысында тұлғаның ерік, жинақылық, шыдамдылық сияқты маңызды қасиеттері қалыптасады, баланың музыкалық-есту елестері, ладтық және музыкалық-ритмикалық сезімдер сынды музыкалық қабілеттері белсенді түрде дамиды. Балалардың хор шығармашылығы музыкалық-эстетикалық тәрбиелеудің ең мықты және ерекше көп таралған құралдарының бірі болып табылады.

Біріншіден, хор музыкасы шығармашылық үрдіске балалардың шектеусіз көп бөлігін тарта алады, екіншіден, ол балаға оған табиғат берген шынайы музыкалық аспап – адам дауысын пайдалануға рұқсат береді; үшіншіден, интонацияланған сөз секілді салмақты дәйекке сүйене отырып, хор музыкасы аспапты музыкаға қарағанда өлшеусіз үлкен тәрбиелік функцияға ие болған.

Ән айту іс-әрекетінің міндетіне келесілер кіреді:

  1. Балалардың жан-жақты рухани және физикалық дамуына ықпал жасау.
  2. Вокалдық жалпы музыкалық мәдениеттің негізін қалыптастыру
    (эстетикалық эмоциялар, қызығушылықтар, бағалар, вокалдық-хорлық икемділік пен дағды).

Бұл міндеттер белгілі бір репертуардың негізінде, қарым-қатынастың тиісті әдіс-тәсілдерін, балалардың музыкалық іс-әрекетін ұйымдастырудың әр түрлі формаларын қолдану арқылы шешіледі.

Ән айтудың эстетикалық әсеріндегі ерен қарқындылық музыка мен сөз арасындағы байланыспен түсіндіріледі.

Ер балалар хорындағы жұмыстың психологиялық және қарым-қатынастық ерекшеліктері

         Бүгінгі күні балалардың хор әні айтарлықтай биік деңгейге жетті. Бізге үлгі болып, оларға қарап сап түзеуге болғанымен, балалардың хор шығармашылығының бұқаралық деңгейі әзірше көңіл көншітпейді. Өкінішке қарай, өзімен жасты қыздарға қарағанда мутациялық кезеңге дейінгі дауыс табиғаты әлдеқайда бай ер балалардың көпшілігі, шын айтуға келгенде көркем хор әнінен аластатылып қалған. Мектепте ер балалардың хорының болуы өте сирек кездеседі. Солай бола тұрғанмен, көптеген бозбалалар мен ерлердің тамаша ән айтып үйренуге жеткілікті табиғи қабілеттері бар.

Көптеген балалар, әсіресе, 5жастан 13 жасқа дейінгі ер балалар мектептегі тыңдаулар кезінде тым шектеулі диапазон көрсетеді және әуенді аз-кем дәл дауыспен кварта – секста шеңберінде, негізінде кіші және бірінші октавада айтады. Солай бола тұрғанмен, олардың сөйлеу дауысы мен ән айту дауысының тембрлары сәйкес келеді, яғни балалар «қалай сөйлесе, солай ән айтады».

Ал егер де, баладан «өте нәзік», «кішкентай сәби сияқты», «маса сияқты» және де тағы басқалай ән айтуды сұрасаң, ауызды қалай ашу керектігін, төменгі жақты қалай әдемілеп түсіруін көрсетсең, нәзік күлкі(шиқыл болса да) тудыратындай кішкентай қабырғаларынан ептеп қытықтап қойсаң, зейіндерін пайда болған жаңа, жарық және жеңіл тембрге, дауыстың «құстыкі сияқты», жоғарыда, баста айтылуына аудартсаң, «таңғажайып керемет» болып, «дауыссыздардың», «музыкалық түйсікті қабылдауға қабілетсіздердің», «шуылдақтардың» музыкалық түйсікті қабылдауға қабілеттілігі, жақсы дауысы мен дұрыс ән айтудағы дыбыс қалыптастырудың үлкен диапазоны байқалады. Баланың дауысын жеңіл, таза үн шығаруға келтіре алған сайын, нәтиже де дәл солай биіктей түседі.

Бұл өзгерістің себебі мынада: балалардың сөйлеу дауысы көбінесе, былайша айтқанда, «кеуде» регистрінде қалыптасады. Дыбысты қалыптастырудың осындай тетігі жоғары дыбыстарды айтуды шектейді.

Жақсы ән салатын балалардың дыбысты қалыптастыру үрдісін зерттеу нәтижесінде ер балалардың екінші регистрге тән желбезектердің қабысу тетігінде ән айтқаны, сонымен қатар сол кезде «олардың дауысының спектрі музыкалық аспаптардың спектріне жақындайтыны» анықталды. Ән айту дауысының екінші регистрі дауыста жоғары жиіліктің пайда болуына апаратын, жеңіл және ұшпалы дауысты тудыратын желбезектер тербелісінің шеттік типімен, еркектің жіңішке дауысымен сипатталады. Ал кеуде регистрі дауыс бұлшық еттерінің баршасының тербелісімен және желбезектердің бар тереңдікке қабысуымен сипатталып, нәтижесінде дауыста төменгі жиіліктің пайда болуына әкеледі. Кеуде регистрінен фальцетті регистрге дыбыс қалыптастыруды қайта құру дыбыстарды диапазон бойынша жоғары айтуда дауыстың мүмкіндіктерін бірден арттырады

Дыбысты қалыптастырудың жеңілдігі есту түйсігінің дәл болуына жағдай жасайды. Сол себепті де көптеген «ән айтпайтын» балалардың фальцеттік регистрде бірден дауысы мен музыканы түйсікті ұғыну қабілеті анықталады. «Ән айтпайтын» балаларды табиғатынан вокалды-музыкалық қабілетке бай балалар интуитивті істейтіндей, фальцетты регистрді пайдалануға үйрету қажет. Сол уақытта балада екі дауыс пайда болады: сөйлесу-кеуде және фальцеттік немесе «бас дауысы», олай аталу себебі дауыстың фальцетті регистр болып қайта құрылуы жұмысқа бас резонаторларының бірінші кезекте қосылуымен байланысты.

Ер балалардың дауыстарында дауыстың фальцетті регистр болып қайта құрылуы ерекше байқалады. Ер балалардың ән айту дауыстары сол жастағы қыздардың дауысымен салыстырғанда бірқатар ерекшеліктерге ие. Ең алдымен, бұл қыздармен салыстырғанда дауыс типінің тым ерте білінуі. Ер баланы кеуде регистрін де, фальцетті регистрді деп пайдалана отырып, ол үшін мүмкін болатын барлық диапазон бойынша тексеру керек. Қозғалысты төменнен, бірінші октавадан кішіге қарай бастау қажет.

Альт дауысты ер балалар кеуде регистрінде тығыз тембрді байқатып, диапазон бойынша төмен қарай еркін жүреді және кіші октавадағы «фа»-ны жеткілікті дәрежеде таза айтады. Кейін диапазон бойынша жоғары жүре отырып, «ля» шамасында, тіпті «си-бемоль1» -де, олар фальцетті қосып, одан әрі жоғарғы жіңішке дауысты тембрмен «ми », «фа » и «соль »-ға дейін көтеріледі.

Альттардың дыбыстарының жоғарғы болуы артық күш жұмсауға байланысты болады. Осылайша, дұрыс ән айтатын альт дауысты ер балалар 7 жасында-ақ екі және одан да көп октавадағы диапазонды байқатады.

Ал осы жастағы жіңішке дауыстылар кеуде регистрі тетігін пайдалана отырып,«ля», «ля-бемоль»-ға дейін түседі, және те кіші октавадағы «соль»-ды әрең дегенде алады. Диапазон бойынша жоғары жүре отырып («фа1» октавасы шамасында), фальцет тетігіне көшкенде олар жеңіл, жарық тембрмен, соншалықты күш салмай-ақ «фа », «соль »-ға жетеді, көпшілігі «ля-бемоль», «ля »-ға дейін көтеріледі. Төменде де, жоғарыда да, дискант тембрі альттық тембрдан жеңілдігімен, барынша ашық түсімен ерекшеленеді. Оларда төменгі дыбыстарда кеуде регистрінің дыбысталуы өте әлсіз. Бұл жаста барынша шынайы дыбысталатын аймақ- «соль1 – ми2, фа2».

Ер балалардың осыншама ерте жаста анықталған ән айту дауыстарының диапазоны мен типі одан әрі өзгермейтіні қызық (дискан диапазоны сәл кеңейеді).

Жастары ұлғайған сайын ер балалардың дауыстары қатайып, ширақтығы жетіледі, тембры байытылады, ал пайдаланып жатқан диапазоны 7-8 жаста екі, екі жарым октаваға жетеді.

Фальцеттік дыбыс қалыптасуы кезінде дыбыс саңылауы тығыз қабыспай, үлкен желбезек асты қысым дамымағандықтан дыбыстың абсолюттік күші үлкен бола алмайды.

Осы себептен де, фальцеттік дыбыс қалыптасуы кезінде ер балалардың дауысы ақырын шығуы қажет.

Қыздарға қарағанда, ер балалардың (альт болсын, дискант болсын), кішкентай кезінен-ақ, бірдей тесситурлық жағдайда дауыстары қарқынды шыға бастайтыны байқалған. Академиялық ән айту тәсілі қандай болуы керек? Ең алдымен – дыбыстың бекзатты жұмсақтығы. Айрықша күш түсірмей, еркін дыбыс шығару. Дисканттардың жоғарғы, ашық, жеңіл, сыңғырлаған, жекеше боялған, жақсы жаңғырған дыбысы. Альттардың терең, жұмсақ немесе тығыз, сыңғырлаған дыбысы.

Кеуде тембры фальцетты тембрға қарағанда бай, ендеше, бір-бірінің қасиеттерін біріктіріп, фальцетты регистрда кеуде жаңғыруын қолдану есебінен ер балаларды микстік дыбыстауға үйрету қажет. Осыған қоса, оларда жанның нәзік қозғалысын көрсетуге қабілетті, «жылы» тембрдың пайда болуына жағдай жасайтын ән айту дыбысының ең бағалы қасиеті-ән айту вибратосын дамыту қажет.

 

Macromedia Flash программасы

$
0
0

Macromedia Flash программасы туралы негізгі түсінік

 

Flash программасы – фильм құруға, анимация жасауға және WEB-сайттарды безендіруге өте қолайлы программа. Әртүрлі программалар белгілі бір мақсатта құрылады. Flash программасының негізгі мақсаты – деңгейі өте жоғары, көрермендер мен қолданушыларды өзіндік ерекшелігімен қызықтыратын мультимедиялық фильмдер құру. Ол төменде аталған құралдар арқылы іске асады:

а) Tools құрал-саймандар панелі (сурет 1.).

 

Сурет 2.1. Tools құрал-саймандар панелі

 

а) Timeline уақыттық диаграммасы;

ә) Library кітапхана терезі;

б) Scene үстелі.

Flash  программасын іске қосқанда жоғарыда аталған құралдары бар терезе ашылады. 2.1-суреттің төменгі бөлігінде негізгі компоненттер көрсетілген:

а) үстел – уақыттық диаграммада таңдалып алынған кадрды  көрсетеді. Үстелде көрініспен жұмыс жасай отырып, фильм құрамыз.

ә) кітапхана – символ деп аталатын фильмдердің баттырмасының, көрінісінің, фрагменттерінің сақталуына арналған.

б) уақыттық диаграмма – фильм мазмұнының уақыт бойынша  өзгеру процесін көрсетеді.

в) Tools панелі – мәтінді, графиканы құруға және өңдеуге арналған құрал–саймандар ұсынады. Панелдің төменгі бөлігінде таңдап алынған құралға сәйкес модификаторлар батырмалары пайда болады.

2.1.2 Flash негізі

 

 

Flash фильмі – WEB–сайт үшін графика және анимация. Фильм негізінен векторлық графикадан тұрады. Алайда кей жағдайда сырттан әкелінетін растрлық (шашырама) графика мен дыбыстан да құралады.

Flash фильмдері интерактивті және көрермендермен тікелей байланыста бола алады. WEB–дизайнерлер Flash-та анимацияланған логотиптер, дыбыстарды анимациялау, сонымен қатар толық метражды мультимедиялық WEB-сайттар құрады.

Flash фильмі векторлық графикадан тұрғандықтан тез


 жүктеліп, көрермен экранының көлеміне толық ашылады.

 

Сурет 2.2. Векторлық және растрлық сурет

 

Сурет 2.3. Macromedia Flash программасының жұмыс терезесі.

1

 

1

 

1

 

1

 

Мұндағы 1-үстел; 2-құрал-саймандар панелі; 3-кітапхана; 4-уақыттық диаграмма;

 

2.1.3 Flash -те жұмыс жасау

 

Flash-та жұмыс жасай отырып, сырттан әкелінген графикадан немесе өздігінен сурет салу арқылы фильм құруға болады. Анимация жасалған соң оған интерактивті эффектілерді қосып, фильмге кірушілердің іс-әрекетіне сәйкес жауап беруін қамтамасыз етуге болады. Құрылған фильмді Flash Player үшін немесе Flash-тың автономдық проекторында көру үшін экспорттау керек.

Flash-тің фильмдерін келесі жолдар арқылы шақырып орындауға болады:

а) Flash Player орнатылған браузерлерде, мысалы Netscape Navigator немесе Internet Explorer;

ә) Windows үшін Microsoft Internet Explorer, Microsoft Office-тағы Flash ActiveX арқылы;

б) автономды проекторда; бұл жағдайда фильмнің файлын Flash Player-сіз шақырып орындатуға болады.

 

2.1.4 Flash-те анимациялау

Flash-те анимацияның екі типі бар: қадамдалған және кадрлық. Қадамдалған анимация үшін әрбір кадр жеке-жеке құрылуы қажет. Ал кадрлық анимация үшін бастапқы және соңғы кадрларды құрамыз, қалған ортасын Flash автоматты түрде өзі санайды.

2.2 Flash программасының жүйелік талаптары және инсталяциясы

Компьютерлерге орнатылуы мүмкін әртүрлі программаларға сәйкесінше аппараттық құрылғылар және жүйелік талаптар қажет болады. Macromedia Flash программасының да өзіндік талаптары бар. Flash-тің фильмдерін шақырып орындатуға арналған Flash Player үшін қажетті талаптарға тоқталайық және Flash-ті орнату барысымен таныстырайық.

Сурет 2.4. Flash программасын іске қосу

2.2.1 Macromedia Flash программасының жұмыс ортасы

Бастапқы бөлімдерде айтылған Flash-те фильмдер құру және редакциялауға арналған компонентермен тереңірек танысайық, өйткені оны білмеу фильм құруда қиындық тудырады.

Үстел–тікбұрышты аудан (2.4-сурет), онда фильмнің құрылуының және монтаждалуының негізгі жұмысы орындалады. Үстелдің көлемін керек кезде үлкейтуге, кішірейтуге болады. Ондағы көріністі толығымен немесе қандай да бір ауданын монитордың қабілетіне және фильмнің өлшеміне байланысты үлкейтіп және кішірейтіп жасауға болады.

Үстелдің түрін өзгерту жолдары:

а) Tools панеліндегі Zoom (Трансфокатор) құралы: Enlarge (Үлейту), Reduce (Кішірейту) модификаторларының көмегімен;

ә) View (Түр) менюіндегі ZoomIn (Үлкейту) немесе ZoomOut (кішірейту) командалары;

б) View (Түр) менюіндегі Magnification(Өлшем) командасына кіріп масштабқа мән береміз;

 

 

Сурет 2.5. Scene-үстел терезесі

 

в) Timeline (Уақыттық диаграмма) терезесі – жеке қабаттардың және фильм кадрларының ұйымдастырылуын көрсетеді, оларды уақыт бойынша басқарады. Timeline терезесі қабаттардың мазмұнын бұғаттауға немесе мазмұнды контурмен көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, уақыттық диаграммада кадрлардың түрін, өлшемін өзгертуге болады, ол үшін келесі тапсырмаларды орындау керек:

а)  2.5-суретте көрсетілген Frame View батырмасын басып, оның ағымдық менюін шақырамыз.

ә) баптаудың келесі түрлерін таңдаймыз:

- Кадрлардың өлшемін өзгертуге арналған - Normal(қарапайым), Tiny(кіші), Small(кішірейтілген), Medium(орташа), Large (үлкен) батырмалары. (Large батырмасы дыбыстық файлдарды толығымен көруге ыңғайлы);

- Кадрлардың биіктігін қысқартуға арналған - Short(қысқа) батырмасы;

- Кадрлардың тізбектегі қанықтылығын өзгертуге арналған- Tinted Frames батырмасы;

- Preview (қарау) – кадрлардың кішірейтілген көшірмесін уақыттық диаграммада олардың өлшемі бойынша құру және көрсету;

- Preview In Context (контексте қарау) – жеке әрбір кадрдың кішірейтілген көшірмесін көрсету. Бұл фильмнің элементтерінің қозғалысын анимация түрінде қарау ыңғайлы.

 

 

Сурет 2.6. Timeline терезесі

 

Мұндағы 1-қызметтік қабаттың таңбашасы; 2-қадамдалған анимация; 3- шақырып орындату бастиегі; 4-кадрланған анимация; 5-Frame View–тің ағымдық менюін шақыру батырмасы; 6-Center frame батырмасы; 7-Кальки батырмалары; 8-ағымдағы кадрдың нөмірі; 9-шақырып орындату жылдамдығы; 10-уақыттың өтуі.

Library терезесі – Flash-та құрылған символдарды, сондай-ақ сырттан әкелінген файлдарды, дыбыстық файлдарды және Quick Time фильмдері мен растрлық графикаларды сақтайды.

Library терезесінің элементтерін өзгерту үшін Library Options (кітапханалық баптау) батырмасы пайдаланылады. Flash жүктелген кезде бірден іске қосылатын кітапхана құруға болады. Осы программада құрамдас кітапхана бар, оның негізгі мазмұны фильмдерде қолдануға ыңғайлы батырмалар, графикалар, фильмнің фрагменттері мен дыбыстары сияқты элементтердің жиынтығынан тұрады. Құрамдас кітапхананы Window - Common Libraries командасын орындау арқылы шақырамыз. Кітапханадағы элементтерді жойғанда фильмде осы элементтің барлық трансформасы өшіріледі. Кітапханадағы Use Count (қолдану индексі) бағанасы бұл элементтің тағы да қолданылатындығын анықтайды. Кітапханадан элементті жою үшін Library-дің төменгі бөлігінде орналасқан қоржынның шартбелгісін басу жеткілікті.

Movie Explorer (фильм бағыттауышы) терезесі – фильмдермен жұмыс жасағанда кейбір іс-әрекеттерді жеңілдете түседі:

а) фильмде элементтерді атауы бойынша іздеу жүргізеді;

ә) еншілі элементтің қасиеттер панелін көрсетеді және соның көмегімен элементті өзгертеді;

б) басқа жасаушы құрған фильмнің құрылымын қарауға болады;

в) көрсетілген символдың немесе әрекеттің трансформасын табады;

г) қаріпті басқа қаріппен ауыстырады;

ғ) Macromedia Generator обьектілері үшін екі бөліктің атын немесе мәнін қарастырады;

д) мәтіннің қатесін тексеру үшін мәтінді буферге көшіреді және оны ішкі мәтіндік редакторға қояды;

 

 

Сурет 2.7. Library терезесі

 

2.7 - суретте көрсетілгендей Movie Explorer-дің жанама менюін шақыруға болады. Меню келесі бөлімдерден тұрады:

- Go to Location–фильмнің таңдалған қабатына, сахнасына немесе кадрына өту;

- Go to Symbol Definition–фильмнің еншілі символына өту;

- Select Symbol Instances–бағыттауышта еншіленген символдардың біреуі бар сахнаға өту;

- Find in Library–еншілі символ фильмнің кітапханасында көрінеді. Осы кезде Flash-те Library терезесі ашылмаған болса, өздігінен ашылады;

- Properties–еншілі элемент үшін сәйкес панелді немесе бірнеше панелді ашады;

- Rename–еншілі элементтің атын өзгертуге мүмкіндік береді;

- Edit in Place–еншілі символды Үстелде түзетеді;

- Edit in New Window–еншілі символды жаңа Үстелде түзетеді;

- Show Movie Elements–фильмнің сахнада құрылған элементтерін көрсетеді;

- Show Symbol Definitions–символға қатысты барлық элементтерді көрсетеді;

- Copy Text to Clipboard–еншілі мәтінді буферге көшіреді;

- Cut, Copy, Paste, Clear–еншілі элементке аттарына сәйкес операцияларды орындайды, бұл өзгерістер фильмге де әсер етеді;

- Expand Branch–еншілі элемент үшін иерархиялық тізімді ашады;

- Collapse others–еншілі элемент үшін иерархиялық тізімді жабады;

- Print–фильмнің бағыттауышындағы иерархиялық тізімді баспаға шығарады.

 

 

Сурет 2.8. Фильм бағыттаушы терезесі

 

 

2.3 Flash программасының соңғы кеңейтілген мүмкіндіктері

 

2.3.1 Уақыттық диаграмма

 

 

Flash-тің қолайлы құрал-жабдықтары WEB–анимацияларды құруды жылдамдатады. Уақыттық диаграмма кадрлауды, өзекті кадрларды басқару мүмкіндіктерін береді. Outline Colors (жиек түстері) режимі экрандағы әртүрлі қабаттарда орналасқан объектілерді оңай ажыратуға жағдай туғызады. Қызмет етуші қабаттардың көмегімен автоматты түрде кадрланған объектілердің қозғалысын траекторияға байланыстырады. Уақыттық диаграмма (Time line терезесі) интерфейсті күйге келтіру мүмкіндігін береді. Дизайнерші өзекті кадрларды белгілеп және оны жылжытып ортасындағы кадрлардың мазмұнын жеңіл өзгерте алады, ал Edit multiple (бірнеше кадрларды түзету) командасының көмегімен бірнеше кадрды бірден және тез арада өзгертуге мүмкіндік береді.

Сауат ашу сабақтарында интербелсенді әдістерді қолдану

$
0
0

«Сауат ашу» сабақтарында интербелсенді әдістерді қолдану

 

«Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін, мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын»

А.Эйнштейн

 

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Еліміздің жарқын болашағы үшін ең әуелі сапалы білім қажет. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету – мұғалімнің басты міндеті. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», - деп Абай атамыз айтқандай,  озық ойлы білімдар адамдар қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосары анық. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту үрдісіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен білім алушы өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Білім алушының адам ретінде қалыптасуы оқудағы белсенділігі арқылы жүзеге асады. Яғни, мұндағы бала өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы болуы қажет.

Осы орайда 2017-2018 оқу жылында 1-сыныпқа 25 оқушыны қабылдап алдым. Елімізде білім беру мазмұнының жаңару аясындағы екінші оқу жылы басталды. «Бұл жаңару мен жаңалықтар неден байқалады? 25 білім алушының алар білімі, ата-ананың үмітін ақтай аламын ба? Алдымдағы білім алушылардың мектепке дайындығы әр түрлі деңгейде, оны бірыңғай деңгейге келтіре аламын ба?» деген сауалдар туындап, олардың шешімін табуға кірістім.

Сабақ жоспарын құрған кезде сыныптағы оқушылардың білім деңгейі «бес саусақ бірдей емес» дегендей әр түрлі деңгейдегі оқушылармен жұмыс жасау қиындыққа түскен еді. Себебі оқулықта тапсырмалар шығармашылыққа, ізденіске жетелейді, ал мектепке дайындықсыз келген бала үшін бұл тапсырмаларды орындау оңай емес. Екі айлық тәжірибе, өзіндік білім көтеру, гимназияның көшбасшылар тобының дәрістерінен алған білімінен мұндай сауалдардың шешімін тапқан сияқтымын. Мысалы қабылдау деңгейі төмен оқушылармен де бір мезетте деңгейіне сай білімді беру кезінде өз тәжірибемде интербелсенді әдістерді ұтымды қолданып, оң нәтижесін беріп, жаңа бетбұрысқа қалыптаса бастады. Өз тәжірибемде:

1.Оқушылармен үнемі тепе–теңдікті ұстану, еркіндік беру;

2.Оқытуды сапалы ету үшін интербелсенді әдістерді қолдана отырып, сабақтарымды түрлендіру;

  1. Әріптестеріммен сұхбат, мәселелерді бірлесе шешу;.
  2. Ата–аналармен семинар-кеңестер өткізу, мектеп психологымен байланыс жүргізуді қолға алдым.

Бұл сұрақтарға алдымен оқу бағдарламасына сүйене отырып жауап таптым:

Бастауыш білім берудің мақсаты – келесі негізгі кең ауқымды дағдыларға:

  • білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану;
  • сын тұрғысынан ойлау;
  • зерттеу жұмысын жүргізу;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
  • коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану;
  • топпен және жеке жұмыс істеу ептілігі;
  • мәселелерді шешу және шешімдер қабылдауға ие білім негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру кеңістігін құру болса, оқу мақсаттарының жүйесі «құндылық-бағдарлық, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, кіріктірмелі, коммуникативті тәсілдемелер» негізінде білім алушының дербестігін дамытуға бағытталған;
  • Оқу үдерісіне қойылатын талап – білім алушының белсенді әрекетін ұйымдастыру;
  • Педагогикалық үрдісті гуманизациялау, яғни мұғалім мен білім алушының ынтымақтастығын қамтамасыз ететін интербелсенді әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылады;
  • Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған, әрі орындалады;
  • Оқулық тек пәндік білім мен білікті ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталады.
  • Сабақта қосымша ресурстарды balalaralemi, bilimland сайттарынан тақырыпқа байланысты жұмбақтар, видео, қызықты тапсырмалар қолдану мүмкіндіктері мол.

«Сауат ашу» пəнінің мақсаты – айтылым, тыңдалым, жазылым жəне оқылым дағдыларын қалыптастыру үдерісі арқылы функционалды сауаттылығының негізін қалап, білім алуға  ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

Алға қойылған осы мақсатқа қол жеткізу үшін оқу/оқыту үрдісі мына қағидатқа «ұстаз – шеберлікке ынталандырушы, шәкірт - шеберлікке ұмтылушы, оқу/оқыту – шеберлікке үйрену/үйрету» сәйкестелуі тиіс деп ойлаймын.

 «Сауат ашу» оқулық материалдарында  оқу/оқыту төмендегі жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылады (практикалық  түрде):

  • бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл сыныппен);
  • жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары;
  • жағдаяттық және рөлдік ойындар;
  • дереккөздермен жұмыс жасау (кітап, интернет, құжаттар, мұражай);
  • шығармашылық жұмыстар.

Сауат ашу сабақтарында интербелсенді әдістерді қолдану бастауыш сынып оқушыларының мүмкіндіктерін ашып, қызығушылықтарын арттырады, белсенділіктерін дамытады.

Интербелсенді оқыту- әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады. Сондықтан интербелсенді оқыту оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралы ретінде танылады.

Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:

  • терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

— өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

— ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу;

— өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

— пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

— шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;

Интербелсенді әдістемесінің жұмыс түрлері мен әрекеттері:

— бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, ұжымдық),

— рөлдік және іскерлік ойындар, пікірталастар,

— ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет,

құжаттар, мұражай т.б.)

— презентациялар,

— тренингтер,

— интервью,

— сауалнама т.б.

Интерактивті әдістерді қолдануда кейбір ережелерді  есте сақтау қажет:

Бірінші ереже. Жұмысқа балалар толығымен қатысуы керек.

Екінші ереже. Балаларды психологиялық тұрғыдан дайындау, сабақ барысында сергіту сәті, балаларды  белсенділігі үшін марапаттау, баланың өзін -өзі көрсетуіне жол беру.

Үшінші ереже.Кабинет  талапқа сай болуы қажет .

Төртінші ереже. Жұмыс орнына назар аудару қажет. Оқу орны ыңғайлы және жайлы болуы қажет. Бала өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалуы қажет.

Бесінші ереже. Оқу барысында процедураға және регламентке назар аудару қажет. Мысалы, белгіленген уақыттан асып кетпеу, бөгде кісінің пікірін сыйлау, сөзді бөлмеу, оның ар-ожданын сыйлау.

Алтыншы ереже. Оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау.

Интербелсенді әдістер арқылы оқушылар сабақ үстінде еркіндікте болып, бір-бірімен тығыз танымдық, қатысымдық байланысқа түсіп, осы арқылы бір-бірін үйретуге дағдылана бастады.

«Сауат ашу» оқу пәнінің «ортақ тақырыптарының» мазмұны оқушының ойын әрекетінен оқу әрекетіне өтуін қамтамасыз етеді, яғни оның өз іс-әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады.

Интербелсенді әдістер арқылы өтілетін  сауат ашу сабақтарында оқушылардың белсенділігін қимыл, әлеуметтік, танымдық, қатысымдық тұрғыдан арттыру көзделеді. Бастауыш сынып оқушыларының қимыл, әлеуметтік, танымдық, қатысымдық белсенділіктерін арттыру жолдарын төмендегіше жүйелеп көрсетуге болады:

  • Выготскийдің «ЖАДА» теориясы бойынша: жұптық жұмыс

Оқушының өз бетімен қол жеткізе алмайтын оқу деңгейін ересек немесе ықпалды адамның көмегімен қамтамасыз етудегі рөлі туралы жазды. Мұндай оқудың әлеуеттік көлемі “Жақын арадағы даму аймағы” – ЖАДА ретінде анықталған.

  • Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің көңіл-күйін анықтау, рөлге бөліп оқу оқушылардың қызығушылығын тудырды.
  • «Жүрдек пойыз» ойыны коммуникативтік тәсілдеме негізінде 1-сынып оқушыларының тіл ғылымына деген қызығушылығы артып, сөйлеу туралы, сөйлемнің сөзден, сөздің буыннан, буынның дыбыстан құралатынын, сөзге дыбыстық-буындық талдау жасауды жеңіл игеріп алуы.
  • «Адасқан буындар» буындардан сөздер құрау, оларға дыбыстық талдау жүргізуді үйренеді. Үйрену барысында оқушылар жақсы түсіну үшін сұрақ қоя, дәлелдеу, талқылау, іздену жұмыстарын жүргізеді.
  • «Оюлы қоржын» ойыны. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Стол үстіне қоржынды қойып,екі жағының ішіне көзілдірік, түйме, гүл, желпуіш,  айна т.б. заттарды салады. Ойыншының міндеті жәшік ішіндегі затты өмірде қай кезде, қалай қолданатынын сипаттап айтуы керек. Қарсы топ оларды жасырып отырған затын айтқан сөздеріне қарап табуы керек,орысша,ағылшынша аудару керек.
  • «Маршрут» ойыны. Бұл ойын чайнворд ұстанымы бойынша жүреді. Чайнворд (ағыл. chain – шыңжыр және word – сөз) бас қатыру есебі – ойланып табылған сөздің әріптерін, алдыңғы сөздің соңғы әрпі, кейінгі сөздің алдыңғы әрпі болып табылатындай етіп, бірінің соңына бірі тізбектеле орналасқан торкөздерге сөздер толтырады. Мысалы, Алматы-ыдыс-сабын-нар-рахмет-тарақ,-қарбыз т.б
  • «Қол белгісі»

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту

Сипаттамасы: Мұғалім оқушылардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы арқылы көрсетуді сұрайды. «Мен түсініп отырмын  және түсіндіре аламын» дегендер қолдын бас бармағын жоғары бағыттайды. «Мен әлі түсінбей отырмын» дегендер қолдын бас бармағын жанына қарай жантайтады. «Мен түсінгеніме сенімді емеспін» дегендер қолды бұлғайды.

Осы белгілерге сүйеніп, мұғалім сабақтың қай деңгейде өткенін біле алады.

  • «Бағдаршам»

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту

Сипаттамасы: Әрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылады. Мұғалім олардан сабақты түсінген-түсінбегеніне сәйкес  карточкаларды көтеруін сұрайды. Жасыл карточка көтерген оқушылар  барлығын түсінген боп есептеледі. «Не түсіндің?» сұрағы қосымша қойылады. Сары және қызыл карточка көтергендерден не түсініксіз болғаны айқындалып, тақырып төңірегінде қосымша жұмыстар жүргізіледі.

Осы сабағымда оқушылардың қызығушылығын ояту үшін "Тыныс белгісі" әдісін пайдаланамын. Оқушылар өздері қалаған тыныс белгілерге (леп, сұрақ, нүкте, үтір) шоғырланады. "Білемін", "Білмеймін", "Үйрендім", "Досыма көмектестім" нүктелеріне шоғырланады. Сабақ соңында кері байланыс кезінде жаңағы "Тыныс белгісіне" қайта шоғырланады. Не себептен шоғырланғанын дәлелдейді. Мысалы осы кезде Ислам білмедім сұрау белгісіне шоғырланып қалды. Ол жерге тұру себебін сабақ барысында тапсырмаларды орындауда дұрыс орындамай қателескенін айтып дәлелдеп берді. Бұл әдістер оқушыларды дәлелдеумен қатар өзін - өзі бағалауға және шынайылыққа үйретеді. (Сауат  ашу оқыту әдістемесі 164 бет)

Осы сабақтың соңында "Сұрақтар жаңбыры" әдісін пайдаландым. Әр топ параққа сұрақтар жазып, бір–біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып кері лақтырады. Жауап жазылған оқушы парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Бұл әдіс оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамытады. (Сауат  ашу оқыту әдістемесі 8 бет)

Осы сабақта "Менің сөзім" әдісін пайдаландым. Сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушыны сабақты қорытындылатуға осы ретпен қатыстырдым. Бұл әдістегі мақсатым оқушылардың алған білімдерін бағалау (Сауат ашу оқыту әдістемесі 9 бет).

Әр сабағымды жоспарлап, одан кейін іс-әрекет арқылы қадағалап, кері рефлексия жүргізіп отырамын. Өйткені жіберілген кемшіліктерді келесі жұмыстарымда болдырмау бағытында кері байланыстың әсері мол. Өз ісімізге қажетті қасиеттерді дамытуды қамтамасыз ететін жоғары құзырлық өзін-өзі басқару, көшбасшылық оқушы бойында болатындай әдіс-тәсілдерді де саралап аламын.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда  бағалаудың  бағдаршам көздері, смайлик, бес бармақ, екі жұлдыз, бір тілек, табиғат құбылыстарымен бағалау, мадақтау, жеке, топ басшысы бағалау сынды түрлерін қолданамын.

Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсек, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын байқадық. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын білдік. Осы бағдарламаны  меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Сауат  ашу» оқыту әдістемесі 2016ж, Оқу бағдарламасы.
  2. «Сауат ашу» оқулығы 2016ж
  3. «Бастауыш мектепте оқыту» журналы 2017ж №7-8.
  4. А.Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» оқу құралы, Алматы 2013.
  5. Ғаламтор сайттары: smk.edu.kz infourok.ru adisteme.kz   ustaz.kz

 

 

 

 

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ РУХАНИ –АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

$
0
0

                                                                                              

                                           МУГАУОВА САЯ ИЗГАЛИЕВНА

                                            МАҢҒЫСТАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

                                            ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ       

                                            ОҚЫТУШЫСЫ                                                                                                                                    

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Ұлттық сананы жаңғыртқанда өзіміздің, қазақстандық дербес даму үлгісін қалыптастыруымыз керектігі баса айтылған. Бұл – қазақтың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, ең бастысы, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақи рухымызды жаңғырту. Өскелең ұрпақтың бойына  елжандылық, ұлтжандылық қасиеттерін сіңіру.

Бүгінгі ұрпақ үшін рухани жаңғыру ұлттық қасиеттеріне ие болу және мәдениеттілікті, еңбек пен білімді иеленіп, кез-келген игілікті іске ынта мен жігерді танытып, қабілеттілікті көрсете білу, өмір жолында өз ісіне адалдық танытып, өзіне бағындырған құндылықтарды халықтың игілігіне айналдыра алатын деңгейге қол жеткізу, сол арқылы мемлекетінің мүддесіне, ұлтының болмысына күш беру.

Білім – рухани жаңғырудың басты алғышарты.Қай заманда, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақтың тәрбиесіне зор мән берген. Қазіргі қарыштап дамыған елде, ең алдымен, ұрпақ тәрбиесіне аса мән беріліп отырғаны  белгілі. Себебі ұлттың бүгіні де, болашағы да өскелең ұрпаққа байланысты.  Осы тұста алдына қоятын кәсіптік білім берудің басты мәселелерінің бірі – өркениетті, азаматтық – адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық құндылығын жоғалтпаған, бәсекеге түсе алатын биік, өрелі, терең білімді маман тәрбиелеу.

Тәрбие – қоғамдық үздіксіз үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның қарым – қатынасындағы басты жүйе. Оның негізі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жеке қасиеттерін қалыптастыру. Студент бойында саналы тәрбие мен байыпты мінез қалыптастыру, рухани дүниесі бай  интеллекті тұлға тәрбиелеу.

Тәрбиенің негізгі міндеті— қоғамның қажетті талаптарын әрбір студенттің бойында борыш, намыс, ар- ождан, қадір- қасиет сынды биік адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.Қазіргі таңда елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени жаңалықтарға байланысты оқу үрдісін ұлттық сипатта ұйымдастыру – заман талабы. Әр халықтың өзіне тән дәстүрі, оның білім беру мәдениеті осы оқу — тәрбие үрдісіне тікелей байланысты.Қазақ халқы – өзінің бай тарихи мұрасын, өнері мен тілін, салт – дәстүрін, әдеп – ғұрпын, рухани – адамгершілік тағылымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған. Сондықтан оқу – тәрбие үрдісінде қолданылатын әдіс- тәсілдер, деректер ұлттық психология ерекшіліктерін ескеру қажет.

Халқымыздың ғасырлар бойы ұлан- байтақ жерін сыртқы жаулардан қорғауда ерлігімен көріне білген батырлары мен қолбасшыларын, халқының сөзін сөйлеп, ел қамын ойлаған шешен — даналарын мақтан еткен. Отанымызды қорғау, шежіреге толы тарихын білу, тілі мен дәстүрін сақтау, зерттеу – азаматтық борышымыз. Сондықтан бар халық мақсаты өзінің өскелең ұрпағына тәрбие беруде күнделікті тұрмыс кәсібін ұлттық арнада ұйымдастырып, рухани- адамгершілік тағылымымен ұштастыра білген.«Адамгершілік» — адам бойындағы «ізгілік», «сыйластық», «инабаттылық», «кісілік» сөздерімен мәндес. Халықтық педагогикада адамның жағымды мінез – құлықтарын осы ұғымдардан таратады. Мінез – құлық пен қарым- қатынастағы келесі әрекеттерді атап өтуге болады: адамды сыйлау, ар- ұятын сақтау, мейірімділік таныту, кішіпейілділік көрсету т.б.

Рухани – адамгершілік тәрбие – белгілі бір мақсатқа қол жеткізе білетін мақсатты, жүйелі, ұлттық көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез- құлықтағы адами тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жалпы азамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Адамгершілік тәрбиенің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, рухани негізде жеке адамның жан- жақты дамып жетілуіне бағытталған.Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелік жолдарына негізделеді.

  • —Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу – тәрбиеүрдісінде адамның рухани мәдениетін қалыптастыру.
  • — Ұлттық дәстүрлерарқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту.
  • — Салт – дәстүрлернегізінде, ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, рухани – адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу.

Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «… жаңа жағдайларға байланысты бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады», — деп атап көрсетті.

Міне, осы тұста қоғамға жан- жақты білімді, жоғарғы мәдениетті, еңбекқор, іскер ізденімпаз, қабілетті, шығармашыл тұлға қажет. Ондай тұлғаны орта және жоғарғы оқу орындары тәрбиелейді.

Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық шарттары – студенттердің белсенді өміршіл, саналық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін адамгершілік нормаларынан ауытқуларына жол бермеуді қалыптастыру. Ол баланың жеке басының қалыптастырушы дамудың аса маңызды бір саласы. Бұл арқылы Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан- жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиесінен  бастайды. Себебі бұл оның адамгершілік сезімін, сенімін белгілі бір мақсатқа жетелеу іс –әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді.Сонда ғана ұстаз шәкірттерінің ізгілігін, адалдығын, кішіпейілділігін қалыптастырады.

Ізгілік отбасынан бастау алады, оған ата- ананың берген тәрбиесі, тұрмысы ықпал етеді. Халықтық мақал «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» адамгершілік тәрбиенің негізгі отбасында қалыптасатынын көрсетуде. Халық, жанұя құндылықтарын ауызша халық шығармашылығы арқылы тапсырады,  мысалы, аңыз ертегілерді, ырымдарды, салттарды қолданады, дін арқылы, әртүрлі қоғамдық ұйымдар арқылы т.б. Халық ауыз әдебиеті адамгершілік –эстетикалық тәрбие беруде баланың ой- өрісін дамытады. Олардың тіл байлығы және шексіз шешендік мүмкіндіктерін арттырады.

Студенттерді рухани адамгершілік тәрбиелеу мәселесі әрбір ата- ананың, қоғамның және жалпы мемлекеттің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі, себебі қоғамда жас ұрпаққа рухани тәрбие беру мәселесіне қатысты күрделі проблемалар қалыптасты. Қазіргі таңда өскелең ұрпаққа арналған нақты өмірлік бағдарламаның болмауы, қоғамдағы рухани- адамгершілік ахуалдың төмендеуі, балалармен бос уақыттағы мәдени жұмыстарының әлсіздігі,балалардың физикалық дайындығының нашарлауы және тағы басқа мәселелер өзекті болып отыр. Білім беру жүйесі тұлғаның рухани дамуына жоғары деңгейде кепіл бола алмайды, өйткені тәрбие – бұл күнделікті өмірдегі адамның әрбір адамға деген құрметі мен сыйластығы негізіндегі басқа адамдарға деген қарым – қатынасын анықтайтын тұлғаның сапасы.

К.Д. Ушинский: «Тәрбиелеудің басты міндетін адамгершілік әсер етуден құрайды»,- десе, дана Абай: «Ақпейіл және ықыласты жүрек адамды жетелеуі тиісті,сонда ғана оның еңбегі және табыстылығы ерекше мәнге ие болады. Адам болып дүниеге келу жеңіл, бірақ адам болу қиын»,- деген болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ  ұрпағымыз тәрбиеден ғана  рухани байлық алып, тәрбие арқылы  ғана  Адам болып қалыптасады.

Адамның адамгершілік негіздері болмаса, ол еркінен, өмірлік бағдарынан  тез айырылып, тағдырдың ойыншығына немесе қылмыс әлемінің құрбанына айналады. Ондаған, мыңдаған нашақорлар, маскүнемдер, қаңғыбастар, қамқорсыз балалар, жетімдер – бұл күннің шындығы.

Әрине әр адам өз өмірінің қожасы және ол өз өмір жолын өзі таңдайды, басқа адамдармен қарым – қатынас жасайды, қателіктерге бой алдырады. Сені қоршап тұрған жағдайды өзгертуге болады, бірақ өзіңнің ішкі әлеміңнен қашып құтыла алмайсың. Сонымен қатар, егер адамның жаны немесе рухы сырқат болса, онда ешқашан сау бола алмайды. Сондықтан адамның қандай рухани құндылықтарды игергені өте маңызды. Адамгершілік тәрбиесі оқу тәрбие үрдісінің барлық саласында, оқыту, білім беру және еңбекке баулу үрдісінде жүзеге асады. Тәрбиелі болу үшін адамгершілік қасиеттерді жатқа білу жеткіліксіз, оның терең ой елегінен өткізу, бастан кешіру, мінез- құлыққа бекіту керек.

Студентерді -адамгершілікке тәрбиелеу. Студентерді ғылымға, мамандық таңдауға ынталары артады. Бұлар әділеттілік, борыш, ар- намыс, ұят, адалдық сынды моральдық ерекшеліктерге көңіл бөледі. Олар үлкендермен қарым – қатынас жасауда өзін- өзін тәрбиелеуді қажет етеді. Сондықтан бұл жаста көбірек ерік берген жөн. Өскелең ұрпақтың адамгершілік тәрбиесін іске асыруда  қоршаған ортаның ықпалы орасан зор. Студенттердің бойына тәрбие негіздерін дарыту колледжде  оқытылатын барлық пәндерге бірдей жүктеледі.

Әсіресе, студенттерді адамгершілікке тәрбиелейтін пәннің бірі- валеология. Ол шәкірттердің бойында отансүйгіштікті, ұлтжандылықты,сенімділікті қалыптастырады..

Елімізде рухани адамгершілік тәрбиені жетілдіру мемлекеттік міндет деңгейінде көтеріліп отыр. Бұл міндеттің практикалық шешімі  — «валеология» пәнінің енгізілуі.Өзін – өзі тану пәнінің басты міндеті- өзінің дүниетанымына үңілу, өзіңді сүю мен сыйлай білу, өз ісіне жауапты болу, өз арыңмен келісімде өмір сүру, өзіңнің жанына жақын іспен айналысу, адамдарға мейірімділік таныта білу, ізгілікті болу. Тәжірибе көрсеткендей, валеология білім берудің құнды мәнін нығайта отырып, тұлғаның шексіз сүю, өз ісіне және жеке күшіне сену, ізгілікті іс жасау, көп білу және өзін –өзі жетілдіру, физикалық, психикалық, рухани дамуда үйлесімдікке қол жеткізу дағдыларын қалыптастырады.Бұл пән студенттердің  өзара қарым – қатынасын дамытуына ғана емес, сондай –ақ студенттің  өзін – өзі тануына адамгершілік негіздерін жинақтауына, сана- сезімінің қалыптасуына, қоршаған ортамен махаббат, ізіглік және өзара түсіністік негізінде өзара қарым – қатынас құра білуіне, бір тұтас тұлғаның қалптасуына әсер етеді.

Кәсіптік білім беруде тәрбие беру тек жеке және арнайы  пәндерде ғана емес, тәрбиелік  іс- шараларда,үйірме жұмыстарында рухани құндылықтарға баулуға болады. Мұндай жұмыс түрлеріне топ жетекшілерінің эстетикалық әңгімесі, түрлі ой жарыстары, пікір таластарын  жатқызуға болады.

Студенттерді адамгершілікке тәрбиелеуде өмірде кездесетін түрлі жағымсыз жағдаяттардан сақтану мәселесі де ескерілуі қажет. Көбіне көптеген отбасыларда күнделікті тірлік қамымен студенттердің рухани қажеттіліктері ескерілмей, екінші орынға жылжиды. Студент  дұрыс, адамгершілік іс- әрекеттерді, салауатты өмір салтын, жақсы мен жаманды айыра білу, өзін — өзі жетілдіруге деген ынтасын қалыптастыруы керек, қажет кезде өз бетімен шешім қабылдап, дұрыс таңдау жасауы үшін кішкентайынан өз дегенін іске асыруға баулу керек. Ал бұл дағдылардың барлығы жанұяда қалыптасады.

Студенттерді адамгершілікке тәрбиелеуде ата- ананы оқу –тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс орнату мәселесі негізгі мәселе болуы тиіс.

В.А. Сухомлинский: «Егер баланы тәрбиелеген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруге тиімді ықпал жасайды» дей отырып, «Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады»,- деген болатын.

Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой-өрісі кең адамдарды толық қалыптасқан, мінезі тұрақты адам дейміз. Мінездің тұрақтылығы адамның рухани-адамгершілік түсініктерінен туындайды. Ендеше, студенттерді рухани-адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды жетілген азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың басты мақсаты. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде студентті  тұлға ретінде танып біліп қана қоймай, оның дамуында кешегіні, бүгінгіні, болашақты көре білуі қажет.

Қорытындылай келе, адамгершілік тәрбиесі – бұл адамның туғаннан басталатын және өмір бойы  жалғасатын, адамдардың  мінез- құлық нормаларын игеруіне бағытталған үздіксіз үрдіс. Оның мазмұны студенттер жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу шеңберінде дамиды. Сондықтан оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыруда студенттерді жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру маңызды орын алмақ.

 

 

Пайдаланған  әдебиеттер:

 

 

  1. С. Ғ.Тәжібаева  Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру технологиясы. Оқу құралы. Алматы,Білім,2008
  2. О.К. Трубецкая Балалардың рухани- адамгершілік құндылықтарын қалай жетілдіруге болады // Сынып жетекшінің анықтамалығы №12(48) 2012
  3. Л. Омарова Адамгершілік тәрбиені қалыптастыру мәселелері // Бастауыш мектеп № 2 2004
  4. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани       

        жаңғыру» атты мақаласы 12 сәуір 2017

 

Қазіргі бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер

$
0
0

 

Тақырыбы: Қазіргі бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер

Астана қаласы №72 мектеп-лицей

Аширбекова Айгерим Есиркегеновна

 

2018 ж

        Тәрбие мен өнер ісінің сан алуан түрін көп уақыт сақтап, қазіргі ұрпаққа мирас етіп отыруға болады деп Әлкей Марғұлан атамыз айтқандай. Ұрпақ тәрбиесінде ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып  үйреніп, өнеге тұтпай тұрып, жастарды ізгілік пен, парасаттылыққа баулу мүмкін емес.

Балапанның ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілетінін қазақ атам бекер айтпаған. Бүгінгі мына алмағайып заманда құлқынның қамы үшін жүріп, өз тәрбиеміз түгілі нәресте тәрбиесі шет қалып бара жатқаны белгілі.

 Бүгінде біздер сәбиді баласынып оның тәрбиесін естен шығарып алып жатамыз.

      Баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеу, азамат ету -анаға да, әкеге де парыз. Десек те, ең бірінші әйел адамның бойында перзент тоғыз ай, тоғыз күн жататын болғандықтан, ең негңзгң нәрсе соған байланысты. Осы ретте бала тәрбиелеудегі бірінші қасиет-сабырлылық. Кісінің иманы сабырлықпен толығады.

       Дүниедегі бар сұлулық та, жүрек жылуы да ең алдымен анадан тарайды. Ананың ақ сүті  адам баласы үшін аса қасиетті. Ана –өмір  тұтқасы, өмірге адам әкелуші, тәрбиеші. «Сүтпен сіңген мінез, сүйекен кетеді» деген қазақта асыл сөз осындайдан туындаса керек.

       Бүгінгі таңда қоғамда тастанды балалар саны көбейіп барады.

Жалған намысты жалау етіп, шаранасын шырылдытып қоқысқа тастайтындар, жасанды түсік жасататындар қазақ санының кемуіне  бірден-бір себепкер. Баласынан  бас тартатындардың көпшілігі-қазақтың қыздары. Бір отбасы бір перзентке зар болса,  енді біреу шалыс басып, дүниеге келер нәрестесіне түсік жасатады. Өмірге келген күннің өзінде бауыр еті баласын көшеге тастап кетеді. Тастанды балалардың тағдырын айтқанда жіптің ұшы тәрбиеге барып тіреледі. Балалар үйі, жасөспірімдер үй, интернаттарда өскен балалардан қандай мейәрәм күтпек?

       Бүгінгі таңда 15-24 жас аралығындағы қыз балалар бұл қылмысқа көп барады.  Бұның жазасы  қандай?

      -Бұның жазасы өте ауыр. Себебі құрсаққа біткен шарана-ертеңгі тіршілік иесі, кішкентай адам. Ал, оны алдырып тастасаңыз – сіз оның өмірін өз қолыңызбен үздіңіз деген сөз. Өкінішке орай, қаракөздеріміз бұны бұны жете түсініп, мағынасына үңілмей жатыр. Жылтыраған нәрсеге құмартып, қысқа етек, көкірегі ашық киімді кигенде пайда жоқ. Қайта ерлердің көзіне әдемі көрінемін деп олардың есін шығарып, ақылдан адастыратының-өзіңе үлкен күнә. Қарапайым тілмен айтқанда қыз бала- ертеңгі ана. Ол алдымен өз-өзіне жақсы тәрбиеші болуы керек.

      Осындай толғандыратын мәселенің  бірі-суицид .

Жасөспірімдердің өзіне –өзі қол жұмсау көбейіп кеткен.қоғам үшін өзекті мәселенің бірнеше себебі бар дейді мамандар. Жастар жеке басына түскен қиындықтарға төтеп бере алмайды.болмашы бір оқиғалардан жүйкелері жұқарады.  Олар мәселені-өмірмен қоштасып шешпекке бел буады. Мұның алдын-алу ата-ананың қолында. Күйбең тірлікті қуған ересектер баласына көңіл бөлуді  ұмытып кетеді. Кейде оны толғандыратын мәселе жайында сөйлесуге де мұршасы келмейді. Ал мұндай қамқорлық жасөспірім шақта әсіресе қажет-ақ. Өзіне-өзі қол жұмсау әрекетіне адам бірден бармайды. Бұл біртіндеп жиналған қиындықтардың салдарынан туындайды. Яғни күнделікті ауыртпашылықтар жүйкенің жұқаруына әкелетіні рас. Сондықтан баланың көңіл күйін әрдәйім бақылап жүрген абзал. Мамандардың айтуынша, бұндай жағдай әсіресе 13 жастағылар арасында  жиі ұшырасады екен. Суицидті дәрігерлер аурудың бір  үрі десе, психологтар бұл жан күйзелісінің көрінісі деген түйін айтады.

       Бүгінгі күні суицид мәселесін түпкілікті жою мүмкін болмаса да, аталған жағдайды азайту мақсатында балалар өмірінің қауіпсіздігін қадағалау, сонымен қатар оқушылар, ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, осы барыста мектеп ұжымдарының жауапкершілігін арттыру туралы біраз шаралар жүзеге асса екен деген ой келеді.

Әрине, біз білім саласындағы  жауапты қызметкерлерді кінәләудан аулақпыз. Бірақ, жасөспірімнің жаны шыны секілді байқамаса шытынап, жарылып кететінін олар жақсы білуге тиіс.

      Терең дипрессияға ұшыраған, жүйкесі ауырған баланы алдымен күнделікті сабаққа келетін ұстаздар ұжымы байқайтыны белгілі. Бірде-бір мұндай баланы назардан тыс қалдыруға болмайды.  Ал ата-аналар өз балаларының бірінші досы , сырласы болуы дәл қазір аса қажет болып отыр. Барлық балалар қиналған сәтте ұл болса әкесімен, қыз болса анасымен ашық әңгіме жасауы өзара сенімділікке әкелетіні сөзсіз. Өйткені жасөспірімдер көп жағдайда жан күйзелісін «ұрсады» деп ата-анасынан жасырып қалуға тырысады. Оның арты не болатыны жоғарыда келтірілген фактілерден біліп отырмыз. Ал тағы бір айтарымыз-Ислам дінінде өзіне өзі қол жұмсау  күнә екенін осы балалардың  көпшілігі біле бермейді. Алланың берген сыйы-қымбат өмірін қыршынынан өз еркімен қию харам іс деп айтылады. Осындай хәлде қайтыс болған адамдардың жаназасы шығарылмайды. Бұл жайында да балалар арасында түсінік жұмыстары жүргізілуі тиіс шығар. Егер аурудың алдын алу туралы шаралар жүзеге асырыла бастаса, «неге, неге өлді?» деген сұрақ азаятынына сенімдіміз. Жалпы, бала тәрбиесінде ата-ананың атқарар рны орасан зор. Бүгінгі таңда мансап қуып, күнделікті жұмысты ойлаймыз деп ұрпағының тәрбиесін педагог,мамандардың мойнына артып қоятын ата-аналар да кездеседі. Елімізде жасы 18-ге толмаған баланы кешкі 9-дан кейін ата-анасыз далаға жіберуге болмайды деген заң бар. Мамандар ата-аналардың педагогикалық үдерістерге араласпай, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауды тоқтату керек деген пікірде. Яғни ата-аналар мен мұғалімдер бала тәрбиесіне бірдей араласуы керек. Әйтпесе балаға бір жақты көңіл бөлінуі-қоғамда белең алған мәселелерді ушықтыра түседі. «Ата-аналар мен  мұғалімдер емін-еркін әңгіме құру алаңдарын ойлап табуы тиіс»

 

Қорытындылай келе:

Әрине, баланың тәрбиесі-болашақтың тәрбиесі. Елдің ертеңгі іргесін қалайтындар да бүгінгі балалар. Психологтар «Қазіргі заманның балалары өздерін барынша жақсы сезінуі үшін ата-аналарына, жалпы қоғамға қажет екенін сезінуі керек» дейді. Бұл да дұрыс пікір. «Алайда балаға шамадан тыс бақылау орнату-бостандығын шектейді әрі бұл балаға деген сенімсіздіктің белгісі» дейді мамандар. Дегенмен бүгінгі қоғамда балаға бақылау да, назар да ауадай қажет.

 

Қолданылған әдебиеттер:

Қайрат ЖолдыбайұлыИмани гүл 93-97 беттер

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы. Алматы 2010 Дінімді үйренгім келеді 18-25 беттер

С.Қалиев, М.Оразаев, М.СмаиловҚазақ халқының салт-дәстүрлері 35-369 беттер

 

 

Білім берудің сапасын арттырады

$
0
0

 Елбасының жаңа Жолдауында адам капиталын дамыту ең маңызды бағыт болғандықтан, мен білім саласындағы негізгі міндеттер жайлы пікірімді ортаға салмақшымын.  

Елбасы өзінің Жолдауында білім беру бағдарламасының жаңар­тылған мазмұны шеңберінде оқы­туға көшкен мұғалімдердің жала­қы­сын 2018 жылғы 1 қаңтар­дан бас­тап 30%-ға көтеру міндетін белгіледі. Бүгінгі күні Білім және ғы­лым министрлігі лауазымдық жал­а­қ­ыны арттыру білім берудің бағ­­дар­ламасының жаңартылған мазмұнына көшу кестесіне сәйкес жүргізіледі деп жоспарлауда. Алай­да лауазымдық жалақыны арттыру тетіктерін әзірлеу барысында педагогикалық оқу жүктемесі жоқ қызметкерлердің жалақысына 30% үстемақы қосуды ескеруді жөн деп санаймын. Жалақыны көтерудің тағы бір шарасы мұғалімдерді аттестат­таудың жаңа моделіне көшуде қарас­тырылған.

Нәтижесінде, мұ­ғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30%-дан 50%-ға дейін өседі. Бұл мәселелерді жүйелі түр­де жүзеге асыру мақсатында білік­тілік тестілеу және аттестат­тауды өткізу мерзімін қайта қара­с­тыру қажет. Сондықтан Білім және ғылым министрлігі педагог қыз­мет­керлерді аттестаттаудың жаңа жүйесінің жобасын әзірлегені жөн. Сонымен қатар мәселенің әлеу­меттік маңыздылығына байланыс­ты 2018 жылғы республикалық бюд­жеттің бірінші нақтылауын өт­кізуді тездету қажет деп санаймын.

Тағы бір айта кететін жайт, Елбасы, біздегі оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қара­ғанда да көп екенін ескеріп, оны төмендетуді тапсырды. Қазіргі таңда мектеп оқушы­сының апталық оқу жүктемесін азайту бес күндік оқу аптасына кедергісіз көшуге мүмкіндік бе­ре­тіні сөзсіз.

Осы бағыттағы жұмыс барысында мектепте оқы­тылатын негізгі пәндер бағдар­ла­маларының мазмұны­ның қыс­қармауына, оқушылардың білім сапасының төмендеуіне жол бермеу мәселелерін Білім және ғылым министрлігі басты назарға алуы тиіс.

Бұл ретте, оқушылардың оқу жүктемесі қысқарған кезде мұғалім санының да қысқаратынды­ғын ескерген жөн. Сонымен қатар мұғалімнің жаңа заман талабына сай шығармашылықпен жұмыс істеуіне барынша мүмкіндік беру үшін және олардың жауапкершілігінің артуын ескере отырып, «Білім туралы» заңның 52-бабында көрсетілген 18 сағаттық мұғалім жүктемесін азайтып, заңға тиісті өзгерістер енгізу қажет немесе осы норманы заңнан алып Үкіметтің білім беру саласындағы құзыретіне беруді жөн деп есептеймін. Сонымен қатар мектеп бітіру­шілерінің жалпы білім беретін пәндер бойынша оқу нәтижелерін отандық жоғары оқу орындарында тану және орта білім деңгейі мен жоғары білім беру деңгейі­нің сабақтастығын қарастыру қажет. Осы мәселенің барлығы мұғалімнің мәртебесін арттыруға және педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын бір­ден-бір құрал екендігі айқын. Сондай-ақ жоғары білім беру мәселесі де Елбасының ұдайы назарында.

Жолдауда атап көрсетілген жоғары оқу орындарының акаде­мия­лық еркіндігін заңнамалық тұрғы­дан бекіту мәселесінің маңы­зы зор деп санаймын. Қазір Парламент Мәжілісіндегі жұмыс тобы еліміздегі «Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері туралы» заң жобасын қарастыру үстінде. «100 нақ­ты қадам» Ұлт жоспарының 78-қа­да­мына сәйкес, Назарбаев универ­ситетінің тәжірибесі негізінде ЖОО-ның академиялық және өзін өзі басқаруын кеңейту, сонымен қатар халықаралық тәжірибеге сәйкес жекеменшік жоғары оқу орын­дарын коммер­циялық емес ұйым­дарға ауыс­тыру мәселесі көзделген. Заң жобасы қабылданғаннан кейін жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігі халықаралық акредиттеу органдарының талаптарына сай келетін білім берудің жаңа бағдарламаларын сапалы жасауға қолайлы мүмкіндік береді.

Ерсұлтан БЕКТҰРҒАНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты 
egemen.kz

Табиғи және жасанды изотоптар

$
0
0

                                 

Табиғи және жасанды изотоптар.

                                                                         

                                                                             Физика пәнінің оқытушысы Узганбаева Н.Т.

                                                                              Маңғыстау политехникалық     колледжі.

 

       Изотоптардың айырмашылығы олардың ядро құрамындағы нейтрондардың санына байланысты.Изотоптар туралы мәселені оқып үйренудің алдында атомдық масса туралы ұғымды қайталап алу керек.Бір химиялық элементтің изотоптарының ядро құрамындағы протондар саны бірдей де,ал нейтрондар саны әр түрлі.Сондықтан изотоптардың массалық саны әр түрлі болады.Мысалы,көміртегі 10,көміртегі 11,көміртегі 12, көміртегі 13,көміртегі 14, көміртегі 15.Бұлардың барлығының да ядро құрамында алты протоннан бар,ал нейтрондар саны әр түрлі: 4,5,6,7,8,9.Ядродағы протондар саны,яғни ядро заряды бірдей болғандықтан да,бұл изотоптардағы электрон саны бірдей,осыған байланысты олардың химиялық қасиеттері бірдей болады.Сондықтан бұлардың барлығы элементтердің периодтық системасында бір клеткаға орналасады (грекше изос-бірдей,топос-орын).

     Атом ядросын протон  мен нейтрондар құрайды дедік.Кейде бұларды біріктіріп,нуклондар деген деген жалпы атпен атайды.Ядро құрамындағы нуклондардың жалпы санын А деп,нейтрондар санын N деп,протондардың санын Z деп белгілейді.Ядродағы нуклондардың саны (А=N+Z) массалық сан деп аталады.Ядросының құрамына қарай атомдарды түрліше топтастыруға болады.Нуклондар жалпы саны бірдей (А=const),бірақ протондары мен нейтрондарының саны әр түрлі атомдар изобаралар деп ядро құрамындағы нейтрондар саны бірдей (N=const) атомдар изотондар деп,ал ядро құрамындағы протондар саны бірдей (Z =const) атомдар изотоптар деп аталады.Изотоптар толық атауымен аталғанда,алдымен элементтің аты аталып,содан кейін массалық саны көрсетіледі.Мысалы,оттегі 16,оттегі 17,оттегі 18 т.с.с.

  Изотоптар тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді.Тұрақты изотоптар радиоактивті емес, ыдырамайды.Ал радиоактивті изотоптар әр түрлі бөлшектер,сәулелер бөліп шығара өзгеріске ұшырайды.Қазіргі кезде Менделеев таблицасындағы  92 элементтің 250-ден астам тұрақты изотопы,50-ден астам табиғи радиоактивті және 1000-нан астам жасанды радиоактивті изотопы ашылды.

   Адам айнала радиоактивтік қоршаған дүниеде өмір сүреді.Дәл өлшеулер адамның да,оны қоршаған өлі және тірі табиғаттың да радиоактивті екендігін көрсетеді.Бұл табиғи радиоактивті изотоптарға байланысты.Табиғи радиоактивті заттар аз мөлшерде жердің қабығында да,оның ядросында да кездеседі.Адам үшін,әсіресе,биосферада,яғни жер қабығының адам,жан-жануар және өсімдіктер тіршілік ететін бөлігінде де болатын радиоактивті элементтердің маңызы зор.Олар биосфераға тегіс шашырай таралғанда,сірә,Жердің алғашқы пайда болу дәуірінде түзілген болу керек.Пайда болу тегіне қарай табиғи радиоактивті элементтерді үш топқа бөлуге болады.

   Бірінші топқа үш радиоактивтік қатарға біріктірілген элементтер жатады.Бұл үш қатардың алғашқы бастаушылары-табиғи торий-232,уран-238 және уран-235 изотоптары.Уранның жер қабығындағы мөлшері күміс пен сынапқа қарағанда көп.Табиғи уран үш изотоптың: уран-238(99,28%),уран-235(0,71%) және уран 234-тің (0,006 %) қоспасы болып табылады.Уран-238 изотопының радиоактивтік ыдырау өнімдерінің бірі-радий.Ауруларды сәулемен емдеу үшін қажетті гамма-сәулелерінің және физиотерапияда қолданылатын радон ванналарына қажетті радон алудың көзі ретінде радий медицинада кеңінен қолданылады.

 Радон дегеніміз-жартылай ыдырау периоды 3,8 күн, радийдің ыдырауы нәтижесінде түзілетін радиоактивті газ.Ішінде еріген радоны бар ванналар жүрек -тамыр,буын,шеткі нерв жүйесі,гинекологиялық және т.б. ауруларды емдеу үшін қолданылады.Мұндай ванналарды жасау үшін табиғи радиоактивті су көздерін немесе қолдан радонмен байытылған тұщы суларды пайдаланады.Торий табиғатта уранға қарағанда едәуір көп.Ол ядролық энергетикада,медицинада қолданылады.

Жердегі радиоактивті элементтердің екінші тобын радиоактивті элементтердің тізбектеріне жатпайтын элементтердің радиоактивті изотоптары құрайды.Бұл топтағы элементтердің ең маңыздысы калий,оның радиоактивтілігі 1906 жылы ашылған.Калий-Жер қабығында ең көп таралған элементтердің бірі.Жер қабығын құрайтын атомдардың жалпы санының 1,1% калий атомдары құрайды.Бұл элемент өсімдіктердің қалыптасуы үшін қажет және барлық тірі организмдердің,солардың ішінде адам организмінің де,құрамына енеді.Табиғи калий үш изотоптың (К394041) қоспасы болып табылады.Олардың ішінде радиоактивтісі - К40.Екінші топтағы маңызды радиоактивті элементтердің бірі-рубидий.Оның кейбір өсімдектерде қорланып жиналатын қабілеті бар.Мысалы,бір литр жүзім шырынында бір мг рубидий болады.Алайда  рубидийдің радиоактивтілігі К40 қарағанда төмендеу.Биосферадағы табиғи радиоактивті заттардың үшінші тобын космостық сәулелердің әсерінен атмосферада түзілетін изотоптар құрайды.Бұлардың қатарына радиоактивті көміртегі 14,фосфор 32 және т.б. жатады.

Сөйтіп,біз Жерде қандай радиоактивті элементтердің кездесетіндігін білдік.

   Жердегі табиғи радиоактивті элементтердің негізгі бөлігі Жер қабығын құрайтын тау жыныстарында кездеседі.Осы тау жыныстарынан радиоактивті элементтер топыраққа,одан өсімдіктердің құрамына енеді.Ал өсімдіктер арқылы адам мен жануарлардың организміне келеді.Табиғи радиоактивті элементтердің бұл қозғалысында Жер асты сулардың атқаратын ролі күшті.Олар тау жыныстарындағы радиоактивті элементтерді шайып,бір жерден екінші жерге алып барады және тірі табиғат пен өлі табиғат арасында радиоактивті заттардың алмасуын іске асырады.Радиоактивті заттардың биосферада таралуына себеп болатын келесі процесс-тау жыныстарының мүжілуі.Су,мұз,температураның өзгеруі және басқа да себептердің әсерінен тау жыныстары мүжіліп,ұнтақталып,шаң-тозаңға айналып,ол жел арқылы жан-жаққа таралып отырады.Біз тыныс алатын ауа да радиоактивті.Жануарлар организмінің радиоактивтілігі де негізіненкалийге байланысты.Мысалы,радий элементі көбіне сүйекке жиналады.Адам асқа пайдаланатын тамақ түрлерінде де радиоактивті элементтер кездеседі.Олар тамақпен бірге адам организміне енеді.Олардың ішіндегі ең көп кездесетіні әрине,-калий.Калийден басқа адам организміне тамақпен бірге радий және т.б сол сияқты элементтер енеді.Азық-түлік өнімдерін аспаздық жолмен әзірлеу барысында олардағы радиоактивті элементтердің мөлшері азайып немесе көбейіп отырады.Мысалы,сүттен жасалған сары майда радиоактивті стронций болмайды,ол сүттің қалдығына кетеді.Балықты қайнатқанда,радиоактивті стронцийдің біраз мөлшері сорпаға ауысады.Сөйтіп,адам организміне тамақ,ауа,сумен бірге радиоактивті элементтер келіп жатады.Егер олардың барлығы организмде жинала берсе,адамның радиоактивтілігі тым көп болар еді.Ал іс жүзінде олай емес.Адам организміне келген радиоактивті элементтердің едәуір бөлігі түрлі жолдармен организмнен шығарылып жатады.Сондықтан адам организмінің радиоактивтілігі едәуір дәрежеде зат алмасу процестерінің интенсивтілігіне де байланысты болады.Радиоактивті элементтердің ішінде адам организмінде ең көп кездесетін калий негізінен нерв және ет тканьдерінде жиналады.Радиоактивті изотоптарды ғылым мен техникада қолданудың бір саласы олардың ыдырау кезінде белгілі бір бөлшектер бөліп шығаруына байланысты.Егер атомның шамасы сантиметрдің жүз миллионнан бір үлесіндей болса,ал бета бөлшектердің шамасы одан да кіші келеді.Ең күшті деген электрондық микроскоппен тек кейбір аса ірі молекулаларды ғана көруге болады.Ал бұлар ядролық бөлшектерден миллиондаған есе ірі келеді.Ешкім осы уақытқа дейін нейтрон,протон және т.б. бөлшектерді көзімен көрген жоқ және көре алмайды да.Алайда біз радиоактивті атомдардың бар екендігін байқап,тіпті оның түрлі реакциялар кезіндегі жүріс-тұрысын бақылай аламыз.Радиоактивтіліктің қалай ашылғандығын еске түсірейік.А.Беккерель уран косылыстарының кристалдарын фотопластинкаға орналастырып,қара қағазға орап қойды да, кейін оны айқындады.Кристалдар жатқан жерде олардың формаларына сәйкес келетін күңгірт дақтар пайда болады.Оны түсіндіру оңай.Пластинка арқылы өткен бөлшектер өз жолындағы бромды күмістің молекулаларын ыдыратып фотографтар айтатындай,жасырын кескін тудырады.

     Сонымен қазіргі кезде радиоактивті изотоптарды байқап-анықтаудың үш тәсілі бар,олар-фотографиялық(немесе фотоэмульциялық) тәсіл,ионизациялық тәсіл,және сцинтилляциялық тәсіл.

     Тарихи жағынан алғанда радиоактивті изотоптарды байқап-анықтаудың ең көне тәсілі -жоғарыда сөз болған фотографиялық тәсіл.Көзге көрінбейтін радиоакиивтілік сәулелер жарық сәулелеріне қарағанда фотопластинкаға әлдеқайда күшті әсер етеді.Радиоактивті изотоптар шығаратын сәулелерді байқап-анықтаудың екінші тәсілі ол сәулелердің атомдар мен молекулаларды иондандыру қабілетіне негізделген. Осы принцип бойынша жұмыс істейтін приборлардың бірі-Вильсон камерасы.

      Радиоактивті ыдырау бөлшектерінің газдарды иондандыру қасиетін пайдаланып жұмыс істейтін басқада приборлар бар. Олардың ең алғашқысын Пьер және Мария Кюрилер жасады. Бұл прибор радиоактивті заттардың сәуле шығару интенсивтігінің мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Радиоактивті сәулелерді байқап-анықтаудың үшінші тәсілі - сцинтилляциялық тәсіл. Бұл тәсіл кейбір заттардың (сцинтилляторлардың) сәуле әсерінен жарық шығару қасиетіне негізделген. Сәуле әсерінен жарық шығаратын заттарға, мысалы иодты натрий, күкіртті мырыш, нафталин, стильбен, сұйық фосфор және т.б. жатады. Радиоактивті ыдырау кезінде бөлінетін бөлшек немесе гамма-квант сцинтилляторлардың атомдарымен әрекеттеседі де,соның нәтижесінде олардың біраз бөлігі қозу күйіне келеді.

       Радиоактивті изотоптармен және сәулелермен жұмыс істегенде,әрбір адамның қанша сәуле дозасын қабылдағанын біліп отыру керек.Ол үшін арнаулы жеке дозиметр қолданылады. Бұл прибор автоқалам тәрізді болады және халаттың жан қалтасына салып қойылады. Жұмыс күні біткеннен кейін оның көрсеткендерін тексеріп, адамның сол күні қанша сәуле қабылдағанын анықтайды.

 

 Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Физика-11 С.Тұяқбаев,Ш.Насохова,Б.Кронгарт,В.Кем,В.Загайнова.
  2. Физика -10 Г.Я.Мякишев,Б.Б.Буховцев

3.Физика в школе №8,1997.


Құқықтық сауаттылық-заман талабы

$
0
0

Қазіргі таңда қоғамды толғандырып отырған мәселелердің бірі бұл-құқықтық мемлекетте өмір сүре отыра, азаматтарымыздың құқықтық сауаттылығының төмендігі. Осыған орай, мемлекет саясатының негізгі құрамдас бөлігі — адамның құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру болып отыр. Осы саясатты жүргізу барысында елімізде көптеген нормативтік құқықтық актілер қабылдануда. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылдың 15 желтоқсанында «Қазақстан-2050 Стратегиясы-жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы қалыптасқан Қазақстанның жаңа саяси бағыты» атты кезекті Қазақстан халқына Жолдауында жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды ерекше атап өтті. Нақтырақ айтсақ, жолдаудың «Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және Қазақстандық демократияны дамыту» бағытында мемлекеттік тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстанып, «Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы-қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам, ол үшін құқықтық нигилизмді жеңіп жеңіп, қоғамды қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне тартуымыз керек» деп Елбасымыз құқықтық білімнің демократиялық мемлекет құрудың негізі екендігін алға тартады. Сонымен қатар, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына Қарай 20 қадам» атты мақаласында құқықтық білімнің негізі білім беру мекемелерінде қаланатынын ескерген Елбасымыз, орта және арнаулы мектептерде «Қазақстан құқығы» пәнін енгізу жөнінде тапсырма берген болатын. Бүгінде құқықтық мемлекеттің жан-жақты дамыған жеке тұлғасын қалыпастыру, яғни жаңа көзқараста азамат тәрбиелеу өзекті мәселе болып табылады. Себебі, көкейкесті мәселені шешуде жүйелі түрде құқықтық білім мен тәрбие беру арқылы ғана қоғамның 218 саналы азаматын қалыптастыруға болады. Осы орайда ұлы ойшыл ғалым әл-Фарабидің: «Адамға ең алдымен білім емес тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім –адамзаттың қас жауы.Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»,-деген орынды пікіріне сүйенсек, бүгінгі таңда жаңа заманға сай тәлімдік-тәрбиелік тәжірибесі мол кәсіби маман даярлау басты мақсат болып отыр. Сондықтан да болашақ жас жеткіншектерді жас мемлкетіміздің үлгілі азаматы ретінде қалыптастыруда құқықтық тәрбиенің маңызы зор. Адамның құқықтық білімі мен құқықтық тәрбиесі, ішкі нанымы құқықтық мәдениетінің «іргетасы» саналады. Осы «іргетастың» қалай қаланғанына байланысты адамда мынадай қасиеттер қалыптасады: — құқықтық білімнің сапасы және оны қолдана алу; — заңға қатыстық сипат (заңды сыйлау сезімі, заңдылықты сезіну); — құқықтық норманы орындауға дайын тұру; — заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда белсенділік көрсету. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жүргізу барысында мыналарға мән беру керек: — жастар демократия негіздерін оқып-үйренулері тиіс; — олар өз құқықтары мен міндеттерімен танысып қана қоймай, бостандық, тұлға, құқықтық мемлекет деген ұғымдармен таныс болуы керек; — қайырымдылық және зұлымдық, әдемілік және талғамсыздық, т.б. құқық нормасымен байланысты елестетіп отырулары қажет; — құқықтық тәрбие адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен байланысты болуы міндетті; — заң туралы аса қызыға білгені дұрыс.

Ерте ерте ертеде адамдар жер шарының барлық бұрышынан бір жерге жиналуға ұйғарыпты. Біреулері шығыстан, енді біреулері солтүстіктен, оңтүстіктен, батыстан, сонымен қатар бай елдерден және кедей елдерден келіпті. Онда ер азаматтар мен әйелдер де болыпты. Олардың бір - бірінен айырмашылығы ұлтына, нәсіліне және әр тілде сөйлеумен ерекшеленеді. Көпшілігі соғыс жүріп жатқан жерлерден келді. Барлығын біріктіретін бір ғана тілек екен - ешқашан соғыстың болмауы, ешкімде қорқыныш пен үрейдің болмауы, ешқашан адамдарды жазықсыз кінәламау.
Сондықтан да жер бетіндегі әр адамның - оның ішінде балалардың да құқық тізімдері көрсетіліпті. Осы құқықты білу, құрметтеу үшін олар бірігіп Заң жазыпты.

Бұл заң 1948 жылы 10 - желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазір де бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген - арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9 - тарау, 53 - бап - тан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау - біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтінімізден туындап жататын секілді.

Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз. Әлеуметтік норма 
         Құқық: Мораль 
Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды .
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі. 
Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады. 
Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілерде де көрсетілген. Президент - нормативтік жарлықтар,                                                                                                                     Үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар - нормативтік шешімдер қабылдайды. 
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ деклорациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді. 
            Адам құқығы 
Табиғи Азаматтық құқық Экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқық 
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған. 

Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады. 

Құқық  дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.

Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.

Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілерде де көрсетілген. Президент —   нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар —  нормативтік шешімдер қабылдайды.

Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы. 
Бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, біліміне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы. 

Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар. 

Бала құқығы – аса маңызды демократиялық құндылық, ол өз бойына әдетте жеке адамның заң мойындаған және мемлекет қорғайтын еркіндігі мен құқығын жинақтайды.
Заң дегеніміз не? - Заң дегеніміз, ол әр адамның бостандығын, еркіндігін басқалардан қорғау.
Мұғалім: Адам дүниеге шыр етіп келген күннен оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата Заңы - Конституция қорғайды. Адамдардың не нәрсеге құқығы бар, не нәрсеге құқығы жоқ? Осы сияқты сұрақтардың шешімін табу үшін біз, әрине адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясына үңілеміз.
Егер онда жазылғанның бәрін орындаса өмірдегі шатасу да, тәртіп бұзушылық та болмайды деп сенеміз.

Биылғы жылдың еліміз үшін Қазақстанның алдағы уақытта Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуге сайлануымен жас мемлекетіміз тарихында жарқын бет болып жазылатындығы күмәнсіз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бұл біздің ғана жеңісіміз емес, Қазақстан ЕҚЫҮ- ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі: ол бірінші Түркі елі ол тарихи тұрғыда өркениет ислам кеңістігіне жататын бірінші ел ең соңында, ол бірінші Азиялық ел, сондықтан бұл біздің ортақ жеңісіміз» — деп атап өткендей елімізге мұндай биік сенім көрсетілген бәрімізге зор мақтаныш.

«Бейнеу санаторлық бөбекжайы» КММ

Құқықтық оқу

Тақырыбы: «Құқықтық сауаттылық-заман талабы»

 Тәрбиеші:А.Ескалыева

 Бейнеу 2017

Ұстаздың көлеңкесін баспау ұғымы

$
0
0

Президент Н.Ә.Назарбаев­тың Қазақ­стан халқына Жол­дауына қатыс­ты мәлім­демесімен және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын зор ынтамен танысып шықтым. Оптимистік әсер алдым. Жаңа жағдай, жаңа міндеттер, жаңа мүм­кіндік­тер мен үміттер туралы ойлануға тура келді.

 

Елбасының осындай Жолдау­ларымен, әр кездегі ұлағатты сөз­дерімен, жуырда жарық көрген «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбе­гімен таныса отырып, біз еліміздің аз уақыттың ішінде қандай тарихи жетістіктерге және қандай дәре­жеге жеткенін біліп, зор мақ­таныш сезіміне бөленеміз.

Елбасы өзінің бағдарламалық сөздерінде, жыл сайынғы халыққа Жолдауларында заман талабын дөп басып танып, дүниедегі өзгерістер мен сын-қатерлерге қалай дайын болудың, оларға лайықты жауап берудің жолдарын көрсетіп келеді. Қоғам дамуы қайшылықсыз, қиындықсыз жүзеге аспайды.

Кейбіреулер соларға тап болса, аб­дырап, не істерін білмей қина­лады. Біздің Көшбасшымыз болса, сондай күрделі шақта ширы­ғып, қиындықтарды еңсерудің жол­­дарын іздестіре бастайды, халық­­қа, кадрларға, барлық қазақ­стан­дық­тарға сенім артады. Тәуелсіздік тұсындағы 26 жылда біз әртүрлі дағдарысты бас­тан кештік. Оларды жеңе білдік. Алдырмай-шалдырмай, өз жолымызбен дамып келеміз.

Елбасының жиі қолданатын сөздерінің бірі – мүмкіндіктер туралы. Осы Жолдаудың да «Төр­тінші өнеркәсіптік революция жағ­­дайындағы дамудың жаңа мүм­кін­діктері» деп аталуы тегін емес. Кең-байтақ, көлемді аумағы бар, табиғи ресурстарға бай, көп­ұлт­­ты елде мүмкіндік аз деп ешкім айта алмас. Қазақстанның жасампаздық даму жолын жан-жақты ашып көр­сет­кен «Тәуелсіздік дәуірі» атты ең­бегінде Елбасы: «Тәуелсіз Қазақ­­стан тарихының басты тағы­лы­мы мынада: Кез келген тығы­рық­тан жол тауып, кедергіні мүм­кін­­дікке, тәуекелді табысқа айналдырып, ең асқақ арманға қол жет­кізу әркімнің өз қолында...» – деп жазады.

Биылғы Жолдауды ретімен жүзе­ге асатын іске басшылық деп қабыл­дауға әбден болады. Жолдаудың негізгі идеясы – елімізді төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында, жаңа технологиялар мен цифрлы экономика заманында қалай дамытуға байланысты. Осыған орай Жолдауда таяу жылдарда атқарылатын он негізгі және нақты міндет белгіленген. Бұлар: агроөнеркәсіп кешенін, құры­лыс пен коммуналдық секторды кеңінен индустрияландыру және жаңғырту, көлік-логистикалық инф­рақұрылымның, қаржы секторын «қайта жаңғыртудың» тиім­ділігін арттыру, адам капиталын дамыту, мемлекеттік басқа­ру­­дың тиім­ділігін қамтамасыз ету, ауқым­ды цифрландыру жұмыстары және басқа міндеттердің бәрі де нақ­­т­ы және маңызды. Бұлардың бәрін таратып айту біз сияқты гу­ма­­ни­тарлық сала өкілдеріне оңай соқпайды. Сондықтан өзімізге жақын, өзіміз айналысып жүрген мін­­детке, жаңғырудың негізі болып табылатын адами капиталдың сапа­сы туралы сөз болатын жетінші мін­детке тоқталуды жөн көрдік.

Қандай күрделі міндет, ғажап идея болмасын, оларды жүзеге асыратын адамдар, мамандар. Жаңа заман талабына сай болатын, ел алдындағы күрделі мін­­дет­­терді ойдағыдай орындай ал­атын адам қандай болуы ке­рек деген сұрақ туады. Бұған Елбасы Жол­дауын­дағы мына сөз­­дер­мен жауап беруге болады: «Өзінің тарихын, тілін, мәден­ие­тін білетін, сондай-ақ за­ма­­нына лайық, шет тілдерін мең­гер­­­ген, озық әрі жаhандық көз­қара­сы бар қазақстандық біздің қоға­мымыз­дың идеалына айналуға тиіс», деп атап көрсетілген. Осын­дай тұлғаны қалыптастырып өсіру үшін қоғам да, ата-ана да, ұстаздар қауымы да, еңбек ұжымы да, адам­ның өзі де бірлесіп жұмыс істеуі керек. Жетінші міндетте Елбасы «білім беру ісінде өзіміздің озық жүйе­мізді құруды жеделдету қажет» деп атап көрсетті. Біз бұл салада дамы­ған елдердің тәжірибесін, халық­аралық стандарттарды пайдала­нып келеміз. Бәрі бірдей бізге үйлесе бермейтінін ескеру керек. Президент, менің ойымша, осыны меңзеп отыр. Бір нәрсеге назар аударғым келеді.

Біз жаппай тестілеу емтиханын енгіздік. Тест арқылы студенттің білімін, онда да жаттанды білімін анықтауға болады, бірақ оның білімді қалай игергенін, не түсінгенін байқай алмаймыз. Педагогикада маңызды нәрсе – түсіну ғой. Оқытушының алдында отырып, ауызша жауап беру бір бөлек, компьютердің алдында отырып, тест сұрақтарына жауап беру бір бөлек. Емтихан да тәрбиенің бір түрі. Оқытушының, ұстаздың сұрақтары ғана емес, бүкіл болмысы, көзқарасы, ықыла­сы, түсінігі – бәрі тәрбиелік рөл атқа­рады. Жаңадан бас тартуға бол­майды, бірақ оны өзіміздің қа­лып­­тасқан дәстүрімізге лайық­ты етіп қабыл­дауымыз керек. Қазір­гі ба­калавриаттағы, магис­тра­турадағы білімнің сапасын көтеру керек. Президенттің тапсырмасы – осы.

Жолдауда «балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машы­ғы мен әлеуметтік дағдысын дамы­татын бірыңғай стандарттарын енгізу қажеттігі» туралы сөз болады. «Самообразование» – «өз­дігінен оқу» деген сөз бар. Кім мектептегі, университеттегі білім­мен шектеліп қалады? Күн сайын бәрі өзгеріп, жаңарып жатыр.

Мек­теп те, университет те менің ойым­ша, өмірге, мамандыққа қажет­ті білімнің негізін береді. Өзді­гінен оқып, ізденіп, білімін жетіл­діру қай кезде де қажеттілік бол­ған. Біз Абайдың түсінігіне таңғала­мыз. Институтта ол оқыған жоқ. Өз­дігінен оқып, өсіп жетілді. Елба­сы «балалардың ерте дамуы үшін» деп орынды айтып отыр. Ғалымдардың пайымдауынша, адам қабілеттерінің 80 пайызы бес жасқа дейін қалыптасады екен.

Философияда «социализация» деген ұғым бар: жас жеткіншекті мә­де­ниетке баулу, қоғамда, ұжымда өмір сүруге, еңбек етуге, қарым-қаты­нас жасауға үйрету. Бала отбасында емін-еркін өзімшіл болып өсті. Ертең мектепке барғанда оны басқа балалармен, ұстаздармен тіл табысуға, бірін бірі сыйлап, бірімен бірі санасып өмір сүруге үйрету керек. Балалардың әлеуметтік дағдысын қалыптастыру – олардың өзімшілдігі мен ұжымшылдығын ұштастыра тәрбиелеу. «Адам күні адаммен» деп қазақ тауып айтқан. Президент Жолдауында «педагогтарды оқыту және олардың білік­тілігін арттыру жолдарын қай­та қарау керек» деп кеңес беред­і.

Тағы бір маңызды мәселеге ай­рықша назар аударыпты: «мұға­лім­дердің мәртебесін арттыру туралы». Бұл күрделі әрі кешенді мәселе. Қоғамда мұғалімдердің, ұстаздардың рөлі, статусы жоғары болуы керек. Бұдан қоғам да, ата-ана да, шәкірттер де, ұстаздар да ұтады. Болашақ – жастарда. Сол жастарды тәрбиелейтін ең алдымен ұстаздар. Үндістанда, Қытайда, Жапония­да ұстаздар ерекше құрметтеледі. «Цзы» десе, «гуру» десе, «сенсэй» десе, ұстаз деген сөздер бала тү­гіл, үл­кен­дер иіліп сәлем береді. Жа­­пон­­дар: «Сенсэйдің көлеңкесін ба­­сып кетпе» деп айтады екен. Мұға­­­лім­­нің мәртебесі оның өзіне де тіке­­лей байланысты.

Мұғалім өзін шә­кірт­­терге де, ата-аналарға да, басқа­ларға да сыйлата, мойын­дата білуі керек. Бұған ол өз ісіне адал­­­ды­ғымен, берілуімен, білік­тілігі­­мен, тә­жіри­бесімен, үлгілі мінез-құл­­қы­мен, ықыласымен қол жеткізе алады. Елбасының Жолдауында білім саласының қызметкерлерінің кез келген сынаққа, өзгеріске әзір, жаңашыл болуы маңызды екені атап көрсетіледі. Мұғалімнің мәртебесін арттыру мақсатында олардың еңбекақысын айтарлықтай көбейту көзделеді.

Мұғалімдерді ұдайы өзін-өзі жетілдіруге ынталандыру үшін бұл да маңызды. Бір мәселеге тоқталуды жөн көр­дім. Кез келген адам, менің ойым­ша, педагог бола алмайды. Бұған кәсіби білімнен басқа ерек­ше қасиеттер керек. Педагог шәкір­тін өз баласындай көруі керек. Педагогқа ерекше түйсік, аңғарғыштық қажет. Баланың білімімен бірге түсінігіне мән беру керек. Жаттанды біліммен шектеліп қалуға болмайды.

Философияда қағида бар: «Абстракты ақиқат жоқ, ақиқат әрқашанда нақты» деген. Әңгіме білімді пайдалана білу­де. Қазір бәрімізде де білім жетеді. Ал сол білімді біз қалай пайдала­нып жүр­міз? Педагог шәкіртті ал­ған білі­мін іс­ке асыруға үйрету керек. Үйіп-төгіп білім бергеннен пай­да жоқ, егер ертең ол пайдаға аспайтын болса.

Елбасы білім берудің жаңа сапа­сы туралы мәлімдеп қана қой­май, соған қол жеткізудің жолдарын түгел қамтыған. Мысалы, біздегі оқушылар жүктемесінің тым жоғары болып отырғанына, оны төмен­детудің қажеттілігіне тоқ­та­лып­ты.

Жаңағы айтқандай, мәсе­ле үйіп-төгіп білім беруде емес, білім­н­ің нақтылығында, өзгеріп жатқан өмірге бейімділігінде. Осымен байланысты Жолдауда тағы бір мәселеге көңіл бөлінген екен: «Білім берудің барлық деңге­йінде математика және жаратылыс­тану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек». Жастарды жаңа тех­нологиялық қалыпқа дайын­дау үшін осы ғылымдарды игеру аса қажет. Сонымен бірге бұл са­ладағы білімдер іске асуға өзі­нен өзі сұранып тұрады. Мен фило­соф ретінде гуманитарлық ғы­лым­дардың рөлін кемітейін деп отыр­ғаным жоқ.

Бұлар тиянақты тәрбиенің негізі ғой. Математика да, жаратылыстану да барлық мамандық иелеріне, тілшілерге де, әдебиетшілерге де, тарихшыларға да, философтарға да қажет. Жолдауда «білім беру мекеме­лерінің арасындағы бәсекелес­тікті арттыру» туралы айтылған. Бәсе­келестік – нарық заңы, өсу заңы. Ол инновацияларға жол аша­ды. Ұстаздарды, ғалымдарды күнделікті қызметімен шектелмей өсуге, ізденуге, білімі мен тәж­і­ри­бе­сін ұдайы толықтырып оты­ру­ға итермелейді. Ғұмыр бойы оқи­тын, ізденетін кім десек, ол – ұстаз деп жауап берер едік.

Тілекжан РЫСҚАЛИЕВ, философия ғылымдарының докторы, профессор
 Egemen.kz 

 

Ашық сабақ: Критерийлі бағалау білім сапасын арттырады

$
0
0

 Бүгінгі білім беруде оқу­шыны білімділік, іскер­лік, шығармашылық әдістерге бау­лудың жолдарын іздестіре оты­рып, мұғалім-шәкірт бір­лестігін ай­қындауға жет­кі­­зетін жаңа пе­дагогикалық тех­­­­­нологиялардың бі­рі – кри­терийлі бағалау

Бұл оқу дәлел­дері жоспарлы және жү­йелі жинақталатын және оқу сапасы туралы қорытынды қа­былдау үшін қолданылатын кез кел­ген қызметті сипаттайды. Аталған ұғым екі аспектіні, оқу­ды бағалау және оқу үшін баға­лауды көздейді. Бағалаудың түр­лі нысандары оқуды жақсарту әлеу­­е­ті тұрғысынан сипатталып, ба­ғытталады.

Оқушылар ара­сында түсіністік және ұжым­дық қарым-қатынас орнатып, сенімсіздікті жойып, мүм­кін­діктерін арттыруға жол ашады.­ Критерийлер оқытудың мін­деттерін жүзеге асыратын өл­шем­дер, атап айтқанда, оқу­шы­лар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. Жаңа жүйенің негізгі мақсаты – білім сапасын арттыру.

Қазіргі заманғы білім сапасы білім алушының келешектегі түрлі мәселесін шешуге қажетті құзыреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесіне байланысты. Бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қа­лыптастыруға себепші болатын, анықталған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлер­мен оқушылардың оқу жетіс­тіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Бағалау кезінде оқушы үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиын­тығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойын­ша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау. Аталған жүйе Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады.

Мұны енгізудегі мақсат – оқыту сапа­сын жоғарылату, мектеп бі­тірушілер білімін халықаралық стан­дартқа сәйкестендіру. Кри­терийлі бағалау міндеттері оқу­шылардың сабақтың әр бөлігінде дайындық деңгейін анықтауға, бағдарламаға сәйкес оқу мақ­саттарын орындау қабілеті мен даму жетістігін бақылауға, білім алу барысындағы қате­ліктері мен олқылықтарын айқын­дауға, түрлі жұмыс барысында алған бағасының әділ­дігіне көз жет­кізуге, оқу­ бағдарламасының тиім­­­ділі­гін саралауға, сабақ үде­рісі мен білімнің меңгерілуі тура­лы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге негізделген.

Бағалаудың бас­ты қызметі ынталандыруға, бел­сенділікке, түзетуге, дамыт­у­­ға құрылса, ұстанымдары нақ­тылық, әділдік, жүйелікті көз­дейді. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады. Тілдесу арқылы қарым-қатынас жасау дағдыларына жататын оқы­лым, жазылым, айтылым және тыңдалым бастауыш сыныптардағы барлық пәндер үшін маңызды. Сондықтан оқушыларға осы 4 дағдыны барынша жетілдіруге мүмкіндік берудің маңызы зор.

Тәжірибелік маңызына тоқталсақ, тек оқу­шы жұмысы бағаланады, орын­­далған жұмыс алдын ала бел­гілі үлгімен салыстыры­лады, оқушы өз жұмысын баға­лау­ға мүмкіндік беретін нақты ба­ғалау алгоритмін біледі және ата-анасына ақпарат бере алады. Критерийлі бағалаудың мұ­ғалімдер үшін маңызы сапалы нәтижеге әкелетін іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға, сабақ беру сапасын арттыруға, оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұл­ғаға арналған ауқымын жос­парлауға, бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға, оқу бағ­дарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге байланыс­ты өрбиді.

Ал оқушылар үшін танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға, табысқа жетелейтін бағалау кри­терийлерін түсінуге, өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге, сыни ойлауы­на, еркін ой айтуына, өзінің бі­лімін көрсетуге септеседі.

Ата-ана­лар үшін баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға, оқуындағы табысты бақылауға және оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүм­кіндік береді. Критерийлі бағалау жүйесін қол­дану арқылы біз оқушының тұл­ғалық бағытын белсенді позицияға бағыттауға, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұ­ғырлы нәтижеге жеткізуге, бі­лім алушылардың дайындық дең­гейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтауға, әр­түрлі жұмыстардан алған ба­ғаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз.

Сонымен бірге құ­рылымдық бағалау мен нақ­тылы бағалаулар арқылы оқу­шының еңбегін анықтауды, оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын қалаймыз.

Мұның барлығы мектепте оқы­ту сапасын жоғарылатуда, мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәй­кестендіруде тиімді. Оқушылардың оқу жетіс­тіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Атап айтқанда, білу, түсіну, қол­дану, сын тұрғысынан ойлау, талдау, синтез, бағалау, зерт­теу дағдылары, рефлексия, ком­муникативті, тілдік, же­ке жұ­мыс және топта жұмыс іс­теу, мәліметті іздеу дағдылары, тәжі­рибелік, шығармашылық дағ­ды­лары.

Дескриптор аталатын жетіс­тік деңгейінің сипаттамасына келсек, бұл білу мен түсінуден, қолданудан, сыни ойлау мен зерттеуден және коммуникация мен рефлексиядан тұрады. Білу мен түсіну – жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар және сипаттамаларды білу және жаң­ғырту, алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу.

Қолдану – бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде пайдалану. Яғни оны практикалық, диаграммалық жұмыстарда, кескін картамен жұмыс істеуде, есеп шығаруда, жобаларда, мәселені шешуде және жаңа нәтижелер ойлап табуда қолдану керек. Сыни ойлау және зерттеу – ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау арқылы пікір қалыптастыру, болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы зерттеп, өз бетімен қо­рытынды жасауды білдіреді. Ком­муникация және рефлексия дегеніміз – субъектінің өзіне және өзінің санасына назар аударуды білдіреді.

Пьер Тейяр де Шарденнің айтуынша, рефлексия адамдарды хайуандардан айыратын нәрсе, соның арқасында адам белгісіз бір нәрсені біліп қоймай, сонымен қатар сол «білімін білуді» түсіндіреді. Жалпы, критерийлі баға­лау технологиясы оқушы бо­йын­дағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қыз­метінен босатып, оқушының өзін өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қа­білетінің дамуына ықпал ете­ді. Критерийлі бағалау жүйе­сі бұрынғы бағалауға қа­раған­да, қалыптастырушы және жиын­тық бағалауымен ерекше­ле­неді. Бүгінгі заман талабы жан-­жақты дамыған, өзін­дік «ме­ні» қалыптасқан тұл­ға тәр­бие­­леу екені белгілі.

Оқу­шы тұл­ға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі проб­леманы анық­тауға, өзіндік тұ­жырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен та­буға, талдауға, ло­гикалық опе­­рацияларды қол­дана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда, жеке адамның құзы­реттіліктері қалыптасуы қажет. Мұғалім мек­тептегі сабақтар топ­тамасын жос­парлауда бағ­дарламаның жеті модулін са­баққа ықпалдастыруды назарға алу керек. Сонымен бірге әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланарда оқушылардың жас ерек­шелігін міндетті түрде ескеру қа­жет. Оқушылардың сабаққа қы­зығушылығын арттыруы мен өсуіне үлес қосатын сергіту сәт­терін де пайдалану ойластырылады. Сол себепті критерийлі ба­ғалау технологиясы оқушы мүм­кіндігін арттыруға жол ашады.

Ақзира СӘРСЕКЕНОВА, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің аға оқытушысы ШЫМКЕНТ
Egemen.kz 

Қазақстан теміржолы туралы

$
0
0

 

Қызылорда қаласы,

Қызылорда облысының білім басқармасының

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары  колледжінің  «Тарту жылжымалы құрамаларының автоматтық тежегіштері»  пәнінің оқытушысы

КАЛИЕВ БЕРИК ТЕМИРАЛИЕВИЧ

 

Тақырыбы: «Қазақстан теміржолы туралы»

 

 «Қазақстан темiр жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы темір жолы басқармасы, Тың темір жолы басқармасы және Батыс Қазақстан темір жолы басқармасы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қосу арқылы «Қазақстан Республикасының теміржол кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 31 қаңтардағы № 129 қаулысымен құрылды. Қосу мақсаты тасымалдау процесін басқару құрылымын оңтайландыру және басы артық буындарды жою, теміржол саласының қаржы-экономикалық жағдайын сауықтыру болды.

 «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 наурыздағы № 310 қаулысымен «Қазақстан темiр жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қосу арқылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы құрылды.

 «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес 2004 жылғы 2 сәуірде «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ «ҚТЖ» ҰК» АҚ болып қайта тіркелді.

 Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың тасымалдау процесінде теміржол саласының функционалдық тұтастығы мен басқарушылығын қамтамасыз етуге негізделген холдингтік құрылымы бар. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жалғыз акционері болып табылады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық теміржол желісі операторы функцияларын орындайды. Теміржол көлігімен жолаушы және жүк тасымалдау қызметтерін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың еншілес ұйымлары жүзеге асырады. Магистральдық теміржол желісі табиғи монополия саласына жататындықтан магистральдық теміржол желісі операторының қызметтері «Теміржол көлігі туралы» және «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен регламенттеледі және реттеледі.

Тасымалдау қызметі «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және монополияға қарсы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады, өйткені теміржол көлігімен жүк тасымалдау қызметтері мемлекеттік бағаны реттеу қолданылатын қоғамдық мәні бар нарықтарға жатады.

Теміржол саласын рефомалау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалық құжаттарға, корпоративтік стратегияға және ұлттық заңнамаға сәйкес транзиттік және мультимодальдық тасымалдау сияқты нарықтың жаңа да, дәстүрлі де сегменттеріне жүктерді тарту мақсатында «Локомотив» АҚ және Тасымалдау процесі дирекциясы негізінде Ұлттық жүк тасымалдаушы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ құрылды, ол өз қызметін жүзеге асыруға 2016 жылғы 1 шілдеден бастап кірісті.

Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі мемлекеттік міндеттерді шешуде теміржол көлігіне жетекші рөл берілгенін ескере отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ бизнес-стратегиясы транзиттік және мультимодальдық көлік-логистика қызметтері сегментінде:

  • жаңа құзыреттерді дамыту және көрсетілетін қызметтерді біртұтас логистикалық сервиске біріктіру;
  • нарықтың жаңа сегменттеріне шығу және жаңа көлік өнімдерін ұсыну;
  • көлік инфрақұрылымын жетілдіру;
  • көлік-логистика орталықтарының ішкі және сыртқы желісін құру;
  • құрғақ жүк кемелері флотын дамыту;
  • әріптестік пен альянстарды дамыту;
  • халықаралық көлік дәліздерін институционалдық дамыту есебінен өсуді көздейді.

 

Рухани жаңғырту туралы

$
0
0

 

Қызылорда қаласы,

Қызылорда облысының білім басқармасының

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары  колледжінің «Құрылыс және жылумен қамтамасыздандыру» пәндері циклының оқытушысы

НУРМАНОВА ДИНАРА СЕЙТХАНОВНА

 

Тақырыбы: «Рухани жаңғырту  туралы»

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды». Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.

Н.Ә.Назарбаев бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың алты бағытын белгілейді:

  1. Бәсекеге қабілеттілік;
  2. Прагматизм;
  3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;
  4. Білімнің салтанат құруы;
  5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
  6. Сананың ашықтығы.

Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай

қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады… Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деп ашып көрсетеді. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз.

Болашаққа бағдар ретінде Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әрбір профессор-оқытушылар құрамы, әскери қызметшілері және осы оқу орнында білім алып жатқан жастарымыз Елбасының осы сөздерін өздерінің алға қойған өмірлік мақсаттарына енгізе отырып, еліміздің рухани тұрғыдан дамып, интеллектуалдық дәрежесінің жоғарылауына үлесін қосады деген сенімдемін. Тәуелсіз еліміздің болашағы – жастарымыздың интеллектуалды көрсеткіштері олардың тек білім деңгейімен ғана емес, сонымен бірге олардың ұлттық тәрбиесімен, рухани жаңғыруымен де тікелей байланысты. Ұлттық кодтың өзегін сақтай отырып, болашаққа қадам басуымыз қажет. Білім – рухани жаңғырудың басты алғышарты. Өйткені, ой жүйесі терең, алыстан пайымдап, тереңнен тамырланған дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп береді деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Мен Елбасының осы сөздерін толық қолдай отырып, рухани мәдениеттің дамуы үшін тағылымды ұлттық тәрбиенің қайнарынан сусындап, биік адами құндылықтардың кемелдену барысында әрбір маман иесі кәсіби қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруы қажеттілігін түсінемін. Ел Президентінің рухани жаңғыруға қатысты ұстанымдары әскери салада да, яғни РЭжБӘИИ тарапынан бірауыздан қолдау тауып, ұлттың кемелденіп дамуына әсер етуші ең маңызды фактор деп санаймын. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім жүйесі әрдайым бірінші кезектегі орында тұруы міндет деп есептеймін.

Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу. «Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді» , -дейді Н.Ә.Назарбаев. Сондықтан рухани жаңғыру үдерісін дер кезінде қабылданған оң шешім деп танимыз. Осы рухани жаңғырудың жүзеге асырылуын біз және сіз болып, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлікте орындауымыз аса қажет. Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу – Елбасының асыл арманы. Ендеше, мемлекет басшысының жастарға соны серпін, тың бастама ұсынуы келешекке қамданудың әрекеті деп түсінеміз.

 

 

 

 

Модульдік технология

$
0
0

 

Қызылорда қаласы,

Қызылорда облысының білім басқармасының

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары  колледжінің «Политехникалық және жаңа технологиялар мамандықтар» бөлімшесінің бөлім меңгерушісі

АЙТЕНОВА МАҒРИПА МАХМУТҚЫЗЫ

 

Тақырыбы: «Модульдік технология»

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын  таңдауда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануына, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен құра беруіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақыттағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу технологияларын ұтымды қолданысқа алуы.

Білім алу — адамзат әрекетінің ең маңызды бір түрі. Ол білім мен тәрбиенің негізін қалайды. Білім алуда адамның ішкі мүмкіндігі мен қабілетінің дамуы, қалыптасу үрдісі байқалады. Қабілет, бір жағынан, адамның білім, дағды, іскерлікті қалыптастырудағы саналы әрекетінің нәтижесі болса, екінші жағынан, адамның табиғи-генетикалық ерекшелігімен тікелей байланысты. Осыған орай, қазіргі білім беру парадигмасында білім алушыға тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан қарауға үлкен мән беріп отыр. Өйткені, әрекет дегеніміз-саналы мақсатқа тәуелді үрдіс. Демек, мақсатқа жетудің басты жалпы білім беруші мен білім алушының бірлескен іс-әрекеті болып табылады. Осыған орай оқытуды екі жақты әрекетке, субъект-субъектілік, диалогтық қарым-қатынасқа құру мәселесі шешімін табуда.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев  «ХХІ ғасырда білімді дамыта алмаған елдің  тығырыққа тірелері анық.  Біздің болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми қамтылған  өндірістері үшін  кадрлар қорын жасауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі  алысты барлап,  кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деп атап көрсетті. Бұл талаптар білім саласы қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктейді. Себебі әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.

Қазіргі білім парадигмасы мен философиясының өзгеруі білім беру жүйесі қызметкерлерін оқытудың ақпараттық және компьютерлік технологияларға негізделген сапасымен қарқындылығын қамтамасыз ету қажеттілігін талап етуде. Білім беру ұйымдары іс — әрекетінің негізгі нәтижесі тек білім , іскерлік және дағды жүйесі ғана емес,  керісінше зиялы саяси қоғамдық, коммуникациялық,  ақпараттық және басқа салаларындағы мемлекет тапсырыс беріп отырған негізгі құзыреттіліктердің жиынтығы.

Әлемдік оқу үрдісінің өзегі — жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады.

Мектептегі білім мен тәрбие беру жүйесінің міндеті — оқушылардың жан-жақты танымдылық белсенділігін көтеруге мүмкіндік  жасай алатын әр оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту. Әр мектеп білім беруді жоғары деңгейге көтеру мәселесін қолға алып, білім беру үрдісін басқару мәселесін жүзеге асыруда. Білім беру үрдісін басқару жүйесінің құрылымы жеке тұлғаның қайталанбас даралығының дамуына, шығармашылық бастама алуына бағыт беріп, жағымды орта қалыптастырудан тұрады.

Білім беру жүйесі — әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.

Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында тұрған басты міндет — өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту.

 

 

 

Білім және тәрбие туралы

$
0
0

 

Қызылорда қаласы,

Қызылорда облысының білім басқармасының

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары  колледжінің «Құрылыс және жылумен қамтамасыздандыру» пәндері циклі «Сызу»  пәнінің оқытушысы

НАУРЫЗБАЕВА  ГУЛЬЖАЗИРА АБДУЛЛАЕВНА

 

Тақырыбы: «Білім және тәрбие туралы»

 

Оқыту мен тәрбие бүгінгі өмірмен ғана астасып қана жатқан жоқ, тарихтың тұңғиығымен астасып жатыр. Сол себептен де өткеннің кейбір іргелі тағылымдарына ден қоюға тура келеді. Бүгінде жаңа бетбұрыс жасау кезеңі деп білеміз. Педагогика ғылымы алдында оқу-тәрбие жүйесін ұдайы жетілдіру мәселесі қойылып келеді. Қазіргі кезде қазақ мектебі оқушыларының игеруіне арналған бағдарламалар бұрынғы жылдармен салыстырғанда анағұрлым күрделі. Ақпараттарды жоғары ғылыми-теориялық деңгейде терең және тыңғылықты оқыту, оқу мәліметтерін терең және шығармашылықпен меңгеру талап етіледі. Яғни өздік білімін көтеруіне, ақпарат көздерін алуға, ақыл-ой қабілетінің дамуына, білім негіздерін саналы түрде игеруіне барынша көңіл аударылуы қажет деп білеміз.
Еліміздің болашағы әлеуметтік тапсырыстың табысты орындалу деңгейіне байланысты.
Бүгінгі таңда облыс орталықтарында «Назарбаев зияткерлік мектебінің » іргетасы қаланды. Болашақ қазақстандық мектептер үлгілері дарынды жастармен жұмысқа қуатты күш беретін болады. Әр мектептің өзіндік ерекше сипаты бар екені бәрімізге белгілі. Нақтырақ ұлттық мектептерге тоқталар болсақ, оқушыларды ғылыми негізделген және сыналған әдістердің көмегімен іріктеуден басталады. Оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін анықтауға бағытталған кешенді психологиялық-диагностикалық тексеру міндетті түрде жүргізіледі. Тексерудің нәтижесінде баланың жалпы және психологиялық даму деңгейі анықталып қана қоймай, оның өзіндік қабілеттері мен дарындылығын, әлеуеттік мүмкіндіктерін одан әрі дамыту жолдары қарастырылады.
Дарынд ы оқушыға талантты мұғалім қажет. Егер ұстаз өз сабағын жан-тәнімен жақсы көрмесе, оның негізгі білімді жеткілікті түрде білім алушыға беруі мүмкін емес.
«Елiмiздiң, ертеңі-бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында»,- деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай әр мұғалiм өзінің бiлiмiн үздiксiз көтеріп отыруы қажет.
Бiлiмдi, жан-жақты қабілетті ұрпақ: - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.
Ал, қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы – халықтық педагогика. Бүгiнгi қазақ мектептерінің алдында тұрған басты мiндет – окушының ұлттық сана-сезiмiн оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тiл, дiн, тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгi-өнегенi сiңiрту, яғни тәрбие беру мен оқыту әдістемелерінің түрлерi көп. Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай бiлу мұғалiмдердiң, ата-аналармен
қосылып жүргiзген шараларына байланысты, өйткенi, бiрiншi ұлттық тәрбиені ошағы - отбасында, екiншiден, мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп болып бiрiгiп жұмыс атқару - біздің басты мiндетiмiз.
Халқымыздың тiлiн, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын үмыта бастаған бүгiнгi ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың мiндетi. Халқымыздың асыл қазынасын тиiмдi пайдалану, оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуi сөзсiз.
Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазірде солай. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді. Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 20 жылдық тарихына табан тіреген Қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу. Сондықтан да болар, мемлекет тарапынан отансүйгіштікті дамыту, сапалы білімге жол бастау бағытында келелі шаралар атқарылып, көлемді бағдарламалар жасалып жатқаны қаншалық деген сұрақ ойға оралады.
Соңғы 20 жыл ішіндегі өзгерістер, шыққан биік, қайта оралған құндылықтар, өлмес-өшпес мұра, тапқан табыстарды тілге тиек етсек, әр қазақстандықтың жүрегіне қуаныш пен мақтаныш келер күнге деген сенім ұялатады.. Осындай жетістікке жетуіміз – халқымызды жасампаздыққа жұмылдырып, еліміздің тарихтағы жаңа орнын айқындаған елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі. Бұл жетістіктер – бүкіл қазақстандықтардың мақтанышы. Оқу мен тәрбиелеудің үлкен ортасы – мектеп екені белгілі. Ондағы жоспарлы тақырыптық сабақтармен қатар, сынып сағаттары, тәрбие сағаттары,пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар оқу мен тәрбиенің ең негізгі, ықпалдастығы болып отыр. Бүгінгі таңда, ұрпағымыздың азамат болып қалыптасуы барысында біз олардың жаhанданудың теріс ықпалдарына қарсы тұруын ескеруіміз қажет.


Даму мүмкіндігі шектеулі балаларда тәрбиенің маңызы

$
0
0

Мектеп  тұлғаның  толық  қалыптасуына жағдай  жасайтын әлеуметтік орта.  Мұнда  жеке  тұлғаның  болашағы шыңдалады.  Дұрыс  ұйымдастырылған оқу тәрбие жұмыстары  жеке  тұлғаның дамуына, танымдық  қызығушылығына, рухани  жан дүниесінің қалыптасуына ықпал  етеді. Міне осы оқу тәрбие жұмыстарын жүргізуші тұлғалар мұғалімдер мен тәрбиешілер.                                

 «Оқудағы мақсат жалғыз құрғақ білім  үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беруі», бұл М.Дулатұлының сөзі. Осы орайда ұлы ойшыл Әл Фарабидің мына сөзі  еске  түседі. «Тәрбиесіз берілген  білім   адамзаттың  қас  жауы»  Ол келешекте  оның барлық өміріне апат  әкеледі. Демек, «Білім  мен  тәрбие  егіз»  деген сөз осыдан шыққан     Тәрбиеші  оқушының  мінез  құлқын, психологиялық  ерекшеліктерін зерттеу, отбасы мен мектептің, оқушы мен ұстаздың  арасындағы жүргізілетін  оқу  тәрбие жұмысының  ұйытқысы  және  ұйымдастырушысы   мұғалім  мен  тәрбиешіні  бөліп  жарудың қажеті  жоқ.  Ол  екеуі  бір  соқпақпен  келе  жатқан үзеңгелес  жандар.  Кезі  келгенде олардан  талап  етілетін  бір ақ  нәрсе  баланың білімі  мен  тәрбиесі.                                                  

Алайда       мұғалім  мен  тәрбиешіні де    егіз деп    ұғыну   керек емес.    Көп  жағдайда    мұғалім  білім  беруші,    ал     тәрбиеші   тәрбиелеуші  тұлға  деп  ұғынылады. Бірақ,  ол  емес. Мұғалім  мен тәрбиеші  екеуі  екі басқа  атаудағы  үғым  болғаны мен,олардың  міндеттері  бірдей. Әрине, тәрбиешінің міндеті мұғалімнің жұмысынан  өзгешерек. Өйткені, одан талап  етілетін  қосымша міндеттерде  бар. Тәуліктің  басым  бөлігін  бала  тәрбиеші мен  өткізеді.  Баланы  мектеп өміріне  бейімдеу, оларды  ертеңгілік  атқарылатын  шаралары   ас қабылдауы, ойын  сағаты, үй  тапсырмасы,  бос  уақыты, жеке бас гигиенасы, тәрбиешінің қарауында.  Егер тәрбиеші  теорияны  жақсы білсе, өз жұмыс  барысында оқу тәрбие  үрдісінің тиімді технологияларын  пайдаланса, жұмысының  сапасы  артып отырса, нәтижесі  жемісті болады.                                                                                            

Мектеп  интернаттағы тәрбие   жұмыстарының қыр сыры  күрделі. Онда тәрбиеленіп    жатқан  балалар    мен жұмыс  істеу    асқан        төзімділікті,      жауапкершілікті   талап   етіледі. Балалардың  мінез  құлықтары   әр  түрлі.  Бірі  ашушаң  болса, бірі  тұйық, бірі  талапшаң болса,  бірі  зейінсіз.                                             

Әр жеткеншек  зертттелмеген  құпия.  Жақсы  тәрбие балаға  өмір  бойы  азық.  Бала  тәрбиені  өсе  келе  алады  емес па... Тәрбиеден ғана  рухани  білім алып, тәрбие  нәтижесінде  адам  болып  қалыптасады.   Тәрбиешінің  міндеттері  сан  алуан.  Ол  жүргізетін  тәрбие  жұмысы өзінің  психологиялық  мазмұны  өте  күрделі,  әрі  көп  ізденісті  талап  етеді. 

  Тәрбиешінің  атқаратын   міндеті:                                                                           

а) Тәрбие  үрдісіне  мектептің, отбасы  мен  қоғамның  тығыз  қарым  қатынасын  қамтамасыз  ету.                                                                

 ә) Ата аналармен  үнемі  байланыс  жасап, отбасындағы  бала  тәрбиесіне  байланысты   педагогикалық  насихат жұмыстарын  жүргізу.                                                                                                                     

б)  Оқушыларды  тәрбиелеуде  сынып  пен  мектептен тыс  түрлі бағыттағы тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыру.                                                

в) Тәрбие мен өзін - өзі        тәрбиелеудің   бірлігін қамтамасыз  ету.

г)  Тәрбие  қызметінің  тұтастыгын, жүйелілігін, тәрбиелік шаралардың  бірлігін қамтамасыз  ету.                                                  

Тәрбиешінің         міндеті:      Баланы  қоғамдық  өмірге  бейімдеу, өмірден өз  орнын  табуға  көмектесу.     Тәрбиеші   жұмысының  нәтижелілігі оның  педагогикалық  шеберлігіне  байланысты.

Қазақтың  ұлы  ағартушысы А.Байтұрсынов  еңбектерінде былай делінген    ..Бала  тәрбиесін, оқытуын  жақсы  білейін  деген  адам, ең  алдымен  балаларға үйрететін  нәрселерді  өзі жақсы білуі керек. ....Баланың табиғатын танитын  адам  болу  керек....Баланың  ісіне  түсіне  қарап, ішкі халінен хабар аларлық  болу керек.    Әр  оқушы тәрбиешісіне  қарап  бой  түзейді, оның  жүріс  тұрысына  қарап  еліктейді.      

"Адам  баласының  жаман  құлқы  жаратылысынан  емес,   өскен  орта , көрген  үлгі, өнеге  білдіретінінен"   М.Әуезовтің  сөзі.  Сондықтанда  халық  "тәрбие  ережеден  емес,  қнегеден  туады  деген"    Тәрбиеші  мен  тәрбиеленушінің  арасында  татау  тәтті  қарым  қатынас  болу  керек. Тәрбиеші мен  баланың  ортасында  тартыс  сенімсіздік  ұшқыны  көрінсе,  бұл  оның  педагогикалық  шеберлілігінің  жетіспегендігінің  айғағы.  Тәрбие  берудің  негізі   мейірім  мен  сүйіспеншілік.   Тәкаппарлық , немқұрайлылық, менсінбеушілік, өзімшілдік, салқындылық тәрбиеші бойында   болмауы   керек.  Өйткені,  бұлар  тәрбиешінің балалар мен ортақ  тіл  табысуына  бөгет  болады.  Баланы   қателессе,  қатаң  жазалап тәрбиелеудің  қажеті  жоқ.  Баланы     ұлттық    рухта  тәрбиелеу  және  оқыту  керек. Халықтың  өзі  бірінші  тәрбиеші. Сондықтан  халықтық  педагогиканы  негізге  ала  отырып, тәрбие сағаттары мен тәрбиелік  іс  шараларды  жоспарлау керек.  Халықтық  педагогика       баланың елжандылық, отан  сүйгіштік, бауырмалдық қасиеттерінің  орын  алуына  септігін  тигізеді.        Тәрбиеші      тәрбие  жұмысын   ұйымдастыру, реттеу,  жетекшілік  жасау  және  осы  жұмысты  іске   асыру  мен айналысатын  педагог.       Мұғалімнің  тәрбиелік  әсерінің  нәтижесі   оқушыдағы  тұлғалықтың  дамуы.  Бұл  тек  топтың істеріне  қатысқанда ғана мүмкін.  Мұғалім  тәрбиеленушілер мен жұмсақ  әрі  талапшыл  болуы  керек.                                                                               Ал,  тәрбиеші:      "таңертеңгі  жаттығуды өткізу",  "сынып  жатын  бөлменің  тазалығын  тексеру" ,  "кезекшілік жоспарымен  жұмыс  істеу"    бұл  бір  қарағанда  жеңіл  көрінгенімен    осы  тапсырмалар  жас өспірімдерде ұжымда  дұрыс өз ара     қарым  қатынас  орнатуға, жауапкершілік, шыдамдылық, ұқыптылық т.б      қасиеттерді  қалыптастыруға  көмектеседі.   Балалар  арасындағы  өз  ара  қарым  қатына  көбінесе  ата  аналардың  немесе  кейде  тәрбиешілердің  ықпал  етуі  негізінде  қалыптасады.     Тәрбие   үзіліссіз  жалғасын  таба  беретін  қиын  да,  қызықты  жүйе.                                                                                      Көрнекті    гуманист  педагог Януш  Корчак  өзінің  "Баланы  қалай  сүю   керек"   еңбегінде:  Нағыз       тәрбиеші  бұғау  салмайды,         еркіндік  береді;        Басымдық  көрсетпейді,              мақтап      мадақтайды;        

 Намысына  тимейді,  қалыптастырады:

Бұйырмайды,  үйретеді;                                                                                

Талап  етпейді,     сұрайды;                                                               

 Балалардың  қиналған  сәттерінде   олармен  бірге күйзеліске  түседі"  деген  болатын.       Әрбір  бала  өзіндік  ерекшелігімен  дүниеге  келеді.  Тәрбие берудің  тиімділігі мен сапасын артыру мен негізгі  бағыты барлық  тәрбиелік  әсте  әр бір  баланы  жеке  тұлға  деп  қарап  жан жақты  қалыптастыру.                                                                                   Әйтсе де, бұл бір ғана тәрбиешінің  міндеті емес.Жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді , қоғам, ұстаздар қауымымен, ата аналар бір бүтін  болып қолға алса нәтижелі жұмыс  атқарылады.   Тәрбиенің  басты  діңгегі  болса ,  рухани  демеушісі мұғаліммен  тәрбиеші  жемісі  оқушы.                                                                               Сөзімнің  соңында :

Тәрбиешілер   ізгі  жандар   ұстаздар  

Шын  шеберлер, өнерпаздар,  дарқандар 

Әрбір  бала  жүрегінде  бір  ту  бар,

Сол  бір  туды  жығып  алмай  ұстаңдар ,  дей  отырып   жұмыстарыңызға  шығармашылық  тілеймін.

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ

$
0
0

«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ»

 

Мусабекова Рабига Исматовна

«Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы

 «Өрлеу» БАҰО АҚ Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ» филиалы

Тараз қ., Қазақстан Республикасы

 

Замишева Венера Исматовна

Химия пәнінің мұғалімі

Жамбыл облысы

Жамбыл ауданы

Жасөркен ауылы

М.Әуезов атындағы орта мектебі


           Инклюзивті білім беруде білім саласына оң өзгерістер енді. Инклюзивті білім берудің теориясының ерекшелігі – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Инклюзивті білім беруде, жаңа идеялар мен жаңалықтар өмірге келді. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі заманның оқушысы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне үлкен мән беріледі. Өйткені, оқытудың әртүрлі технологиялары зерттелініп, инклюзивті білім беруде жаңашыл педагогтардың іс–тәжірибесі зерттелініп мектеп өміріне енуде. Бүгін қалай оқытуға болады, қандай принциптерді ұстану керек, сыныпта қатынасты қалай құруға болады? Инклюзивті білім беруде мектептегi тәжiрибе бaрысындa осы сұрақтарға жауап тапты. Тiзбектелген сaбaқтaрда жетi модульдiң бiрi болып есептелетiн сыни тұрғыдaн ойлaу модулiн жиі кiрiктiріледі. Сыни тұрғыдaн ойлaу бaрысындa белсендi шығaрмaшылықты ойлaуғa негiз қaлaнaды, бaлa өз ойын еркiн, aшық aйтуғa, пiкiр aлмaсуғa, бaғaлaуғa, дәлелдердi тaлдaуғa жол aшaды. Сaбaқтa инклюзивті білім беруде сыни тұрғыдaн ойлaу мaзмұнын оқу әрекетiнiң бiрнеше түрлерiнде жүзеге aсыруғa болaды. Сабақ беру барысында бұрын оқушының ішкі сезіміне көңіл бөлінбеді. Осы жаңа тәсіл арқылы сабақ беру кезінде оқушының жан дүниесін түсіне отырып, психологиялық ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруды мұғалімдер қолға алды. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе алуларының маңызы зор. Инклюзивті білім беруде оқушыларға топ ережесін өздеріне құрғызады, өйткені олар жұмыс барысында өздері құрған ережеге бағынады. Дәстүрлі сабақта оқушыларға еркіндік бермей, сенімсіздік көрсетілетін. Инклюзивті білім беру кезеңінде өткізген алғашқы сабақтарды бейнетаспаға түсіру арқылы өз қателерін байқап, келесі сабақтарда қайталамау жолдарын қарастыру жақсы нәтижеге әкеледі. Оқытудағы жаңа әдіс –тәсілдерді пайдалану барысында, оқушылардың оқуға, пәнге деген қызығушылықтары артады, себебі олар топпен материалды талдайды, өз ойын бөліседі. Әртүрлі стратегиялар кезінде олар тек тақырыпты ғана меңгеріп қоймай, ойнай жүріп ойлау дағдылары қалыптаса бастайды, әрі достық, жолдастық қарым-қатынас орнайды. Инклюзивті білім беруде өз ойын еркін айтуға талпынады, сол арқылы өзін-өзі басқару қабілеті пайда болып, өзіне деген сенімі де күшейеді. Кейбір оқушылар жаңа сөздерді тез меңгеріп, сөйлесу дағдысын бір-бірінің көмегімен меңгеріп жатады.  Сабақта диалогтік оқытуда сыни тұрғысынан ойлануға арналған сұрақтар қойып, тапсырмалар беру ұтымды болады. Диалогтік оқыту оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. Дәстүрлі сабақта оқушы дайын болғанда қол көтеріп, осы сабақ барысында жұмыстарының аяқталғанын бір-бірімен қол біріктіре, «Ыстық алақан» стратегиясы арқылы көрсетеді. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына мүмкіндік беру мақсатында, сабақта топтық жұмыстың бір түрі, тақырып бойынша мазмұнды сызбаға «кластерде» өз ойларын түсіреді. 
Оқушылар өздерінің құрдастарымен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуіне талпына отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы, сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түседі. Инклюзивті білім беруде түсінуді басты назарға ала отырып ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені шешу үдерісі оқушылардың тиімді дәлелдерді жүйелеу қабілеттерін жоғарылатады. Яғни оқушы білімді мұғалімнен емес, бір-бірімен пікірлесе отырып, диалогқа түсе үйренеді. Өз ойларын толық жеткізуге, дебат құруға дағдыланады. Тапсырмалардан кейін кері байланыс жасалып отырады. МАН-ның сегізінші тезисінде айтылғандай қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет. Іс-әрeкeттегі өзгeрiстeр сөз жоқ өз нәтижeсiн береді. Инклюзивті білім беруде жoспaрлaуды үйрeнe oтырып, сыни тұрғыдaн oйлaуғa oқушылaрды дaғдылaндырудың мaңыздылығы зор. Мұғaлiм өзi aз сөйлeп, oқушылaрдың бiлiм aлуынa бaғыт бeрудe сaбaқ жoспaрынa өзгeрiстeр eнгiзiлдi. Oқушылaр өз дeңгeйлeрiнe сәйкeс кeлeтiн тaпсырмaны тиiмдi пaйдaлaнуғa, өздeрiнiң әрeкeтiн түзeтугe нeмeсe қaжeт бoлғaн жaғдaйдa көмeк сұрaуғa, сoндaй-aқ iс-әрeкeт aяқтaлғaншa нeмeсe мaқсaтқa жeткeншe «үдeрiстi» тoқтaтпaуғa қaбiлeттi бoлa бaстaйды. Инклюзивті білім беруде балалар ойларын еркін, асықпай баяндауға дағдылана бастайды. Белсенділігі жоғары оқушылар саны көбейеді. Оқушылар барлық мәселені топта бірлесіп шешуге, достық, татулық, сыйластық сезімдері ояна бастайды. 

Инклюзивті білім берудің теориясы қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу болып табылады. Бүгінде халықаралық стандарттар негiзiнде инклюзивті білім беруде Назарбаев Университеті мен Зияткерлiк мектептер табысты жұмыс iстеуде. Олардың тәжірибесін бүкіл Қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейiне жұмыс жасауына ықпал жасауда. Оның дәлелі «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі тиіс. Білім беру саласындағы  өзгеріс инклюзивті білім беруде де көрініс тауып отыр. Аталмыш  инклюзивті білім саласына түбегейлі оң өзгерістер енгізіп жатыр. Білім саласына еніп отырған жаңашылдықтың ерекшелігі – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал казіргі заманның оқушысы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне үлкен мән беріледі. Өйткені, оқытудың әр түрлі жолдары зерттелініп, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірбиесі мектеп өміріне енуде. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында инклюзивті білім берудің теориялық оқытуға негізделген тәсілі кең тараған. Бұл теория сыныптағы барлық оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Оқу бар, бірақ сонымен бірге білім алуды үйрету де бар. Білім алуды үйрету өз бетімен оқуды ойластыру және кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипатталады. Сыни тұрғыда ойлау маңызды мәселелерді талқылауды, тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Яғни, бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталады. Инклюзивті білім беруде мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау және тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды қарастырудың мәні зор. Диалог арқылы оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын дамытуға болады. Сыныптағы диалогта оқушылар бір-бірімен жаңа және ең тиімді тәсілді іздестіре және мағына құрудың бірлескен тәсілдерімен әрекет ете отырып жұмыс жасайды. Инклюзивті білім беруде сыныпта сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданылады, олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді. Мұндай адамдар жаңашыл идеялармен келешеккке дайын болады. Білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі. Формативтік және жиынтық бағалау арасындағы айырмашылық нақты анықталмаған. Дегенмен білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады. Инклюзивті білім беруде бағалаудың басты мақсаттары оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс, уәж айту, болжау мен сұрыптау, стандартты бақылау және орындау, оқыту бағдарламасының мазмұныны және білім беру стилін бақылау. Жетістікке жеткенін көрсететін кері байланыс «әсердің» бейресми бағалануынан бастап жазбаша тестілерге түрленеді және білім, түсіну, дағды туралы хабарлама беру болып табылады. Кері байланыс көбіне уәж болып саналады. Инклюзивті білім беруде ынталандыру ретінде тестінің немесе емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен мұғалімдердің  ойларын жинақтап әрекет етуге итермелейді. Білім беруде ақпараттық — коммуникациялық технологияларды пайдалануда (АКТ) білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады. Технологиялық білім сыныпта АКТ-ны қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды. АКТ – ны қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз етеді. Инклюзивті білім беруде мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, білім беру технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек. Талантты және дарынды балаларға білім беруде зерттеу жоғары деңгейлі қабілеттері бар оқушыларды жады мен білім, ақпаратты пайдалану, ойлау жылдамдығы, проблемаларды шешу, қиындыққа қызығушылық сияқты өлшемдердің бірін таңдауға тиіс және осы өлшемдерге дәл келетін оқушылар үшін қолдануға болатын тапсырмаларды құру керек. Балалардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, әлеуметтік мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет. Баланың жетістіктерін оның үлгірімінің қорытындысы бойынша, сондай-ақ олардың дарынын бейнелейтін портфолиосы бойынша айқындауға болады. Орта мектептің оқушысы бір нақты пән бойынша айрықша дарындылық көрсетіп, басқа пәндер бойынша көзге түспеуі мүмкін. Эйр талантты да дарынды оқушыларды оқыта білетін мектептердің оқу бағдарламасын өзгерту арқылы мектептердің барлық оқушылар үшін күрделендіру және акселерация модельдерін қолдана алатындығын айтады. Ол үш тармақты пайдалану арқылы Меркер және Нильсонның оқу жоспарын өзгертудің моделін бейімдеп жасады. Дәлірек айтқанда, мазмұнына өзгерістер енгізу, әдістерді өзгерту, білім берудегі өзгерістер күрделі тапсырмаларды орындатуға болады деген қорытынды жасады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқуда когнитивті даму оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық, зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогты ынталандыру стратегиясы да әр түрлі жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі. Аталған қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар. Балалардың тілді үйренуі күрделі үдеріс, бала үйренетін әр сөзді және сөздің әр фрагментін бастапқыда еліктеп қайталайды және ересектердің жымиюы сияқты құптауы ықпал етіп жаттайды. Білім берудегі басқару және көшбасшылықта адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс үдерісі басқаларды серіктестікке тартып, рефлексия мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды. Инклюзивті білім беруде мұғалімдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны, жоспар құруды, кеңес беруді біртіндеп жүзеге асыру әдісі арқылы қолдау таба алады. Ол құндылықтарды анықтау, кәсібии міндеттерді анықтау, дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер, атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру, көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс және желілік қоғамдастықтағы жұмыс. Инклюзивті білім беруде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды және әр оқушының әлеуеттік мүмкіндіктерін іске асырушы нәтижеге бағытталғандығын да көрсетеді.

 

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. –Алматы, 2009. -328 б.
  2. Хохотва О.И. Релективті есептерді жазу және таныстырылым сөздерін дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар. Астана, 2013. -75 б.
  3. Педагогикалық диалог. Ақпараттық-әдістемелік журнал. Астана, №2, №3 2013.
  4. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Астана, 2012. -306 б.
  5. Тренерге арналған нұсқаулық. Астана, 2012. -108 б.

 

 

Болымсыз тәжірибе үйренген бітіруші. Одан қандай мұғалім шығады?

$
0
0

Президентіміздің биылғы Жолдауы елімізді әлемдік техно­логиялық дамудың ұлы көші­нен кейіндеп қалмауға, жедел түрде технологиялық, эконо­микалық, әлеуметтік-тұрмыстық тұрғыда нығайтуға, сол арқылы қазіргі за­манғы сын-қатерлерге толық жауап беруге бағыттауға арналды.

Жолдауда 10 негізгі міндет санамалап аталды. Бұлар – елімізде ин­дустрияға жаңа технологиялар­ды енгізу, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, «Ақылды техно­ло­гиялар» – агроөнеркәсіптік ке­ше­нін қарқынды дамыту, көлік-ло­гистика инфрақұрылымы­ның тиім­ділігін арттыру, құрылыс­қа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын қайта жаң­ғырту, адами капиталды жаңа сапаға көтеру, жаңғырту, тиім­ді мем­ле­кеттік басқару, жем­қор­лық­пен кү­рес және заңның үстем­дік құруы сы­н­­ды келелі мәселелер. Айтылған міндеттердің қай-қайсысы да өзекті екені әрі еліміз­дің өсіп-өркендеуінде маңызды орын алатыны рас. Алайда, адами капиталдың жөні бөлек.

Бүгін­де адами капитал және оны жаңа сапада даярлау ісі кезек күт­тірмес міндет екені баршаға аян. Өйткені адами капитал ең алдымен елдің тірегі. Оның жоғары сапа­лық дең­гейде болуы біздің тәуел­сіз мем­ле­кетіміздің алтын ар­қауы, берік те бекем іргетасы, хал­қы­мыздың жарқын болашағы деп ұғамыз. «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деп дана халқымыз тектен-текке айтпаған болса керек. Бұл жерде ел білімінің, оның функциялық сауаттылығының орны орасан. Білімсіз елдегі адами капиталды көзге елестету еш мүмкін емес.

Ал білім бар жерде ғылым міндетті түрде дамиды. Сол себепті ел Президентінің аталған екі мәселеге қатар назар аударуы көңілге қуаныш ұяла­­та­ды. Айталық, білім беру жү­йесі мен ғылымды, денсау­лық сақтау саласын осы заман­ғы озық жетістіктерге сай өркен­дету, ха­лық­тың әлеуметтік-тұрмыс­тық жағ­дайын жақсарту, еліміз­дегі тұрақтылық пен келісім­нің бәрі, сайып келгенде, тұрақ­ты қоғам­дық-саяси, рухани, эконо­микалық қарқынды дамудың негізі болып саналады. Сондықтан да Елбасы бұл жайттарды биылғы Жолдауында шегелеп айтты.

Жаңа Жолдауда білім беруді жаңа сапаға көшіру, ол үшін бар­лық жастағы азаматтарды қам­титын білім беру ісіндегі өзі­міз­ге тән озық жүйемізді құру, білім бағдарламаларындағы не­гізгі басымдықты өмірдегі өзге­ріс­терге үнемі бейім болуға бағыттау және білім алушы­лардың жаңа білімді меңгеру қабілетін арттыру секілді шараларды іске асыру ескертілді.

Мектепке дейінгі білім беру мен орта білім жүйесі жа­­­ңартылған білім мазмұны­на сай бағдарламалармен тәрбие­леп-оқытуға көшетіні, педагогтар­­дың білімі мен біліктілігін арттыру мәселесі, университеттер­дегі пе­да­­гогикалық кафедралар мен фа­культеттерді дамыту, білім беру­­­дің барлық буындарында ма­те­матика және жаратылы­с­тану пәндерін оқыту сапасын кү­шейту жайы жас буынды жаңа тех­нологиялық қалыпқа даяр­лаудың маңызды шарты ретінде айрықша атап көрсетілді. Жалпы білім беретін орта мек­тептегі, әсіресе бастауыш сыныптардағы шәкірттердің оқу жүктемесінің шектен тыс көп­тігі, оқу бағдарламаларының ауыр­лығы мен күрделілігі халық­ты көп­тен мазалап жүрген мәселе болатын.

Мұны Елбасы «...Біздегі оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғаны және Экономика­лық ынтымақтастық және даму ұйы­мы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп еке­нін ескеріп, оны төмендету керек», деп қатаң тапсырды.

Мен осы жерде бұған қоса сонау ауыл мектебінде мұғалім болып, білім саласының әр буынында (бастауыш сынып, орта және жоғары мектеп, кәсіби біліктілікті арттыру, министрлік) 45-50 жыл­дай қызмет еткен маман-мұға­лім, әдебиетші әдіскер-ғалым ре­тін­де көптің көкейінде жүрген, бас­пасөзде талайдан айта-айта жауыр болған қазіргі қазақ орта мектебінің әр сыныбындағы оқу бағдарламаларында тұтастықтың, сабақтастықтың, жүйеліліктің, ішкі өзара байланыстың жоқты­ғын айтқым келеді. Бізде соңғы кезде ортақ істің мүддесіне орай олқылық­тарды болдырмау үшін ұсыныс-пікір айтсаңыз болды, оны ауыр сын ретінде қабылдайтын жаман әдет пайда болды. Президент Жолдауында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру, латын әліпбиіне көшу мен терминология мәселелері де на­зардан тыс қалған жоқ. Мем­­ле­кет басшысы тілдер тура­лы баяндағанда терминоло­гия жөнінде де орынды ой қозға­ды. Расында да, термин, кірме сөз­дер мәселесін бір ізге түсіре­тін кез келді.

Олай етпесек, бас­қа­ны былай қойғанда мек­теп­тегі бас­­­т­ауыштың 1-2-3 сынып оқу­шы­­ларын қарадан-қа­рап шатас­ты­­рып барамыз. Мәсе­лен, жас жет­­кіншектердің оқу­лық­тарын­да затқы (рогатка – аша немесе Байтұрсыновша айт­қан­да, жақ болса бір сәрі), бақия (картоп), орамжапырақ, қырық­қабат (капус­та – екі түрлі беріледі, қайсысы­на тоқтаймыз?) секілді көңілге қоным­сыз сөздер кездеседі.

Бір кез­дері қызанақты (помидор) кей ай­мақ­та қызыл домалақ, қиярды – көк­со­балақ, субұрқақты (фонтан) – шап­тырма, тіске басар­д­ы – (закуска) шайнама деп те шатас­тық. Орыс тіліндегі «является», «являюсь» деген етістік сөздерді сөй­­лемде аударғанда «болып та­бы­лады», «болып табыламын» деп қосып қою сияқты өрескел қате­ліктер жиілеп кеткені жасырын емес. Сонда «Он является его отцом» немесе «Я являюсь сту­дентом университета» деген сөй­лемдерді оларша «Ол оның әкесі болып табылады», «Мен университеттің студенті болып табыламын» деуіміз керек болып шығады. Ұлтын ұққан қазақ бұлай айтпаса керек. Жолдауда жоғары білім беру ісіне қатысты бірқатар жаңа мін­деттер қойылып отыр.

Айта­лық, бүгінгі талаптарға сай жасан­ды интеллектпен және «үлкен дерек­термен» жұмыс жүргізу үшін ақ­параттық технологиялар бойынша білім алатын түлектер санын арттыру, жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жасауға көбірек құқық беріп, олар­дың академиялық еркіндігін заң­намалық тұрғыда қамтамасыз ету, оқытушылардың қайта даяр­лық­тан өтуіне жағдай жасап, жо­ға­ры оқу орындарына шетелдік менеджерлерді тарту, әлемдік уни­верситеттердің кампустарын ашу қажеттігі нақтыланды. Біз жоғарыда атағандай, Пре­з­и­дент Н.Назарбаев Жол­дау­да педагогтардың білімі мен білік­тілігін арттыру, педагоги­ка­лық кафед­ралар мен факультеттерді дамыту, университеттерге акаде­мия­лық еркіндік беру жайлы өте жақсы ой айтты. Өйткені бұ­лар­сыз ешбір маңызды құжат, еш­бір міндет толық жүзеге а­с­пай­ды.

Сондықтан мүмкіндікті пай­­даланып қалуымыз қажет. Осы ретте күнделікті өмірде кез­де­сіп жүрген келеңсіздіктерді ата­масқа тағы болмайды. Мыса­лы, білім беру ведомствосында отыр­ғандар педагогикалық прак­­тиканы қысқартуға бейім тұ­ра­ды. Оның сағаттары жыл­дан-жылға қысқарып барады. Бұл мүлде дұрыс емес.

Сонда болар-болмас сағат бөлінген педа­гогикалық практикадан толар-толмас тәжірибе үйрен­ген түлектен қандай мұғалім шығады? Егер әдіскер-мұғалім­нің оқу-әдістемелік көмегін көр­месе, оны тұшынып ұғынбаса, он­дай талапкердің бойында қан­дай кәсіби шеберлік өне­гесі қа­лыпт­асады? Біз сонда бола­шақ­қа қандай мұғалімдер даярлаймыз, қандай педагогтар әзірлеп шығарамыз деген сауалдар еріксіз ойға оралады.

Мұны, біздіңше, 1 курстан бастап орта мектеп пен университеттің бірлескен дуалды білім беру жүйесіне айналдырған мақұл. Бұл бір деп қойыңыз. Екіншіден, жоғары педагоги­ка­лық кәсіби білім беруде маман­дыққа тікелей қатысы жоқ, басы артық қосалқы пәндер әлі де кез­десіп отыр.

Айталық, «Тір­шілік қауіпсіздігі негіздері», «Оқу­шы­лардың физиологиялық дамуы», «Білім берудегі менеджмент», «Инклюзивті білім беру» сияқты пәндердің қазақ тілі мен әдебиеті, филология маман­­дық­тарына қа­жет­тігі де шамалы. Бұ­лар­ды бо­ла­шақ мамандар алдағы ұс­таз­­дық ғұмырында өз­дері-ақ мең­­геріп алады. Оның үсті­не олар шә­кірттерге оқытылып жат­­­қан негізгі педагогикалық, пси­хо­ло­гия­лық, оқу-әдістемелік пән­де­рдегі сабақтарда айтылады.

Оның орнына қазақ тілі мен әде­биеті мамандықтарында әлі күнге оқытылмай келе жатқан қажетті «Көркем шығарманы тал­дау әдістемесі», «Көркем шығар­маның мәтінін талдау» секілді басқа да тәжірибелік мәні бар қолданбалы әдістемелік пәндер­ді неге оқытпасқа? Алаштың ардақ­ты азаматы, көрнекті тілші-ға­лым, профессор Құдайберген Жұ­­бановтың «...Жүйелі білім бе­ру үшін мұғалімнің өзінде де жү­­йеге салынған білім болуы керек», дегені бар еді.

Алаш ары­сы айт­пақшы, келешек пән мұ­ғалі­мі­нің тікелей ма­ман­дығы бойын­ша өзекті пән­дер­ден «жүйеге са­лын­ған» білім бергеніміз абзал болар. Елбасы Жолдауға қатысты жасаған Мәлімдемесінде: «Білім беру жүйесінің барлық деңгейі заман шындығы мен экономика сұра­ныстарына жауап беруі тиіс. Бұл арада мұғалім мамандығының беделін арттыру керек», деп қадап айтты. Бұл, әрине, мұғалімдердің әлеу­меттік-тұрмыстық жағ­дайына, оларды материалдық тұр­ғыда ынталандыруға тікелей байланысты болмақ.

Иә, Президент мұғалімдердің мәртебесін арттыру мақсатында білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жала­қысы 2018 жылдың 1 қаң­тары­нан бастап 30-50 пайызға кө­бей­тілетінін, өткен жылдан бері жалпы білім беру саласы қыз­мет­керлерінің жалақысы 29 пайызға өскенін тілге тиек етті. Қазақ елінің білімі мен ғылы­мы­на байланысты айтыл­ған мін­дет­­тердің барлығы ұлтымыз­дың рухани жаңғыруына, халық­тың болашағына пәрменді қыз­мет етеді.

Бұл орайда сөз етіліп отыр­ған стратегиялық мәні бар құжат­та Мемлекет басшысы ха­лық­­тың әлеуетін арттыру үшін мәде­ниетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамыту керектігін, төл тарихын, тілін, мәдениетін бі­ле­т­ін, сонымен бірге заман та­ла­бына сай шет тілдерін мең­гер­ген әрі жаһандық озық көз­қа­расы бар Қазақстан азаматтары қоға­мымыздың идеалына айналуы қа­жеттігін де еске салды. Түйіндей айтқанда, Елбасы ел біліміне үнемі назар аударып, білім беру саласын өскелең өмір өзгерістеріне сәйкес өркендетуге айрықша көңіл бөліп келеді. Биыл­ғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдау алға қойған міндеттер жоғарыда айтылған ойларымыздың тағы бір жарқын дәлелі. Енді ел болып жұмылып, осы міндеттерді жүзеге асыруға атсалысу баршамыздың ортақ міндетіміз.

 

Бақтияр СМАНОВ, Ұлттық ғылым академиясының академигі Egemen.kz

Кітап оқуға баулудың бес амалы

$
0
0

 «Бүгінгі бала кітап оқымайды» деген пікірмен келіспеймін.

Жоқ, кітап оқымайтын бала бол­­май­ды. Қызықтыра алмайтын ата-ана, мұғалімдер, үлкендер деуі­міз керек. Кеше дүние есігін аш­қан бала­ның ойында кітап туралы ешқандай тү­сінік жоқ. Егер кітап­ты сатып әке­ліп, «ой қандай тама­ша, кел оқи­ық» деп уақыт бөліп бірге оқитын болсақ, кез келген бала қызығады. Бірақ мұны ертерек бастауымыз керек. Тіпті бір жастан бастап балаға кітаптың су­реттерін көрсетіп еліктіре баста­ған дұрыс.

Сонда ғана баланы кітап оқуға баули аламыз. Бүгінде қазақ тіліндегі балаларға ар­налған қызықты кітаптар жет­кі­ліксіз. Қазір суреттері әдемі, қағазы сапалы кітаптар баршылық. Бірақ көбінің ішкі мазмұны ойға қона бермейді. Тілі ауыр, оқиғалары мәнсіз еке­нін байқау қиын емес.

Сосын біз­де балалардың жүрегін жаулап ал­ған, аузынан түспейтін, кі­тап­та­ғы кейіпкерлері түстеріне кіре­тін отан­дық балалар жазушыла­ры не­кен-саяқ. Тіпті балаларға «қан­дай бала­лар жазушыларын білесіңдер?» деп сұрағанда мүді­ріп қалады. Сон­дықтан бұл ой­ла­на­­т­ын мәселе. Уақыт өте электрон­ды кітаптар алға шы­ғып, қа­ғаз кітаптар жойылады деген пі­кір­лер болған. Егер кітап на­ры­ғын барласақ, мүлде олай емес екен. Қайта қазір дамыған елдерде қағаз кітаптардың жаңа «дүмпуі» басталды деуге болады. Жапония, АҚШ, Ұлыбритнаия елдерінде кі­тап өндірісі дамып жатқаны ту­ра­лы ақпараттар молынан тара­лып отыр. Өркениет дамыған рухани құндылық жоғарылай бермек.

Сондықтан әр заманда адамға электронды кітап емес, қолға ұстап оқитын қағаз кітап керек. Бүгінгі балаларға қандай кі­тап­тар жазылғаны абзал деген та­­қырыпта көп ойланамын.

Егер әлем­­дегі кітап нарығы туралы ақпа­раттарды барлап сөйлейтін бол­­сақ, әйгілі тарихи тұлғалардың ба­лалық шақтары туралы көркем ту­ын­дылар мен қиял-ғажайып кі­тап­тар жақсы өтуде екен. Яғни біз де балаларымызға Абай, Шоқан, Ыбырайдың балалық ке­зең­дерін бейнелейтін көркем әде­б­и кітаптар ұсынайық, аудар­ма емес, төл туындылардан арман-тіл­ек­терді ұштайтын ертегілерді түрлі тақырыпта жазайық. Сон­дай-ақ әртүрлі ықшам ақпа­рат беретін энциклопедиялар да жақсы. Бірақ олар көркем туын­дының орнын баса алмайды. Сондықтан балаларымызға қиялын шарықтайтын көп көркем туындылар керек.

Түрлі зерттеулерді саралай келе, әрі өз тәжірибеме сүйе­ніп, бала­ға кі­т­ап оқытудың бес амалын түйін­де­дім. Яғни балаға кітап оқытудың бес амалы – кітап оқып беруді бір жастан бастау керек, балаға кітапты анда-санда емес, күнде аздан оқып беруді әдетке айналдыру керек, бала өз бетінше кітап оқуға әдеттенгенге дейін, ата-ана кітапты бірге оқуы керек, жақсы кітаптардан талғап, ой-өрісіне қарай таңдап беру керек, кітап сыйлауды дәстүрге айналдыру керек. Ендеше, оқырман болуға бүлдір­шін­деріңізбен бірге асығыңыздар!

Зарина МУСАБАЕВА, Аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы
 Egemen.kz 

Мұғалім мәртебесі туралы заң қабылдау керек пе?

$
0
0

 Бүгінгінің мұғаліміне сіз қандай мінездеме берер едіңіз? Бізге кейде тәулік бойы жұмыс істейтін, барлық қоғамдық іс-шараларға жегілетін белсенді, ақша жинап ата-аналарға қол жаятын сұраншақ, оқушыларына «тәйт» дей алмайтын жасық, басшыларының сөзін екі етпейтін тілалғыш, қолбала секілді көрініп кетеді. Барлық мұғалім осындай дей алмаспыз, дегенмен... Осындай жағымсыздау мінездеменің туындауына мұғалім ғана емес, бүгінгі қоғам да кінәлі екені анық. Мұғалімнің міндеті баланы өмірге дайындау, оқушыны білімге өз бетінше ізденіске және шығармашылық іс-әрекеттерге баулу екені жұртқа жақсы мәлім.

Алайда, соңғы жылдары мұғалімдерге қатысты жиі көтеріліп жүрген мәселелерді сараласақ, педагогикалық міндеттерінен тыс түрлі қара жұмыстарға, сенбіліктерге, сайлау кезіндегі шараларға мәжбүрлеп жұмсау, мектеп әкімшіліктері тарапынан болатын түрлі ақша жинау, мәжбүрлеп билет алғызу сияқты жөнсіз әрекеттердің көбейгенін аңғарасыз.

Мұғалімдердің мектеп директорлары мен әкімдіктердегі білім бөлімдерінен көретін қысымдарын айтып шағымдануы да жиілеген. Заңсыз мәжбүрлеу оқиғаларына қарсы шығып, өз құқықтарын сот арқылы қорғауға мәжбүр болғандары да аз емес. Әлеуметтік желілерде бірігіп, бір-бірінің құқығын қорғауға жәрдемдесе бастаған белсенді топ та бар. Мысалы, «Ағартушы» қозғалысы – оның Шымкенттегі өкілі Өмір Шыныбекұлы мұғалімдердің әлеуметтік желі арқылы «оянып», ынтымақтаса қимылдауға үйренгенін айтады.

«Қазір директорлар мұғалімдерден аяғын аздап тартып қалды. Бірақ облыстық білім басқармаларын тікелей Білім және ғылым министрлігіне бағындырмай жағдай түзелмейді, Біз сол қолбала күйімізде қаламыз, сайлау болса, сенбілік болса, алаңға шығу керек болса, мұғалім дайын тұрады», дейді «Ағартушының» өңірдегі өкілі. Қозғалыс мүшелері білім басқармаларын жергілікті биліктің құзыретінен шығару, мұғалімдерді басқа жұмыстарға жекпеу, мәртебесін қорғау сынды мәселелерді «Білім туралы» заңға қосу қажеттігі туралы ұсыныстарын министрге де жеткізіпті. Алайда, әзірге нәтиже жоқ. Тіпті соңғы кезде «қорғансыз, шамасыз болсаң, не Үкімет қолдамаса, не заңың қолдамаса бұдан өткен қасірет жоқ» екенін айтқан мұғалімдер министрге мұғалім мәртебесі туралы заң қабылдау керектігін айтып, кеңес беруде.

Академик Ш.А.Амонашвили мұғалімнің болмысы жайында: «Барлық реформалар басталуы тиіс жерде емес, әуел бастан құрдымға кетер жерде басталады. Реформа тек мұғалім бойында бас­талады. Егер мен нашар мұғалім болсам, маған берілген ең жақсы бағдарламаларды мен қандай деңгейге айналдырамын? Егер мен жақсы мұғалім болсам, маған берілген нашар бағдарламаларды қандай деңгейге жеткіземін? Әдістемені өз бетіңше көре білуге тырысып, балаларға өз-өзіңді ұсын. Сонымен, мектепті кім реформалайды? Өз бағдарламаларымен министр ме? Әлде жеке ақиқаттарыммен мен бе? Мұғалімді ойшыл, шығармашыл, еркін етіп тәрбиелеу керек.

Мұғалімдерді балағаттаудың орнына оларды ұлықтау қажет. Олар өмір суретшілері ғой. Бүгінгі мұғалімдер ХХІ ғасырдың ортасын салып жатыр», деп жазыпты. Бүгінде қолға алынып жатқан реформаларды жүзеге асырады деген мұғалімдеріміздің арасында дау-дамаймен басы қатып, сотқа жүгінетіндері көбейе түсуде.  Балағаттау аздай, таяқ жеп жатқандары да баршылық. Бір ғана мысал, өткен жылдың көктемінен бері Шымкентте мектеп директоры мен қарапайым мұғалім соттасып жатыр. Дау мұғалімнің көпшілік үшін қалыпты жағдайға айналған мектептен тыс жұмысқа келіспеуінен шыққан секілді. Шымкенттегі Нұртас Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназияның мұғалімі Гүлжан Сәлімбаеваның айтуынша, 4-12 сәуір күндері басшылықтың тапсырмасымен әдеттегідей үй аралау, яғни тұрғындардың мәртебесін анықтау бірнеше оқытушыға қатар жүктелген.

Тапсырманы мұқият орындаған мұғалім сенбі күні сырқаттанып қалған анасының халін білуге шалғай ауылға кеткен. «Ол күні, яғни аптаның сенбісі күні, менің сабағым жоқ болатын. Сол күні қоңырау шалып, дәл бүгін Еңбекші ауданы әкімдігінен тұрғындардың статусын анықтау бойынша тағы да жұмыс түскенін айтты. Директордың орынбасары сол жұмыс бойынша шақырып, мені тез жұмысқа келуімді өтінді. Мен келе алмайтын себебімді айттым. Анам ауырып қалған еді, өкінішке қарай мен бара алмаймын, егер барып жатсам орындап беремін дедім. Бұл біздің міндетімізден тыс болса да, әрине, біз мектеп басшылығына бағынышты адамбыз ғой, бәрібір», деген Гүлжанның сөзімен айтсақ, осыдан соң қысым жасау басталған. Екі бірдей акт түзілген. Сөгіс те беріліпті.

Мұнан соң ол өткен оқу жылының соңында мектеп басшылығы міндетінен тыс жұмысқа салғанын, қысым көрсетіп, денсаулығына зиян келтіру салдарынан 17 күн ауруханада ем қабылдағанын айтып, Елбасының атына үндеу жолдап, Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің атына шағым түсірген. Одан кейін мектеп директоры «ар-намысымды таптады» деп мұғалімді сотқа берген. Мұғалім мен мектеп басшылығы арасындағы дауға байланысты сот биылғы қаңтарда да жалғасты. 24 қаңтарда Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты қаладағы №38 мектептің мұғалімі Гүлжан Сәлімбаеваның үстінен түсірген мектеп директоры Айман Жүсіпова мен оның орынбасарларының шағымын қанағаттандырмай тастады.

Шағымданушылар мұғалім мектеп әкімшілігінің абыройына нұқсан келтірді деп әрқайсысы 500 мың теңгеден және моральдық шығын келтірді деп 1 млн 500 мың теңге өндіріп беруді судьядан сұраған. Судья Б. Ахметов мұғалімге тағылған айыптарды негізсіз деп тапты. Сондай-ақ Шымкент қаласының Еңбекші аудандық соты, Гүлжан Сәлімбаеваның «Н.Д.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, қалалық білім бөлімі, облыстық білім басқармасы, Шымкент қаласының әкіміне, Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне, «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесіне талап арызын қанағаттандырудан бас тартты. Яғни, бұл дау-дамай мұғалімнің жүйкесін жұқартып, мектеп ұжымының берекесін алды.

Осындай жайттарға қатысты пікірін білдірген жоғары санатты ұстаз Өмір Шыныбекұлы: «Әкімшілік директорға звондайды, директор қарамағындағыларды жұмсайды. Сөйтіп көше сыпыртады, әлгі сайлау, санақ сондайға жүгіртеді. Ал негізі мұғалімнің міндеті тек қана оқу, тәрбие болуы керек. Басқа жұмысқа басын қатырмауы тиіс. Неге ол көше сыпыруы керек?! Қаланың коммуналдық қызметі бар, олар не істеп жатыр? Оған қыруар қаражат бөлінуде. Иә, анда-санда балаларды еңбекке тәрбиелеу мақсатында мектептің ауласын аздап сыпыруға болады. 

Ал кейбір ауылдарда тіпті трассаның бойын жағалатып, тазалатып қояды. Тіпті Түркістаннан, Мырзашөлден келіп түскен шағымдарға қарағанда, мұғалімдерге трассаны күзеттіріп қояды екен, балаларды қағып кетпесін деп. Сонда жол инспекциясы қайда қарап отыр? Сайрам ауданындағы №49 мектепте басшылық пен қарамағындағы қызметкердің арасындағы алауыздыққа біз де куә болдық.

Әсіларық ауылындағы орта мектеп ұстаздарының бір тобы мен ауыл азаматтары арасында наразылық орын алды. Мектептегі берекесіздіктен балаларын бұл мектепте оқытудан бас тартқандары бар. Себеп – білім сапасы төмендеп кеткен», дейді. Яғни, мектеп директоры мен мұғалімдер арасындағы дау-дамай, мұғалімдерді басқа жұмысқа жегу сынды келеңсіздіктер облыс орталығында ғана емес, аудандарда да көп.

Мысалы, Сарыағаш ауданында білім саласы қызметкерлері арасындағы дау өршіп, соттасу әлі күнге дейін созылуда. Мұндай жайттар Мақтарал ауданында да орын алған еді. Бүкіл республикаға мәлім болған Жетісай қаласындағы №119 мектептің директоры мен аудандық білім бөлімінің басшысы арасындағы текетірес көп даудың бірі ғана. Ал Түркістан қаласына қарасты мектепте орын алған даулы мәселе қоғамдық ұйым және БАҚ өкілдерінің араласуымен оң шешімін тапқан болатын. Мұндай даулар мектептегі білім сапасына кері әсер етері анық.

«Ағартушы» қозғалысы өкілінің айтуынша, мұғалім мәртебесін қорғайтын арнайы заң шығарудың қажеті жоқ. Тек қолданыстағы «Білім туралы» заңға бірнеше бап қосу қажет. Дау-дамайдан бөлек мектептердегі білім сапасының нашарлығына мұғалімдердің білім, біліктілігінің төмендігі де әсер етуде. Бұл орайда, "мұғалімнің беделі..." дей бергенше, саны бар сапасы жоқ мұғалімдерді дайындап, қолдарына диплом ұстатып жатқан жоғары оқу орындарының санын азайту керектігін, мемлекеттігі бар, жекеменшігі бар, бір өңірге бір пединститут жететінін айтушылар да жоқ емес. Мектепте ер мұғалімдер қатарын көбейту қажеттігі де жиі айтылады. Сондай-ақ білім сапасында баланың қабілетіне ерекше мән беру, жақыннан әсер ету-тәрбиелеу бойынша дарынды балаларды бөлектеп оқытпау да маңызды.

Мұғалімдердің ата-аналардан ақша жинайтыны жиі айтылады және оны ешкім жоққа шығара алмас. Бұл білім саласына қаржының аз бөлінетінін немесе мақсатсыз жұмсалатынын аңғартса керек. Осы орайда мұғалімдер де, ата-аналар да жариялылықты қалайды, яғни мектептің күрделі немесе ағымдағы жөндеуіне, басқа да қажеттіліктеріне бөлінген қаржы көлемі туралы ақпарат ашық болуы тиіс.

Соңғы жылдары енгізілген қамқорлық кеңесі қызметтік міндетін толық атқара алмай отыр. Бұл орайда оның бұрынғы ата-аналар комитеті ауқымында қалып қойғанын айтушылар көп. Яғни, көпшілік кеңестің функциясын толық білмейді. Қысқасы, бүгінгінің мұғаліміне қатысты өзекті мәселе өте көп. Қоғамда мұғалім мәртебесі туралы мәселенің жиі көтерілуі сондықтан да болар.  Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ы.Алтынсарин: «Мұғалім – білім берудегі ең маңызды адам.

Ең озық педагогикалық оқу құралдары, үкімет қаулылары, өте қатал инспекторлық бақылау маңызы жағынан мұғалім дәрежесімен теңесе алмайды. Сондықтан, мен үшін мұғалім әлемдегі барлық асыл заттардан қымбат», депті мұғалімнің адами болмысына баса мән бере. Біздің тілек, мұндай мінездемеге бүгінгінің барлық мұғалімі сай болса екен.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ, «Егемен Қазақстан» 
Egemen.kz

Viewing all 451 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>